Презентация, доклад на тему Шығыстың қос жұлдызы презентация

Содержание

«Шығыстың қос жұлдызы»

Слайд 1БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ
«Вокал» үйірмесінің мұғалімі
Л.Қ. Кашкенова




2015-2016 оқу жылы

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ«Вокал» үйірмесінің мұғаліміЛ.Қ. Кашкенова 2015-2016 оқу жылы

Слайд 2 «Шығыстың қос жұлдызы»

«Шығыстың қос жұлдызы»

Слайд 3 Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай

Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай

Слайд 4Әлия Молдағұлова
(1924-1944жж)
Қазақтың қаhарман қызы, Кеңес Одағының батыры
Мәншүк Мәметова
(1922-1943 жж)
Қазақтың қаhарман

қызы, Кеңес Одағының батыры

Әлия Молдағұлова (1924-1944жж)Қазақтың қаhарман қызы, Кеңес Одағының батырыМәншүк Мәметова(1922-1943 жж)Қазақтың қаhарман қызы, Кеңес Одағының батыры

Слайд 5Сабақтың қанатты сөзі:
Ер есімі ел есінде.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Б.Момышұлы

Сабақтың қанатты сөзі:Ер есімі ел есінде. Отан үшін отқа түс, күймейсің. Б.Момышұлы

Слайд 6Мақсаты: 1. Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлы

Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
2. Оқушыларды өлеңмен таныстыру,өлеңдердің мазмұны мен идеясын ашу, таным мүмкіндіктерін анықтау, сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың бойына еліне, Отанына деген патриоттық сезімін ұялату, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға, ерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: 1. Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан

Слайд 7Түрі : Жаңа сабақ

Әдісі: Түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, жаңа ән үйрету,

«Өлен кестесін» толтыру, сұрақ-жауап, «Сөзді жалғастыр”, «Рефлексия»

Көрнекілігі: слайд, фонограмма

Түрі : Жаңа сабақ Әдісі: Түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, жаңа ән үйрету, «Өлен кестесін» толтыру, сұрақ-жауап, «Сөзді жалғастыр”,

Слайд 8Дәл осынау жадыраңқы жай күйі, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным

басым иіп бір минут Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны
1 минут үнсіздік...
Дәл осынау жадыраңқы жай күйі, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басым иіп бір минут

Слайд 9

900igr.net
Ұлы Отан соғысы туралы өлендерді мәнерлеп оқу, «Катюша» әнінің жаттау
2.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН

ТЕКСЕРУ:
900igr.netҰлы Отан соғысы туралы өлендерді мәнерлеп оқу, «Катюша» әнінің жаттау2.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ:

Слайд 10Катюша Шешек атып алма ағаштары, Бозғылт тұман өзен үстінде. Келді өзенге,келді Катюша қыз, Келіп тұрды

толқынды өзенге. Келді өзенге шырқата бастады, Қосты өлеңге дала құстарын. Қосты өлеңге сүйген бауырларын, Қосты өлеңге сүйген Отанын. Кеш жарықта қыздың салған әні, Кеш жарықта аспан әлемі. Шекарада жатқан жауынгерге, Катюшаның айтқан сәлемі.

Дауыс жаттығуы:

Катюша  Шешек атып алма ағаштары, Бозғылт тұман өзен үстінде. Келді өзенге,келді Катюша қыз, Келіп тұрды толқынды

Слайд 11Оқушыларды Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Отан үшін отқа кеудесін

тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары туралы мәлімет беру және Қазақстанның балалар композиторы Бота Бейсенованың «Шығыстың қос жұлдызы» әнің үйрету.

3. Жаңа сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының

Слайд 12 4. Жаңа сабақ:
«Шығыстың қос жұлдызы»

4. Жаңа сабақ:«Шығыстың қос жұлдызы»

Слайд 13 ХХ –ғасырдағы он бір қанды қасырет қайсы десек, ол екінші

жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды. 40 елдің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында 1930 жылғы алапат ашаршылықтан қырылып, Ұлы Отан соғысы қарсаңында 3,2 миллионға әзер жеткен, соған қарамастан батысқа 500 мың боздағын аттандырған бейбақ Қазақ елі бар еді.
Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың пайымдауларына қарағанда олардың 350 мыңы қаза тапты, хабарсыз кетті деген санатта майдан даласынан қайтпай қалған. Жеңіс туы тігілгеннен бері, міне, 70 жыл өтті. Бүгін сол сұрапыл соғыста Отаны үшін өмірін қиған апаларымыз жайлы әңгіме сөз қозғағалы отырмын.
ХХ –ғасырдағы он бір қанды қасырет қайсы десек, ол екінші жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған

Слайд 14Соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын

әсте естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды –жасыл киініп гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, бекініп қару асынып жауға қарсы шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.
Жыл сайын Жеңіс күні тойланғанда аузымызға алдымен Әлия мен Мәншүк оралады. Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар –намысы, биік мұнарасы.

Қаhарман қазақ қыздары

Соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын әсте естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс

Слайд 15Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әлияны

анасы«Ақмоншағым» деп еркелетіпті. Әлияның азан шақырып қойған аты – Ылия. Орыстар Лия деп атаған.
Әлияның әкесі – Сарқұлов Нұрмұқанбет, анасы – Молдағұлова Маржан. Әлияның анасы қайтқаннан кейін, әкесі Нұрмұханбет, 8 жасар Әлия мен оның ағасы Бағлан «Тегісшіл» колхозындағы апасына көшіп барады. Бұнда бір жылдай тұрып, әкесі екі бірдей баланы тәрбиелеу қиынға түскендіктен, Әлияны нағашы ағасы Әубәкірдің тәрбиесіне береді. Осылайша, Әлияның өмір жолы Молдағұловтар отбасында жалғасады. Көп кешікпей Әубәкір отбасымен Алматы қаласына көшіп, Әлияны бірге алып кетеді. 1934 жылы
Әубәкір Молдағұлов оқуға Мәскеуге, Одан Ленинградқа жіберіледі. 1941 жылы Әубәкір оқуды аяқтап, Ташкент қаласына жұмысқа орналасады.Отбасы жағдайына байланысты Әлияны балалар үйіне тапсырады. Әлия осылайша Ленинград қаласында тұрақтап қалады. Сол жылы Ұлы Отан соғысы басталып, Әлияның өмірінде үлкен өзгеріс болады.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әлияны анасы«Ақмоншағым» деп еркелетіпті. Әлияның азан шақырып

Слайд 16Әлия мектеп жасына толғанда орыс мектебіне оқуға барады. Осы мектепте оқыған

кезін ұстаз былай деп есіне алады: Әлия орыс тіліне
қанша қиналса да, қиыншылықты жеңу керек, өмірдің мәні осында деп түсінді. Сабақтан кейін қайтпай мектепте қалып, тапжылмай отырып сабаққа дайындалатын. Еңбекқорлық, мақсат ету жолындағы табандылық Әлия бойындағы тамаша қасиеттер еді. Бұл еңбегі өз жемісін берді. Әлия «өте жақсы» деген бағалармен оқыды. Орыс тілі мен әдебиетінен өте тамаша жетістіктерге жетті және жазба жұмыстары өте мазмұнды болатын. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыды. Осы қасиеттермен қатар қолы шебер, ұқыпты, бөлмесі кірсе-шыққысыз жайнап тұратын.Төсек жапқышы, көпшігі, терезе перделерін өзі тоқыған шілтермен көмкеріп, айна алдында герань, олеандр, камелия өсіретін. Бір қызығы, осы аталған гүлдер өте нәзік әрі сұлу, сонымен қатар шөлге төзімді, суыққа шыдамды өсімдіктер. Осы гүлдер арқылы да мен Әлияның сұлулықты сүйетінін, мінезі де осы гүлдер сияқты екенін байқадым.
Әлия мектеп жасына толғанда орыс мектебіне оқуға барады. Осы мектепте оқыған кезін ұстаз былай деп есіне алады:

Слайд 17Тағы да қаланы
Жатыр -ау бомбылап.
Теңселіп барады...
Барады жер құлап?!
Шетімен алаңның
Жығылып,

сүрініп...
Балалар үйіне
Келемін жүгіріп.
Салдырап сүйегім,
Қызынып, суынып.
Барады жүрегім,
Аузыма тығылып...
Бір дүлей басталды,
Шыңылдап құлағым...
Үйілген тастардың
Үстіне құладым...
Не көрдім? Не істедім?
Не сұмдық – дүние!
Жүгірдім...тістеніп,
Балалар үйіне.

Әлияның күнделігінен

Тағы да қаланы Жатыр -ау бомбылап.Теңселіп барады...Барады жер құлап?! Шетімен алаңныңЖығылып, сүрініп...Балалар үйінеКелемін жүгіріп.Салдырап сүйегім,Қызынып, суынып.Барады жүрегім,Аузыма

Слайд 18Әлия

Әлия

Слайд 21 Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО

Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. 1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен қатар ол жер жорғалап еңбектеуді, қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді. Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияны майданға жібермей мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, «бәрібір майданға кетемін», деп тұрып алды.

Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш

Слайд 22 1943 жылдың шілде айында Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші

атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер снайперді байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы люгін ашып, Әлия жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия, екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп тапсырды.
1943 жылдың шілде айында Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға

Слайд 261944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты

қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ротасының командирі қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияны екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияны жерледі.
1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.
1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от

Слайд 31Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың
4-ші маусымында

көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Псков облысы Новосокольники ауданының әртүрлі жерлеріндегі жауынгекрлердің сүйектері Казачиха деревнясынан 4 шақырым жердегі Монаково селосына кіре берістегі жотадағы бір ағайындық зиратқа әскери салтанатпен жерленді.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы

Слайд 32«Әлия»
Тверьдің орманы жас, жері кәрі,
Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерге Әлияның

қаны сіңген
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,
Әлия ұлы Отанға болған мақтан.
Казачиха маңында тұлғасы тұр,
Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!
Сол жермен сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен,
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
«Әлия»Тверьдің орманы жас, жері кәрі,Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.Сол жерге Әлияның қаны сіңгенСоғып тұр мерген қыздың жүрегі

Слайд 3314 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.


Әлия Нұрмұхамбетқызы
Молдағұлова


14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

Слайд 36Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызы 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында

туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.
Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызы 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды

Слайд 371922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты

Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің

Слайд 38Мәншүк Мәметова

Мәншүк Мәметова

Слайд 39Өз ауданымыздағы, ауылымыздағы соғыс ардагерлерінің өмір жолы туралы деректер жинақтау.

Өз ауданымыздағы, ауылымыздағы соғыс ардагерлерінің өмір жолы туралы деректер жинақтау.

Слайд 41Үйге тапсырма
Өз ауданымыздағы, ауылымыздағы соғыс ардагерлерінің өмір жолы туралы деректер

жинақтау.
Үйге тапсырма Өз ауданымыздағы, ауылымыздағы соғыс ардагерлерінің өмір жолы туралы деректер жинақтау.

Слайд 43Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

Слайд 44Мәншүк Мәметова

Мәншүк Мәметова

Слайд 46 1942 жылдың тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына

алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді.
1942 жылдың тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде

Слайд 47Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды

тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.
Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі

Слайд 48 Батыр қыздың құрметіне Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облысының еңбекшілері «Мәншүк

атындағы танк колоннасын» құру үшін қаражат жинап (1944), оған жасалған 26 танк майданға жіберілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Невель Орал, Алматы қалаларында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы 28 -орта мектеп пен медициналық институт алдында ескерткіш тақта қойылған. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.
Батыр қыздың құрметіне Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облысының еңбекшілері «Мәншүк атындағы танк колоннасын» құру үшін қаражат

Слайд 49Отан деген сөз көкейде жатталып, Зор айқасқа кеттік біздер аттанып. Біз сендердей қыдырмадық

кеш құрым Біз сендердей арман гүлін тақпадық. Біз көрмедік бақыттың ақ таңын, Естімедік махаббаттың тәтті әнін. Бізге арнап хат жазатын жігіттер, Қаныменен қарға жазды хаттарын.
Отан деген сөз көкейде жатталып, Зор айқасқа кеттік біздер аттанып. Біз сендердей қыдырмадық кеш құрым Біз сендердей

Слайд 50« Мәншүк»

Өрт болып лаулап тұтанған
Жалау ғып жаны ел кегін;
Қан боянды жас

арман
Қалдырып бізге жүрегін!
Соғады мәңгі сол жүрек,
Жалаңаш қолмен от қалап.
Елім деп, дарқан өмір деп,
Сурылған қыннан көк болат!
Сурылған қыннан көк болат,
Сұр бұлттан аққан жасындай;
Ажалды оқпен ноқталап,
« Алғалап» тартар ғасырдай.
Өтті ғой сондай батыр қыз,-
Бағы үшін жастың, кәрінің.
Болайық сондай бәріміз,
Бағы үшін адам жанының!
Дихан Әбілев
« Мәншүк»Өрт болып лаулап тұтанғанЖалау ғып жаны ел кегін;Қан боянды жас арманҚалдырып бізге жүрегін!Соғады мәңгі сол жүрек,Жалаңаш

Слайд 51 Менің байқауым, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың тұған жерлері де

жақын: Атырау облысы Орда ауданы және Ақтөбе облысы Қобда ауданы. Екеуі бір жерде қайтыс болды. Мәншүк Псков облысы Невель қаласында, одан теміржолмен солтүстікке қарай 60 шақырым жерде Псков облысы Насва станциясында Әлия қаза болды.
Менің байқауым, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың тұған жерлері де жақын: Атырау облысы Орда ауданы және

Слайд 52Сергіту сәті: хормен орындау Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма

атқа қонған.
Ерліктің қос қанаты деп білеміз,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Сергіту сәті: хормен орындау  Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,Арулар аз болды ма атқа қонған.Ерліктің қос қанаты

Слайд 53 Жаңа ән үйрету: «Шығыстың қос жұлдызы»

Бота Бейсенова 1. Соғыс деген келді қайдан
Ел хабарсыз жатқан жайдан
Тағдырына талай жанның
Балта шапты осы майдан

Қайырмасы:
Қызғалдақтай қырмызы
Ерте солдау гүл қызы
Әлия мен Мәншүгум
Шығыстың қос жұлдызы 2 рет

2. Жез тырнаған жау батырды
Ел қорғанып сапқа тұрды
Қыздардағы жауға шауып
Елестетті -ау қас батырды
Қайырмасы:

Жаңа ән үйрету: «Шығыстың қос жұлдызы»

Слайд 545. Ой толғау «Өлең кестесін» толтыру

5. Ой толғау «Өлең кестесін» толтыру

Слайд 55 Ой толғау «Өлең кестесін» толтыру

Ой толғау «Өлең кестесін» толтыру

Слайд 56Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.
Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.

Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.

Слайд 576.Жаңа сабақты бекіту:
Рефлексия:

6.Жаңа сабақты бекіту:Рефлексия:

Слайд 581. Әлия мен Мәншүк туралы
өлеңдерді
өту мақсатымыз не?


туған жерін

білу


өмірі мен ерлігін білу

өлендерін жатқа білу

достары туралы білу

1. Әлия мен Мәншүк туралы өлеңдерді өту мақсатымыз не?туған жерін білу өмірі мен ерлігін білуөлендерін жатқа білудостары

Слайд 592. Әлия мен Мәншүктің мерген
болып тез жаттығуына
не себепші болды

деп ойлайсыңдар?



бейбіт өмір


соғыс

өз еріктерінде

қиялдану

2. Әлия мен Мәншүктің мерген болып тез жаттығуына не себепші болды деп ойлайсыңдар?бейбіт өмірсоғысөз еріктеріндеқиялдану

Слайд 603. Батырлық, ерлік туралы
өлендердің
бүгінгі таңда маңызы бар ма?

бар
түсінбеймін
білмеймін
жоқ

3. Батырлық, ерлік туралы өлендердің бүгінгі таңда маңызы бар ма?бартүсінбеймінбілмеймінжоқ

Слайд 614. Қалай ойлайсыңдар біз бүгін
арманымызға жеттік пе?
ия
анық білмеймін
жартылай
жоқ

4. Қалай ойлайсыңдар біз бүгін арманымызға жеттік пе?ияанық білмеймінжартылайжоқ

Слайд 62Бүгінгі сабақтан мен не түсіндім...
«Шығыстың қос жұлдызы» әнінің авторы … .

-Бүгінгі сабақ маған … әсерін тигізді.
Мен ойлаймын, соғыс деген….
Сабақ туралы сіздің пікіріңіз… .

СӨЗДІ ЖАЛҒАСТЫР

Бүгінгі сабақтан мен не түсіндім...«Шығыстың қос жұлдызы» әнінің авторы … . -Бүгінгі сабақ маған … әсерін тигізді.Мен

Слайд 63Қатар тұрдық, қатар жүріп келеміз, Қатар жүріп қардан гүлдер тереміз. Біздер өлдік, өлмесін

деп басқалар Бізді қайта туды Отан, ел егіз  Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз, Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз. Қолымыздан осы болды келгені. Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Қатар тұрдық, қатар жүріп келеміз, Қатар жүріп қардан гүлдер тереміз. Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар Бізді қайта

Слайд 64ОҚУШЫЛАРДЫҢ
БІЛІМІН БАҒАЛАУ
Кімді мақтаймыз?

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУКімді мақтаймыз?

Слайд 65Үйге тапсырма:
«Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбына эссе жазып келу, әнді

жаттау
Үйге тапсырма: «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбына эссе жазып келу, әнді жаттау

Слайд 66 Бұл жеңіссіз бүгінде тәуелсіз Қазақстан болмас еді.

Н.Назарбаев

2015

1945

Бұл жеңіссіз бүгінде тәуелсіз Қазақстан болмас еді.

Слайд 67Зейін қойып тыңдағандарыңызға, рахмет!

Зейін қойып тыңдағандарыңызға, рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть