Слайд 1Батыс қазақстан
облысының тарихы
Слайд 2Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында-ақ Еділ-Жайық өңірінде кешенді мал, егін шаруашылығы қалыптасты («Қазақ
ССР тарихы», 1-том. А., 1980, 105-бет). Табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруі б.з.б.1-мыңжылдықтың басында далалардың құрғауына әкелді, осы кезден бастап көшпелі жене жартылай көшпелі сипаттағы мал шаруашылығыжедел дамыды, ол әуелі шаруашылық жүргізудің негізі, содан соң басым түріне айналды.
Слайд 3 Геродоттың айтуынша, Батыс Қазақстан өңірінде савроматтар тірлік кешкен. Савромат этнонимі
кебіне екі мағынада — тайпалардың өз атауы ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданылған. Б.з.б. 2 ғасырда грек-рим жиһанкездеріне (Страбон, т.б.) савроматтардың «аорс» атты бір тайпасы белгілі болды, олар оңтүстік Орал өңірінен шықса керек.
Слайд 4Батыс өңірінде өмір
сүрген тайпалар:
Ғұндар, оғыздар, қыпшақтар,
қимақтар, половецтер.
Слайд 5Батыс Қазақстан жерінде Жошы ұлысы
Монғол шапқыншылығы тұсында Батыс Қазақстан жерінде Жошы
ұлысы құрылды, ал Алтын Орданың қалыптасу кезеңіндегі (13 ғ-дың 1-жартысы) саяси өмір орталығы Еділдің төменгі ағысына қарай ойысты. Алтын Орда ұлыстарға бөлінген көшпелі мемлекет болды, онда әкімшілік басқару аппараты маңызды рөл атқарды. Алтын Орда дәуірінде Жайық жағасындағы Сарайшық Үргеніш-Отырар-Бұхара жене Үргеніш- Алмалық керуен жолдарының бойына орналасқан үлкен қала болды. 13 ғасырда орта ғасырлық Алтын Орда мемлекеті (1240-жылдар — 15 ғасыр) кейін жекелеген саяси бірлестіктерге бөлшектенді. Ал оның бөлшектеніп, ыдырау үрдісі «қазақ» деген этнониммен ерекшеленген этникалық құрылымның қалыптасуымен қатар жүрді. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы аумағы Жошы ханның ұлы Шайбанның билігінде болды. 14—15 ғ-дың соңында белең алған саяси және әлеуметтік қақтығыстар ортағасырлық мемлекеттік бірлестік — Ақ Орда хандығын дүниеге әкелді, ол кейіннен өз кезеңінде Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығына ажырады. Ноғай Ордасының құрамына қыпшақ, маңғыт, найман, алшын, алаша, тама жене басқа тайпалаенді. Ал Әбілхайыр хандығы Дешті Қыпшақтың ыдыраған феодадцық иеліктерінің басын қосып, маңғыт, қарлұқ, найман, қоңырат, үйшін (үйсін) және т.б. тайпаларды біріктірді, конгломерат «Өзбектердің көшпелі мемлекеті» деген атау алды.
Слайд 6XV-XVI ғасырлардағы басты кәсібі
Кіші жүз тайпалары мен руларының 15- 16 ғ-лардағы
басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Өзен алқаптары мен көл жағасына егін екті. Натуралды шаруашылыққа қажетті өнімдермен қамтамасыз ететін кәсіпшілік түрлері дамыды. Сауда-саттық негізінен айырбас түрінде дамыды. Айырбас сауда Еділ бойы аудандарымен де, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан қалалары арқылы Орта Азия хандықтарымен де жүргізілді. 16 ғасырда барынша аридтік зона мен оған іргелес аймақтарда, оның ішінде Ноғай Ордасы мен қазақ хандығы қалыптасқан Батыс Қазақстанда да этникалық процестер жеделдеді. Ноғай Ордасының бөлшектенуі, оның қазақ хандығымен жақын туыстық байланысы қазақтың және Жайық өңірі мен Еділ бойындағы басқа да түркі халықтарының этникалық туындыларында жырланады.Сырдария өңіріндегі қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес-тартыстар 16 ғасырда қазақ хандығының жағдайын күрделендіре түсті. Бүл соғыстардың нәтижесінде қазақ хандығының шекарасы кеңіді, Қасым ханның бас ордасы Сарайшықта болды, ол 1518-23-жылдардың бірінде осында жерленді (бас хан Мұрындық та Сарайшықта қыстайтын). Қасым ханның ішкі саяси бағытын Хақназархан (1538-1580) жалғастырды, ол ноғай мырзаларын өз жағына тартып, Жайықтың сол жағындағы жерлерді иелігіне қосып алды.
Слайд 7XVII ғасырдың бас кезі
17 ғ-дың бас кезінде Еділ мен Жайық өзендерінің
аралығына Ресейдің қол астына өткен қалмақтар енеді. 16-ғ-дың ортасында Жайық бойында казак-орыстар пайда бола бастайды. Еділдің төменгі ағысындағы казак-орыс отрядтары туралы алғашқы мәлімет 1559 жылғы «статьялық тізімдерде» еске алынады. Олар 20 жыл бойы Каспий теңізіндегі орыс-ағылшын сауда-саттығының жолын кесті, ал 1580-81 жылдары құныққандары соншама қабірлерді қопарып, мүрделерге дейін тіміскеледі. Жайықпен жоғары өрлеп, Сарайшықты тонады. Қала іргесіндегі Жайыққа алғаш келген казак-орыстар қатар ында Дон казактары, Кубань татарлары, Еділ бойы қалаларының қашқын қаңғыбастары мен ерікті адамдар бар болатын. Сол кездегі казачество қатар ында түркілік элементтің айтарлықтай екендігі казактардың атынан Михаил Федоровичпатшаға жіберілген елшілердің бірі орыс, бірі татар ұлтынан болғандығынан да айқын көрінеді. Олардың ел тонауы, қарақшылығы Мәскеу мемлекетіне тиімсіз болды, сондықтан 1586 жылдан бастап орыс патшасы біртіндеп казак-орыстарды өз жағына тартып, 17 ғ-дың бас кезінде оларға сый грамотасын табыстады. Түпнұсқасы сақталмаған бүл грамотада Жайық өзені казактардың иелігіне беріледі делінгенмен, қос өзен аралығында қазақ хандығы, Ноғай Ордасы және қалмақ мемлекеті қалыптасып қойған еді. Сол себепті негізгі кәсібі ел тонау мен қарақшылық болған казак- орыс әскери вольницасы 17 ғ-дың соңғы ширегіне дейін сақталды, ал одан кейін олар түгелдей қазан приказына бағынып, Мәскеу самодержавиесіне қызмет етті. 1723 ж. I Петр Жайық казачествосына қатысты реформасын жүзеге асырды: әскери қызмет атқарып жүрген 3196 казак-орыс полктар мен жүздіктерге бөлінді, әскерге өз атамандарын өздері сайлау құқынан айырылды
Слайд 8Көшіп-қонуға тыйым салу
Пугачев көтерілісі басып-жаншылған соң 1775 жылғы 15 қаңтардағы патша
жарлығы бойынша Жайық атауы өзгертіліп, «Орал казачествосы», «Орал қалашығы» деп жаңаша аталды. Орал казак-орыс әскерінің басты міндеті әскери қызмет атқару, патша сарайын қызыл балықпен, уылдырықпен қамтамасыз ету болды. Бірте-бірте Орал казак-орыс әскерінің қуатты кавалериясын ұстау қажеттігі кеміген соң 19 ғасырда ол Еділ бойы мен Қазақстан дағы ұлт-азаттық кө терілістерді басып-жаншуға пайдаланылды, 33 Ресей империясының Орта Азияға жасаған әскери жорық тарына қатысты. Енді Жайық өңірін отарлаушылардың озбырлығы күшейе түсті. Патша өкіметі жоспарлы түрде казак-орыстарға ең құнарлы жер учаскелерінен меже бөліп берді. 20 ғ-дың басында әскерлер қарауында 6.465.402 десятина жер болды. Жер бөліп беру мәселесі 1734 жылы, яғни Орынбор генерал-губернаторы И.Кирилловтың шешімімен қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшіп-қонуға тыйым салынған кезде басталды.
Слайд 9Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары жоңғар шапқыншылығының тегеурініне
шыдамаған Кіші жүз рулары «Сауран айналып», Хиуа мен Бұхара ға босты. Бірақ олар Орта Азия халықтарының жерінде көп тұрақтап тұра алмады, өйткені жергілікті әкімдер қоныс бермек түгіл, жоңғарларға қос ылып, оларды шабудан тайсалмады. Осының нәтижесінде Кіші жүз рулары Жайық өзенінің оң жағалауына өтіп, қалмақтарға іргелес қоныс тепті. қазақ тардың бүлайша жаппай қоныс аударуы олардың Бұхара және Хиуамен, қалмақ хандығы және түрікмендермен арадағы қарым-қатынастарын шиеленістірді, тіптен қарақалпақтармен жасасқан дәстүрлі өзара қарым-қатынасқа да сызат түсті. Шығыс шекарадағы ауыр жағдай тез арада үш жүздің басын қосып , күш біріктіруді қажет етті. Ордабасы тауында өткен құрылтайда (шамамен 1728 жылдан соң) қазақ жасағының Бас қол басшысы болып Кіші жүз билеушісі Әбілқайыр хан сайланды. Ал Кіші жүздің қолын Тайлақ батыр басқа рды. Кіші жүз сарбаздары қара таудың батыс беткейі арқылы жылжып, жоңғарларға қарсы бас біріктерген негізгі қол ға қос ылды. 1730 ж. Әбілқайырдың қол басшылығымен Қазақстан дағы жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берген Аңырақай шайқасы болып өтті.
Слайд 10Патша үкіметі саясаты
Патша үкіметі 18 ғ-дың орта шенінде Жайық өзені бойындағы
әскери бекіністерін нығайтуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Яицкий городок, Сахарное, Калмыково, Кош-Уральская, Кулагино және т.б. елді мекендер түрғызылды. Үкімет жер мәселесінде отаршылдық шараларын жүйелі түрде жүзеге Усырды. 1734 ж. И.Кирилловқа берілген «Нұсқауда» түңғыш рет қазақтардың Жайық өзенінің оң жағалауына өтіп, жаз жайлауына тыйым салынды. 1742 ж. 19 қазандағы Жарлық бойынша қазақтарға Жайық өзені, Жайық (Яицкий) қалашығы және салынып жатқан бекіністер маңында көшіп-қон уға рұқсат берілмеді. Ал кейінірек қолға түскен қазақтарды жер аударуға бұйырған (1744 ж.) және Жайықтың оң жағалауына қазақтар мал жаймау үшін күзде бір мезгіл Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейінгі жайылым жерді түгел өртеу туралы (1747 ж.) Жарлықтар шығарылды. Патша әкімшілігінің жерді шектеуі, ру-тайпалар иелігіндегі өрістер мен жайылымдарды басып алуы, ауылдағы мүліктік теңсіздік, қазақтардың көші-қонының тарылуы, сондай-ақ казачествоның қарапайым өкілдерінің құқылары мен еркіндігінің аяққа тапталуы Жайық қалашығындағы төменгі шенді казактардың толқуын туғызды.
Слайд 11Қазақтардың толқуы
1772 жылдың 13 қаңтарында әскерлердің жиыны өтетін жер маңындағы бас
көше мен алаңда көтерілісші казак-орыстардың тұрақты армия отрядына қарсы шайқасы өршіді. Ұрысқа бірнеше мың адам қатысып, 200-ден астамы жаралаңды, өлді. Генералдың жорық канцеляриясы талқандалды. Генерал Т.Траунберг, әскери атаман П.Тамбовцев, бірнеше офицер мен казак-орыс старшиналары қаза болды, патша эмиссары гвардия капитаны С.Дурков ауыр жаралаңды. Толқу 1772 ж. 6 маусымда қатал басып-жаншылды, бұл Е.Пугачев бастаған көтерілістің (1773-1775) бастамасы-тұғын. Е.Пугачев бастаған көтеріліс жаншылған соң да Жайық өңірінде өкіметке қарсы шашыранды бас көтерулер болып тұрды.
Слайд 1211 наурыздағы Жарлығы
I Павелдың 1801 ж. 11 наурыздағы Жарлығымен бекітілді. Қазақ
қоғамындағы елеулі ішкі қайшылықтар, Сырым батыр бастаған халық көтерілісі жеңілгеннен кейінгі ширыққан әлеум.-саяси жағдаяттар, Ресей екіметінің бұл мәселелерді жоғары жақтан шешуге үмтылған әрекеті — Бөкей Ордасының дүниеге келуіне ықпал етті.
Сырым батыр көтерілісінің ұйытқысы
Сырым батыр көтерілісінің ұйытқысы болған байбақты руы Ішкі Ордаға көшушілер қозғалысын басқарды және саны жағынан көп топтың бірін құрды. Бөкей Ордасында сондай-ақ беріш, шеркеш, масқар, адай, жаппас, ысық, есентемір, алаша, тана, қызылқүрт, таз, кердері, кете, табын, ноғай рулары және сұлтан , қожа, төлеңгіттер тірлік кешті. Алғашында 5000 түтін көшсе, кейін тағы 2500 шаңырақ қосылды. 1888 ж. Бөкей Ордасы 7 млн. десятина жерді алып жатты. 1808 жылғы патша жарлығы бойынша Бөкей хандығы екі жақты — Астрахан әскери губернаторына және Кіші жүз қазақтарын басқару үшін арнайы құрылған Орынбор шекаралық комиссиясына бағынышты болды. Хандық билік ресми түрде 1812 жылы жарияланды
Слайд 13Патша үкіметі мақсаттары
Патша үкіметі Бөкей Ордасын ұйымдастыра отырып, мынадай мақсаттарды көздеді:
1783-97 жылдардағы халық көтерілісін басып-жаншу кезіндегі шайқалған абырой- беделін қалпына келтіру; Кіші жүздегі хан билігін әлсірете отырып, бірте-бірте жою; жекелеген иеліктердің санын көбейту; қазақ сұлтан , би және старшындарынан өзінің саясатына берілген, аймақтағы қазақ тұрғындары арасында патша әкімшілігінің саясатын жүргізетін топ ұйымдастыру, сол арқылы қазақ қоғамына патша әкімшілігінің ықпалын күшейтіп, тереңдету. Ішкі (Бөкей) Орданың саяси хал-ахуалы туралы мәселе барынша күрделі. 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басында Кіші жүздегі хан тағынан үміткер екеу еді. Нұралы ханның кіші ұлдары — Қаратай мен Бөкей арасындағы саяси тартыстардың нәтижесінде Бөкей «Хан кеңесіне» төрағалайды. Солды жонс өзіне көші-қон үшін жер белуді сұрап, өтініш жасады. I Павелдың Жарлығы бойынша оған Жайықгың оң жағалауынан жер бөліп берілді (қаласы3-қосымша). 1812 ж. Бөкей «хан» деп жарияланды. 1815 ж. ол өлгенде артында Жәңгір, Әділ және Мөңкегерей атты үш ұлы қалды. 1824 ж. Жәңгір хан тағына өтырғанша хандықты уақытша Шығай басқарды. 1874 ж. Жәңгір қазаға ұшыраған сөң мұрагерлік Сақыпкерейге ауысты. Бірақ 1849 ж. Сақыпкерей өлген соң хандық таратылып, Ордадағы барлық істі Ішкі Қазақ Ордасын басқару жоніндегі Уақытша кеңес жүргізді.
Слайд 14XIX ғасыр
19 ғ-дың 1-жартысынан бастап Батыс Қазақстан да маусымды жұмыстарды уақытша
барып-келіп істеушілер көбейді және қазақтардың кейбірі, ең алдымен, Орал менОрынбор линиясының қалалары, қоныстары маңындағылар жартылай көшпелілікке не отырықшылыққа көше бастады. Ішкі миграция әкімш. бөліністердің өз ішіндегі қазақ тұрғындарының сан мөлшеріне өсер етіп, жерге орналасу сипатын өзгертті. 19 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүз қазақтарына қатысты жер мөселесі тіптен күрделене түсті. қазақ тардың казак-орыс әскери басшылығына төуелділігі ұлғайды, линия тұрғындарының ауқатты бөлігімен арақатынас нашарлады. Аяусыз қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді өбден Қайыр шыландырды. 1869 жылдың көктемінде ауылдағы наразылықтар көтеріліске үласты. Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, қурайлы, Шідерті, Аңқаты елді мекендерінде шоғырланған рулар толқуын Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқа рды. Кенеттен түтанып, 10 айға созылған (1868 ж. желтоқсан — 1869 ж. қазан) Орал облысы қазақтарының 1869 жылғы бас көтеруі 19 ғ-дың 2-жартысындағы көтерілістердің маңыздыларының бірі болды. Өзінің мақсаты мен міндеті және қозғаушы күшіне қарай ол негізінен отаршыларға қарсы көтерілісі еді.
Слайд 15XIX ғасырдың 2-жартысы
Батыс Қазақстан аумағында 19 ғ-дың 2-жартысында елеулі шаруашылық және
әлеум. өзгерістер болды. қазақ ы көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Әсіресе аса маңызды маусымдық жайылым-өрістер Бөкей Ордасында, Орал уезі аумағында орналасты (көш жолы 5-тен 50 шақырымға дейін созылды). Жайық өзені бойындағы ежелгі жайылымдарынан, ұлттық бостандығынан толық айырылған қазақтар жерді енді казак-орыстардан, босып келген орыс шаруаларынан жалға алатын болды. Темір уезінде жайлау уездің солтүстік-шығысында, ал қыстау оңтүстік бөлігінде болды. Сонымен бірге Орал 37 уезінде басқа уездер мен облыстардың малшылары көшіп-қонып жүрді.
Слайд 16Әлеуметтік құрылым
Батыс Қазақстан аймағында 19 ғ-дың 2-жартысында тұрғындардың этникалық құрамы мен
әлеум. құрылымында елеулі өзгерістер болды. 1870 жылдан Орал облысына Ресейдің жерсіз шаруаларын қоныстан- дыру басталды. Облыста бұл жолы 7,4 мың шаруа, яки барлық тұрғынның 2,1%-і бол- са, ал 1915 ж. — 82,9 мың, яки 9,7% құрады. Қоныс аударушылар Темір, Январск, Киранов жене Орал бекіністеріне, Ойыл, Қобда өзендері, Шалқар көлі, т.б. жерге орналасты. 1867 жылдан бастап 1879 жылға дейін Орал облысына — 5480, ал 1897 жылдан 1916 жылға дейін 82.000 орыс отбасы көшіп келді. Қоныс аударушыларға жер бәлу 1886 жылдан басталды. Ембі және Ойыл бекіністеріне екі кент тұрғызылды, кейін 1903 жылға дейін жер учаскесін бөліп беру тоқтатылды. 1906-10 ж. Орал және Темір уездерінде қоныс аударушылар учаскелері құрылып, 47.019 адамға 638.461 десятина жер межеленді.
Слайд 17Халықтың этникалық құрамы
Халықтың этникалық құрамына тоқталсақ, Орал облысында қазақтар, орыстар, татарлар
және басқа ұлт өкілдері тұрды. 1897 ж. облыстың барлық тұрғыны — 678.100, ал 1910 жылы 804. 245 адам болды. Бұл жылдары қазақтар өз кезегінде — 460.173 және 485. 963, орыстар — 160.894 және 297.711, татарлар — 17.805 және 18.000 адам еді. 20 ғ-дың басында Орал казак-орыс құрамына татар- башқұрттар (6 мыңға жуық) мен қалмақтар (1 мыңға жуық) енді. Осы ғасыр басында облыста барлығы 846 елді мекен болды.1897 ж. Бөкей Ордасында 214.896 адам өмір сүрді, оның 207.299-ы - қазақ (қаласы4-л;қосымша), 1.647-сі — орыс, 5695-і татар еді.
Экономикалық өмірі
Облыстың эконом. өмірінде түз кәсіпшілігі үлкен рөл атқарды. Жыл сайын Иңдер көлінен 400-500 мың пұт, сондай-ақ Ескене, қара басмана, қара бұтақ, Тентексорда 60 мың пұт түз өндірілді. 1900 ж. Орал облысында 580 шағын зауыт пен қолөнер кәсіпорны болды. Басым көпшілігі қолөнер кәсіпшілігі болған бұлардан 1.311 мың сомның өнімі өндірілді. Осы жылдары облыста Ойыл (ақша айналысы 3,5 млн. coм), Калмыков (2,3 млн. сом), Сламихин (600 мың сом) жәрмеңкелері жұмыс істеді. Орал қ-ндағы тұрақты сауда 1 млн. сом, ал бүкіл облыс бойынша алғанда 23 млн. 926 мың сомның ақша айналысын құрады. Облыс территориясы арқылы Гурьев, Бузулук, Орынбор,Темір және Мерген жолдары мен Покровск-Орал, Орынбор-Ташкент темір жолдары өтті.
Слайд 18Орал облысы аумақтық бірлік ретінде 1867-1868 жылдары Ресей патшалығының Қазақстанды әкімшілік
басқаруы жағдайында пайда болды.
Слайд 191992 жылы Республика Парламенті облыс тұрғындарының өтініштеріне орай облыстың бұрынғы Батыс
Қазақстан облысы атауын қайтарып берді.
Облыс Ресей Федерациясының 5 облысымен шектеседі және сыртқы шекарасының ұзындығы 1532 км құрайды. Облыс Республика ішінде Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектеседі.
Облыстың аумағы 151,3 мың шаршы километр, яғни республика аумағының 5,6 пайызын құрайды.
Облыс әкімшілік жағынан 12 ауданға және Орал қаласына бөлінген.
Облыста 2 қала: Орал қаласы - облыс орталығы, 1613 жылы құрылған және Ақсай қаласы - Бөрлі ауданының орталығы, мұнайшылар қаласы, 1936 жылы құрылған, 159 селолық және ауылдық округ, 482 елді мекен бар.