Тақырып басты терезесінің жоғарғы жағында орналасқан және үш объектіден тұрады. Олар: бағдарламалар пиктограммасының көшірмесі, басты терезенің тақырыбы және осы терезені басқару пиктограммалары.
Меню жолы ағымдағы терезе менюін құрайды. Windows-те жұмыс істейтін басқа да қосымшалар секілді, MS Access менюі істегелі жатқан жұмысымызға байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, Windows басқа қосымшалары сияқты, бұл менюлер айқын ретпен стандартқа сүйенеді. Егер Microsoft Office басқа бағдарламаларын қолданған болсақ, MS Access менюі бізге таныс.
MS Access-те саймандар тақтасы көптеген әртүрлі батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы нақты саймандар тақтасындағы қызметіне байланысты. MS Access-ке бірінші рет кіргенде экранда «Деректер қоры» деп аталатын саймандар тақтасы бар болады. Батырмалардың көпшілігі көбінесе меню командаларын таңдау немесе пернелер комбинацияларын басу арқылы жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. MS Access экранда саймандар тақтасын басқаруға, баптауға мүмкіндік береді.
Қалып-күй жолы басты менюдің төменгі жағында орналасқан. Жолдың сол жағында кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы, жұмыс режимінің индикаторы және т.б. қажетті ақпараттар бейнеленуі мүмкін.
Деректер қорының терезесі (4-сурет) оның жоғарғы жағында орналасқан жеке саймандар тақтасынан және сол жағында объектілерді басқару тақтасынан тұады.
Объектілерді басқару тақтасы (кестелер, сұраныстар, пішіндер, т.б.) айқын типтегі объектілерге қатынауды қамтамасыз етеді. Деректер қорының жұмыс аймағында сәйкес категорияны таңдау кезінде көрсетілген типтегі объектілер тізімі бейнеленеді. Тізімнің жоғарғы жағында кестелер, сұраныстар, пішіндер, есеп берулер және қатынау беттері үшін сәйкес конструктор немесе шебер көмегімен көрсетілген типтегі жаңа объекті құруға арналған құралдар бар.
Объектілер бөлімінің жоғарғы жағында Открыть, Конструктор және Создать батырмалары орналасқан. Открыть батырмасы таңдалынған объектіні ашуға арналған. Бұл объекті кесте, сұраныс немесе пішін болуы мүмкін. Кестені ашқанда кесте терезесі ашылады және кесте деректерін көріп, оны түзетуімізге болады. Сұраныстың ашылуы таңдалынған сұранысты орындауға және іріктеу нәтижесін көруге әкеледі.
«Есеп берулер» категориясынан таңдағанда Открыть батырмасының аты Просмотр болып өзгереді, бірақ қызметі өзгермейді таңдалынған есеп беру көру режимінде іске қосылады.
Конструктор батырмасы таңдалынған объектіні толықтыру үшін, ал Создать батырмасы жаңа объект құруға арналған.
Файл менюі
Бұл менюдің Создать және Открыть командалары жаңа деректер қорын құруға немесе бар деректер қорын ашуға арналған. Бізге таныс баспа, алдын ала көру, терезелерді жабу командаларынан басқа, меню деректер экспорты мен импорты, сол сияқты сыртқы кестелермен (MS Access, dBASE, MS Visual FoxPro және т.б.) байланыс орнату командаларынан тұрады.
Менюдің төменгі жағынан өзіміз жұмыс істеген деректер қорларының аттары табылады. Егер деректер қорын ашқымыз келсе, алдымен берілген тізімді қарап аламыз. Егер ол тізімде бар болса, оны «Деректер қорының файлын ашу» диалог терезесінен іздеудің қажеті жоқ. Деректер қорының атын меню пунктінен таңдайсыз немесе оның номерін тереміз, сосын деректер қоры ашылады. Файл менюінің төменгі жағында Выход командасы бар. Ол ағымдағы терезеден емес, MS Access-тен толық шығуды білдіреді. Егер жұмыс істеп отырған терезеңізді ғана жапқымыз келсе, Закрыть командасын таңдаймыз.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть