Дауысты , дауыссыз дыбыстар емлесі және жаңа емледегі жаңалықтар
Daýysty , daýyssyz dybystar emlesi jáne jańa emledegi jańalyqtar
Daıyndaǵan: A.C.Hasenova
Слайд 2ӘРІПТЕР ЕМЛЕСІ
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, о,
о́, у, і,u, ú, е.
§1.а, е, у, і әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.
§2.а́, о, о́, u, ú әріптері төл сөздің басында жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli. Кірме,шеттілдік сөздердің екінші,үшінші буынында да жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, alkogól, vestıbúl.
j, sh мен ı әріптерінің ортасында келген а дыбысы жіңішке айтылғанымен, а әрпі жазылады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq.
Слайд 3
2-тапсырма. Төмендегі әріптерді қатыстырып, 12 сөз жазып шығыңыз.
Слайд 4
1-tapsyrma. Jańa álipbımen jazyńyz.
Слайд 5
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g,
ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.
§3.b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6-ны қараңыз) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıá, qaıyń,saı; ýaqyt, áleýmet, taý.
Ashshy, tushshy, keshshe сөздерінде екі sh әрпі қатар жазылады.
§4. ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.
§5. ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań.
ı, ýәріптерінің емлесі
§6. ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa,ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.
Слайд 6§7. уı(ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен
жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.
Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.
ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й)жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi –keııdi.
§8.uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.
§9.ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, baıý, oıý, jaıý, súıý.
Е с к е р т у. ı әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына ý жазылады: qıý, jıý.
§10. я әрпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa.
Е с к е р т у. ı әрпінен кейін тұрған я әрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa.
Слайд 7 Жаңа емледегі жаңалықтар
Төл және шеттілдік сөздерде
сөз басында және дауысты дыбыстан кейін ıa әріп тіркесімен;
Шеттілдік сөздерде дауыссыз дыбыстан кейін á әрпі арқылы;
Сөздің түбірінде и және я әріптері қатар келген жағдайда и-дан кейін а ғана жазылады.
Төл сөздермен қатар шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін кездессе, ıý әріп тіркесімен ;
Шеттілдік сөздерде дауыссыз дыбыстан соң және айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін кездессе, ú әрпімен;
и және ю әріптері сөздің түбірінде қатар келген жағдайда и-дан кейін ý әрпі ғана жазылады.
Яя
Юю
Слайд 82-тапсырма. Берілген сөздерді бірге оқиық.
Arba, baılyq, dáýlet, gúl, ǵasyr, hat,
jospar, kúmis, qujat, qadam, maqtanysh, mórtańba, dastarqan, tabıǵat, kelisim, shańyraq, báıterek.
Слайд 91-тапсырма. Сөздерді оқыңыз. Ю әрпінің жазылуына мән беріңіз, астын сызыңыз. Көршіңізбен
талқылаңыз.
Súıý, qoıý, qıý, baıý, keıý, oıý.
2-тапсырма. Я, Ю әріпімен келген сөздердің дұрыс жазылған нұсқасын белгілеңіз.
Слайд 102-тапсырма. Дұрыс жазылған нұсқасын белгілеңіз.
Слайд 114-тапсырма. Сөздерге тиісті қосымшаны көрсетіңіз.
Слайд 123-тапсырма. Төмендегі мәтінді көшіріп жазыңыз.
Til – halyqtyń altyn dińgegi. Ózin-ózi
biletin ár halyq aldymen óziniń týǵan tilin syılap, maqtan tuta bilýi kerek. Óıtkeni halyqtyń danalyǵy, jyrlary, shejiresi sol halyqtyń tilinde jazylady. Til – qaı ultta bolsa da qasterli, qudiretti uǵym. Olár adamnyń boıyna ana sútimen birge enip, qalyptasady. Til – halyqtyń jany, tutastaı keskin-kelbeti, bolmysy. Adamdy muratqa jetkizetin – ana tili. Ár halyqtyń, ulttyń qurmet tutar óz ana tili bar. Meniń ana tilim – qasıetti qazaq tili. Qazaq tili – túrki tilderiniń ishindegi eń taza ári baı til. Qazaq tili – Qazaqstan Respýblıkasynyń memlekettik tili. Ana tili – halyq bop jasaǵannan beri jan dúnıemizdiń aınasy, ósip-ónip túrlene beretin, máńgi qulamaıtyn báıteregi.