Слайд 1Ғылыми жұмыс
Тақырып:Қыздардың киімдерінде ұлттық наным-сенімдеріне байланысты қолданылатын элементтерді зерделеу, қазіргі заман
киім үлгісінде қолдану
Дайындаған:«Дизайн және өнер» пән бірлестігінің оқытушысы Изтлеуова Л.Е.
Слайд 2Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Қазақ халқының ұлттық наным-сенімдері...........................................................4
1.1.Қазақ ұлттық киімдерге қатысты
ырымдар мен тыйымдар...........................4-6
1.2. Киімдердегі ұлттық наным-сенімдерге байланысты элементтердің қазіргі заман киім үлгілерінде қолдану.................................................................................7
1.3. Қазақ ұлттық киімдерінің наным-сенімдермен байланысының пайдасы мен зияны.............................................................................................................................8
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Слайд 3Тұжырым: Ұлттық тілін, дінін, мәдениетін және рухани байлығын терең сезіне
білген тұлға адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды бағалай алатын азамат болатыны анық.
Аннотация: Определенно ясно то, что настоящим гражданином станет тот, который умеет ценить национальные ценности и человечности глубоко чувствующем духовные богатства и национальную культуру, духовенство и язык.
Annotation: Obviously, a person who has a profound feeling of national language, religion, culture and spirituality will be able to appreciate humanity and national values.
Слайд 4Кіріспе
Халықтың ұлттылығы тек қана санмен ғана емес, адамзат
баласының ой-өрісіне қосқан мәдениетімен, білімімен, рухани дүниетанымымен бірге ұлттық дәстүрлі өнерімен айқындалады. Қай халықты зерттеп, зерделеп көрсек те, ұрпағын жан-жақты тәрбиелеуде, тарихын, ақын-жырауларын, ойшылдарын, мәдени мұрасын, ұлттық мәдениетін, өнерін, музыкасын қай дәрежеде дамығанынан байқай аламыз. Оларды әлемдік денгейге көтере отырып, дүние жүзіне таныта да, таңқалдырып келе жатыр. Жоғарыда айтып кеткеніміздей қазақ халқының ұлттық мәдениетін, мәдени мұрасын, дәстүрлі қол өнерін, музыкасын дүниежүзілік деңгейге көтерсек қазақ ұлты ұлы, өркенеиетті ұлттар қатарынан көрінетіні сөзсіз. Ол үшін біз ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің тарихи дәстүрлі бастауларын насихаттауымыз қажет. Ендігі жерде ұлттық өнерімізге, ата-бабаларымыздың діни наным-сенімі көрініс тапқан бүгінгі таңдағы ұлттық өнер туындыларына назар аударсақ.
Слайд 5Қазақтың ұлттық дәстүрлі өнері соның ішінде наным–сенімге қатысты пайда болған дүниелер
осы күнге дейін ғылыми тұрғыдан қарастырылмай келеді. Дәстүрлі өнеріміздің тарихи тамыры тереңде жатқаны бәрімізге белгілі, сондай-ақ қазақ ұлттық өнерінің негізгі бастауы болып табылатын наным-сенімдер
қолөнер және ою-өрнек негізінде қарастырылады. Дәстүрлі өнер арқылы өскелең ұрпақтың өмір, табиғат жөніндегі дүниетанымдарын қалыптастырып, ақыл-ой, рухани эстетикалық талғам-түсініктерін, танымдық тәлім-тәрбиенің даңғыл жолын ашуға өз ұлтымыздың бүкіл болмысын қалыптастыруда өнердің берері мол.
Слайд 6Қазақ ұлттық киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар
Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады.
Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.
Баскиімге қауырсын тағу
«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.
Слайд 7Сырт киімдер бойынша
Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар
кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адамды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.
Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.
Слайд 8Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын
берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған.
Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.
Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар
Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым.
Слайд 9Аяқ киімге байланысты ырымдар
Аяқ киімді төңкеріп қоймайды, теріс кимейді. Олай жасаса,
адамның жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін. Жорықта басқа жастанатын еш- нәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды». Суық тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды
Слайд 10Киімдердегі ұлттық наным-сенімдерге байланысты элементтердің қазіргі заман киім үлгілерінде қолдану
Бабаларымыз адамның үстіндегі киімі арқылы қай елден келгенін, кім екенін біліп отырған. Қыз балалар мен әйел адамдардың киім кию ерекшелігі арқылы айыра білген. Қазір қазақтың ұлттық киімін тігіп жүргендер сол қазақ көйлегінің етегінің желбірі жеті сатыдан тұратынын біле бермейді. Тіпті желбір салып тігуді қойып келеміз. Табиғатпен біте қайнасып, жер еміп өсіп, ырымға салғырт қарамаған бабаларымыз тұрмыс-тіршілік салтының болмыс бедері біздің еркіндігімізді алыс заманалармен жалғастырып жатыр емес пе?
Слайд 11Қазақ ұлттық киімдерінің наным-сенімдермен байланысының пайдасы мен зияны
Осы тұста
ұлттық наным-сенімдердің киімдермен байланысының пайдасы зор. Ұлттық киімдеріміздегі халқымыздың салт-дәстүрі, өнері, мәдениеттің ұштасуы менің ойымша, ерекше сән, мән және тереңдік береді. Ұлттық тәрбие ұлттың мәдениеттілігін білдіреді, ал киімі мен тәрбиенің байланысы эстетикалық талғампаздықтың дамуына тәрбиелейді. Қазіргі таңда қазақи элементтердің киім үлгілерінде қолдану, біздің ұлтымыздың көрегендігінің және мәденилігінің рухани айнасы болып табылады.
Слайд 12 Ұлттық сенімдерімізді, салт-дәстүрімізді ұстана отырып, рухани жаңғыру аясында ,
өнерімізді биік белестерге жетелеуіміз керек.
Слайд 13Қазақ халқы наным-сенімдерге байланысты, көз тимеу үшін киімдерді, үй жабдықтары мен
жиһаздарын ашық түсті жіптермен кестелеп, сәндейтін болған.
Слайд 14 Қазіргі таңда МДО мамандығы топ студенттеріне күнтізбеге сай, қазақ
халқының қолданбалы өнері тақырыбында, ұлттық тақырыптық-картиналарды кестелеуді үйретудемін.
Слайд 15 Қорытынды
Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Олай болса бүгінгіде
хиджап киіп, өрмекшінің суреті салынған жейделерді модаға айналдырып отырған тұста қазақтың қолөнер бұйымдарын, ұлтық киімдерін арнайы тігетін орындар ашып, үлкен тарихи мәнге ие ою-өрнекті және элементтерді символ ретінде тануға тиіспіз.
Ұлттық тілін, дінін, мәдениетін және рухани байлығын терең сезіне білген тұлға адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды бағалай алатыны анық. Әр азамат өнердегі жетістігі арқылы ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді.
Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бикенов А.,«Қазақтың материалдық мәдениеті»-Астана-2010ж
Иманбеков Б., С.Қалиев, Ж.Молдабеков «Этнопедогогика»-Астана-2010ж
Молдабеков М.
«Қазақ халқының рухани мұрасы»-Алматы
Мәдени мұра «Қазақ өнерінің тарихы»1,2,3том-Алматы-2007ж
Оразалиева С,Қрықбаева С , Адамқұлов Н. «Халықтық көркемөнер шығармашылығы»-Астана-2015ж
Нағымұлы Ш. «Мәдениеттану»-Астана-2010ж