Презентация, доклад на тему Коучинг. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Презентация

Содержание

Тарихи шолуБекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталайжақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрліекендігін, әрі АКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенінкөрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатарсипаттамалары анықталды

Слайд 1Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
КОУЧИНГ

Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.КОУЧИНГ

Слайд 2Тарихи шолу
Бекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай
жақсарғандығын

байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрлі
екендігін, әрі АКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін
көрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатар
сипаттамалары анықталды (Kennewell and et al., 2008), алайда сонымен бірге АКТ көп
жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). АКТ оқушыларды танымдық
және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының
дәлелдері жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша
үлгерімді жақсартуға әкелмеуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, АКТ ықпалы
мұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне,
сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына бай-
ланысты. АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе
проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің
өзі неге тұрады (Kennewell and Beauchamp, 2007). Алайда техникалық құралдардың болу
фактісі оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге бо-
латын аспектілер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмай-
ды (Beauchamp, 2006). Сондықтан АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық
білімдерін дамытуға тиісті (Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы технология-
ны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell and
Beauchamp, 2007).
Тарихи шолуБекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталайжақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы

Слайд 3Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды

жетілдіру үдерісін
түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту техно-
логиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімнің
барлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне
ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер осындай мұғалімдер
зертханада жұмыс істейтін практик ғалымдармен, бағдарламашы сияқты технологиялық са-
рапшылармен немесе жаңа технологияларды қолдану саласындағы білімі кемшін түсіп жа-
татын тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда асқан
ептілік танытады деп қорытады.

Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісінтүрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау

Слайд 4Пәндік білімдер (ПБ)
Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық,

химия пәнінің
білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған
сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгібілім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқадейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұныоқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады.

Химияпәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеу жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек.

Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.
Пәндік білімдер (ПБ)Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, химия пәнініңбілікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми

Слайд 5Педагогикалық білімдер (ПедБ)
Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты

мен міндеттерінбілуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және
дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалықбілімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.

Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады.
Педагогикалық білімдер (ПедБ)Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерінбілуге негізделетін оқу мен оқыту

Слайд 6Оқытудың тоғыз қағидаты
Оқушыны бүкіл
өміріне жеткілікті
біліммен жабдықтайды
Білімді арттырады
Алдыңғы білім
мен

тәжірибеге
негізделеді

Мұғалім оқуға
қолдау көрсетеді

Оқу үшін бағалау
мен оқуды бағалауды
қолданады

Мұғалім біліміне
байланысты

Бейрести
(неформалды)
оқу жүзеге асады

Оқушының белсенді
қатысуына ықпал
етеді

Әлеуметтік және
жеке үдеріске
ықпал етеді

Оқытудың тоғыз қағидатыОқушыны бүкіл өміріне жеткілікті біліммен жабдықтайдыБілімді арттырадыАлдыңғы білім мен тәжірибеге негізделедіМұғалім оқуға қолдау көрсетедіОқу үшін

Слайд 7Технологиялық білімдер (ТБ)
Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар,сандық

бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім.
Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді.
Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер
операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың
стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.
Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.
Технологиялық білімдер (ТБ)Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар,сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы

Слайд 8Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)
Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-
дыру

мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің
біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы
білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды
білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас
байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі
абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз
бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге
бөле алуы тиіс.
БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және
көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы
формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен
көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық
аспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің
себептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың
ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі
оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен
түсіндіріледі.
Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны

Слайд 9Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)
Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен

пәндік білімдердің(ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды
икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.

Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген модельдеулер (симуляциялар) бар. Модельдеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжам ды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ
болғанда қолданылады.
Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің(ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу.

Слайд 10Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)
Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық,

педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан.

Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның
үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.
Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады.
Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан.

Слайд 11Оқытудың бес аспектісі
1. Көрсетілім

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушылардың түрлі

амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай өлшеуге болады және т.б.);

• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)

• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру (мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);

• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).
Оқытудың бес аспектісі 1. КөрсетілімАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды

Слайд 122. Модельдеу

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе

оқиғалардың модельдерін ұсыну (мысалы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);

• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету (мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);

• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде кестені пайдалану – «егер... болса, не болады...?).
2. МодельдеуАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мысалы, ғылымдағы сызба

Слайд 133. Бағалау мен талдау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушылардың түрлі нысандағы

ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);

• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат іздеу);

• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми-танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалануын талдау және т.б.);

• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс немесе математикадағы сандар және т.б.).
3. Бағалау мен талдауАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,DVD-дискілер,

Слайд 144. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• балалардың

идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен технология саласында әзірлеген жобалары);

• ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған байланыс құралдары);

• балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша мәтінді редакциялау және т.б.);

• пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады, математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).
4. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынасАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн

Слайд 155. Тестілеу және құптау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• «Егер ... болса?»

сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін мәліметтерді жинау (бір факторды өзгертудің әсерін салыстыру үшін ғылыми деректерді тіркеуге арналған құрал –жабдықтарды пайдалану және т.б. )

• дерекқорды зерделеу (мәселен, бірқатар АКТ-ресурстарын пайдалана отырып,географиядағы өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін зерделеу, суреттердің көмегімен өзгерістердің әсерін қадағалау);

• интерактивті оқу бағдарламасын пайдалану (мәселен, болашақта тексеруге болатын жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін математика саласындағы сандарды, нысандар мен модельдерді жасау және т.б.).
5. Тестілеу және құптауАКТ-ны не үшін пайдалануға болады?• «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть