Слайд 1Тақырыбы: Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларда мұсылман салт- жоралары мен ұйғарымдары
туралы түсінікті кеңейту, тақырыптың идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушыларды сын ойлау, баяндау, іздену, салыстыру арқылы ислам дініндегі халал мен харамды ажырата білуге үйрету және дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Слайд 2Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайдтар
Сабақтың формасы: топтық жұмыс
Сабақтың түрі: ой-толғау
Сабақтың әдіс- тәсілдері
: модульдік және сын тұрғыдан оқыту технологиясының элементтерін қолдану арқылы өткізілетін факультатив сабақ
Слайд 3Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылардың алдына мақсат қою
3. Мұғалімнің кіріспе
сөзі
4. Алла туралы ән тыңдау
Жаңа тақырыпты оқып үйрену жоспары:
Ислам дініндегі әйел мәселесі.
Неке салттары.
Бала туылғандағы ислами шаралар.
Жаназа рәсімдері.
Слайд 4 Оқулық мәтінімен топтық жұмыс (оқушыларға тапсырма беру)
1. «А» тобына: 184-187
беттегі «Ислам дініндегі әйел мәселесі» оқу, әңгімелеу, талдау.
2. «Б» тобына: 181-182 беттегі «Неке салттары» оқу, әңгімелеу, талдау.
3. «С» тобына: 179-181 беттегі «Туылған балаға қатысты ислами шаралар» оқу, әңгімелеу, талдау.
4. «Д» тобына 183-184 беттегі «Жаназа рәсімдері» оқу, әңгімелеу, талдау.
5. «А», «Б», «С», «Д» топтары ретімен оқығанын, түсінгенін сыныптастарына әңгімелеп, түсіндіріп тұжырым жасайды.
4. Оқушыларға екіге бөлінген парақтар таратылады. Оның оң жағына өздеріне ұнайтын адамдарға тән жақсы қасиеттерді, ал сол жағына жағымсыз қасиеттерді жазады. Парақтың оң жағын жыртып алып күнделіктерінің бас жағына жабыстырып қояды, ал сол жағын жыртып, мұғалімге береді. Мұғалім оларға харам айтып өртеп тастайды.
Слайд 5Ислам дініндегі әйел мәселес і
Қыз баланы қорлауға болмайды
Әйелмен ақылдасу керек
Қыздың
жаны нәзік, жүрегі жұмсақ.
Ол біреудің болашақ серігі
Кімде кім екі немесе үш қызды тәрбиелеп, құтты орынға қондырса, ақыретте жұмаққа барады.
Слайд 6Жұмақ- Ана табанының астында
Жанұяның ұйытқысы
Сүйікті жар
Отбасының
аспазшысы
Үй тазалығын
сақтаушы
Тәлімгер
Ұстаз
Тәрбиеші
Слайд 7Әйелге қатысты харам
Еркектерге әйел ұқсамау керек
Әуре т мүшелерін сырт көзге көрсету
Қолдан түсік тастау
Тастанды бала
Слайд 8“НИКАХ” - араб тілінде неке қию
НЕКЕ САЛТТАРЫ
Жігіттің қалыңдықты таңдауы
Некелесу алдында қыз
бен жігіттің бір-бірімен танысуы
Қыз бен жігіттің
келісімі
Жігіттің қызға “маһр” сыйын беруі
Куәгерлердің болуы
Алла мен адамдардың алдында некелерін жариялау
Слайд 9Неке құндылықтары
Берекелі
отбасын
құру
Бір-біріне
адал
болу
Бір-біріне
қамқорлық
жасау
Өзара
түсіністік
және
сабырлық
Махаббат
пен
тыныштықты
сақтау
Неке
үшін
жауапкершілік
Мейірімділік
ортада
өз балаларын
тәрбиелеу
Слайд 10Туылған балаға қатысты ислами шаралар
Шілдехана
Азан шақырып
ат қою
Сәбиге жеті күн толғанша
ақиқа құрбандығының шалынуы
Ұлды сүндетке отырғызу
Слайд 11Жаназа рәсімдері
Дүниеден қайтқан кісіні шариғатқа сай жөнелту
Өлім ол тәннің жансыздануы
Қайтыс болған
кісінің денесін жуу, оны кебінге орау
Жамағаттың қатысуымен жаназа намазын оқу
Мәйіттің жер қойнауына тапсырылуы
Қайтқан кісінің қарызын өтеу
Слайд 12Өлең «Нағыз мұсылман» оқу.
Шыр етіп осы өмірге келген едің,
Көз ашып жарық
күнді көрген едің,
Молдалар азан айтып ат қойғанда,
Мұсылман қауымына енген едің,
Мұсылман болдың алғаш шаш алғанда,
Құран оқып, қырқыңнан шығарғанда,
Құран- кәрім Алланың қорғанышы,
Қасиетімен емдеді шошынғанда.
Тұсау кесер тойыңа молда келіп,
Тұсауыңды кестірді бата беріп,
Ала жіпті кескенде қадам бастың,
Жалғыз Алла өмірде болсын серік.
Сүндет той-есіңді білген кезің,
Алланың ақ жолына түскен едің,
Осы кезден сен нағыз мұсылмансың,
Ұмытпа тән тазалығын сақтағаның.
Мұсылман болып келген соң осы өмірге,
Ақ некеңді кім қиды үйленгенде-?
Мұсылманның ақ жолы, Алла жолы,
Ақ жолмен жүр сыйынып бір тәңірге.
Өмірде бар оң ағын, теріс ағын,
Абзал болар иманыңды сақтағаның,
Әз-әзілдің соңынан ере көрме
Деп жазылған Құранда мұсылманым,
Тіл мен дінді қадірле өміріңде,
Құран- кәрім орнасын жүрегіңде
Арақ пен шарапқа тойып алып,
Мұсылманның атына кір келтірме.
Слайд 13Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Ислам діні сендерді харам мен халалды ажыратуға үйретеді,
қыз баланы, әйелдерді, ер азаматтарды, үлкендерді құрметтеуге, жетім- жесірлерге жәрдемдесуге, ұрлық, зорлық-зомбылыққа, адам өмірін қиюға бармауға, жан- тәнді таза ұстауға үйретеді, білімді қууға шақырады.