Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Пән мұғалімі: Балажігітова Нұртілеу Құрманәліқызы.
Заттың
тығыздығы.
Слайд 3Физиканы оқуға кiрiсерде, бiз дененің сапалық қасиетін сипаттайтын материяның түрі затпен
таныстық. Бәрiңiз еске сақтаңыздар - барлық физикалық денелер заттардан тұрады. Бiз зат туралы не бiлетiнiмiздi еске түсiрейiк.
Слайд 4Заттың агрегаттық күйлерін атаңдар.
Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау.
Слайд 6Кез- келген заттың күйін қалай ажыратамыз?
Слайд 7Молекулалардың орналасуына және олардың қозғалысына қарап.
Слайд 8Сiз дененiң көлемін қалайша бiле алар едіңіз?
Слайд 9Дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып.
Слайд 10Көлем қандай әріппен белгіленеді? Оның өлшем бірлігі қандай?
Слайд 12Дененің массасын анықтай аласыз ба?
Слайд 14Масса қандай әріппен белгіленеді? Оның өлшем бірлігі қандай?
Масса- m
Өлшем бірлігі-кг
Слайд 16Танымдық есептер.
Сіздердің алдыңызда үлкен және кішкентай пластилин кесегі жатыр. Тәжірибе жасай
отырып пластилиннің массасы мен көлемін анықтап, нәтижені салыстырайық.
Алынған нәтижеге сүйеніп, пластилин кесегінің масасы неге тәуелді екенін айтуға бола ма?
Слайд 17
Иә, масса дененің көлеміне тәуелді : дененің массасы үлкен болса, оның
көлемі де үлкен болады.
Слайд 18Өлшеу нәтижесін таблицадан басқа қандай тәсілмен ұсынар едіңіз?
Слайд 19Массаның көлемге тәуелді графигін тұрғызуға болады.
Слайд 20Графикте қандай сызық пайда болды? Мұндай тәуелділік қалай аталады?
Слайд 21Графикте түзу сызық пайда болды, бұл тәуелділіктің тура пропорционал графигі. Яғни,
дененің көлемі қанша есеге өзгерсе, дене массасы соншаға өзгереді.
V
m
Слайд 22Жаңа сабақты түсіндіру.
Әрбiр дененің өз өлшемдерi және массасы болады – бұл
тұжырым ешкімге күмән тудырмайды; дененiң массасы өлшемге ғана емес, ол қандай заттан тұратынына тәуелдi болады.
Слайд 23 Кішігірім зертеу жүргізейік.
Сіздердің алдыңызда көлемдері бірдей екі зат берілген, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар
Слайд 24Қорытынды: Денелердің көлемдері бірдей, массалары әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.
Слайд 25Сіздердің алдыңызда екі дене берілген көлемдері әр түрлі таразының көмегімен массаларын
салыстырып, қорытынды жасаңдар.
Зертеуді жалғастырайық
Слайд 26Қорытынды: Денелердің массалары бірдей, көлемдері әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.
Слайд 27
Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі
туындайды.
Слайд 28Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы
айтады. Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек.
Слайд 29 Заттың тығыздығы үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа
қатынасы алынған бұл көлемі 1 м³, массасы 1 кг тең біртекті заттың тығыздығы
Слайд 311800кг/м³ , нені білдіреді? Тығыздығы осыған тең, ол қандай зат?
Слайд 32Көлем бірлігіндегі кірпіш массасы
Қосымшадағы 6,7,8-кестелерге қарап анықтаймыз
Слайд 33Заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей-ақ оның массасын
анықтауға болады
m=ρV
Слайд 34Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп
табуға болады.
V=m/ρ
Слайд 35Көп жағдайда дене тегі әр түрлі
заттардан жасалады. Мұндай жағдайда ρ=m/V
формуласы бойынша есептеулер жүргізе отырып, денені құрайтын материалдың
орташа тығыздығы (ρорт=m/V ) табылады.
Слайд 37Көлем бірлігіндегі керосин және гранит массасы
Слайд 38Көлемі 1м3 болатын,массасы 1,29 кг тең ауаның тығыздығы неге тең?
Слайд 40Көлемі 1л болатын, массасы 1 кг тең ауаның тығыздығы неге тең?
Слайд 42Көлемді анықтаңдар:
а) 7800 кг болат; ρ=7800 кг/м³
Слайд 44Ұзындығы 9 см, ені 5см, қалыңдығы 4см алтын кесегінің массасын анықтаңдар.
Слайд 45Берілгені: Шешуі:
а=9 см
V=а*в*с
в=5см V= 9 см *5см*5см=225 см³
с=4см
т/к m-? m=ρV=19,3г/см³*225см³=
=4342 г
Слайд 46Мұз, су, су буы– әртүрлі агрегаттық күйдегі зат. Бұл заттардың тығыздығы
бірдей ме?
Қалай ойлайсыңдар, неліктен мұз, су, су буы тығыздықтары әр түрлі.
Слайд 47Молекулалардың орналасуы түрліше
Слайд 48Ыдыстарда бiрдей массалы сұйықтар құйылған. Қай ыдыста тығыздығы жоғары сұйық орналасқанын
анықтаңдар.
Слайд 49Тауық жұмыртқаларының жаңа немесе ескі екенін қалай білуге болады?
Слайд 50Тауық жұмыртқаларының жаңа екенін олардың орташа тығыздығы бойынша анықтауға болады. Ұзақ
уақыт сақтаған кезде сұйықтың бiр бөлiгi қауыз арқылы буланып ауамен алмастырылады. Оның көлем бірлігіндегі орташа тығыздығы азаяды да жеңіл болып қалады. Жаңа жұмыртқа суда батады, жаңа емес қалқиды.
Слайд 51Берілген қоспаларды пайдаланып қамыр (теста) тығыздығын анықтаңдар.
Берілгені:
Шешуі: ρ= m/ V
m1=100 г (сүт) m= m1+ m2+ m3+ m4 ρ1=1028кг/м3 V = V1+ V2+ V3+ V4 V2=0.0005 м3 (ұн) V1= m1 / ρ1 m2=0,5 кг V3= m3 / ρ3 m3=50 г (бал) V4= m4 / ρ4 ρ3=1345 кг/м3 Есептеуі: m4=0,1 кг (күнб. майы) m= 0,1кг+ 0,5 кг+ 0,05кг+ 0,1кг=0,75кг ρ4=950 кг/м3 V1= 0,1кг : 1028 кг/м 3 =0,00098м3
т/к ρ-? V3 =0,05 кг: 1345 кг/м 3=0,000037м3
V4=0,1кг : 950 кг /м 3=0,0001м 3 V=0,000098м 3+0,0005м3 +0,000037м3+ 0,0001м 3=0,000735м 3
ρ =0,75кг/0,000735м 3=1020кг/м 3
Жауабы : 1020 кг/м 3
Слайд 52Қандайда бір тетік көлемінің 1/3 бөлігі қорғасыннан және 2/3 бөлігі қалайыдан
жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай?
қалайы массасы
қалайы тығыздығы
қорғасын массасы
қорғасын тығыздығы