Слайд 1Математика
пәнінің мұғалімі
Базарова Балнұр Даманқызының
П О Р Т Ф О
Л И О С Ы
№45 жалпы орта білім беретін мектеп
Слайд 5Математика пәнінің мұғалімі
Базарова Балнұрдың
П О Р Т Ф О Л И
О С Ы
Слайд 6Аналитикалық анықтама
Менің педагогикалық ұстанымым:
“Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Ақылың мен білімің екі
жақтан”
Абай Құнанбаев.
Мен Базарова Балнұр Даманқызы 1994 жылдың, 11 сәуірінде Сырым ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келдім. 2010 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде білім алып, 2014 жылы оқу орнын аяқтадым. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап №45 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келемін. 2015 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде оқып жатырмын.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Біздің міндетіміз–жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу–қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Оқушыларға сапалы білім беруде «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын оқып, осы технология бойынша жұмыс атқарып жүрмін.
Слайд 7 Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс
істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. «Жай бөлшектерді бөлу» (5 сынып), «Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді бөлу және көбейту» (7 сынып) , «Рационал бөлшектерге амалдар қолдану» (7 сынып) т.с.с ашық сабақтар берілді.
Ашық сабақ құрылымы барысында қазіргі кезде енгізіліп отырған жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастырып отырдым. Сонымен қатар Microsoft Office бағдарламалар жиынтығы, Prezi, Kahoot, Geogebra, Activstudio, Pinnacle Studio т.с.с бағдарламаларды қолданып, сабақты барынша қызықты әрі, көрнекті түрде өткізуге тырысамын.
Небәрі 3 жылға жақын тәжірибем болғанымен білімін жетілдіру курстары, пән бойынша әдістемелік әдебиеттерді оұып, интернет желісіндегі педагогикалық жаңалықтармен танысып, білімімді тереңдетіп отыруға тырысамын. Сонымен қатар: https://znanio.ru/medianar/ Bilim Land сайттарының қолданушысы болып табыламын.
Слайд 8Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақ беру кезеңіндегі өз тәжірибемнің нәтижесінен түйіндегенім, әрине
«дәстүрлі» сабаққа үйренген оқушыларымды жаңа жүйеге үйрету бірден аспағанын, белгілі бір уақыт қажет болғанын айтпай кетуге болмас, дейтұрғанмен өзім үшін де,оқушы үшін де жаңа бетбұрыс болғаны анық. Сабақтарымда топтық тәсілді тиімді қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы нәтижелілігін ұғындым, ОүБ-да табыс критерийінің өз білімін бағалаудағы табыстылығы көрінді. Көшбасшылық қасиеттерін айқындауда, кейбір бұйығы отыратын оқушыларға қозғау салып, «өзіндік менін» оятуда тиімділігі болды.
Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан -жақты дамыту болып табылады.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру барысында жұмыстанудамын.
Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатында І санатты математика пәні мұғалімі мен бірлесе отырып, «Алгебра пәнінен тестілер жинағы» атты әдістемелік құрал құрастырдық. 2015 жылдың 16 қараша күні қалалық эксперттік кеңестің шешімімен басылым қала педагогтары арасында таратылуға ұсынылды.
Слайд 9 25 наурыз 2016 жыл
Түркістан қаласында Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Аса қастерлі ұғым Тәуелсіздіктің қасиет - киесі атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда жасаған жоғары деңгейлі баяндамасы үшін» , І – дірежелі дипломмен, сертификатпен марапатталдым.
Осындай сабақтардың нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, әр түрлі олимпиада, конференция, байқауларға, интеллектуалдық сайыстарға қатысып отырады.
Есенжанов Нарұл 2015 жыл «Достық» пән олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен, 2016 жыл математика пәнінен қалалық кіші олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
№ 45 ЖОББМ математика пәні мұғалімі: Базарова Б.Д
Слайд 10Сабаққа рефлексивті
талдама
Күні: 24.02.2017 Сыныбы: 7 “А”
Пәні: Алгебра
Сабақтың тақырыбы: “Бөлімдері
әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту”
Сабақтың мақсаты: Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару арқылы, логикалық ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Ең алдымен ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасып, 3 топқа бөліп алдым. Таңдалған сандар арқылы оқушылар өз топтарына барып отырды. Сабақ барысында “Математикалық диктант”, “Белгісіз мұшені тап”, “Ауызша тез есепте”, “Постер қорғау” секілді жаңа – әдіс тәсілдерді қолдандым. Тапсымаларды орындау барасында, оқулықпен жұмыс кезінде оқушылар өздерінің теориялық білімдерінің терең екендігін,оны практикада ұштастыра білетіндіктерін дәлелдеді. Сонымен қатар барлық оқушылар қатыстырылып, сұрақтар мен тапсырмаларға белсенді жауап беріп отырды. Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар берілді. Алған білімдерін жинақтап қорытындылау мақсатында 3 – топқа түрлі тапсырмалар берілді. Әсіресе “Бүтін өрнектер” тобы мүшелері өздерінің 5 – сыныпта алған білімдерін бүгінгі сабақпен ұштастыра отырып орындап берді. Яғни, жай бөлшектер мен рационал бөлшектерді Венн диаграммасына салып, айқындап берді. Қалған екі топта берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. Әр топ басшысы қорытынды бөлімде топ мүшелерін бағалады, өз пікірлерін айтып өтті. Кері байланыс кезінде сабақтың оқушыларға ұнағандығын, әліде бұл тақырып бойынша білімдерін тереңдеткісі келетіндіктерін байқадым. Сабақ өз мақсатына жетті, жоспарланған міндеттер орындалды.
Слайд 12№45 жалпы орта білім
беретін мектебінің математика
пәнінің мұғалімі Базарова Балнұрдың
жұмысы
туралы
Әріптес пікірі
Базарова Балнұр Даманқызы математика пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыстанып келеді. Математика пәніне деген оқушылардың таным - белсенділігін, ойлау - қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.
Ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралары әрдайым жоғары дәрежеде, әдістеме жағынан сапалы, жүйелі, әр оқушының жас ерекшелігін ескеріп жоғары деңгейде өткізеді.
Мұғалімнің сабақты түсінікті,әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізетіні, сабақты әр түрлі ойындар, машықтық, зертханалық әдіс-тәсілдер,көрнекіліктер арқылы өткізуі ұстаздың іскерлігінің жоғары екендігін көрсетеді. Ол кісінің жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін, басқа оңай жолдар,амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі мұғалімнің жетістігі деп білемін. Балнұр Даманқызы мектеп ұжымында өзінің еңбекқорлығымен әріптестерінің, ата – аналарының, оқушыларының алдында жоғары беделге ие. Болашақта да тек үлкен жетістіктер мен биік белестерді бағындыра береді деп сенеміз!
Информатика пәнінің мұғалімі: Хасенова Г.Б
Слайд 13№45 жалпы орта білім
беретін мектебінің математика
пәнінің мұғалімі Базарова Балнұрдың
жұмысы
туралы
Оқушы пікірі
Біздің сыныпқа Балнұр Даманқызы 2015 жылдың қыркүйегінде сынып жетекші болып тағайындалды. Сол күннен бастап,біздің оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасымыз достық, ұстаздық қамқорлыққа ұласты. Балнұр Даманқызы – мінезі ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім. Сынып жетекші болып жүрген уақытында жас болсада, бас бола білген ұстаздарымыздың бірі болды. Ол педагогикалық іс – тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан біздер үшін оқуға қызығушылықтарымыз әрі қарай артады деп ойлаймыз. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін. Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз.
7 «Б» сынып оқушысы: Қуанышева Гульшат
Слайд 14
Менің қызығушылықтарым (эссе)
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап № 45 жалпы
орта білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын. Мамандығым математика пәнінің мұғалімі болғанымен көбінесе шығармашылық істермен айналысқанды жақсы көремін. Менің қызығушылығым өте жоғары.
Ең алдымен мен үшін сүйіп жасайтын ісім – поэзия оқу. Өлеңді мәнерлеп оқығанды, мағыналы, мазмұнды жырлар болса көпшілікпен бөліскенді ұнатамын! Поэзиядан қуат аламын, жігерленемін, кейде тіпті алға мақсат қоямын. Мектеп оқушы болып жүргенімде, бірнеше мәрте Абай, Пушкин, Мұқағали оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болғанмын.
Екінші қызығушылығым – тоғызқұмалақ ойнау. Қазіргі таңда басты мақсаттарымның бірі, келешек ұрпаққа бұл ойын туралы толық түсінік беріп, тоғызқұмалақ ойының оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыратындығын жете түсіндіру болып отыр. Болашақта математика пәніне деген қызығушылықты осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы жетілдіруде есте бар жоспар. Соның бастамасы ретінде 2016 жылдың наурыз айында осы сала бойынша Халықаралық конференцияда ғылыми жоба қорғап, І – бірінші орынға ие болып келдім. Бұл әліде жалғасын табатын іс деп ойлаймын.
Үшінші қызығушылығым -– жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс істеу болып табылады. Жаңа бағдарламалар, қызықты аннимациялық жобалар мен АКТ пайда бола бастаса мен үшін оларды өз іс – тәжірибемде қолданып қарау менің қызығушылықтарымның бірі. Қазіргі таңда тек мектеп бағдарламасын және базасына қол жетімді ғана бағдарламалар мен жұмыс істеп, өзімді ұштап жүрмін. Болашақта бұданда жоғары деңгейде өзімнің жаңашыл ұстаз екенімді дәлелдеп, қызықты идеялар мен жобаларды жүзеге асырамын деген ойдамын.
Осы менің бойындағы қызығушылықтарды ұсташтыра отырып, болашақта өз ісімнің мықты, білгір маманы боламын деген сенімдемін. Сонымен қатар, бұл қызығушылықтар мен сияқты жас маманға – болашақта бұданда биік белестерді бағындыруға жол сілтейді.
№45 ЖОББМ мтематика пәні мұғалімі: Базарова Б.Д
Слайд 15Дипломдар, сертификаттар,
куәліктер
Слайд 18Мұғалімнің іс - тәжірибесіндегі
фото - суреттер
Слайд 19 ________ _________
_______
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Абай
Құнанбайұлы