Слайд 1ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
Орындаған:
Исабай Айқын
СЕМЕЙ 2017
Слайд 2Жоспар
Азамата соғысының шығу себептері
Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы
Слайд 3Азамат соғысы
Азамат соғысы— мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар
мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Слайд 4
. 1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы
Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті.
Слайд 5
Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер
партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.
Слайд 7
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал,
Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды.
Слайд 10
Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып,
қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов, Борис Анненков, т.б. басшылық етті.
Слайд 13
Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин,
Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
Слайд 16Өлкеде азамат соғысының барысы
1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттердің көмегімен Сіібірдегі
Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті.
Слайд 17
Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құралған корпустың
Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығрып, Сібір мен Оралдың темрі жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды.
Слайд 18
Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа ды
елді мекендерді жаулап, ондағы кеңес өкіметнің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, Пю Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады.
Слайд 19
Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының
көптеген жерлерін басып алды.
1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды.
Слайд 20
Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әскери бөлімдерге қарсы кескілескен ұрыстар
жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшылармен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында «Черкасск қорғанысы» - деп аталды.
Слайд 21
Кеңес елі үшін еңбасты майдан – Шығыс майданы еді. Шығыс майданының
Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б. қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді.
Слайд 22
1919 жылы көктемде М.В. Фрунзе басқарған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның солтүстік
аудандарында, ал В.И. Чапаев басқарған 25 дивизия оңтүстік-батыс аудандарында соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Қазақстанда Колчак тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. 1918жылы желтоқсан айының аяғында Ә. Жанкелдин, А. Иманов және Ырғыз отрядының біріккен күшімен Торғайда кеңес өкіметі қалпына келтірілді.
Слайд 23
Бұл кезде Ақмола, Семей облыстарында да партизандық қозғалыстар өрістеді. Павлодар, Өскемен,
Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизандар қозғалысы кең өріс алды. Тарбағатай мен Алтайдың «Тау қырандары» отрядтарының қозғалысы, Жетісудағы Черкасск қорғанысы Қазақстандағы азамат соғысы тарихында елеулі оқиға болды.
Слайд 24
Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты белгілі
әскери қолбасшылар, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А.Имановт.б секілді талантты қызыл әскер командирлері басшылығымен жүзеге асырылды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов, И.П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т.б. болды.
Слайд 25Маңызы
Қазақстанда жаңа өкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті.
1920 жылы 17 тамызында
РКФСР Халық Комиссалары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссалары кеңесі М.И.Калинин мен В.И.Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады.
Слайд 26Әдебиеттер:
1. М.Х. Асылбеков. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы.Алматы 2010
2. Қазақ ССР тарихы
бес томдық. 5 том. Алматы 1984.