дүниеге келген. Оның әкесі Мнесарх бағалы тастармен айналысқан. Пифагордың анасының есімі сақталмаған. Кейбір деректерге қарағанда оның анасы - Самос аралының негізін қалаушы Анкея тегінің қызы Пифаида. Пифагор ежелгі Грецияда 570 - 500 жж. өмір сүрген. Ол бала кезінен саяхат жасауды армандаған. Пифагор Үндістанда, Египетте, Вавилонда болған. Өзге елдердің ғылыми жетістіктері мен ежелгі мәдениетін зерттеген. Отанына оралғаннан кейін Пифагор аристократия уәкілдерімен жастар үйірмесін ұйымдастырған. Үйірмеге ұзақ сын емтихандардан кейін салтанатпен қабылдаған. Оған енуші әр адам өз мүлкінен безіп, бас тартқан және ілімнің негізін құраушының оқуын құпия сақтауға ант берген. Осылайша Оңтүстік Италияда атаулы ”Пифагор мектебі” пайда болды. Пифагоршылар математикалық, философиялық, жаратылыс ғылымдарымен айналысқан. Олармен көп жаңалық ашқан. Пифагор халық көтерілісі кезінде көше шайқасында өлген.
Пифагордың өмірбаянымен танысу