мақсат еттім
(Т.Ж.) Психологиялық ахуалды қалыптастыру:
Шаттық шеңберін құру арқылы өлең шумақтарын қайталай отырып жағымды психологиялық және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.
(МК) Топқа біріктіру
Түрлі-түсті А4 қағазы арқылы топқа бөлу.
1-топ. «Көк»
2-топ. «Жасыл»
3-топ. «Қызыл»
4-топ. «Сары»
Мақсат: Өтілген тақырыпты жинақтау, идеяларды жазбаша беру.
(МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарға шолу жасай отырып сабақты пысықтаймын.
Мақсаты: оқушыларға сұрақтар қою арқылы әр оқушының білім деңгейін анықтаймын.
Тапсырма:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?
Теңдеулердің 1-ші қасиетін айт.
Теңдеулердің 2-ші қасиетін айт
Мәндес теңдеу дегеніміз не?
(Т) «Аялдама» әдісі арқылы есептер шығару. Дәптермен жұмыс
Мақсат: Шарт бойынша өрнек құрастыру дағдысын қалыптастырамын
Тапсырма: Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2, 5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?
(Ж) «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табуды орындау
Мақсаты: Теңдеудің натурал сан түбірін табу дағдысын қалыптастырамын
Тапсырма: Теңдеудің натурал сан түбірін табу