Слайд 1Даярлық тобына арналған модульдік және мультимедиа технологиясын қолданған дене шынықтыру сабағы
(Н.Н.Ефименко
“толық шеңбер” әдісі.)
Дайындаған: дене шынықтыру нұсқаушысы:
Жакупбекова Р.К.
Павлодар қаласы №28 сәбилер бақшасы
Слайд 2
Бiз жердiң көгiлдiр ғаламшарында өмiр сүремiз. Балалар, ол нелiктен көгiлдiр екен?Бiздiң
ғаламшарда су кеңiстiктері көп және ауа райы жақсы болғанда ол ғарыштан көгiлдiр болып көрiнедi. Барлық жер бетiнің 70 пайызын Әлемдiк мұхит алады, ол материктерді бөледі.
Слайд 3Теңіз түбіне саяхат
Балалар, теңіз түбіне саяхатқа шығып олардың мекендеушiлерiмен танысқыларын келме?
Онда балалар, теңіздегі балықтардың, өсімдіктердің
және жағада жүрген жануарлардың қозғалыстарың келтiрiп көрсетейік.
Слайд 4Теңіз пілі- морской слон
Ал балалар, ендеше теңіздін түбіне түсуді бастаймыз!
Арқада жатып жиналамыз, алға- артқа теңіз пілі секілді домалаймыз.
Слайд 5
Б.қ. басты көтеріп қолымен аяқтарын құшақтап арқада
жату. Алға-артқа домалау (екпінмен).
Слайд 6Танқы шаян-краб
Таңқы шаян түп бойымен, табандарымен қысқаш iрiктей жүредi. Ол аттап
жүріп, өзінің түктi табандарын қимылдатады.
Слайд 7
Б.қ. жұптасып арқада жату, қолдарынан ұстасып (қолдары бас жағында), аяқтарымен оңға,солға
аттап бірге жүру.
Слайд 8Дельфиндер-дельфины
Жанымызда шағын топты дельфиндер жүзiп барады,олар өте жылы жануар, ойнағанды өте
жақсы көреді.
Слайд 9
Б.қ. жұптасып арқада жату, қолдары «құлыпта».
Арқадан ішке бір мезгілде домалау,
б.қ. оралу.
Слайд 10Теңіз жұлдызы-морские звезды
Теңiз жұлдыздары
дельфиндердің
жанынан жүзiп
өтуде.
Слайд 11Б.қ. ішпен жату, қол кеуде алдында. 1. Кеудені көтеріп, қолдарын тік
жазып тұру. 2. Оң қолын көтеру. 3.Сол қолын көтеру.4. б.қ.
Слайд 12Теңіз кірпісі-морской ёж
Балалар, қарандаршы! Кiрпi балығы жанымызда жүзiп барады,ол сондай тiкенектi,
білесіндерме оны қолмен ұстай алмайсындар.
Слайд 13Б.қ. ішпен жату, қолдары кеуде астында.
Қолын тік жазып, аяқтарын (үшін)
басына тигізу 3 есепке ұстау,4 б.қ.
Слайд 14Теңіз тасбақалары-черепахи
Ең жақын тастардың арасынан теңiз тасбақалары жүзiп барады ,олар бронды
кемелер секілді, өздері жағаға дәл жүзiп барады.
Слайд 15Б.қ. төрт тағандап тұру. Алға жылжи шенбер бойымен еңбектеу.
Слайд 16ҚЫТЫРАН- АКУЛА
Қайдан шыққаны белгісіз қытыран жыртқыш пайда
болды. Ол әбден аш
болған, сондықтан аңшылыққа
шыққан. Ол жүзіп келе жатып, тырбиған ағаштардың
үстінен жүзiп өтедi.
Слайд 17Б.қ. биік төрт тағандап тұру. Шенбер бойы,кедергілерді аттап төрт тағандап жүру.
Слайд 18Теңіз шаяны- морской рак
Қытыранның жанында кiшкентай теңiз шаяншалары жүзуде. Шаяндар балыққа
ұқсап жүзедi, бiрақ алдымен емес артымен алға жүзеді.
Слайд 19Б.қ. арқада төмен төрт тағандап тұру,
артымен алға қарай жүру.
Слайд 20КАРАКАТИЦА
Шаяндар қайда кетткен?
Мынау каракатица! Ол бүйiріндегі қанаттарының
көмегімен жүзіп, аңшылыққа
шыққан.
Бiз каракатица секілді жүзейік, қолды бүгіп,алдымен
бiр жамбаспен, сосын екінші жамбаспен алға жүрейік.
Слайд 21Б.қ. еденге отыру, қол кеуде алдында, аяқтары жартылай бүгулі. Жамбастарынмен алма-кезек
қозғалып алға жылжи жүру.
Слайд 22ТЕҢІЗ ГҮЛІ-МОРСКОЙ ЦВЕТОК
Теңіз түбінде ерекше гүл өседі!
Ол актиния - теңіз
гүлі, бұл жануар. Ол гүл теңіз түбінде шайқалып тұр, судың ағысы қай жаққа болса сол жаққа шайқалады. Бізде сол актиния секілді теңселейік. Артқа шалқаямыз,қолымызды өкшеге тигіземіз.
1-3 есепке ұстаймыз, 4-бастапқы қалып.
Слайд 23Б.қ. тізеде тұру денені тік ұстау, қол дене бойында. Артқа шалқаю,
қолды аяқтарынын басына қою. Б.қ.
Слайд 24Теңіз мысықтары
Біз көп жүздік, қалай солтүстік полюсқе жеткеңімізді білмей қалыппыз. Бұл
жақта өте суық, қары көп, бірақта ол жақтада өмір бар, теңіз мысықтары тұрады.
Жағада теңіз мысықтары өте иікімсіз, бірақта суға түскенде олар өте шапшан, жылдам жүзеді.
Слайд 25Ал қазір біз қол ұстасып тұрып, теңіз мысықтарымен
бірге билейік. Тіркеме
адымдап шенбер бойы тізелерімізді көтеріп жүрейк.Шенберді тарылтпай кең шенбер жасайық.
Б.қ. тізеде тұру, қолдарын ұстап шенбер бойы жүру.
Слайд 26“Пингвиннің әкесі”
Қарандаршы, теңіз мысықтарының манайында пингвиндердің жатақтары орналасқан. Бұл пингвиндердің әкелері
олар өздерінің балапандарын басып отыр. Жұмыртқаларың аяқтарының арасына ұстайды солай оны жылытады. Қазір біз пингвиндер секілді жүріп көрейік. Б.қ. н.т. қапшық тізелердің ортасында, қолдарының басы жан-жақта, аяқтары тік.
Слайд 27“Пингвиннің анасы”
Ал пингвиндердің аналары балық аулау үшін алыс және қиын саяхатқа
шығады.Олар өте тар көпірдің үстіңен жүреді (гимнастикалық орындық), мұздар жылжығанда мұздан мұзға секіреді (дөңгелек), қалың қардың үстінен жүреді (ізге із) өте муқиат болып тар жолмен жардың қасынан өтеді. (Балалар шенбер бойы кедергілерден өтеді).
Слайд 28Дауылпаз құс
Теңіздің бетінде дауылпаз құс ұшып жүр.Ол да балық аулауға шыққан,
теңіз дауылына дейін көп балық аулап алуға үлгеру керек. Біз де дауылпаз құс секілді қолдарымызды жан-жаққа жазып, балық аулауға ұшайық. Б.қ негізгі тұрыс, қол жан-жақта. Қолдарың екі-үш рет “қағып” ұшу, сосын артқа қойып суға сүнгуге дайындалғандай ұшу.
Слайд 29«Теңіз өмірі»
Теңіздегі тіршілікті : теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары,
шаяндар, дельфиндер атауларын
күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген
кездегі бейнелеріне ену, сезіну.
РЕЛАКСАЦИЯ
Слайд 30
«Теңіз»
Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап (жатып),
көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын
деп елестетіп,
теңіздің шуын тыңдайды
Теңіздің толқынын тындап теңіздін түбінде көрген балықтарды,
балдырларды, жағада жүрген жануарларды, судын бетінде
ұшып жүрген құстарды көз алдарында елестетіндер.
Қандай тамаша! Әдемі! Шағалада ән салып тұрғандай.
Сендер көздеріңді ашындар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік .Сендерге саяхат ұнады ма? Біз саяхатта қандай жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Жақсы балалар, сендерге рахмет! Біздің сабақ аяқталды «Сау болындар!». Оңға – бұрыл! Эльдардың соңынан “Алға бас!”