33 адам және 43 адам
Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?
120 тырна
Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында 1 тырна, екінші қатарда 2 тырна, үшінші қатарда 3 тырна, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?
78 жаңғақ
Ауыл мектебінде қанша ер бала болса, сонша қыз бала оқиды. Бір күні мұғалім мектепке 234 жаңғақ алып келеді де әр ер балаға 5 – 5 – тен, әр қыз балаға 4 – 4 жаңғақтан бөліп береді. Бірақ мұндай бөліске қыздар реніш білдіреді. Сондықтан мұғалімге бәрі бірдей мөлшерде (6-6-дан) алатындай қосымша жаңғақ әкелуге тура келді. Мұғалім екінші жолы қанша жаңғақ әкелген?
адам саны -12, табақ саны -5
Бір күні Әсет үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап, төріне шығарады. Дастархан жайылады. Шайдан кейін қазанға ет салынады,табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да сәл ойланып қалады. Жұбайына келіп:-Екеу ара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет жетпей қалады, үшеуара бір табақ тартсақ ет артылып қалады, енді не істесек екен?
Бұл үйдің мейманы, үйде бар табақ саны қанша?
Табақта 6 алма бар еді, табақтағы алмаларды 6 балаға бір - бірден таратып бергенде табақта 1 алма қалды. Ол қалай?
Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?
Лиза 28 теңге, Лаура 14 теңге
Лиза, Лаура және Мәдина мерекелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті. Бірақ Лиза 10 тоқаш, Лаура 8 тоқаш әкелді де, Мәдина әкелуге тиісті тоқаштары үшін 42 теңге әкелді. Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алды?
Лиза, Лаура және Мәдина мерекелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті. Бірақ Лиза 10 тоқаш, Лаура 8 тоқаш әкелді де, Мәдина әкелуге тиісті тоқаштары үшін 42 теңге әкелді. Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алды?
300 кг картоп, 125 кг сәбіз
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп пен 25 кг артық сәбіз әкелінді. Асханаға неше кг картоп, неше кг сәбіз әкелінді?
“ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңындағы жиырмасыншы балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть