Слайд 2Дайындаған: М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Альжанова Жанаргуль Сериковна
Ұрпаққа
ұран - болған Ұлы ерлік
Слайд 3Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту.
Білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеп, тарих ақтаңдақтары мен майдангер аталарымыздың өмірінен сыр шерту.
Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру. Отансүйгіштік сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға, батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Слайд 4Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,
Отан үшін талай ерлер мерт еткен.
Болмасыншы,болмасыншы қан
соғыс,
Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.
Слайд 7Ұлы Отан соғысы
1941-1945
Кеңес Одағы бойынша
27 млн. адам опат
болса соның
13% қазақ
Қазақстаннан
1196164 адам
әскер қатарына
алынды.
Қазақстаннан
497 адам КСРО
Батыры атағын
алды. Оның
97-сі қазақ.
Таран ауданынан
5710 адам әскерге
алынып, 2216 адам
елге оралған жоқ.
Слайд 81941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5
млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Слайд 9«Батыр жерлестеріміз»
316 атқыштар дивизиясы, генерал Панфилов
Көшіп келгендер:
-Батыстан 532,5 мың;
-Жер аударғандар:
970 мың неміс, поляк
Слайд 102 рет «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған ұшқыштар
-Талғат Бигелдинов
- Л.И.Беда
-И.Ф.Павлов
-С.Д.Луганский
Берлинге ту
тіккендер:
-Р.Қошқарбаев
-Г.Булатов
-Қ.Мәденов
-Р.Қараманов
Ленинград шайқасы:
-Балтық шайқасында 156 қазақстандық.
- Сұлтан Баймағанбетов
-Дүйсенбай Шыныбеков
Ең жас Кеңес Одағының Батыры:
Жәнібек Елеусізов (18 жаста)
Қазақтың Батыр қыздары:
-Әлия Молдағұлова
- Мәншүк Мәметова
Сталинград майданында:
7-гвардиялы дивизия.
-Толыбай Мырзаев
-Қарсыбай Сыпатаев
-Қасым Аманжолов
Слайд 11«Тылдағылар»
Өнеркәсіп өндірісі
соғыс
жылдарында 37 % - өсті
Қазақстанға көшіріліп әкелінді:
-220 фабрика,
зауыты
-Шығыс Қоңырат молибден жезді марганец
- Хромит
- Текелі полиметал комбинаты салынды
Қарағанды шахтерлері 34 млн тонна көмір өндірді
Қазақстан
-молибденнің 60%
- металлдың 65 %
- руданың 79 % өндірді.
Слайд 12 Ұлы Отан соғысында құрбан
болған адам саны
Слайд 13...Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»...
Өгей әке емес
қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем.
Мұқағали Мақатаев
Слайд 15Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
1941 жылы Алматыда генерал
И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.
Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай
темірді болса да ерітіп, күйдіріп
жібере алады... біздің үрейді
жеңетін ең күшті қаруымыз бар,
ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Б.Момышұлы
Слайд 17Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең
бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры
Төлеген Тоқтаров
Слайд 18Мәлік Ғабдулин
1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды
қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.
Слайд 19Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары
Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға
аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.
Слайд 20Елордададағы генерал-майор Иван Панфилов атындағы аллея
Слайд 21Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының
808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Слайд 22Сұлтан Баймағамбетов
Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол
жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Слайд 23Қазақ халқының батыр қыздары Әлия мен Мәншүк
Слайд 24Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін
нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Әлия Молдағұлова
Слайд 251922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол
Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды
Мәншүк Мәметова
Слайд 26Ленинградтық өрендерім
Ж.Жабаев
Нева алабын қорғаңдар,
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі.
Слайд 27Ұлы Батырларымыздың жазған естелік хаттары
Слайд 28М.Ғабдуллиннің Әуезовке жазған хатынан үзінді
13.01-де хатығызды алдым. Аманшылығыңызға қуаныштымын. Мен
де аман-саумын. Талай тас қамауды талқандап бұзып, жауды қуып барамыз.
Сақылдаған аязды, сартылдаған соғыс сахнасында қолдан келген күшті жұмсап жатырмыз. Мен наградаға «Қызыл Жұлдыз» орденін алдым.
Жақында бір тамаша операция жасап, немістің «Мертвая голова» деп аталатын дивизиясының штабын талқандап шықтық. Осы операцияда тамаша ерлер шықты. Біздің полктан үш адамды советтер союзінің геройы атағына ұсынды. Біріншісі – политрук Клочков ол Щербаков жолдастың баяндамасында айтылған 28 геройдың қолбасшысы еді. Екіншісі – Тоқтаров Төлеген деген қызыл әскер, Риддер қорғасын зауытынан келген жас. 21-дегі жұмысшы. Үшіншісі – мен. Таяу кезде болып қалар...
Тағы да хат жазамын. Хош сау болыңыз. Еңбек, творчество майданында жақсы-жақсы шығармалар жазыңызға тілектеспін.
Ініңіз Мәлік
Слайд 29Н.Әбдіровтің ата-анасына жазылған хатынан үзінді
23.06.1941. Амандық хат.
Қадірлі ата, апа,
аға, жеңге, қарындастар. Сіздерден хат алмағаныма көп уақыт болды. Сәдірбектен де көп болды хат алмағалы. Себебі не екенін білмеймін. Әбдіғалидан да хат-хабар алғаным жоқ. Өздеріңіз де естіген шығарсыздар, мынау фашист Германия жайланып жатқан халқымызға қолын салып, 22.06.41 жылы таңертеңгі сағат 4-те соғыс жарияланды. Бұл соғыс жер жүзіндегі ақырғы соғыс болады.
Ал енді сіздердің алдарыңыздағы міндет қызыл әскерге көмек бересіздер. Біздің алдымыздағы міндет – оқуды жақсы оқып, тез бітіріп, Отанымызды қорғау.
Нүркен
Слайд 30Бір топ жауынгерлердің хатынан үзінді
Біз қазақтар, орыс, украин, өзбек тағы
да басқа халықтардың ұлдарымен бірге тізе қосып жауды жеңудеміз. Күн демей, түн демей тынымсыз неміс қарақшыларының жазасын берудеміз.
Біз елде бауырларымызды ұмытпаймыз. Жамбыл ата, сіздің өлеңіңіз біздің жүрегімізде жазулы. Әр күні күннің шығысына көз саламыз. Бесігінде әлдилеп өсірген Көкшетауды, Арал, Алатау, Жайықты қалай ұмытасың ?! Біз қорықпаймыз. Жеңіс біздікі болады. Сенімдерің мықты болсын.
Слайд 311945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып
ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
Слайд 40Қымбатты отандастар!
Құрметті сардарлар мен сарбаздар!
Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70
жылдық мерейтойы құтты болсын!
Қымбатты қазақстандықтар!
Екі күннен соң Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл болады. Адамзат тарихындағы ең алапат соғыстағы Ұлы Жеңіске біздің халқымыз өшпес үлес қосты. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың жерлесіміздің тең жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыс жылдарында бүкіл халқымыз тыл жұмысына жұмылып, жеңісті жақындатуға еңбек сіңірді. Хас дұшпанға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Әкелеріміздің ерлігі мен аналарымыздың еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Біздің жеңістеріміздің тарихы – патриотизм мен ел бірлігінің нағыз үлгісі. Біз Ұлы Жеңісті мәңгі ұлықтап өтеміз.
Слайд 42Елбасымыз ардагерлеріміз біздерге бірліктің, жұмылудың, өзара қол ұшын созудың жарқын үлгісін
көрсетті.
Слайд 43Құрметті Қазақ Елі!!!
Сіздерді 9-мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі мамыражай
тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келгені белгілі. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында деп білеміз.
Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті.
Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.