Слайд 1Ғылыми жобаның тақырыбы:
«Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы
қос сөздер»
Слайд 2Ғылыми жобаны дайындаған:
1ЭГС тобының студенті:
Зияшов Нұрсұлтан
Оқытушысы:
Қалибекова Миргүл Қалибекқызы
Слайд 3Ғылыми жобамның тақырыбы:
«М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Қазақ тіліндегі қос сөздер.
2.2.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздердің сематикалық сипаты.
3.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Слайд 151.КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Әрбір тілдің сөздік қорындағы өзіндік сыр-сипат-қа ие сөздер категориясына тән
күрделі сөздерді ғылыми жүйеде зерттеуге бұл күнде ұлттық тіл білімінде ерекше мән берілуде.Соның нәтижесінде жалпы тіл-дер материалдары негізіндегі күрделі сөздер,соның ішінде қос сөздерді зерттеу-лер мейлінше кең өріс алуда. Әдебиет әлеміндегі поэзия жанрындаайрықша орын алған ақиық ақын М.Мақатаев шығармалары- қалың оқырман үшін бірегей көркем дүниелері екені аян. Алайда, ақынның мұралары тілдік, танымдық, стилдік түрде зерттеп-зерделеуді көп қажет етеді.Осы тұрғыдан келгенде,ақын шығармаларында қос сөздерді тиімді қолдану арқылы тыңдаушысына әсер етіп, ерекше назар аударта білгенін аңғарамыз.Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір белесінің өлшеміне айналған Мұқағалидың өміршең өлеңдеріндегі өзгешелікті тіл білімінің тұрғысынан талдаудың мәні мен маңызы арта түсуде.
Зерттеудің мақсаты: қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздердің өзіндік ерекшеліктерін жинақтай келе,белгілі ақы-нымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздерге жан-жақты си-паттама беру.
Слайд 16Зерттеудің міндеттері:
Қазақ тіл білімінің негізінде қос сөздердің қолданысын ғылыми-теория-лық негіздерін айқындау;
М.Мақатаев
шығармаларын талдай отырып,қос сөздердің сематикалық сипаттарын көрсету;
Ақын шығармаларындағы кейбір қос сөздердің қолданылу ерекшелікте-ріне тоқталу.
Зерттеу нысаны: қазақ тіл білімі
Зерттеудің болжамы: ақын шығармаларындағы қос сөздердің қолданылуы ерекше болып келетінін,қос сөздердің аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы,ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқаратынынкөрсетеді.Соны-нымен қатар, экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейтінін білуге мүмкіндік туады.
Слайд 17Тақырыптың жаңашылдығы: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында-ғы қос сөздердің қолданысы жан-жақты талданып, түрлеріне қарай жіктеледі. қос сөздерді
орнымен дұрыс қолдана білуі ерекшеленеді.Қосарлама қос сөздер-дің сематикалық сипаты талданылып,мысалдармен дәлелденеді.
Күтілетін нәтиже: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қай-нап шыққан асыл жырларымен қалың жұршылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының поэзия сүйер қауымның жүрегінде орын алуының негізгі-қос сөздерді тиімді пайдалануында екенін білу.
Зерттеудің кезеңдері: зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ тілі маманда-рының қос сөздер туралы еңбектеріне шолу жасай отырып,қос сөздің түрлеріне тоқталдық; зерттеудің екінші кезеңінде қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында кездесетін қос сөздерге талдау жасау,ма-ғыналарын ашу,ақын шығармаларының бірнешеуіне этимологиялық зерттеулер жасадық; зерттеудің соңғы бөлімінде қос сөздердің мағыналық ерекшелікте-ріне тоқталып, емлесін орфографиялық заңдылықтармен ұштастырып,кесте түрінде жүйеледік.
Слайд 18
Тақырыптың жаңашылдығы: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында-ғы қос сөздердің қолданысы жан-жақты талданып, түрлеріне қарай жіктеледі. қос сөздерді
орнымен дұрыс қолдана білуі ерекшеленеді.Қосарлама қос сөздер-дің сематикалық сипаты талданылып,мысалдармен дәлелденеді.
Күтілетін нәтиже: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қай-нап шыққан асыл жырларымен қалың жұршылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының поэзия сүйер қауымның жүрегінде орын алуының негізгі-қос сөздерді тиімді пайдалануында екенін білу.
Зерттеудің кезеңдері: зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ тілі маманда-рының қос сөздер туралы еңбектеріне шолу жасай отырып,қос сөздің түрлеріне тоқталдық; зерттеудің екінші кезеңінде қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында кездесетін қос сөздерге талдау жасау,ма-ғыналарын ашу,ақын шығармаларының бірнешеуіне этимологиялық зерттеулер жасадық; зерттеудің соңғы бөлімінде қос сөздердің мағыналық ерекшелікте-ріне тоқталып, емлесін орфографиялық заңдылықтармен ұштастырып,кесте түрінде жүйеледік.
Слайд 19
2.1. Қазақ тіліндегі қос сөздер.
Тіл мамандарының еңбектеріне
сүйене отырып,қос сөздерге тән ерекшелік-терді жинақтадық: Құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні,дыбысталуы мен ішкі мән-мағы-насы негізінде қалыптасқан құралымның болуы; Белгілі бір сөз табына қатысты болуы; Тұтасып келіп бір сөйлем мүшесі болуы; Сөз тіркестерінің бір сыңары болуы; Күрделі сөздердің өзге түрлері сөздерінің арасына үшінші сөз қоюға бо-лады: шарт та шұрт, жақсы да жаман; Қос сөздер ішінде ассонанс,аллитерация құбылыстары жиі кездеседі: тып-тыныш,өзімен-өзі; Қос сөздер сыңарлары бір-бірімен антонимдес,синонимдес мағынада қолданылады: күні-түні, ел-жұртым; Қос сөздер дефис арқылы жазылады. Қазақ тілі лексикасының толығуында,жаңа сөздер жасауда қос сөздердің алатын орны ерекше.Ол аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы, ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқарады. Сонымен бірге экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейді. Қос сөз-сөздердің қосарланып немесе қайтала-нып айтылуынан жасалған сөздер.Қос сөздің екі түрі бар:қайталама қос сөз жә-не қосарлама қос сөз. А.Ысқақов «Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ың-ғайлас морфологиялық жағынан тектес,синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады» деп анықтама береді (Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974, 129-бет.). Ал қайталама қос сөз туралы профессор А.Ысқақов: «... сөзді қайталап қолданудан сөздің неше алуан жаңа формалары жасалып,олардың мағыналары түрленгенімен де,лексикалық түсінігі өзгермейді.Демек,жаңа сөз тумайды,тек грамматикаланады»,-деген пікір айтады (112-бет.).
Слайд 21
Зиядаұлы Бақытжан «Қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы етістіктер»
атты ғылыми зерттеуінде «Етістіктер қайта-лап қолданудан жаңа мағына тумайды.Сөзге тек стильдік,реңдік тағы сондай мағыналар жамалады да,не қимылдың созылыңқылығын,жалғаспалылығын,не дүркінділігін,т.б. мағыналарды білдіріп отырады» деген (Автореферат.А.,1998, 10-б.).Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың бүгінде орта-мызда болмағанына налимыз,ал медет тұтарымыз-алып ақынның өзінің көзін-дей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері.халқынан қалтықсыз бағасын алған Мұқа-ғали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады.Ақын-ның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жы-рына айналды. Мен Мұқағали жырларындағы қос сөздердідің қалай қолданылғанын біраз уақыттан бері қарастырып, ойымды қағаз бетіне түсіріп, біраз шығармаларын талдадым. Екі түбір сөздің қосарланып, қайталанып келуі арқылы жасалатын сөздер ақын шығармаларында өте көп,сондықтан ақын шығармаларына ерекше көрік пен мән беруде ұтымды тәсілдің бірі болып саналады. Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік,өзге тілден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі өзінің оқшау стилімен,нәзік сезімімен,ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған ақиық ақынымыз-Мұқағали Мақатаев.Қазақ поэзиясында ғасырлар бойы сараланып,сұрыпталып қалыптасқан поэзиясына өзіндік өрнек салған.
сөзді қайталау мен қосарлану тәсілі-өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе.Осыны терең түсінген Мұқағали Мақатаев күрделі сөздердің бір түрі-қос сөздерді асқан шеберлікпен қолданып,өлеңінің мазмұнын аша түседі. Қос сөздердің ішіндегі ауқымдысы-қосарлама қос сөздер мәндес келіп,ақын ойын жинақтай көрсетуде маңызды рөл атқарады.Әсіресе,синоним сөздерді қосарлап қолданған тұстарында өлең ұйқасына еш нұсқан келтірмеген.Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде өзіндік шеберлігі танылады. Қапаста жатса-дағы күрсінбеген, Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген. Міне,соның жасырмай алуан сырын, Ақтарайын,ел-жұртым білсін деп ем (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002,19-бет.). Ақын қолданған қос сөздер бейнелмелі,суреттемелі түрде оқырманның көз алдына елестетіп жеткізеді.Ақын шығалмаларында тек синонимдес қос сөз-дерді ғана емес,антонимдес қос сөздерді де ұтымды қолданған. Тұрыпты анам түсінбей мән-жайына, Ысып-суып, зымырап,қан бойына.Дұшпанды әжем есен-сау жолға сапты, Ақ тамызып жауымның таңдайына (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002,231-бет.). Сонымен қатар, ақын өз шығармаларында қос сөз-дерді әр сөз таптарына орай тиімді қолданады.Мәселен, зат есім: ата-ана,әзіл-оспақ; сын есім: тап-таза,аппақ; сан-есім: қырық-отыз,төрт-бес; есімдік: өз-өзі-нен,өзіне-өзі; етістік: барып-келіп,өтті-кетті; үстеу: әзер-әзер; еліктеу: қалт-құлт, жалт-жұлт,т.б.
Слайд 23
2.2.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздердің сематикалық сипаты.
Қазақ тілінде қос сөздердердің екі түрі
бар деген болатынбыз.Ал қосарла-ма қос сөздің 5 жасалу жолы болса, қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар. Осы айтылған қос сөздің жасалу жолдарын ақынның өлеңдерінен молы-мен кездестіруге болады. Қосарлама қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қа-рай екі салаға бөлінеді: а) мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөз-дер; ә) мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер.Компоненттері мағыналы қосарлама сөздердің құрамындағы компоненттердің екеуіне де өзді-өзіне лайықты дербес мағыналары болады.Бірақ олар іштей мағыналары бір-бі-ріне ұштас сыңарлардан құралған үш топқа бөлінеді.
Слайд 24Қос сөздер
Қарама-қарсы сыңарлардан құралған қосарлама сөз жинақтау,топтау ұғымын білдіреді
Мәндес сыңарлардан қосарланған
сөздер мағыналары бір-біріне жақын сыңарлардан құралады да, топтау, жинақтау ұғымын білдіреді
Ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне өзара құрамдас,ұқсас ұғымдарды білдіретін дара сөздерден құралады
•
Слайд 25
Қарама-қарсы (антонимдес) сыңарлардан құралған қосарлама сөз жинақ-тау,топтау ұғымын білдіреді.Ондай компоненттер біріне-бірі
жетекші,я көмекші бола алмайды. Мысалы:а) Өмірді несіне жек көремін, Ауыр-жеңіл болса да өткеремін. (25-бет) ә) Алдандырып,әлдилеп кеше-бүгін, Неше жылым өтті екен,неше күнім? (57-бет) б) Рақатта іші-сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де,сәулем,кеп мені. (172-бет)
Мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер мағыналары бір-біріне жақын сыңарлардан құралады да топтау,жинақтау ұғымын білдіреді.Мысалы:ұрдым-пердім (18-б.),қауіп-қатер (18-б.),ел-жұртым (19-б.),мұң-қайғы (231-б.), зәре-құтын (221-б.), т.б.
Ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне өзара құрам-дас,ұқсас ұғымдарды білдіретін дара сөздерден құралады.Бұл сөздер де тым жалпыланған аса жинақталғыш ұғымдарды білдіреді.Мысалы: құ-лақ-көзің (7-бет), құлын-тай (12-бет),ай-жылдар (13-бет), айран-шалабың (42-бет), аяқ-қолым (44-бет), әке-шешем (231-бет), бақа-шаян (238-бет), арман-тілек (244-бет), от-жалын (272-бет), т.б. Қос сөздердің бұл түрле-рінде де әр қилы стилистикалық қос сөздердің бұл түрлерінде де әр қилы стилистикалық реңк,эмоциялық әсер жасайтын қабілеттер болады.
Слайд 26 Келтірілген мысалдар арқылы қос сөздердің құрамындағы екі
компоненті де мағыналы,дербес сөздер болып келіп,жинақтау,топтау ұғымын білдіретінін көреміз.Ақынның өлеңдерінде бұл сөздер өз орайын тауып тұр. Ақынның «Жастық» өлеңінде: Ризамын жастыққа,текке өтпеді, Әзір тұр гүл-бағымды көктеткелі. Жастық маған ақыл-ой,сана берді, Амал не,жастық өзі қалады енді.Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан бір сыңары мағыналы, бір сы-ңары мағынасыз қосарлама қос сөздер де кездеседі. -Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұқтыра, Күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар мықтыға! (М.Мақатаев «Райымбек!Райымбек»поэмасы. 294-бет.) Ел арасы дау-шарға араласпай, Лоқ беріп,ағайынмен жағаласпай. (М.Мақатаев «Райымбек!Райымбек»поэмасы. 295-бет.)Айналаң толы дос-жаран, Айқара құшақ ашасың. (52-бет).
Слайд 27
ҚОРЫТЫНДЫ
Келтірілген мысалдардан байқайтынымыз,қосарлама қос сөздердің
бәрі де топтау,жинақтау ұғымдарын білдіргенмен,олардың әрқайсысының мағына-сында компоненттердің ерекшеліктеріне қарай,өзіне тән әр алуан,олардың ішін-де бірінші сыңарлары түсініксіз қосарлама қос сөздер де (ұлан-ғайыр,салдыр-салақ,т.б.) екі сыңары да бірдей түсініксіз (анда-санда,ағыл-тегіл,быт-шыт,т.б.) сөздер де бар. Ақын өз шығармаларында тек қосарлама қос сөздерді ғана емес,сонымен қоса қайталама қос сөздерді де орынды пайдаланған.Қайталама қос сөздер айтылатын ойға әр қилы экспрессиялық және басқа қосымша мән беру мақсатымен әуелде белгілі бір сөзді екі рет қайталап қолдану машығынан пайда болған. Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:
Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,
а) Сүңгі-сүңгі мұздар тұр Мұздан аққан селінен (17-бет). ә) Күрсінбеші,жүрегімді тыңдашы, Талай-талай кереметтер бар мұнда!.. (148-бет).
Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы,
а) Жүре-жүре мен өмірге қанықтым, Өмір сырын жаңа біліп,жаңа ұқтым. (152-бет). ә) Күте-күте, Жұлдыздардың жанары да аққандай. (113-бет).
Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы,
а) Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайың, Мен қалай,.. (170-бет). ә) Жанарлары жалт-жұлт етіп жай отындай, осылай жан-жағымнан жай атылғай. (198-бет).
Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы,
а) Құс аппақ,айдын аппақ, нұр да аппақ, Аппақ нұр-аппақ нұрға қосылады. (225-бет). ә) Дауы да жоқ,жауы да жоқ,тып-тынышбауырларым,біздің асқар тауға кел. (84-бет).
Слайд 28
Ә.Хасенов қазақ тіліндегі сөзді қосарлау тәсілінің жинақтылық,болжал-дық,даралау,жіктеу,күшейту тәрізді алуан түрлі мағына
туғызатындығын айта-ды (Тіл біліміне кіріспе.А.,1990,72-бет). Ақын өз шығармаларында қос сөздерді ойды толықтырып, көркемдіктің қырын танытудың бір жолы ретінде орынды пайдалана білген.М.Мақатаев өз өлеңдерінде қос сөздерді жиі қолдану арқылы оқырман назарын сол қос сөздерге аудартып,оларға эмоционалды әсер етуіне жағдай туғызады. Қалт-құлт етіп,мейлі,мен күн кешейін, Күн кешейін,еліммен бірге өсейін. Мен әзірге,ей,тағдыр,мазалама Емін-еркін жұртыммен тілдесейін! (103-бет). Етістік-тіліміздегі бейнелеу құралы.Ақын өз шығармаларында қимыл-әре-кетті әсерлі бейнелеуде көбінесе етістікті қос сөздерді кеңінен қолданған.Ұр-дым-пердім (18-бет), алып-қашпам (20-бет), есіте-есіте (32-бет), сілтеп-сілтеп (37-бет), арып-ашып (44-бет),бұзып-жарып (50-бет), таңдап-таңдап (300-бет),ба-рып-келіп (236-бет),т.б. Тіліміздегі бірқатар қайталама қос сөздердің құрамын-дағы сыңарлары фонетикалық,морфологиялық ерекшеліктері бірдей болып ке-леді. Қарай-қарай өтермін тауға мына (283-бет),жалын мен су барып-барып тау-сыласың (239-бет).Мұндағы қарай-қарай,барып-барып етістіктері тұтас бір тү-бірдің өзгеріссіз қайталануы арқылы жасалынған. а) Жалғыз ғана иесі баспананың, Жалғыз соның бағамыз қас-қабағын (271-бет). ә) Адамынан айттырған ат-тонымды ап қашып, Қатынды өзім табам деп,әкемменен керіскем (291-бет). Бұл шумақтағы қас-қабағын,ат-тонымды қос сөздері тиісті сөздермен тір-кесіп, фразеологизм ретінде қолданылғанын байқаймыз. М.Мақатаев өлеңдерінде қос сөздерді өз орнында,мазмұнға сәйкес пайда-ланғанын көреміз.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздерді жинақтау ба-рысында өз және бір сөздерімен болған қос сөздер көп екенін аңғардым. «Өз»-өз-өзінен,өз-өзімнен,өзімді-өздерің,өзін-өзі,өзімді-өзім,өзімізден-өзі-міз,өзінен-өзі,өзімнен-өзім,өзді-өзімен,өз-өзінен,өзімнен-өзім,өзіме-өзім; «Бір»-бір-бірінен,бір-біріне,бір-бірлеп,бір-бірімен, біріміз-бірімізден,бірін-бірі,бір-біріне,бір-бір,бір-біріңді,бірісін-бірі. Қаламгердің сөзді пайдаланғанда,өзіндік сөзді қолдану тәсілі бар екендігі көрінеді.
Слайд 29
М.Мақатаев өлеңдерінде қос сөздерді өз орнында,мазмұнға
сәйкес пайда-ланғанын көреміз.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздерді жинақтау барысында өз және бір сөздерімен болған қос сөздер көп екенін аңғардым. «Өз»-өз-өзінен,өз-өзімнен,өзімді-өздерің,өзін-өзі,өзімді-өзім,өзімізден-өзі-міз,өзінен-өзі,өзімнен-өзім,өзді-өзімен,өз-өзінен,өзімнен-өзім,өзіме-өзім; «Бір»-бір-бірінен,бір-біріне,бір-бірлеп,бір-бірімен, біріміз-бірімізден,бірін-бірі,бір-біріне,бір-бір,бір-біріңді,бірісін-бірі. Қаламгердің сөзді пайдаланғанда,өзіндік сөзді қолдану тәсілі бар екендігі көрінеді.Өз ойымды қорытындылай келе, Мұқағали Мақатаевты халқының тағдырына да,табиғатына да ерекше көңіл бөлген алып азаматтарымыздың бірі десекте болады.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!-деген ақынның өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Слайд 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Асылжанұлы, Б. Мұқағалидың лирикалық поэзиясы / Б. Асылжанұлы //
Жұлдыз. – 2010. – № 10. -177-185 б.
2.Каренов, Р. Мұқағали əлемі / Р. Каренов // Мұқағали. 2011. – № 1. – 36-46 б.
3.Машкеева, Н. Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының көркемдік ерекшеліктері/ Н. Машкеева // Ақиқат. 2011. – № 1. – 59-61 б.
4.Мұқағали – Аңыз / дайындаған А. Ашанова // Қазақ əдебиеті. – 2011. – 4-10 ақпан (№ 5). – 1, 5 б.
5.Мұқағали Мақатаев // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. – 2011. – № 3. – 5-50
6.Мұхан, А. Мұқағали – Мəңгілік ғұмыр / А. Мұхан // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2010. – №4. – 21-25 б.
7.Тілеубаева, М. Мұқағали – тəрбие тарланы / М. Тілеубаева // Қазақстан мектебі. 2010. – № 7. – 31-33б.
8. М.Мақатаев «Аққудың қанатында жазылған жыр» Алматы: Жазушы, 1999ж.,
9. Ғаламтор мақалалары, суреттері