Слайд 1Қайсар рухты қазақ.
Қайрат Рысқұлбеков
Слайд 2
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
Өмірбаяны
Қайрат
Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 13 наурыз 1966 жылы, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген.1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы –М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды. 1988 жылдың 21 мамырында Семей қаласында дүниеден озды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
Слайд 3Әкесі Ноғайбай ақсақал.
Анасы Дәметкен.
Слайд 5Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді?
Асыл бейне
Көзіңнен айналайын төңкерілген,
Көрікті қабағыңмен көмкерілген.
Жанарың алға ұмтылып, атылып тұр,
Сұмдардың өткеніндей өңменімен.
Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,
Үстінде топырақта барма шатыр?
Жазықсыз жас тәніңді қинағанда,
Япыр-ау, қайда болдым мен бір пақыр?
Мақсатқа тірі болсаң жетермедің,
Ақиық ақын болып кетерме едің,
Сабырлы мінезіңмен сұлтан болып,
Әлде сен ел басқарып кетермедің?
Туғаннан “Халқым” дедің, “Ұлтым” дедің,
Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демің.
Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер
Жолыңа құрбан болып кетер едім.
Талғат Бейсенбаев.18 қараша, 1991 жыл.
Слайд 6Оқушылық өмірдің бір сәті.
Қайраттың мектептегі кезі.
Слайд 9Желтоқсан таңы осылай атқан еді...
Слайд 12Желтоқсан қаһармандарын
жаныштауға қолданылған БТР.
Слайд 14 Қайрат Рысқұлбеков 1986 жылдың 16 желтоқсан көтерілісінде “адам өлтірді” деген жаламен
жазықсыз айыпталып 1987 жылы 16 маусымдағы Жоғарғы Сотының Үкімімен – ең жоғары – ату жазасына кесілді. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда қаза болады.
Слайд 16
1-хат.
...Дүниедегі ең сұмдық зұлымдықты сот алдында азамат сотынан көрдім.
Әділетсіздікпен сот
кәрін септі,жас гүлге өлім септі,зұлымдықпен атып тұрды да: “ату жазасы” деп жас жүрекке найзаны соқты-кетті. “Өспей жатып-сөну” деген осы да.
“Бақ түссе-маңдайымнан, тас түссе-талайымнан” көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені, адалдығым оданда биік тұр. ...Әнеукүнгі кездесуде менің “приговорымды” алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер.Ақша салып кеттіңдер ме?Келесіде Талғаттың,Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, сендерге “кір” деп айтады ғой қайсысы болса да, я сержант, я капитан,соған беріңдер суретті, бере салсын маған (өтінесіңдер ғой). Кездесуге келердің алдында бір тал роза гүлін ала келіңдерші. Скоро мейрам ғой. Қонақтар кеп қалғандай болса, комната сәнсіз болмасын. Оныда суретпен бірге беріңдер.Болса екі тал (екі штук), ырым болсын.
Өзіме келсем, денсаулық жаман емес. Жағдай да солай. Ертеңнен кешке дейін шексіз қиялға берілемін де жатамын. Көкірегімде сол жалғыз үміт пен шексіз қиял. Жазатын қол жердің бәріне жаздым, кім біледі артының не боларын.Я сен, я мен болармыз да. Жоғарғылар ақтаса, ақтар, болмаса, бір құдай сақтар. Басқа не істейміз, аяқтарына жығылатын мен емес. Бар шындықты жазып жібердік, қалғанын өздері білсін.
Жазмыштан озмыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға меннен сәлем.
Беттеріңнен сүйе бердім.Сәлеммен Қайрат.
23.09.87
Слайд 17Қайраттың өлеңдері.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным
бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты-құрбандық”,
Атам десең , атыңдар.
Слайд 18Бұл кездейсоқтық па?
Әлде тағдырдың жазуы ма?
Еврей де, орыс
та, ұйғыр да, әйтеуір қолы жеткеннің бәрі биліктің билігін үйіріп келіп басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21-ші басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасында тұтқындалып, 21 күн сот алдында нақақтан-нақақ шырылдап Семей түрмесінің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапылыста дүниеден өткен Қайрат Рысқұлбековтың арада 5 жыл өткен соң, 21-ші ақпанда ақталуы кездейсоқтық па?
Әлде тағдырдың жазуы ма?
Слайд 19
Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей.
Слайд 20Желтоқсан оқиғаларына арналған
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік монументы
Слайд 21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қайрат Рысқұлбековтың анасына
халық қаһарманы белгісін тапсыруда
Слайд 23РЫСҚҰЛБЕКОВ Қайрат
Ноғайбайұлы — Желтоқсан
көтерілісіне қатысып, жала жабылып, қуғынға ұшырап,
түрмеде жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақтың қайсар азаматы,
Халық қаһарманы.
Слайд 24
Жастар жиналған Ушанов алаңы осы
Слайд 25
Қазақтың қаһарман қызы, желтоқсан
құрбаны Сәбира Мұхаметжанова
Слайд 26
Сол жақтан санағанда 2 қатарда жетінші тұрған Сәбира 1 сынып оқушысы
.
Слайд 27
Сәбираның 8 сыныпты үздік бітірген аттестаты
Слайд 28
Сәбира оқыған педагогикалық училище
Слайд 29
1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы
Тәуелсіздіктің бастамасы еді. Толқулар Грузияда, Балтық
елдерінде, Молдавияда жалғасын тапты.
Слайд 30Ләззат Асанова
Халық қаһарманы-Желтоқсан құрбаны
Слайд 31 Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы
ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түседі. Оның анасы Алтынай Асанованың айтуынша, 16 жастағы Ләззат 1986 жылы училищенің екінші курсында оқып жатқан еді. Ал желтоқсанның 25-і күні тұңғышының өлімі туралы суық хабар Айдарлы ауылына жеткен. Азалы күнді ана қинала еске алады:
Өмірбаяны.
Слайд 32 -Түскі кез болатын. Есіктің алды «қызыл жағалы» адамдарға толып кетті. Қолдарында
екі қағаз бар: бірінде «қыздарыңыз нашар» делінген; екіншісінде «қыздарыңыз қайтыс болды» деп жазылған.
Бұл хабарды естіген жергілікті халық дүрлігіп кетіпті. Бір күн бұрын ғана көрші ауылға Желтоқсан көтерілісінің салдарынан қыршын кеткен Ербол Сыпатаевтың денесі Алматыдан жеткізілген екен. Оны «нашақор, алаңда бұзақылық жасап таяқ жеп өлді» деп әкелсе, Ләззатты «мінезі тік екен, бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып ұшып өлді» деп кінәлап алып келген. Шын мәнінде не болғанын іштей сезгенімен сол кезде жұртшылықтың ауыз ашуға шамасы келмепті.
- Бәрінің артында бір-бір адам. Менің де аузымды қақпайлап, сүйекті аштырғысы келмеді. Бірақ мен оған көнбедім, денесін аштырып көрдім. Байқағаным, төрт мүшесі түгел сау, тек шүйдесі ғана ойылған. Менің ойымда бесінші қабаттан құлаған адамның денесі мұндай болмайды деген алғашқы күдік пайда болды. Сол күні ұйықтамай таңға дейін Ләззатыммен қоштастым, - деді Алтынай Асанова.
Оның айтуынша, «қызыл жейделі» адамдар жерлеу рәсімін асықтырыпты. Содан тез тарқаған жұртшылық бұл үйдің табалдырығын аттауға қорқатын болған.
- Ләззатқа деп жайылған дастарханнан дәм татуға халық қорыққан болуы керек. Келіп дәм татса ол адам кінәлі. Менің келген-кеткенім аңдуда болды. 91-ші жылға дейін өмір осылай өтіп жатты.
Қазақстан тәуелсіздік алатын жылы Алтынай Асанова Желтоқсан көтерілісінің 5 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуге шақырылады. Сол шарадан ауылына қайтып келген ол халықтың Ләззатқа деген көзқарасы күрт өзгергенін байқайды.
- Бес жыл бұрын нәзірден ауыз тиюге қорыққан халқым Ләззатқа өздері нәзір беріп, құрмет көрсетіп жатыр екен. Тағы бес жыл өтті - Желтоқсанның 10 жылдығы да келді. Бірақ Ләззат ақталмады. Мен Алматыға көшіп келдім, баламды ақтап алуға тырыстым.
Ләззат өлімінің құпиясы тым көп
Слайд 33 Сегіз айға созылған сот процесінен кейін ғана барып «Ләззат Асанова ақталды»
деген сот шешімі шығады. Сот процесі барысында тығулы құжаттар жарыққа шығып, Ләззаттың құрбы-құрдастары Желтоқсан көтерілісінен кейін оның үш күн бойы жоғалып кеткендігін, тергеу қызметкерлері одан көтеріліске шыққан адамдар туралы мәлімет талап еткендігін, бірақ ол достарын сатпағандығын баяндайды. Осылайша он жыл бойы тұншыққан шындықтың беті ашылады.
Бірақ ананың бұл жеңісі көпке созылмай Алтынай Асанова тағы бір мәрте сотқа шағымдануға мәжбүр болады. 2004 жылы «Ана тілі» газеті негізгі мазмұны «Л. Асанова Желтоқсан көтерілісіне қатыспаған» дегенге саятын мақала жариялайды. Алтынай Асанова осы мақаланың авторы, кезінде музыкалық училищеде Ләззатқа сабақ берген ұстаз Күлсара Ізтілеуованы және газеттің сол кездегі редакторы М. Құлкеновты сотқа беріп, ұзаққа созылған сот процесін тағы да жеңіп шығады. Яғни, Ләззат Асанова екінші мәрте ақталады. Солай бола тұрса да ананың көңілінде күдік басым.
- Бірақ Ләззаттың өлімінде үлкен құпия бар. Мен мұны 22 жыл бойы шырылдап айтып келе жатырмын. Алайда оның өлімі туралы дәлел әлі таба алған жоқпын, - дейді ана.
Ләззат Асанова екі мәрте, 1997 жылы және 2004 жылы «Халық қаһарманы» атағына ұсынылды. Бірақ зиялы қауымның атынан жазылған өтінішті атақ тағайындайтын комиссия қанағаттандырмады. Биылғы жылдың қарашасында Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа арналған ескерткіш ашылды.
- Менің ойымша, қаһармандық атақ берілу-берілмеуі шарт емес. Қарапайым халық Ләззатты батырым деп бағалайды. Бұдан артық баға жоқ, - деді Ләззаттың анасы Алтынай
Слайд 34Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 14 желтоқсан.
Слайд 36Ләззат Асанова 10 жаста. 1980 жыл
Слайд 37Ләззат Асанова 12 жаста, мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі, 1982
Слайд 38Ләззат Асанова музыкалық училищенің студенті болған кезінде 1986 жыл
Слайд 39Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Алматыдағы Республика алаңында қызының рухына тағзым етуде.
Слайд 40Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа
қойылған ескерткіш 17 желтоқсан. 2007
Слайд 41 (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының
еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж.
Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді.
1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.
18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.
Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы
Слайд 42Тәуелсіздік рухы қаһарман қыздардың дауысымен жетті
Слайд 43 Жиырма жылдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін жастың да,
жасамыстың да жанын ауыртып келе жатқан Желтоқсан көтерілісінің бір басты сипаты онда қазақ қыздарының асқан қайсарлығымен танылуы еді. Халқымыздың ерлікке толы тарихында бұрымдылар намысшылдығы феномені осылайша тағы бір мойындалды. Тәуелсіздікке түрткі болған толқуда тайсалмаған қыздардың қай-қайсысы да қарапайым қаракөздер болатын.