Презентация, доклад на тему Математика пәнінен Қызықты математика тақырыбында презентация (6 сынып)

Сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: «Қызықты математика» ойыны. Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде. 1.

Слайд 1«Қызықты математика» ойыны
6 сынып

«Қызықты математика» ойыны6 сынып

Слайд 2Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика» ойыны. Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың ой -

өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде.

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі 2. Бәйге мақал - мәтел жарысы. 3. Тез есепте 4. Логикалық сұрақтар 5. Кім жылдам. 6. Жұмбақтар 7. Капитандар сайысы 8. Қорытынды

Сабақтың кезеңдері:

Сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: «Қызықты математика» ойыны. Сабақтың мақсаты: 	1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін

Слайд 3Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс) 2. Ақыл

- ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов) 3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

І тур
Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

Қолданылған нақыл сөздер: 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс) 2. Ақыл - ойды тәртіпке

Слайд 4ІІ тур «Бәйге» немесе мақал - мәтел жарысы. Әр топқа 6 мақалдан

таратылады. Мақалдың жалғасын жазып, айту керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.

1-топ 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)

2-топ
1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды) 2. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 3. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 4. Білімнің басы — бейнет (соңы — зейнет). 5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ). 6. Ақыл азбайды, (Білім тозбайды

ІІ тур  «Бәйге» немесе мақал - мәтел жарысы. Әр топқа 6 мақалдан таратылады.  Мақалдың жалғасын

Слайд 5ІІІ тур «Математикалық эстафета»  сайысына  кезек  береміз.  (Әр топтың мүшелері уақытты

үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығару керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі)

 

ІІІ тур  «Математикалық эстафета»  сайысына  кезек  береміз.  (Әр топтың мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі

Слайд 6IV тур Логикалық сұрақтар Бұл сайыста екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Қай

топ бірінші қол көтерсе жауап береді. Бір рет жауап берген соң екінші рет жауап беруге болмайды! Дұрыс жауап 10 ұпай.

1. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (10) 2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? 3. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? Жауабы: 300 кг 4. Кітапқа 100теңге және тағы сол кітаптың жарты бағасы төленді. Кітап қанша тұрады? Жауабы: /150 теңге/ 5. Қаламсап қарындаштан 15 теңге қымбат. 5 қаламсап 5 қарындаштан қанша теңге қымбат тұрады? Жауабы: /75 теңге/ 6. Зауытта 3 дөңгелекті велосипед жасайды. Велосипедке 2 кішкентай және 1 үлкен дөңгелек керек. Қанша велосипед жинауға болады, егер 30 кішкентай және 15 үлкен дөңгелек болса? Жауабы: /15/ 7. Алты 7 - ден 100 санын жаз. Жауабы: (777 - 77): 7=100 8. Бөлменің 4 бұрышында бір - бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (48) 9. Егер ең үлкен 2 таңбалы саңнан екі 8 санымен жазылатын сандарды азайтып, одан алынған санға ең кіші екі таңбалы санды қосса, онда Алияның сыныбында қыз балалардың саны шығады. Алияның сыныбында қанша қыз бар? Жауабы: /99 - 88+10=21/

IV тур Логикалық сұрақтар Бұл сайыста екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші қол көтерсе жауап

Слайд 7V тур «Кім жылдам?» Бұл сайыста да екі топқа ортақ сұрақтар

қойылады. Жылдам жауап беру керек.

1. 3, 4 және 8 сандарының бәріне бөлінетін ЕКОЕ қандай? (24) 2. Тордағы барлық күшіктердің аяқтарының саны 84, сонда тор ішінде қанша күшік? (21) 3. Егер екі кірпіш салмағы 12кг болса, 5кірпіш салмағы неше кг? (30) 4. Ең кіші натурал сан (1) 5. 17 құрама сан ба? (ия) 6. Ең үлкен үш таңбалы сан (999) 7. 45, 27, 81 сандарының ЕҮОБ тап (9) 8. Жай да емес, құрама да емес натурал санды атаңыз? (1) 9. 4 саны 100 санының қандай бөлігі?(1/25 ) 10. 100 жылдың басқа атауы (ғасыр)

V тур  «Кім жылдам?» Бұл сайыста да екі топқа ортақ сұрақтар қойылады.  Жылдам жауап беру

Слайд 8VI тур Жұмбақтар. Әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады. Жауап бере алмаса

қарсы топ жауап беруіне болады. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-топ
Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы, бұл қандай сан, Жан - жағыңа қарамай? (натурал сан)
Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық, Басы да жоқ аяғы. Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
Бір – бірімен жарысқан 4 аю, бір арыстан 2 қой мен 1 түлкі Бәрі нешеу кім білді ( 8 )

2-топ
Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер. (8)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш )
Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым, Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

VI тур  Жұмбақтар.  Әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады.  Жауап бере алмаса қарсы топ жауап

Слайд 9 1-топ
1. 9 саны жай сан ба, құрама сан бар?

(құрама сан) 2. 7 майшам жанып тұр, 4 - уін сөндірсек неше майшам қалады? (4) 3. 1 ден 10 - ға дейін натурал сандардың қосындысы нешеге тең? (55) 4. 1/10 санының кері саны? (10) 5. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60км) 6. Не ауыр? Бір кг түбіт аур ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең) 7. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат) 8. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан) 9. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут? (15 минут) 10. 225 нешенің квадраты (15)

VII тур Капитандар сайысы

2-топ 1. 25 саны 100 - дің неше бөлігі? ( 1/4) 2. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан) 3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3) 4. Бір жанұяда бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала) 5. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш болады?(5) 6. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минутта 7. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4 - тен артық, 5 - тен кем сан шығады? ( үтір ) 8. 86 санын еш амал қолданбай 12 - ге арттыр. (98) 9. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Неліктен олай? (екеуі тең) 10. 25 - тің квадраты (625)

1-топ1. 9 саны жай сан ба, құрама сан бар? (құрама сан) 2. 7 майшам жанып

Слайд 10VIІI Қорытынды. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.

VIІI  Қорытынды.  Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.  Жеңімпаздар марапатталады.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть