Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: әріпті өрнектерді түрлендіруде қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданады.
Оқушылардың басым бөлігі: өрнектерді ықшамдап, мәнін табады.
Кейбір оқушылар: мәтін есептерді шешіп, кері есептер құрастырады.
Бағалау критерийі:
Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу амалының қасиеттерін қолданады.
Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін көбейту амалының қасиеттерін қолданады.
Тілдік мақсаттар:
қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін жеткізеді;ережесін ауызша түсіндіреді;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
өрнек, коэффициент, айнымалы, көбейткіш, ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
өрнектерді ықшамдау, ортақ көбейткіш, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, қосудың терімділік қасиеті, көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейтудің терімділік қасиеті,көбейтудің үлестірімділік
қасиеті
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде «Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығын дарыту
Пәнаралық байланыс:
Физика
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
Сандық және әріпті өрнектер
Жұптық жұмыс. «Сұрақ - жауап» әдісі
Қосындыны ықшамдаңдар:
1) 4m + 9m;
2) 7a + 13a.
Берілген өрнектердің әрқайсысында үш амалдан бар. Осы өрнектердегі амалдар санын азайтып, қалай ықшамдауға болады?
В деңгейі.
№98. Өрнектi ықшамдап, мәнiн табыңдар:
7а + 15а, мұндағы а = 3;
2) 23b + 16b, мұндағы b = 8;
3) 44х – 18х, мұндағы x = 5;
4) 14у + 33у – 45у, мұндағы у = 17;
5) 52m – 25m + 45m, мұндағы m = 9;
6) 18n + 34n – 22n, мұндағы n = 6.
.
Көбейтіндіні ықшамдаңдар:
1) 5 • х • 8;
2) 2 • y • 9.
- Көбейтінді түрінде берілген мұндай өрнектердегі амалдар санын азайтып, қалай ықшамдауға болады?
Дескриптор:
-Қосудың қасиеттерін қолданады;
-Мәндерін табады;
С деңгейі.
№103. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есепті өрнек құрастырып шығарыңдар.
1) Шаруа ат сатып алу үшiн 15 ц қарабидай сатса, 80 рубль жетпей- дi, ал 20 ц қарабидай сатса, 110 рубль артық қалады. Шаруа сатып алатын ат неше рубль?
А деңгейі.
№ 92. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті ықшамдаңдар:
1) (9 + а ) + 11; 4) (b + 22) + 18;
2) (16 + b) + 4; 5) (18 + x) + 12;
3) (a + 17) + 23; 6) (43 + y) + 57;
Кері байланыс:
« 10 сөзді атаңыз» әдісі. Оқушылар түсіндірілген тақырыпқа қатысты 10 сөз жазып, атауы керек.
Топтық жұмыс. «Құрастыру» әдісі.
Кері байланыс:
Мұғалім мен оқушылар арасында.
Бір – бірлеріне сұрақ қояды.
- Есептің шығарылу жолымен басқа келісесіздер ме?
- Басқада ұсыныстарыңыз бар ма?
Кері байланыс: мұғалім мен оқушы арасында.
«Бас бармақ» әдісі бойынша. Оқушылар «келісемін» - бас бармақты жоғары, «келіспеймін» - бас бармақты төмен көрсету.
Үйге тапсырма:
В деңгейі. №95. Өрнектерді ықшамдаңдар:
1) 2x + 3x; 2) 7x – 4x; 3) 5y + 9y;
4) 6y – y; 5) x + 4x + 5x; 6) 8x + 3x – x;
7) 10x + 7x – 8x; 8) 9y + 2y – 4y.
В деңгейі. №96. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:
1) 7а + 7 · 3; 2) 16 · 5 + 5b;
3) 14с – 14 · 3; 4) 8d – 8 · 5;
5) 6а + 6 · 3 + 6b; 6) 9а + 9b – 9с.
Бағалау
6 жұлдыз н/е 5жұлдыз, 1 төрбұрыш – «өте жақсы»
4-5 жұлдыз н/е 3 - 4 жұлдыз және 2 төрбұрыш – «жақсы»
3 жұлдыз н/е 1 – 2 жұлдыз және 2 – 3 төртбұрыш – «қанағаттанарлық»
.
Рефлекция
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть