Презентация, доклад на тему Ұлы жібек жолы 7 сынып

Содержание

Ұлы Жібек жолы. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар.

Слайд 1Аты –жөні:Айдарбекова Макка Мадина Уразбекқызы
Туылған жылы: 16.11.1976ж
Мектебі:№1 М.Әуезов
Туылған жері:Шардара қаласы
Мамандығы:Тарих пән

мұғалімі
Бітірген оқу орны: ХҚТУ.Шымкент бөлімі
Телефон:87782391778
Почтасы:makka7676mail.ru
Біліктілік санаты:13
Еңбек өтілі:14
Наградалары:А.Б.Б, О.Б.Б
Аты –жөні:Айдарбекова Макка Мадина УразбекқызыТуылған жылы: 16.11.1976жМектебі:№1 М.ӘуезовТуылған жері:Шардара қаласыМамандығы:Тарих пән мұғаліміБітірген оқу орны: ХҚТУ.Шымкент бөліміТелефон:87782391778Почтасы:makka7676mail.ruБіліктілік санаты:13Еңбек

Слайд 2
Ұлы Жібек жолы. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар.

Ұлы Жібек жолы.  Қазақстандағы   ортағасырлық қалалар.

Слайд 3МАҚСАТЫ
А)БІЛІМДІЛІК:Ұлы жібек жолының пайда болу тарихын, тармақтарын, сілемдерін және қалаларын білу.

Ә)ДАМЫТУШЫЛЫҚ:Оқушылардың

тарихи танымдық қабілетін арттыру.

Б)ТӘРБИЕЛІК:Отанымыздың керемет ұлы мәдениетін мақтаныш ете отырып, тұлғалық қасиетке баулу.

МАҚСАТЫ

МАҚСАТЫА)БІЛІМДІЛІК:Ұлы жібек жолының пайда болу тарихын, тармақтарын, сілемдерін және қалаларын білу.Ә)ДАМЫТУШЫЛЫҚ:Оқушылардың тарихи танымдық қабілетін арттыру.Б)ТӘРБИЕЛІК:Отанымыздың керемет ұлы

Слайд 4
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

Слайд 5 Жоспар:
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы

Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет
Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы
Жібек жолы бойындағы Қазақстан
қалалары
5. Жібек жолының Еуразия тарихындағы
алатын орны
Жоспар:  Ұлы Жібек жолының қалыптасуы  Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет

Слайд 6 Адамдар өте ерте кезден–ақ бір–бірімен сауда жасасқан. Алғашында

сауда бір жерде бар, екінші жерде жоқ нәрселер мен құнды заттарды айырбас жасау түрінде жүргізілді. Мысалы, олар: тұз, асыл тастар, алтын, дәрілік өсімдіктер, хош иісті заттар. Содан кейін адамдар тауарларды – азық-түліктерді, малдарды, қола және темірді, терілерді, маталарды, сәйгүліктерді және басқа да көптеген заттарды бір – бірімен алмастыра бастады. Кейін келе оларды ақшаға сату, керектілерін сатып алу жүзеге аса бастады. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір – біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір – біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша б.з.б. ІІІ – ІІ ғасырларда Еуропа мен Азияны (Еуразия) байланыстыратын Ұлы Жібек жолы пайда болды.
Адамдар өте ерте кезден–ақ бір–бірімен сауда жасасқан. Алғашында сауда бір жерде бар, екінші жерде

Слайд 8 Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет

пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын әдемі көк тас лазурит (ляпис – лазурит) тасымалданған «Лазурит жолы» деп аталған.
Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектердің сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын «Нефрит жолы» болған.
Үшіншісі – «Бұлғын жолы» болған. Бұл жол арқылы қымбат бағалы терілер тасылған.

Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын

Слайд 9 «Ұлы Жібек жолы» деген ежелден келе жатқан

ат емес. Бұл атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қалыптастырды. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жол» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды.
Бұл жолдың ұзындығы – 7 мың шақырымнан астам.
«Ұлы Жібек жолы» деген ежелден келе жатқан ат емес. Бұл атау тек 1877

Слайд 10Жібек жолының бағыты: Хуанхэ өзені → Ұлы Қытай қорғанының батысы →

Іле өзені → Ыстықкөл.

Солтүстік бағыт Оңтүстік бағыт

Испиджаб (Оңт. Қазақстан) Ферғана, Самарқан

Еуропа


Батыс Қазақстан

Қара теңіздің
солтүстік–шығысы

Сырдарияның Жерорта теңізі
төменгі ағысы

Орта Азия Түркістан Иран, Ирак, Сирия

Жібек жолының бағыты: Хуанхэ өзені → Ұлы Қытай қорғанының батысы → Іле өзені → Ыстықкөл.Солтүстік бағыт

Слайд 11 Еуропаның көптеген елдері Шығыс елдерімен,

соның ішінде Қытай, Үндістан сияқты аса ірі елдермен байланыс жасауға құштар болды. Ол кезде теңіз жолы болмағандықтан, Еуропа мен Азияны байланыстыратын құрлық жол тек Орта Азия арқылы өтетін еді.
Саудадағы басты тауар – жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.
Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйізтұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.
Еуропаның көптеген елдері Шығыс елдерімен, соның ішінде Қытай, Үндістан сияқты аса

Слайд 12 Жібек өндіру тәсілі құпия болғанына қарамастан, жасырын түрде алып шыққан.

Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне салып алатын болған. Әйелдердің шашының арасына тығып алып шыққан.
Б.з. алғашқы кезі – жібек өндіру Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғдылар жібек өндіруден Қытаймен бәсекеге түскен. Қытай қалаларында соғдылардың сауда отарлары болған.
Жапонияның ертедегі астанасы Наргада жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақталған. Жібек өндіру, сондай-ақ Жапонияда, Кавказ жерінде жандана бастаған.
Жібек өндіру тәсілі құпия болғанына қарамастан, жасырын түрде алып шыққан. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне салып

Слайд 13 Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер өзара мәдени байланыста

болды.
Жібек жолы арқылы ән мен би өнері,әдебиет
туындылары тараған.
Ұлы Жібек жолының бойымен дін тарады.
Шығыстанушы Бартольд: «Ортағасырдың ерте кезеңінде ҮІ-ҮІІ ғасырларда Еуразияда маңызды өзгерістер болды», - деп жазған еді. Осы дәуірге алдымен Суйдің басшылығымен, содан кейін Тан әулеттерінің арқасында Қытайдың бірігуі жатады. Олардың әрқайсысы Орта Азияға билік етуге ұмтылған. Мұнымен қатар Ислам діні пайда болып өріс ала бастаған алғашқы ғасырларда Ганг өзеніндегі Үндістанның Канаужа қаласы империя астанасы болып күшейді.
Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер өзара мәдени байланыста болды. Жібек жолы арқылы ән мен

Слайд 14 Қытайдан Үндістан, Иран, Византияға дейінгі аралықтағы созылып жатқан

көшпенділер түркі әулеттерінің қол астына бірікті. Осы оқиғалардың негізінде буддизмнің «әлемдік төрт монархияның дүниенің төрт бұрышында тұруы керек» деген идеясы қалыптасты. Олар: «пілдер патшасы» - оңтүстікте (Үндістан), «асыл тастар патшасы» - батыста (Иран мен Византия), «аттар патшасы» - солтүстікте (Түрік қағанаты), «адамдар патшасы» - шығыста (Қытай) болуы. Біршама өзгерістер енгізілген бұл идеяның бірнеше түрін мұсылмандар да қабылдады.
Үнді философиясы мен ғылымына тәнті болудың нәтижесінде мұсылмандар үшін пілдер патшасы «дана патша» деп аталынып, Қытайдың тұрмыстық мәдениетіне тәнті болудан адамдар патшасы «мемлекеттік басқару және өндіріс патшасы» деп өзгертілді. Ал аттар патшасы «жабайы аңдар» патшасына алмастырылды. Батыста өзгешеленген екі патша болды. Олар алдымен парсылар, содан кейін арабтар патшасы мен сүкімділік, әсемдікті бағалаудың нәтижесінде (мысалы, Византия империясының тұрғындары арасындағы) «ерлер патшасы».
Қытайдан Үндістан, Иран, Византияға дейінгі аралықтағы созылып жатқан көшпенділер түркі әулеттерінің қол астына бірікті.

Слайд 15 Жібек жолының Қазақстан басты орталығы болды. Осыған

байланысты сауда керуендері өтетін жолдардың тоғысқан жерлерінде ірі қалалар пайда бола бастады. Қалалардың көбі өзен - көлдердің жағасына, жері бай, топырағы құнарлы, ауа райы жұмсақ жерлерге салынған. Олар әсіресе Талас, Іле, Қырғыз, Жоңғар Алатауының бөктерінде жиі кездеседі. Өйткені, бұл аймақтардан Сырдария, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгір, Арыс сияқты өзендер ағып өтеді.
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің  тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді.
Жібек жолының Қазақстан басты орталығы болды. Осыған байланысты сауда керуендері өтетін жолдардың тоғысқан

Слайд 16   Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан

тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның  оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда  төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет  қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».       VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі  болғаны туралы жазба деректер аз емес.
     Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен

Слайд 18 Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар.

Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде  арабтар Фадл-Ибн Сахлдың  басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар  қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.   Архиология және архивтік материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан

Слайд 20 Қаланың орталық бөлігінің ауданы 20 га, оңтүстік жақ

шеті 380 м-ге созылып жатыр. Ал оңтүстік-батысы – 145 м, батыс жағы - 400 м, солтүсткі-шығысы – 380 м, ал шығыс жағы – 350 м.
Қаланың орталық бөлігі жана-жағынан біршама құлаған қабырғамен қоршалған. Қазіргі кезде олардың кейбір жерлері 75-80º құламалы болып келеді. Қабырғалар бойында мұнаралар болған. Ал қабырғаның сыртында қазылған ор бар. Бұл күндері оның ені 10-15м, тереңдігі
2-3 м
Қаланың орталық бөлігінің ауданы 20 га, оңтүстік жақ шеті 380 м-ге созылып жатыр. Ал

Слайд 24 Қазақстанға белгілі болған  орта ғасырлық қалалардың

бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің  Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.    VII  ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде  түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран  жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
Қазақстанға белгілі болған  орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде

Слайд 28  X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар

күйген кірпіштен  көпшілік үшін салынған  моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі  көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған  бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі.  Өкінішке орай, қираған күмбез  XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері  өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
    X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен  көпшілік үшін салынған  моншасы

Слайд 29 Талхир қаласы Ыстықкөлге жақын маңда орналасқан. Орталық бөлігі

– ауданы 9 гектарға жуық төртбұрышты алаң. Қала жан-жағынан биік қамалмен қоршалған. Қамалдың бұрыштары сәл ілгері шығыңқырап тұратын биік мұнараларға бекітілген. Қауіпсіздік үшін қаланы айналдыра терең ор қазылған. Қамал қабырғаларының ортасында қарама – қарсы қондырылған қамалдар болған. Оларды бір-бірімен байланыстырып жататын ұзын көшелер қаланы 4 бөлікке бөлген.
Талхир қаласы Ыстықкөлге жақын маңда орналасқан. Орталық бөлігі – ауданы 9 гектарға жуық төртбұрышты

Слайд 31Қарамерген қаласының пішіні ұзын жағы 120 м, қысқа жағы 110 м

төртбұрыш түрінде болып келген.
Қарамерген қаласының пішіні ұзын жағы 120 м, қысқа жағы 110 м төртбұрыш түрінде болып келген.

Слайд 32 Қаялық қаласы ХІ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың басына дейінгі

аралықтағы жазбалардан қарлұқ жабғуларының астанасы ретінде белгілі болған. Қаланың көлемі оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1,2 км, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 1 км қашықтықта созылып жатыр. Әр 20-25 метрде бір мұнарасы бар.
Қаялық қаласы ХІ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы жазбалардан қарлұқ жабғуларының астанасы ретінде

Слайд 34 Ақыртас – аумағы төртбұрышты келген Жамбыл облысынан 40

шақырым жерде орналасқан қала. Көлемі – 180х205 м. Құрылыс тау беткейінде орналасқандықтан солтүстіктен оңтүстікке қарай сәл қиыстау салынған. Қаланың бас көшесі солтүстік қақпаны оңтүстік қақпамен қосады.
Ақыртас – аумағы төртбұрышты келген Жамбыл облысынан 40 шақырым жерде орналасқан қала. Көлемі –

Слайд 36 Сауран – жеті қабырғаның ар жағындағы қала.

Қалаға 2 жақтан: солтүстік – шығыстан және оңтүстік – батыстан кіруге болады. Қақпалар қабырғалардың 20 метрлік дәліз секілденіп сыртқа қарай иіліп тұрған жерінде орналасқан. Өтетін жердің ені 15-18 метр. Қақпадан кіріп келе жатып, пахса мен сабан кірпіштерін аралас қалаған қамал қабырғасының қалыңдығын сезесін.
Сауран – жеті қабырғаның ар жағындағы қала. Қалаға 2 жақтан: солтүстік – шығыстан

Слайд 38 Үй тапсырмасы:
1)Картамен жұмыс 2)Қалаларды жаттау
Үй тапсырмасы:
1)Картамен

жұмыс 2)Қалаларды жаттау
Үй тапсырмасы: 1)Картамен жұмыс 2)Қалаларды жаттау   Үй тапсырмасы: 1)Картамен жұмыс 2)Қалаларды жаттау

Слайд 39




НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА   РАХМЕТ

Слайд 40 Қолданылған әдебиеттер:
Байпақов

К. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья.
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан.
Города Туркестана.
Массон В. Первые цивилизаций

Қолданылған әдебиеттер:Байпақов К. Средневековая городская культура Южного Казахстана

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть