ұлттық мүддемізбен астасатын бұл бастама белгілі бір деңгейде рухани тәуелсіз ел атауымызға жол ашады деуге толық негіз бар. Өйткені, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қалыпты экономикалық ахуал, түрді саяси реформалар мен стратегиялық бағдарламалар бұл жұмысты мүлтіксіз атқаруымызға мүмкіндік береді. Солай екен, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіп, Үкіметтің сауатты бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп мерзімді БАҚ беттеріндегі насихатты да жандандыра түскен дұрыс. Елбасы мақаласында латын әліпбиіне көшудің нақтылы кестесін әзірлеумен бірге жыл соңына дейін ғалымдарымыздың көмегімен және жалпы жұртшылықтың талап –тілегі мен ұсыныс-пікірлерін де ескерусіз қалдырмай қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды ұсынуы бекер емес. Бұл жерде Елбасымыз « Келісіп пішкен тон келте болмас» деген халық даналығына терең үңіліп,мемлекеттік мән-маңызға ие іске қоғам болып атсадысуға, оны бірлесе жүзеге асыруға үндеп отыр.
Ал, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды даярлау мен орта мектептерге арналған осы үлгідегі оқулықтарды дайындау да қолға алынатын болады.
Қорыта келгенде. Ұлт Көшбасшысынын кешелі-бүгінді жұрт аузынан түспей қоғамдық талқының өзегіне айналып отырған « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы рухты халқымыздың көптен күткен көңілін дегісін дөп басқан дүние болды. Ендігі біздің міндет-осы бастаманы ел болып қолдап –қуаттай отырып, оны баянды ету жолында аянбай еңбек ету болмақ.