Слайд 1Ашық сабақ тақырыбы:
«АҚШ шаруашылығы»
Сабақтың мақсаты: АҚШ шаруашылығын оқып үйрену.
Слайд 2
Білім беру:
АҚШ шаруашылығының даму ерекшеліктерін басқа елдермен салыстырғандағы даму
ерекшеліктері туралы білім беру;
Дамытушылық:
АҚШ экономикасына баға беру,өнеркәсібінің жетекші және негізгі салаларын, өнеркәсіптік белдеулерді, агроөнеркәсіптік кешенінің даму жағдайын, мал шаруашылығының негізгі бағыттарын, АҚШ ауыл шаруашылығының ерекшелігін айыру, қаржы-қаражат жүйесінің дамуы мен көлік жүйесінің ең соңғы жетістіктерін пайдаланылу жағдайының ерекшілігін ажырату дағдысын қалыптастыру; талдай білу,қорытынды шығара білуге, салыстыра білуге үйрету,есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын көбейтуге дағдыландыру.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ұлттық идеямыз- мәңгілік ел! АҚШ –пен салыстыру.
Міндеттері:
Слайд 4Тәрбиелік:
Құндылық:
дұрыс әрекет ету
Қасиеттер:
талаптану, еңбек, білімпаздық
Дәйексөз:
Е. Шайхыұлы
Білім терең
теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым-
Осы екеуі деңіз де,-
Дейді атам-білімді
Еңбекпенен сен ізде!
Слайд 5Тыныштық сәті:
Сүгірдің күйі «Қосбасар» тыңдау.
Слайд 6Жаңа сабақ өту:
1 топ. Өнеркәсібінің даму жағдайы. «Еңбек тобы»
Слайд 9Қара металлургия орталықтары
Чикаго қалаларында
Кливленд қалаларында
Питсбург қалаларында
Слайд 11Түсті металлургияның дамуы
Өзендерінің энергетикалық кешендері негізінде
Теннеси
Колумбия
Слайд 13Түсті металлургия
Түсті металлургия кәсіпорындары, негізінен, кен орындарына жақын орналасады, дегенмен көп
энергия жұмсалатын өндірістердің Колумбия және Теннеси өзендерінің энергетикалық кешендері негізінде дамуы да байқалады.
Слайд 14Автомобиль жасау концерндері
Форд моторс
Дженераль
Крайслер
Слайд 16Дүниежүзінде өндірістер өнімінен алатын орындары
1-орын. Авиациялық техника жасаудан
2-орын. Телекоммуникациялық жабдықтар мен
микросұлбалар жасаудан
3-орын. Санды бағдарламалар негізінде басқарылатын станоктар жасаудан
Слайд 17Ғарыштық техника жасау мен электроника
1971жылы АҚШ-тағы
«Intel» фирмасы
тұңғыш рет
Микропроцес
сорларды
қолдануды
жүзеге асырды
Слайд 18Ғарыштық техника жасау мен электроника орталықтары
Лос-Анджелес қаласы
Слайд 19Ғарыштық техника жасау компаниясы
«Юнайтед технолоджис»
Слайд 21Алғашқы авиациялық зауыт
1916 жылы
Сиэтл
қаласында
«Боинг»
фирмасы
болып
ашылды
Слайд 22
Электрондық техника жасаудағы жетекші кәсіпорындар
«IBM»
«Дженерал электрик»
«Хьюлетт Паккард»
Слайд 23Электроника
Электрондық техника жасау мегалополистердің барлығында бар. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар —
«ІВМ», «Дженерал электрик», «Хьюлетт Паккард» компаниялары.
Слайд 24Химия өнеркәсіп орталығы
Мексика шығанағы
Слайд 26Мұнай химиясының астанасы
Хьюстон қаласы
Слайд 27Тоқыма өнеркәсібінің орталықтары
Нашвилл
Гринвилл
Слайд 29Өнеркәсіп белдеулері
1.Солтүстік
2.Оңтүстік-Шығыс
3.Гальф
4.Калифорния
Слайд 30Солтүстік өнеркәсіпті белдеу
Миссипи
Атлант
мұхиты
Алғаш игерілген бөлігінде Атлант мұхиты жағалауынан
Миссисипи өзеніне
дейінгі арадықта
Слайд 31Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеуі
Еңбек ресурстары мен электр энергиясын көп қажет ететін өнеркәсіп
өнімдерін өндіруге маманданған
Слайд 32Гальф өнеркәсіпті белдеуі
Жергілікті мұнай және газ кен орындары негізінде қалыптасқан химия
өнеркәсібінің аса ірі орталығы
Слайд 33Калифорния өнеркәсіпті белдеуі
Ғылымды көп қажет ететінсалалар дамыған
Слайд 34Өзін-өзі тану:
Дүниежүзі бойынша өнеркәсіптің дамуын жоғары деңгейге жеткізіп, әлемді өнімдері
мен қамтамасыз етіп отырған америкалықтарға не айтамыз?
Болмасаңда ұқсап бақ,- демекші Қазақстанда ел дамуын айқындап, даму жоспарын ұсынып отыр.
Слайд 35Ұлттық идеямыз-мәңгілік ел! Бұл дамыған 30 елдің қатарына ену жоспары.
Жолдаудағы 10
креативті идея бойынша экономикада:
Қазақстандық экспорттық әлеуетте шикізаттық емес өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайтуға жағдай жасайтын экономиканың ғылымды қажетететін моделі енгізілмек.
Слайд 36Энергетикада:
ЭКСПО-2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу
мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналады.
Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом стансасы құрылысы дамиды.
Слайд 37Жолдаудың 2014-тің 10 сенсациясы:
Мобильді және мультимедиялы, нано және ғарыштық технологиялар,
робототехника, гендік инженерия, болашақ энергиясын іздеу және ашу салаларын негіздеу.
Әлеуметтік дамудың 7 стратегиялық қадамы:
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы саламатты өмір салты мен медицинаны кадрлық- технологиялық дамыту есебінен 80 жасқа дейін ұзарады.
Слайд 38Экономиканы дамыту бойынша 7 стратегиялық қадам:
Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен
стандарттарын енгізу;
2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ІЖӨ-ге қатысу үлесін 20%- дан 50% ға дейін ұлғайтады.
Слайд 392-топ.
Ауыл шаруашылығы . «Талап тобы»
Слайд 40 АҚШ-тың ауыл шаруашылығы-
агроөнеркәсіптік кешені
Слайд 41Дүниежүзінде өнімдер өндіруден 1 орында
Астық
сүт
құс
Слайд 42XIX ғ. бидай өсіріле бастады АҚШ-тың «бидай белдеуі»
Ұлы жазықтардың Монтана, Солтүстік
Дакота, Оклахома, Канзас, Колорадо штаттары орналасқан бөлігінде
Слайд 43Өсірілетін дәнді дақылдар
бидай
арпа
сұлы
құмай
қызылша
Слайд 44Климаты жұмсақ Орталық жазық «жүгері белдеуі» Айова штаты
темекі
Жүгері
қытайбұршақ
картоп
Слайд 45Қытайбұршақтың ерекшелігі
Ірімшік, етті алмастыратын тағамдар, май алынады және мал азығы, себебі
құрамында нәруыздық (белок) заттар көп
Слайд 46Мексика шығанағы жағалауы «мақта белдеуі»
Мақтамен бірге күріш, жержаңғақ, қант қамысы, жеміс-жидек,
көкөніс, ал Флорида штатында цитрус жемістері өсіріледі
Слайд 47«Жеміс-жидек салған себеті»
Ұлы Калифорния аңғары, дүниежүзінде жиналатын лимонның жартысына жуығын, апельсиннің
үштен бірін, ал АҚШ-та жиналатын жүзімнің 90%–ын, шабдалы мен алмұрттың жартысын береді
Слайд 48Мал шаруашылығының негізгі бағыттары
Сүтті және етті ірі қара өсіру, шошқа және
бройлер (етті тауық балапандары) шаруашылығы
Слайд 49«Сүт белдеуі»
Ұлы көлдер маңы мен солтүстік-шығыстағы байырғы штаттар
Слайд 50«Мал шаруашылығы белдеуі»
Ұлы жазықтардың оңтүстігі мен батыстағы таулы штаттар
Слайд 52Ірі қара мал және шошқа саны жөнінен дүниежүзіндегі орны
Алғашқы үштік
Слайд 53Аляска шаруашылығы
Балық аулау, аң терісі кәсіпшілігі мен орман
Слайд 54Гавайда өсіреді
Қант қамысы мен ананас
Слайд 55АҚШ ауыл шаруашылығының ерекшелігі
Аудандық мамандану сипаты, механикаландыру деңгейінің жоғарылығымен және жеке
фермалық үлесінің біршама болуымен
Слайд 56Өзін-өзі тану: Ауыл шаруашылығын күшті дамытып, әлемдік нарыққа өте көп өнім
шығаруда. Америкалықтар еңбегі әлемге үлгі алуға боларлық нысана.
«Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгерер» халық нақылы америкалықтар үшін айтылғандай.
«Кісі берген кісіге ырыс болмас» дегенді қалай түсінесіңдер? «Әркімнің өз жері- жұмақ» туған елдің болашағы қандай?
Слайд 57Ұлттық идеямыз-мәңгілік ел!
Жолдаудағы 10 креативті идея бойынша Ауыл шаруашылығында аграрлық
ғылымның, оның ішінде гендік жаңғыртылған дақылдар әзірлеудің арқасында Қазақстан өңірлік ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың біріне айналады.
Слайд 58Жолдаудың 2014-тің 10 сенсациясы:
Эксперименттік аграрлық –инновациялық кластерлер құру.
«Жасыл экономикаға» көшу
жөнінде қабылданған тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай егістік алқаптарының 15 %-ы ылғал сақтайтын технологияларға қөшірілетін болады.
Слайд 593-топ.
Көлігі мен қаржы-қаражат жүйесінің даму жағдайы «Ғылым тобы»
Слайд 61Алғашқы трансконтиненттік темір жолдар
1.Нью-Иорк-Сан-Франциско (1869ж. ұзындығы 4246 км)
2.Вашингтон-Лос-Анджелес (1881ж. ұзындығы 4787
км)
3.Нью-Иорк-Сиэтл (1893ж. ұзындығы 13560 км)
Нью-Иорк
Сан-Франциско
Вашингтон
Лос-Анджелес
Нью-Иорк
Сиэтл
Слайд 62Ең ірі көлік торабы
Чикаго қаласы онда 30 темір жол түйіседі, тәулігіне
бұл қала арқылы 2 мың пойыз өтеді
Слайд 63Жолаушы тасымалындағы автокөлік үлесі
90%
Слайд 64Біртұтас құрлықтағы жол торабы
АҚШ пен Канада арасында
Слайд 65Су көлігінің маңызы
Біртұтас су жолы көлігін құрайды
Слайд 66Ең маңызды порттық- өнеркәсіптік кешендер
Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы, Тынық мұхиты
жағалауындағы айлақтарда шоғырланған
Слайд 69«Үшінші теңіз жағалауы»
Ұлы көлдер
Слайд 70Сыртқы жол қатынасы жүзеге асырылады
«Либерия, Панама елінің арзан туы астында»
Слайд 71Халықаралық жолаушылар тасымалында теңдесі жоқ көлік
Әуе көлігі
Слайд 72Азаматтық-авиациядағы ұшақтар санынан дүниежүзінде
1-ші орында
Слайд 73Дүние жүзіндегі ең ірі әуежайлар
Слайд 79АҚШ-тағы Гарвард (Бостон, 1636 ж. негізі қаланған), Колумбия (Нью-Йорк, 1754), Принстон(Нью-Джерси,
1746) сияқты байырғы университеттермен қатар оңдаған жоғары оқу орындарында америкалықтар ғана емес, дүниежүзінің басқа елдерінен келген студенттер де білім алады. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының дарынды жастары арнайы “Болашақ” бағдарламасы аясында АҚШ униврситеттерінде білім алады.
Слайд 80ХХ ғасырда америкалық өмір салты мен мәдениеті басқа елдер халқына да
өз әсерін тигізе бастады. Америкалық жазушылар Д.Лондон, У.Фолкнер, Э.Хемингуэй, Т.Драйзер, М.Твен және т.б көркем шығармаларын бүкіл дүниежүзінде сүйіп оқиды.
Слайд 81Америкада тұратын африкалықтардың ұрпақтары бүкіл әлемге әуезді блюз бен джаз музыкасын
таратты. Қазіргі кезде дүниежүзінде кеңінен тараған джинсы киімдері мен кока-кола сусынының да отаны –АҚШ.
Слайд 82Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін әрдайым жоғары
ұстайды. Өз Отанын қалтықысыз сүйетін әрбір америкалық жаңа күнді “Құдайым, Американы сақтай гөр!” сөзімен бастайды деуге болады. Оларды жастайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке, АҚШ мемлекеті мен өзінің жеке басының әл-ауқатын жақсарту үшін еңбек етуге тәрбиелейді.
Слайд 83Америкалықтар спортты өте жақсы көреді. Әсіресе ұлттық спорт түрлері (америкалық футбол,
бейсбол, баскетбол және т.б) кеңінен тараған. Сондықтан қалаларда орасан зор спорт ғимараттарын салуға айрықша көңіл бөлінеді. Мысалы, Жаңа Орлеан қаласындағы биіктігі 27 қабаттық үймен бірдей елдегі ең ірі жабық стадион бар. АҚШ жерінде 7 рет Халықаралық Олимпиадалық ойындар өткізілген.
Слайд 84АҚШ-тың әлемдегі аса қуатты ел ретінде танылуы оның дүниежүзі экономикасы мен
қаржы жүйесінде алатын орнымен де анықталады.
АҚШ-тың ұлттық ақшасы- америка доллары дүниежүзіндегі тұрақты валюталардың бірі. Вашингтон қаласында 1945 жылы құрылған Халықаралық валюта қорының басқармасы орналасқан. АҚШ доллары бұл қордағы ақша көлемінің 42 %-ын құрайды.
Слайд 85Құрлық жолдарының негізгі күретамырлары елдің батысы мен шығысын (Тынық және Атлант
мұхиттары аралығы), солтүстігі мен оңтүстігін (Канадамен шекарадан Мексика шығанағына дейін) жалғастырып жатыр. Алғашқы трансконтиненттік теміржолдар Нью-Йорк – Сан- Франциско(1869ж., ұзындығы -4246 км), Вашингтон- Лос- Анджелес (1881ж., ұзындығы-4787 км), Нью-Йорк- Сиэтл (1893ж., ұзындығы- 13560 км) аралықтарында іске қосылды. Қазіргі кездегі елдегі ең ірі көлік тораптарының бірі- Чикаго қаласы. Мұнда елдің жан-жағынан келетін 30 теміржол түйіседі, тәулігіне бұл қала арқылы 2 мың поезд өтеді.
Слайд 86Ең маңызды порттық- өнеркәсіптік кешендер Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы, Тынық
мұхит жағалауларындағы қолайлы айлақтарда шоғырланған. Жалпы алғанда, елде 100-ге жуық порт бар. Ұлы көлдерді кейде Тынық және Атлант мұхитынан кейінгі “3-ші теңіз жағалауы”деп атайтынын тағы да естеріңізге саламыз.
Слайд 87АҚШ азаматтық авиациясындағы ұшақтар саны жөнінен дүниежүзінде 1-ші орынды алады. Елде
15 мыңнан аса әуежайлар бар. Олардың ішіндегі ең маңызды 10 әуежай әлемдегі аса ірі 20 әуежай құрамына кіреді
Слайд 89Өзін-өзі тану:
Еңбектің өзек тамыры,
Нұрланған өткір талаппен.
Сәулеті биік өнердің,
Табылған мықты тұрақпен,- осы
өлеңді қалай түсінуге болады?
Адамды тарлық шынықтырады,
Адамгершілікті барлық ұмыттырады, осы сөз тіркестері америкалықтарға тән емес пе, қалай ойлайсыңдар?
Слайд 90 Жолдаудың 2014-тің 10 сенсациясы:
Қоғамдық көліктің отынның экологиялық түрлеріне көшіру, электромобильдер енгізу,
АЭС үшін өз отынымызды өндіруді дамыту.
Слайд 91Әлеуметтік дамудың 7 стратегиялық қадамы:Сапалы жолдар және барлық көлік түрлері үшін
шапшаң жүретін маршруттар енгізу.
Жолдаудағы 10 креативті идея бойынша көлікте логистикалық қызмет секторы белсенді дамитын болады. Жүктерді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағы борынша пайданылмақ. Болашақта Қазақстан теңізге шығатын елдерде логистикалық орталықтар құруды инвестициялауды бастайтын болады.
Слайд 92Өзін-өзі тану:
Қазақстанның ұлттық идеясына не айтамыз?
Бадам ағашына ұқсама-
ал ол бар ағаштан бұрын гүлдейдіде, бәрінен кеш жеміс береді;
одан да асқабаққа ұқса- ол кеш гүлдесе де, ерте жеміс береді.
Слайд 931.Экономикасының жоғары даму себептері «Еңбек тобы»
Экономикасының жоғары даму себептері
Слайд 94Елдің жоғары экономикалық даму деңгейі көрсеткіштері
1.Еңбек өнімділігі жоғары
2.Өнеркәсіптегі ғылымға негізделген өндірістің
үлесі басым: Бұған ірі университеттер негізінде өркендеген ғылыми – өндірістік орталықтар негіз болады. Мысалы, электрондық өнімдерді шығаруға Стэнфорд университетінің негізінде өркендеген Калифорниядағы «Силикон аңғары», Бостон маңындағы Массачусетс технология институты негізінде қалыптасқан орталық маманданған.
3.Экспорттағы ғылымға негізделген өнімнің үлесі артуда
4.Тауарлар мен қызмет көрсетудің әлемдік нарықта бәсекелесуі. Басқа елдерде кәсіпорындарын ашқан аса ірі компаниялар АҚШ шеңберінен шығып, ұлтаралық компанияларға айналған.
Слайд 95Өзін-өзі тану: «Ғылым –теңіз, білім- қайық.», «Білімнің басы- бейнет, соңы зейнет».АҚШ
мысалынан осы нақылдарды қалай түсіндірер едің? Қазақ халқына «Жер ырыстың кіндігі, білім- ырыстың тізгіні»,- дей отырып, болашағын қалай көрсетер едіңдер?
Жолдаудың 2014-тің 10 сенсациясы:
Ғылымды қаржыландыруды ІЖӨ-нің 3 %-нан төмен емес деңгейіне өсіру;
Жетекші университеттерді академиялық және автономды басқаруға көшіру;
Техникалық білім алуға мемлекеттік кепілдік беруге көшу.
Слайд 96Экономиканы дамыту бойынша 7 стратегиялық қадам:
ІЖӨ- нің жыл сайын 4
пайыздан кем емес өсіміне қол жеткізу;
2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ІЖӨ –ге қатысу үлесін 20 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайтады:
Еңбек өнімділігін 5 есе ұлғайту (24.5 мың доллардан 126 мың долларға дейін);
Инвестициялар көлемін ІЖӨ –нің 18 %-нан 30 %-на дейін ұлғайту;
ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
Қазақстанда ЭЫДҰ- ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу;
Экономиканың ғылымды қажет ететін моделін енгізу үшін қазақстандық экспорттық әлеуеттегі шикізаттық емес өнімінің үлесін 70 % -ға дейін жеткізу:
Слайд 97Жолдаудағы 10 креативті идея бойынша аумақтық дамуда ең ірі қалалар Астана
мен Алматы, одан әрі Шымкент пен Ақтөбе алғашқы қазіргі заманғы урбанистік орталықтарға айналады. Олар сондай-ақ ғылымның және инвестициялар мен халықты тарту орталықтарына айналмақ. Қалалық тұрғындар үлесі 55 %-дан 70%-ға дейін өседі.
Слайд 982.Әлемдегі өндірістері
«Талап тобы»
Слайд 99АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ:
Әлемдегі өндірістері
Слайд 100 Елдің дүниежүзілік нарықтағы өзіндік сипаты мен орнын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіп саласының
бірі — автомобилъ жасау. АҚШ-тағы 125 қалада автомобиль шығарылады. Әсіресе Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны «автомобильдер астанасы» деп те атайды. 1896 жылы Детройт маңындары Дирборн қаласында Генри Форд алғаш рет автомобильді конвейерлік әдіспен шығаруды игеріп «Форд моторс» автомобиль компаниясын ұйымдастырған болатын. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын дүние жүзіндегі ірі ұлтаралық концернге айналды: компанияның құрамына енетін кәсіпорындарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. АҚШ-тың автомобиль жасау саласында әйгілі «Дженерал моторс», «Крайслер» корпорацияларының да өзіндік орны бар.
Слайд 101«Тойота»
«Дженерал моторс»
«Фольксваген»
«Хюндай моторс»
«Форд»
8,56 млн дана
8,48 млн дана
7,34 млн дана
5,76 млн
дана
4,99 млн дана
Ірі өндіріс компаниялары (2010 жыл)
Слайд 105Ұлыбритания
Германия
Франция
Испания
Италия
“Дженерал моторс”
“Форд моторс”
Слайд 109 Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қазақстандағы
АҚШ-тың ірі компаниялары
Суреттер
Қорытынды
Слайд 110
Бұрыннан салынып жатқан мұнай және газ өнеркәсібі
саласындағы ірі инвестициялардан бөлек General Electric компаниясы Астанада теміржол локомотивтерін шығаратын жаңа ірі зауыт ашты
Слайд 111 IBM компаниясы осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Астанада
Linux ашық код саласындағы инновация орталығын ашты, бұл - IBM компаниясының жоғары технологияларға арналған әлемдегі саусақпен санарлық орталықтарының бірі.
Слайд 112 2001 жылы Теңіз мұнай кені көзін игеру мақсатында “Шеврон”
корпорациясы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорын ұйымдастырды. “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны Қазақстан тарихында ең ірі үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді. Теңіз және Королев кеніштерінде жүргізілген бұл жұмыстар біріккен кәсіпорынның иелігіндегі алаңдардың мұнай қорын анықтап, оны арттыруға мүмкіндік беріп отыр. “Шеврон” корпорациясы Каспий құбыр жүйесі консорциумына қатысушы инвестор болып табылады. Оның бұл консорциумдағы үлесі аса қомақты – 15%. Сондай-ақ бұл корпорация майқұю станцияларының үлкен жүйесін салу арқылы да республикамыз5а айтарлықтай инвестиция әкеліп отыр.
Слайд 113“Халибуртон”
Қазақстанға инвестиция ғана әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге оның қатысуымен
Қазақстан дүниежүзілік мұнай нарығының ажырамас бөлігіне айналып келеді. 2005 жылдан бері тек 2 жылда қана мұнай-газ кешеніне 2,7 миллиард доллар тікелей инвестиция жұмсалды. Біздің экономикамыздағы өте маңызды мәселелердің бірі-мұнайымызды әлемдік нарыққа тасымалдау.
Қорытынды
Инвестиция әкеліп отырған ірі компаниялар сыртқы сауданың өсуіне де жағдай жасайды. Қазіргі кезде әлемнің 145 мемлекеттерімен сыртқы сауда операциялары жүргізіледі. Әлемнің 122 елі экспорттық операциялар жүргізсе, 115 елдерден импорттық тауарлар келеді.
2007 жылдың 1-ші жартысында жұмыс жүргізуші біріккен және шетелдік кәсіпорындардың қызметтер мен тауарлар экспортының көлемі – 1435,5 миллион АҚШ долларын құрады, ал импорт көлемі – 468,5 миллион АҚШ доллары болды. Тауарлар мен қызметтердің экспорттың құрылымында маңызды көлемді келесідей кәсіпорындар иеленеді: біріккен және шетелдік кәсіпорындардың барлық экспортының 43,2%-ы немесе 620,6 млн.долл. металлургия және металл өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, 39,4%-ы немесе 565,9 млн.долл. мұнай және газ саласына, 7,5%-ы немесе 107,9 млн.долл. көлік және байланыс саласына, ал 9,9% немесе 141,1 млн.долл. басқа салаларға тиесілі болады. Жұмыс жүргізуші біріккен және шетелдік кәсіпорындардың тауарлар мен әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындардың үлес салмағы сәйкесінше келесідей болып келеді. 19,3% (90,5 млн.долл.) металлургия және металл өңдеу өнеркөсібіне, 19,1% (89,4 млн.долл.) мұнай және газ саласына, 9,3% (43,5 млн.долл.) көлік және байланыс саласына тиісті. Осы көрсетілген жыл ішінде сыртқы экономикалық қызметтер жүргізетін барлық қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар жалпы экспорттың 16,8%-ін немесе 355,5 млн.долларды құрады. Ал жалпы импорт көлемі 14,1% немесе 329,4 млн.долларды құрайды.[9]
Слайд 115Үйге тапсырма беру:
§38 оқу.Қалаларын жаттау. Ірі өнеркәсіп орталықтары кескіндеу.Қазақстанда қызмет ететін
АҚШ-тың қаржы ұйымдары туралы қысқаша хабарлама дайындау.
Слайд 116Барлығыңа бір сұрақ?
Өзін-өзі тану:
«Білім артық па, байлық артық па?»
Слайд 117Әзірет Әлінің жауабы:
1.Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, ал байлық
бақылдардан қалған мұра.
2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.
4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны осыдан.
5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек.
Слайд 1186. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің
артық болатыны сол.
7. Білім артық, білім көп болғанмен есеп –қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние –мал бүлінеді, сондықтан да білім артық.
9. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол бірақ білімсіз адам байлығына мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, ол жаныңды байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.
10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол бірақ білімсіз адам байлығына мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.
Слайд 119Сабақ соңы:Ән:
«Туған жер» Сөзін жазған:Бүркүт
Слайд 120Күндеріңіз нұрлы, шуаққа толы болсын!!!