Презентация, доклад по всеобщей истории тема: Барак Обама политический деятель

Барак Обама (ағылш. 'Barack Hussein Obama II', (4 тамыз 1961 жыл)- Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында дүниеге келген. 2008 жылы өткен Президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау қорытындысы бойынша жеңіске

Слайд 1Барак Обама
11 сыныпқа
Дүние жүзі тарихы пәнінен презентациясы.
Автор: Марзатаев Е. Т.

Барак Обама11 сыныпқаДүние жүзі тарихы пәнінен презентациясы.Автор: Марзатаев Е. Т.

Слайд 2Барак Обама (ағылш. 'Barack Hussein Obama II', (4 тамыз 1961 жыл)-

Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында дүниеге келген. 2008 жылы өткен Президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті (2009 жылдың 20 қаңтарынан), Иллинойс штатынан сайланған сенатор. 2012 жылы 6 қарашада өткен президенттік сайлауда Республикалық партияның кандидаты Мит Ромниден басым түсті. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 332 Обамаға, ал 206 Ромниге дауыс берген [1]. Обама Американың президенті болған тұңғыш афро-америка нәсілді адам.
Барак Обама (ағылш. 'Barack Hussein Obama II', (4 тамыз 1961 жыл)- Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи

Слайд 3Өмірбаяны
Әкесі Барак Хусейн Обама-үлкені (Barack Hussein Obama, Sr.) экономика саласында оқыған.

Анасы Стэнли Энн Данхэм (Stanley Ann Dunham) болса, антропологияны меңгерген. Барак Обаманың ата-анасы Гавайи университетінде танысқан. Әкесі қара нәсілді, анасы аққұба америкалық болған. Барак Обама құлдардың ұрпағына жатпайды. Барак кішкентай болғанда, әкесі отбасын қалдырып, Гарвардқа оқуға кетеді. Ал Барак екі жасқа келгенде, әкесі анасымен ажырасып, Кенияға жол тартады. Барак алты жасқа толғанда, анасы екінші рет тұрмысқа шығады. Сөйтіп, Барак анасы, индонезиялық өкіл әкесі, өкіл әпкесімен бірге Индонезияда 4 жыл өмір сүреді. Сөйтіп, Джакартаның мемлекеттік мектептерінің бірінде оқиды. Сосын Гавайиға қайтып оралып, нағашы ата-әжесінің қолында тұрады. 1979 жылы Гонолулудағы жеке-меншік мектепті бітіреді. Бұл мектептен біраз атақты актерлер мен атлеттер тұлеп ұшқан болатын. Мектеп қабырғасында Барак баскетболға қызығып, осы ойын түріне әуестенген. 1995 жылы жарыққа шыққан мемуарында Обама жоғары сынып оқып жүргенде марихуана мен кокаин тұтынғандықтан, сабақ үлгерімі төмендегенін айтады. Мектеп бітірген соң, Обама Лос-Анджелестегі Батыс колледжінде білім алады, кейін Колумбия университетіне ауысып, оны 1983 жылы бітіріп шығады. Осы жылы бакалавр сатысында Барак Обама ірі Халықаралық Бизнес Корпорациясында қаржы ақпараты бөлімінде редактор болып еңбек жолын бастайды.
ӨмірбаяныӘкесі Барак Хусейн Обама-үлкені (Barack Hussein Obama, Sr.) экономика саласында оқыған. Анасы Стэнли Энн Данхэм (Stanley Ann

Слайд 41985 жылы Чикагоға келіп, шіркеу қайырымдылығы топтарының бірінде жұмыс жасайды. Әлеуметтік

ұйымдастырушы ретінде қаланың тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетумен айналысады. Дәл осы жұмыста жүріп, Барак Обама адамдардың өмірін жақсарту үшін заң мен саясатқа өзгеріс керек екенін түсінеді. 1988 жылы Обама Гарвард университетінің құқық мектебіне оқуға түсіп, 1990 жылы университет баспасына редактор болып орналасады. Бұл университет баспасы тарихындағы тұңғыш қара редактор еді. Кейін "Нью-Йорк-Таймс" газеті Гарвардтың заңгерлер клубына тұңғыш рет қара нәсілді адам президент ретінде тағайындалғаны туралы жазады. 1991 жылы Обама оқуын тәмамдап, Чикагоға қайтып оралады. 1993 жылдан бастап, Обама Чикаго Университетінің заң факультетіне «Конституциялық құқық» курсынан дәріс бере бастайды. Сол жерде ол 2004 жылға дейін жұмыс істейді. 1995 жылы Обама «Әкемнен қалған армандар» атты алғашқы кітабын жазады. Оған атақ әкелген – осы кітабы еді. 1996 жылы Иллинойс штатының Сенатына қабылданып, осы жерден саяси карьерасына аяқ басады. 2008 жылы Time журналының нұсқасымен "Жыл адамы" болып танылады. Ал 2009 жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың 44-президенті болып сайланды. Отбасында жары Мишель мен екі қызы бар.
1985 жылы Чикагоға келіп, шіркеу қайырымдылығы топтарының бірінде жұмыс жасайды. Әлеуметтік ұйымдастырушы ретінде қаланың тұрмысы төмен отбасыларына

Слайд 5Обаманың саясаты
Обаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды» жүзеге асыруға негізделген. Оның

түсінігінде, америкалықтардың арманы – баспаналы болу, медициналық көмек алу және балаларына білім беру. Ол тіпті 1995 жылы «Әкемнен қалған армандар» деген кітабын да жариялаған. Айта кету керек, ол билікке келген жағдайда Ирактан америкалық АҚШ әскерін 2009 жылдың наурыз айына дейін шығарып, АҚШ-қа әлемнің көшбасшысы мәртебесін қайтаруды мақсат тұтқан. Алайда оның бұл мәселедегі кейбір пікірлері саясаткердің қызуқандылығынан хабар бер­ген. Мысалы, ол Дж.Бушты сынай отырып, Ирактағы америкалық жауынгерлердің өмірі зая кетті деп ашық мәлімдеген. Осыдан кейін оның бұл мәселе бойынша бірнеше мәрте кешірім сұрауына тура келген... Обама кейбір посткеңестік елдермен АҚШ-тың болашақ саясатына қатысты да пікірін білдірген. Айталық, ол «Ресей АҚШ-тың жауы да, жақын одақтасы да емес» дей отырып, «Америка Ресейден кө­бірек демократия пен ашықтықты талап етуден де бас тартпауы тиіс» дегенді алға тартқан. Қалай болғанда, Батыс басылымдары Обаманың айрықша харизмасының арқасында ақша мен адам жинаудан алдына жан салмайтынын баяндайды. Мысалы, сайлау науқаны кезінде Обама интер­неттен шағын көлемдегі ақшалар мен корпоративті донорлардан қомақты қаржы тартудан рекордтық көрсеткішке жеткен. Оған қоса ВВС Обаманың 100 мыңнан астам адамды оңай жинап, оларды шеруге шы­ғаруға қабілетті екендігін тамсана жазады.
Обаманың саясатыОбаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды» жүзеге асыруға негізделген. Оның түсінігінде, америкалықтардың арманы – баспаналы болу,

Слайд 7Қорытынды:
Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. Колумбия университетінде халықаралық

істер фа­культетін тамамдап, алдымен шіркеу жанындағы топпен бірге кедей аудандардың тұрғындарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. ВВС деректеріне қарағанда, Обама әкесі мен өгей әкесі мұсылман болғанына қарамастан, христиан дінін ұстанады. Гарвард университетінің заң мектебін бітіріп, заң ғылымдарының докторы атағын алғаннан кейін де ол кемсітушілікке ұшырағандардың құқығын қорғауға құлшына кіріседі. Азаматтық құқық саласында жұмыс істеді. 1997 мен 2004 жылдары арасында Илиинойс штатының сенатында үш мерзім қызмет етті. 1992 мен 2004 жылдары арасында Чикаго Заң мектебінде конституциялық құқық бойынша дәріс оқыған. 2004 жылы қарашаның айында 70 пайыз дауысымен ол Сенатқа сайланды.
Қорытынды:Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. Колумбия университетінде халықаралық істер фа­культетін тамамдап, алдымен шіркеу жанындағы

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть