Слайд 2Ақпараттық жүйелерді жобалау – көп еңбек сіңіруді және ұзақ мерзімді қажет
ететін және оны құруға қатысушы мамандардың жоғары біліктілікті талап ететін күрделі жұмыс. Ақпараттық жүйелерді жобалау келесі кезеңдерге бөлінеді:
Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру.
Даталогиялық және физикалық жобалау.
Концептуалды сызбасын құру.
Слайд 3Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру. Әрбір АЖ оның белгіленуіне байланысты шынайы өмірдің
қандай да бір бөлшегіне тәуелді. Ол жүйенің пәндік облысы деп атауға келісілген. Осы пәндік облысты анықтау кезеңінде қолданушының келешек жүйесінің барлық қажет ақпараттық қажеттіліктері нақтыланады, ол өз кезегінде мәліметтер қоры мазмұнын анықтайды. Берілген АЖ-нің пәндік облысы шынайы объектілер жиынтығы ретінде қарастырылады. Әрбір объект қасиеттер (атрибуттар) жиынтығынан тұрады. Шынайы объектілерді әрбір нақты жүйенің контекстінде қарастыру, бұл жағдайда қасиеттерді абстрактілеу талап етіледі. Қандай да бір жүйеге тән қасиеттер басқа бір жүйеге ешбір қатысы болмауы мүмкін.
Слайд 4Пәндік облысты кеңірек меңгеру үшін, объектілердің барлық жиынын пәндік облысының құрылымы
бойынша біртекті деп аталатын объектілер тобына бөлуге болады. Біртипті объектілер даналарының атрибуттар жиынтығы бірдей болатындығы айқын. Сондықтан, оларды шартты түрде берілген типтін қасиеттері деп есептеуге болады. Пәндік облыстың әрбір объектісі басқа объектілерден ерекше болуы керек. Осы мақсатта, берілген типті объектілерге, яғни оларға сілтеме жасауға мүмкіндік беруші, идентификатор белгіленуі мүмкін. Қарастырушы нақтылы объектілер типі мен олардың мәндер арасындағы өзара-бірмәнді сәйкестік үшін мұндай иденификаторды уникалды деп атайды. Уникалды идентификатор ретінде, сонымен бірге алғашқы кілт деп аталушы қандай да бір атрибут немесе объектілердің бірнеше атрибуттарының комбинациясын алуға болады.
Слайд 5Пәндік облыстың объектілері арасында түрлі мазмұнды мәндері бар байланыстар болуы мүмкін.
Объектілер типі мәні терминінде сәйкес типті объектілер даналары арасындағы байланыстар туралы айтуға болады.
Объектілер типтері және олардың арасындағы байланыстар типінің жиынтығы пәндік облыстың құрылымын сипаттайды.
Пәндік облыс объектілер типі мен түрлі типті объектілер даналар жиынтығы, объектілер, атрибуттар мәнімен олардың арасындағы байланыс уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістер пәндік облыстағы жаңа объектілердің пайда болуына немесе пәндік облыстағы кейбір бар объектілер арасындағы бар байланыстарды жоюға немесе жаңа байланыстарды орнатуға алып келеді. Сондықтан да, уақыттың әр мезгілінің өзгеруіне байланысты пәндік облыстың қандай да бір күйін салыстыруға болады. Бұл қасиеттер объектілер типіне, байланыстар типіне және олардың кейбір даналарына спецификацияланатын бүтіндеу шектігін беруі мүмкін.
Слайд 6Бүтіндеу шектігі – бұл мәліметтердің дұрыстығын регламенттейтін шарттар. Шектеудің үш түрін ажыратады:
объектілер
даналарының мәніне, яғни әрбір құраушы қасиеттерінің мүмкін мәндеріне шектеу. Олар мәліметтер құрылымы жеткізілімділігі ережелерімен, операцияларды орындау ережелерімен анықталады;
логикалық шектеулер, мәліметтер қоры сызбасымен, мәліметтерді сипаттау арнайы тіл конструкцияларымен байланысты. Мысалы, егер қандай да бір атрибут алғашқы кілт сияқты анықталған болса, онда бұл объектілердің көптеген даналары екі немесе одан да көп алғашқы кілттерінің мәндері бірдей даналардан тұруы мүмкін емес;
мәліметтер қорын басқару жүйесі берілген шектеулер бойынша, мәліметтер қорын бір күйден екінші бір күйге ауыстырған кезде, мәліметтердің қарама-қайшылықсыздығын туғызбауын қамтамасыз етуі тиіс.
Слайд 7Кейбір пәндік облыстың құрылымын және бүтіндеу шектігін бейнелеу, осы құрылымды жүзеге
асыруды анықтау пәндік облыстың инфологиялық үлгісін құрайды. Инфологиялық үлгі пәндік облыс құрылымы мен динамикасын, сипаттамасын қолданушы жүйелерінің терминдерден ақпараттық қажеттіліктер сипатын және нақтылы таңдалған мәліметтер қорымен басқару жүйесі құралдарына тәуелді емес сипаттамасын бейнелейді.
Инфологиялық үлгінің белгілеуінен шығатын негізгі талаптар:
пәндік облыстың бейнеленуі;
үлгінің интеграциясы, яғни ол жүйені қолданушылардың көзқарастары мен қажеттіліктерін бейнелеуі тиіс;
инфологиялық үлгі ақырғы қолданушылар үшін де, әзірлеушілер үшін де коммуникациялық құрал болып табылады. Оның құрамында автоматтандырылған АЖ-ні арықарай жобалау үшін қажетті және жеткілікті ақпарат болуы тиіс.
Слайд 8Инфологиялық үлгінің құрауыштарын келесі түрде көрсетуге болады:
Слайд 9Даталогиялық және физикалық жобалау. Инфологиялық үлгі алдыңғы кезеңдерде құрылады да, содан
кейін анағұрлым соңғы кезеңдерде нақтыланады. Инфологиялық үлгі негізінде даталогиялық үлгі құрылады. Одан кейін физикалық үлгі және концептуалдық сызба құрыла алады. Даталогиялық үлгі объектілер арасындағы байланыстарды олардың мазмұны мен сақтау ортасына қарамай-ақ бейнелейді. Даталогиялық үлгіні сақтау ортасына байланыстыру үшін мәліметтердің физикалық үлгісі қолданылады, олар сақтаушы құрылғылардың қолданылуын, сақтау ортасында мәліметтерді физикалық ұйымдастыру тәсілін анықтайды. Физикалық деңгей үлгісі даталогиялық үлгі сияқты мәліметтер қорын басқару жүйесі мүмкіндігін ескере отырып құрылады.
Слайд 11Пәндік облысты сипаттау кезінде оның логикалық сипатын қолдану көркемдірек болады. Формальды
логикалық сипаттау концептуалдық сызба деп аталады. Сонымен инфологиялық үлгіні құру келесі тапсырмалардың орындалуы арқылы жүзеге асады:
объектілерді таңдау;
әрбір объектіге қажетті қасиеттерді анықтау;
объектілерге қойылатын шектеулерді анықтау;
объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.
Слайд 12Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы
Ақпараттық жүйенің жобасы деп – нақты бір программалық техникалық
ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.
Слайд 13 АЖ-ні жобалау объектілері болып, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері
немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады.
АЖ-ні жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.
Слайд 14
Жобалау технологиясын таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады:
осы технология бойынша
көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу керек;
таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды түрде бейнелеу керек;
таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу керек;
технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
технология жобаны жобалау және пайдалану үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету керек;
технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек.
Слайд 15Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге
асыратын қандай да бір түрлендіруші. Жобалау құралдарынының екіге бөлінеді:
Объектілік құралдар: типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер, қолданбалы программалар дестесі;
Инструменталдық құралдар: автоматтандырылған жобалау жүйелері, CASE-технологиялар.
Жобалау құрадары болу керек:
өз класында жобалау объектісіне инвариантты;
ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтуы;
техникалық, программалық және ақпараттық үйлесімді;
меңгеруде және қолдануда қарапайым.
Слайд 16
ДҚБЖ-ң негізгі түсінігі. MS Access-тің негізгі обьектілері
02.11.2015
Слайд 17MS Access ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі
болып табылады.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).
Слайд 18Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар-
форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.
Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.
Слайд 19Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген
болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.
Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.
Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.
Слайд 22Басты терезеде деректер қоры ашылған кездегі MS Access басты терезесі көрсетілген.
MS Access деректер қорындағы барлық кестелерді, есеп берулерді, пішіндерді, сұраныстарды, қатынас құру беттерін, макростарды және модульдерді сақтайды. Сондықтан MS Access-ті бірінші рет іске қосқанда экранда деректер қорының терезесі және “Деректер қорының” саймандар тақтасы шығады. Экран бес аймақтан тұрады: тақырып, меню жолы, саймандар тақтасы, қалып-күй жолы және деректер қорының терезесі.
Слайд 23Ақпараттық жүйелерді жобалау – көп еңбек сіңіруді және ұзақ мерзімді қажет
ететін және оны құруға қатысушы мамандардың жоғары біліктілікті талап ететін күрделі жұмыс. Ақпараттық жүйелерді жобалау келесі кезеңдерге бөлінеді:
Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру.
Даталогиялық және физикалық жобалау.
Концептуалды сызбасын құру.