Слайд 1Қарауылкелді орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі
Көшерова Г.Р
Слайд 2
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »
Слайд 3
Пікір-талас тақырыбы:
Компьютердің пайдасы мен зияны
Пікір-талас тақырыбы:
2012-2013 оқу жылы
Слайд 4
Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жалпы компьютердің пайдасы мен зияны туралы оқушылардың ойын тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар /дербес компьютер, проектор, слайд /
Слайд 5
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тақырыппен жұмыс
ІІІ. Қорытынды
Слайд 6
Пікір-таластың шарттары:
1. Әр топ өздерін таныстырады
2. Пікірталасу (екі топтан ойларын
айтатындар
кездесіп шығады регламент
3-5 минутты сақтау)
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
4. Көрермен оқушылармен жұмыс
5. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдау
Слайд 7Пайдалы кеңестер
Компьютер балаға не нәрсе үйрете алады?
2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды, әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін сөйлемдерді. Сонымен бірге ол қатесін көріп, оны өзі түзей алады. Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады, яғни бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін тануға болады: геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика.
Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың моторикасын жетілдіреді.
Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояуын аяқтау, қиялды дамытады.
Ал музыкалық ойындар ноталарды жаттауға ықпал етеді.
Слайд 8 6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс
істеуді үйретуге болады. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды ашуды үйрету қажет. Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық ақпаратты білуге де болатынын түсіндіру қажет. Қазір бала ойнап, қосымша әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты алады емес пе?! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені "іздегіш" сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді.
Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол әлі көп нәрсе білмейді. Вирусқа толы бағдарламаны жүктеп алуы мүмкін.
Шамамен, 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар әлемдік торда "жүзе" алады. Ол онда жүзбей тұрып, бірнеше нәрсені ұмыттырмау қажет. Біріншіден, вирустар жайлы айту. Екіншіден, интернетте тек қана жақсы ниеттілер отырмайтынын ескерту. Поштаға әдейі зиянкес тасушы хабарламалар (спам) жіберетіндер барын да түсіндіру міндетт болып саналады.
Слайд 9Компьютердің ойын-сабақтары баланың есте сақтау жады мен мұқият болу қабілетін арттырады.
Қолдарының
жүйріктігі артады. Пернетақталарды басу арқылы баланың қолдары жаттығады. Бала компьютер ойындарынан әртүрлі ақпараттар алады және қарапайым болса де ол үшін жаңа, жылдам болғандықтан, бала шұғыл ойлануға,
түйген ойларын тез қорытып үлгеруге бейімделеді.
Слайд 10Компьютермен жұмыс жасаған кезде:
Оқушылар көзді дем алдыру
жаттығуларын жасау керек.
ЭЕМ-да
жұмыс істеу кезінде
көздің экраннан ең қолайлы
қашықтығын (60-70cм)
сақтау керек.
Мүмкін қашықтық – 50 см.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Әлсiн-әлсiн креслодан тұрып және
жаттығу жұмыстарын жасау қажет.
Слайд 11
Компьютер қалай пайда болды?
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет
1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болыпты.Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген.Ал, жалпы компьютер сөзі ағылшын тілінің «to compute» «computer» сөздерінен шыққан.Бұл сөз «есептеу»,«есептегіш» мағынасын білдіреді.
Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы X1X ғасырдан басталды.«Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарлз Бэббидж болатын.Оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды.
Ал дүниежүзі бойынша алғашқы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.Ал «ЕМАС» деп аталатын бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы Пинсильвания университетінде жасалды.Оны құрастырушылар-ДЖ.Моучли мен ДЖ.Эккерт.
Алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын.Қымбаттығы сонша — мұндай машиналарды ел үкіметтері мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын.Дербес компьютерлер жайына келсек,1990 жылдан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.
Слайд 12Компьютердің құрылысы:
Жүйелік блок — дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы.
Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Слайд 13Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске
қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Слайд 18Командалар қызу пікір-талас үстінде
Слайд 21
Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!