Өзімнің ата жұртымда өз заңым
Өзімнің ата жұртымда өз заңым
билік құрып тұр!
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.(25-бабы)
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.(26-бабы)
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (27-бабы)
1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.(28-бабы)
1.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.(29-бабы)
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.(30-бабы)
Тұлғаның әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары:
мемлекеттік
органдар өзін-өзі
басқару органдарын
сайлауға және сайлануға
республикалық референдумға
қатысуға құқығы
мемлекеттік қызметке
кіруге тең құқығы
бірлесу бостандығына
құқығы
Тереңнен созған тамырын,ғасырдан тартқан желісін,
Тарихтан асқан қастерлі ақиқат жоқ-ау мен үшін,
Бабалар жортқан боз дала- аяулы алтын құндағым,
Армандай болған Азаттық- алғашқы ұлы жеңісім.
Едіге жырдың найзасын егесте қанша сынадық,
Айқаста құшсақ ат жалын, намыстан ғана жыладық.
Көк бөрі текті түркінің көзіндей өткір билікті,
Көкенай менен Майқыдан алып қалғанбыз мұра ғып,
Даланың дана заңында қаны бар қайсар қазақтың,
Талқан қып теуіп шыққанбыз темір есігін тозақтың.
Тұлпардың тұяқ дүбірін тыңдашы, дархан дүние,
Сұңқардай зият ғұмырым, Азатпын бүгін, Азатпын!
Ақынға құлақ асыңыз, ақтарып жатпай мұрағат,
Айбынды ата заңымда билерден қалған ұлағат.
Қасиеті мен киесін бір ауыз сөзге сиғызған,
Қазақ боп туған сәтімде –ақ қонған ғой маған сірә, бақ.
Айбынды Ата Заңымда абырой-күшім, ар құсым,
Ұсқыны болып тұр оның ұлтымның ұлы болмысы.
Алтын жіп өрген арқауын бекзада біздің халықтың,
Бергісі мен арғысы, Тәукенің Жеті Жарғысы...
Тамұқта түскен тыртықты тағдырым бүгін ұмыттыр,
Жаураған жүрек болса егер, жылы сөзіңмен жылыт бір.
Өзегі күйген ерлердің өкінішінің өтеуі,
Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр.
Әлия Даулетбаева
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть