Слайд 1
І-топ
Географиялық диктант
1.Сарыарқа республикамыздың ................................................................... алып жатыр.
2. Жер бедерінің сыртқы көрінісіне
қарап ,кейде ........................................................................... деп атайды.
3.Сарыарқа негізінде...................................................... эрасында түзілген.
4.Сарыарқада .................................... көмір бассейні орналасқан.
5.Климаты .....................................................болып келеді
ІІ-топ
Географиялық диктант
1. Сарыарқа батысында.......... шектесіп,............. дейін созылып жатыр.
2. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында........... салынды.
3. Дала зонасының.......... топырағында................ өседі.
4. Сарыарқаның жер бедерінің қалыптасуында............ роль атқарады.
5. Сарыарқаның түсті металдарын ашуда........... еңбегі зор.
Слайд 4
Сарыарқа аймағына жататын тауларды ата?
Кент
Қарқаралы
Манас
Талас
Қырғыз алатауы
Баянауыл
Қазығұрт
Боралдай
Ақсораң
Сарыарқа
Слайд 6
Сабақтың тақырыбы:
Орал тауының физгеографиялық аймағы.
8 сынып
Ашық сабақ
Слайд 7Сабақтың мақсаты
Орал физикалық-географиялық аймақтың негізгі ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар
мен бастау алатын өзендерді анықтау. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
Слайд 8Сабақтың әдісі:
АКТ,ЖИГСО
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Көрнекілігі:
слайд, карта, үлестірмелі материалдар
Слайд 9Қазақстанның 9 физгеографиялық аймақтары
Слайд 11І.
Орал тауына физгеографиялық сипаттама
Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі -
Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Слайд 12Орал тау жүйесі
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да,
жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.
Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген.
Слайд 13Пайдалы қазбалары
никель
хромит
кобальт
мыс
Слайд 15 Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен
тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
Слайд 16 Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін
қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Слайд 17Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен
тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі
Слайд 19
Орал алды(Жем) үстірті
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының
аралығын қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.
Слайд 20Мұғалжар тауы
Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай
400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Слайд 21Ақтолағай қырқасы
Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.
Слайд 23Жайық өзені –
Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының
және Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Слайд 24Жем(Ембі)
Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді.
Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады
Слайд 25Қайнар
Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жерімен ағып өтеді. Ошан
тауының солт. етегіндегі бұлақтан бастау алады. Ұз. 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Арнасы тік жарлы.
Негізінен еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзенге ұз. 10 км-ден аспайтын бірнеше кішігірім салалары қосылады. Көктемде ағыны 7 – 10 күндей үзіліссіз болады. Суы ащы. Кей жылдары өзен суы тартылып қалады.
Слайд 26Ойыл
Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.Ұзындығы
800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды (ертеде Жайық өзеніне құйған). Жер асты, жауын-шашын суымен толығады.
Слайд 27Елек, Елік
Жайық алабындағы өзен. Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк ауд-ндары),
Батыс Қазақстан (Бөрлі ауд.) обл-тары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұз. 623 км. Жайыққа сол жағынан құяды. Қар және жерасты суымен толығады.
Слайд 28
Ор
Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады.
Ұзындығы 314 км, су жиналатын алабы 18600 км2. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.
САНДАР СИҚЫРЫ
2428
300 712
800 623
Слайд 30ІІ-топ:
Сандар сиқыры
217 144
400
31000
1084 41,3
Слайд 32 І-ТОП
1.Мұғалжар тауы қай
таудың жалғасы?
а)Алтай б)Тянь-Шань в)Орал г)Қаратау
2.Тау қалай созыла орналасқан?
а)Оңтүстіктен солтүстікке б)Батыстан шығысқа в)Шығыстан оңтүстікке г)солтүстіктен оңтүстікке
3.Таудың орташа биіктігі
а)200-300метр б)450-500метр в)300-400метр г)200-400метр
4.Ең биік нүктесі
а)Үлкен Боқтыбай б)Хантәңірі в)Белуха г)Мұзтау
5.Мұғалжар тауы биіктігіне қарай қандай таулар қатарына жатады?
а)Биік таулар б)Аласа таулар в)Орташа биік таулар г)Төбелер
Слайд 33 ІІ-ТОП:
1.Мұғалжар тауы қай дәуірде пайда болған?
а)Мезазой
б)Палезой в)Кайназой г)Кембрий
2.Қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?
а)Сирек металға бай б)Түсті металл в)Пайдалы қазба жоқ г)Алтын кені бар
3.Климаты қандай?
а)Құрғақ б)Ылғалды в)Құрғақ континентті г)Ылғалды, жылы
4.Жылдық жауын-шашын мөлшері.
а)500мм б)200мм в)300мм г)400мм
5.Өзен торы қандай су көздерімен қоректенеді?
а)Мұздықтармен б)Жер асты суымен в)Жаңбыр суымен г)Қар суымен
Слайд 34Үй тапсырмасы
1. Орал физгеографиялық аймағы.
2. Контур картаға Орал физгеографиялық аймағы
мен одан бастау алатын өзендерді түсіру