Слайд 1№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы
7 – сынып
Пәні:
Информатика
Мұғалімі: Омарбекова Салтанат Күнтуғанқызы
Қызылорда қаласы
Слайд 3
Тақырыбы:
Калькулятор бағдарламасы
Слайд 4Тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы
Мақсаты:
Білімділігі: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған
білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
Тәрбиелігі: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту.
Дамытушылығы: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Слайд 5Көрнекілігі: Калькулятор, интерактивті тақта
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, өзіндік жұмыс,
кубизм, ой – толғаныс.
Слайд 6Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
2. Оқулықтары мен дәптерлерін дайындау.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
“Кубизм” әдісі
Слайд 7 ІІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Мына ребусты шешу арқылы
бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын табамыз.
Слайд 8Калькулятор бағдарламасы.
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуі Windows-98-дің
“Калькулятор”қолданбасының көмегімен көрсетуге болады.Бұл қолданбалы бағдарлама кәдімгі электрондық калькуляторлардың жұмысын модельдейді.
Калькуляторларды пайдалана отырып есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін Windows-98-дің басқа бағдарламаларына беруге болады. Сонымен қатар Калькулятор қолданбаса компьютердің сандық инфрормациямен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: Қарапайым (кәдімгі) және Инженерлік.
Калькуляторларды іске қосу.
Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаңдар:
Пуск-Программы-Стандартные-Калькулятор.
Слайд 9 Мұны орындағаннан кейін,экранда калькулятордың терезесі пайда
болады.Егер калькулятор бірінші рет қосылса,онда Қарапайым калькулятор шығады, содан соң сендер соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолымен меню жолы қосылған. Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан санаулы амалдарды және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.
Слайд 10Калькулятормен жұмыс істеу.
Бұл калькулятормен жұмыс істеудің принципі
кәдімгі қалта калькулятормен жұмыс істеумен бірдей.Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу маустың сол жақ батырмасын калькулятордың батырмаларын шерту немесе пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетатаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін Num Lock пернесін басыңдар.Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.
Слайд 11Калькулятордың функционалдық батырмалары.
-Соңғы ендірілген цифрды өшіреді.
-Индикация өрісінде жарықтанған манды өшіреді.
-Барлық ендірілген
ақпараттарды өшіреді.
-Енгізілген мәндерді бөледі.
- Енгізілген мәндерді көбейтеді.
- Енгізілген мәндерді қосады.
- Енгізілген мәндерді азайтады(алады).
-Амал нәтижесін индикаторға шығарады.
-Квадрат түбірді есептейді.
-Санның процентін табады.
-Индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді.
Слайд 15Соңғы ендірілген
цифрды өшіреді
Индикация өрісіндегі жарықтанған санды өшіреді
Барлық ендірілген ақпараттарды өшіреді
Бөлу
Квадрат түбірді
есептейді
Көбейту
Пайызды есептейді
Азайту
Қосу
Есептеулер нәтижесін индикация өрісіне шығарады
Индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді
Функционалдық батырмалар
Слайд 16 500
+
500
Memory Store – Индикатордағы санды жадқа жазады
Memory + - Жадтағы
санға индикатордағы санды қосады
500
Слайд 171000
Memory Store – Индикатордағы санды жадқа жазады
Memory + - Жадтағы санға
индикатордағы санды қосады
500
Слайд 181000
Memory Store – Индикатордағы санды жадқа жазады
Memory + - Жадтағы санға
индикатордағы санды қосады
1000
Memory Recall – Жадтағы санды индикаторға шығарып жазады
Memory Clear – жадты тазартады.
Слайд 28Статистикалық есептерді
Тригонометриялық функцияларды
Логарифмдерді
Дәреже табуды
Слайд 29
Индикатордағы санды он алтылық санау жүйесіне ауыстырады
Индикатордағы санды ондық санау жүйесіне
аустырады
Индикатордағы санды сегіздік санау жүйесіне аустырады
Индикатордағы санды екілік санау жүйесіне аустырады
Слайд 31Статистика терезесін ашады
Статистика терезесіндегі сандардың орта мәнін табады
Статистика терезесіндегі сандардың қосындысын
табады
Индикатордағы санды Статистика терезесіне көшіреді
С-ка т-дегі сандардың жылжымаған стандартты ауытқуын табу
Слайд 32Калькулятор терезесін көрінетін етеді
Санды калькулятор индикаторына қайтарады
Статистика терезесіндегі белгіленген санды өшіреді
Статистика
терезесіндегі барлық сандарды өшіреді.
Слайд 34Калькулятордың негізгі батырмалары
мен жалаушаларының тізімі
С – толық босату, жаңа формула
бойынша есептеуді бастайды.
Log – ондық логарифмді есептейді.
СЕ – бейнеленген санды жояды.
n! – санның факториалын есептейді.
Back – бейнеленген санның соңғы цифрын жояды.(дөңгеленген жақша қояды)
MS – ағымдағы санды жатқа көшіреді.
) – дөңгелек жақша қояды.
М+ - ағымдағы санды жадтағы санға қосады.
Exp – сандарды экспоненциалды нотацияда енгізуге рұқсат береді.
МС – жадты тазалайды.
Х^У – х-ті у дәрежесінде есептейді.
MR – жадтың ішіндегіні шығарады.
X^3 – бейнеленген санның кубын есептейді.
+/- - белгіні кері өзгертеді.
Х^2 – бейнеленген санның квадратын есептейді.
% - ағымдағы саннан пайызды есептейді.
Слайд 35COS – косинус функциясын есептейді.
SQRT – квадрат түбірін есептейді.
SIN – синус
функциясын есептейді.
1/х – ағымдағы санға кері санды шығарады.
tan – тангенс функциясын есептейді.
“+” – қосу операциясы.
Dms – бейнеленген санды градус – минут – секунд пішініне түрлендіреді.
- - алу операциясы.
F – E – экспоненциалды нотацияны пайдалануға рұқсат береді немесе тыйым салады.
“х” – көбейту операциясы.
“/” – бөлу операциясы.
“,” – санның бүтін және бөлшек бөліктерін бөлуші.
“=“ – есептеудің нәтижесін шығарады.
РІ – р саны
А – F – оналтылық санау жүйесінде 10-15 цифрларының орнына қолданылады.
Слайд 36Sta –статистика терезесін ашады.
Ave – статистика терезесінде бейнеленген сандардың орта
мәнін есептейді.
Sum – Статистика терезесінде сандардың ығыспаған стандартты ауытқуын есептейді.
S – статистика терезесінде сандардың ығыспаған стандартты ауытқуын есептейді.
Dat – бейнеленген санды статистика терезесіне енгізеді.
Hex – берілген санды оналтылық жүйеге ауыстырады.
Mod – х-ті у-ке бөлу қалдығын есептейді.
Dec – ондық жүйеге ауыстырады.
And – логикалық қосу (разрядтап)
Oct – сегіздік жүйеге ауыстырады.
Or – логикалық алу.
Bin – екілік жүйеге ауыстырады.
Xor – НЕМЕСЕ –ні қоспайтынды разрядтап есептейді.
Deg – тригонометриялық функциялардың аргументін градуста береді.
Lsh – разрядтап солға жылжу.
Rad – тригонометриялық функциялардың аргументін радианда береді.
Int – ондық санның бүтін бөлігін бейнелейді.
Inv – кері функцияларды есептейді.
Hyp – гиперболалық функцияларды есептеуге мүмкіндік береді.
Слайд 37 Ал, балалар сабаққа қалай түсінгендіктерімізді білу үшін
калькулятормен есеп шығарып көрейік. Барлығымыз тақтадағы есептерді қарап, бүгінгі өтілген жаңа сабығымыздың барысы бойынша калькулятор терезесін ашып мына есептерді шығарып көрейік.
Слайд 38.
Бекіту
Сабақ соңында балалардың жаңадан өтілген сабақты бекіту үшін тест тапсырмасын аламын.
Слайд 39Тест
сұрақтары
1-сұрақ
2-сұрақ
3-сұрақ
4-сұрақ
5-сұрақ
6-сұрақ
7-сұрақ
8-сұрақ
Слайд 42Мына батырмалардың “СЕ” және “С” қандай айырмашылығы бар?
А) “СЕ”
батырмасы соңғы ендірілген санды өшіреді, ал “С” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді.
Б) “СЕ” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді, ал “С” батырмасы барлық ақпаратты өшіріп калькуляторды жаңа жұмысқа дайындайды.
“СЕ” батырмасы мен “С” батырмасының айырмашылығы жоқ.
Слайд 43Қарапайым калькуляторды инженерлік калкуляторға қалай ауыстырамыз?
А)Вид→Обычный командаларын орындаймыз
В)Правка→ Инженерный командаларын орындаймыз
С)Вид→Инженерный
командаларын орындаймыз
Слайд 44Калькулятордың қандай түрлерін білесің?
А) Статистикалық, тригонометриялық
В) Қарапайым, инженерлік
С) Мәтіндік, сандық
Слайд 45Калькулятордың ішкі жады не үшін керек?
А) Есептеу нәтижелерін сақтап қою үшін.
В)
Мәтіндік ақпаратты ендіріп қою үшін.
С) Калькулятордың ішкі жады болмайды.
Слайд 46Калькулятордың ішкі жадында белгілі бір мән барын қалай анықтаймыз?
А)Егер ішкі
жадта сан болса калькулятордың индикация өрісіне сан ендірілмей қалады.
В)Егер ішкі жадта сан болса индикация өрісінің астындағы сол жақ терезеде “М” белгісі жанып тұрады.
С)Ішкі жадта санның бар екенін анықтай алмаймыз.
Слайд 47Калькулятордың ішкі жадына санды ендіру үшін қандай батырма қолданылады?
А)А)MS
В)В)MC
С)С)M+
Слайд 48Калькулятордың ішкі жадын тазалау үшін қандай батырма қолданылады?
А)А)MR
В)В)MC
С)С)M+
Слайд 49Калькулятордың ішкі жадындағы санға индикатордағы санды қосу үшін қолданылатын батырма.
А)А)MR
В)В)MC
С)С)M+
Слайд 50 Қорытынды
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге: 289 - жаттығу
Слайд 51Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!