Слайд 1І кезең: Ұйымдастыру кезеңі
ІІ кезең: Үй тапсырмасын сұрау
Топқа бөлу:
1 – топ.
Географтар – географиялық орны, геологиялық
құрылысы.
2 – топ. Геоморфологтар - жер бедері, пайдалы
қазбалары.
3 –топ. Климатологтар мен гидрологтар – климаты,
өзен – көлдері.
4 – топ. Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.
5 – топ. Экологтар мен шаруашылық министрі –
шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтар.
Слайд 31
Сарыарқаның қай бөлігінде абсолюттік биіктік жоғары?
Слайд 42
Орталық Қазақстанның өзендері қоректенуінің ерекшеліктері қандай? Су тасу мезгілі қандай?
Слайд 53
Қандай биік тауларын білесің? Олар Сарыарқаның қай бөлігінде орналасқан?
Слайд 64
Қандай ойыс Сарыарқаны екіге бөледі және олар қалай аталады?
Слайд 81- топ Контур картаға Сарыарқа физ-географиялық аймағының территориясын сызып көрсет?
Тапсырма№2
Слайд 9
2- топ
Сарыарқа аймағына жататын тауларды ата?
Кент
Қарқаралы
Манас
Талас
Қырғыз алатауы
Баянауыл
Қазығұрт
Боралдай
Ақсораң
Сарыарқа
Слайд 114-топ Географиялық диктант.
Сарыарқа батысында .
. . шектесіп, . . . дейін созылып жатыр.
Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында . . . салынды.
Дала зонасының . . . топырағында . . . өседі.
Сарыарқаның негізгі өзендеріне . . . , . . . , . . . жатады?
Сарыарқаның ең биік тауы . . . .
Слайд 12
5 - топ Сарыарқаға шектесетін географтялық нысандар:
Слайд 13
Сабақтың тақырыбы:
Орал тауының физгеографиялық аймағы.
Слайд 14Сабақтың мақсаты:
Орал физикалық-географиялық аймақтың негізгі ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар
мен бастау алатын өзендерді анықтау. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
Слайд 15Сабақтың мақсаты:
Орал физикалық-
географиялық аймақтың
негізгі ерекшелігі мен
оған кіретін негізгі
таулар
мен бастау алатын
өзендерді анықтау.
Оқушылардың өз бетімен
жұмыс қабілетін дамыту,
қызығушылығын ояту,
логикалық ой-өрісін
дамыту, туған елге, жерге
деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру;
Оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, Өз елін
жете тани білуге
қызығушылығын ояту,
Картамен жұмыс жасау
белсенділігін арттыру;
біліктілігі
тәрбиелігі
дамытушылығы
Слайд 16Сабақтың әдісі:
Аралас сабақ
Сабақтың түрі:
Тірек сызбалар арқылы жаңа
сабақты меңгерту
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта Қазақстанның
физ.
картасы, суреттер,
үлестірмелер, флипчарттар, эл. оқулық т. б
Слайд 17Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексру
ІҮ.Бекіту
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды
түгендеу, олардың даярлығын тексеру
топқа бөлу
Сарыарқа физ-географиялық аймаққа
сипатама беру
Әр түрлі тапсырмалармен жұмыс
Жаңа тақырыпты тірек сызбаларын
пайдалана отырып түсіндіру
Ү.Қорытынды
ҮІ.Үйге тапсырма
Сұрақ-жауап
44- тақырып, кескін картаға Орал
физ-географиялық аймағын
түсіру, сұраққа жауап беру, мазмұндау
ІІІ. Мағынаны ажырату"
Слайд 18Қазақстанның 9 физгеографиялық аймақтары
Слайд 19Картадан номерленген жерлерді тез жазу.
2
1
3
4
5
6
7
8
9
3
9
Слайд 20І. Орал тауына физгеографиялық сипаттама
1. Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі
- Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Слайд 21Орал тау жүйесі
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да,
жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.
Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген.
Слайд 22Пайдалы қазбалары
никель
хромит
кобальт
мыс
Слайд 24 Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен
тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
Слайд 25 Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін
қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Слайд 26Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен
тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі
Слайд 28
Орал алды(Жем) үстірті
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының
аралығын қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.
Слайд 29Мұғалжар тауы
Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай
400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Слайд 30Ақтолағай қырқасы
Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.
Слайд 32Жайық өзені –
Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының
және Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Слайд 33Жем(Ембі)
Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді.
Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады
Слайд 34Қайнар
Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жерімен ағып өтеді. Ошан
тауының солт. етегіндегі бұлақтан бастау алады. Ұз. 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Арнасы тік жарлы.
Негізінен еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзенге ұз. 10 км-ден аспайтын бірнеше кішігірім салалары қосылады. Көктемде ағыны 7 – 10 күндей үзіліссіз болады. Суы ащы. Кей жылдары өзен суы тартылып қалады.
Слайд 35Ойыл
Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.Ұзындығы
800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды (ертеде Жайық өзеніне құйған). Жер асты, жауын-шашын суымен толығады.
Слайд 36Елек, Елік
Жайық алабындағы өзен. Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк ауд-ндары),
Батыс Қазақстан (Бөрлі ауд.) обл-тары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұз. 623 км. Жайыққа сол жағынан құяды. Қар және жерасты суымен толығады.
Слайд 37Қорыту мен бекіту сұрақтары
Орал тауының Қазақстандық бөлігі қалай аталады?
Орал тауының топырағы,
өсімдігі, жануарлар дүниесі қандай?
Орал тауының негізгі климаты
Таудан бастау алатын өзендер мен олардың маңызы.
Бағалау парағы
Слайд 38Үй тапсырмасы
1. Орал физгеографиялық аймағы.
2. Контур картаға Орал физгеографиялық аймағы
мен одан бастау алатын өзендерді түсіру
3. Қазақстанның физикалық географиясына арналған жұмыс дәптерді толтыру.
Слайд 39
Орындаған:
Қарағанды облысы. Қарағанды қаласы №10 ЖББОМ
География пәні мұғалімі
Азатқызы К.