Слайд 1Механикалық энергия. Энергияның өлшем бірлігі. Кинетикалық және потенциалдық энергия.
Слайд 2Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Слайд 3Мақсаты:
кинетикалық және потенциалдық энергияның формуласын білу және қолдану.
энергияның бір түрден екіншісіне
ауысуын түсіндіру және мысалдар келтіру;
Слайд 4Физикалық терминдер
Механикалық энергия, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, дененің жұмыс
істеуге қабілеттілігі, қозғалыс жылдамдығы, массасы, көтерілу биіктігі.
Слайд 5Энергия ұғымы «жұмыс» және «қозғалыс» ұғымдарымен байланысты. Қозғалыстағы денелер ғана жұмыс
істеуге қабілетті.
Энергия әрқашанда дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі болып табылады.
Материяның барлық түрлерінің өзара әрекеттесуінің және қозғалысының жалпы сандық өлшемі энергия деп аталады.
Слайд 6Энергия мен жұмыс өлшем бірлігі бір- біріне дәл келеді.
А=N*t
1 Дж= 1 Вт*1 с
1 кВт*сағ =3600000 Дж
[A]- Дж
[E]- Дж
Слайд 8155- сурет бойынша
Дененің массасы артса, жұмыс істеу қабілеті артады;
Дененің жылдамдығы
артса, жұмыс істеу қабілеті артады;
Дененің массасы мен көтерілу биіктігі артса, жұмысы артады;
Слайд 9Кинетикалық (грекше кинетикос- қозғалыс) энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны
айтады.
Дененің кинетикалық энрегиясы дененің массасы мен жылдамдығының квадратына тура пропорционал болады:
Ек= mv2/2
Слайд 10Потенциалдық (латынша потенция- мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің (немесе бір
дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Ауырлық күші әрекет ететін жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді:
Еn= mgh
Слайд 11Денелердің әр түрлі энергиялық күйлерін сипаттау үшін энергия деңгейі деген ұғым
қолданады. Әрбір энергия деңгейіне нақты шамалар сәйкес келеді, олардың айырымы абсолют шамасы немесе энергия өзгерісі қолданылады.
Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыс шамасына тең:
А= ∆ W
Слайд 12Жылдамдығы 72 км/сағ , массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясын анықта.
Слайд 131. Дененің жылдамдығын 2 есе азайтса, кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
2. Дененің
массасын 2 арттырса, кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
3. Дененің массасын 3 есе арттырып, жылдамдығын 2 есе азайтса, кинетикалық энергиясын анықта.
Слайд 144 м биіктіктегі дененің потенциалдық энергиясы 120 Дж, дененің массасын анықта.
Слайд 151. Дененің массасын 2 есе арттырса, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
2. Дененің
көтерілу биіктігін 4 есе арттырса, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
3. Дененің массасын 2 есе арттырып, биіктігін 2 есе кемітсе, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
Слайд 24Механикалық энергия деп дененің потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергияларының қосындысын айтады:
W=
Ek+Eп
Механикалық энергия дененің жылдамдығына да, орналасқан қалпына да байланысты өзгереді.
Слайд 25Механикалық энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында
тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы өзгеріссіз сақталады.
W= Ek+Eп= const (тұрақты)
Слайд 27Эдисон физикасы, 7-сынып - Потенциалдық және кинетикалық энергия
Слайд 28Ауырлық күшінің істейтін жұмысы потенциалдық (кинетикалық) энергияларының өзгерістеріне тең болады:
А= En1- En2 A= Ek2- Ek1
En1- En2 = Ek2- Ek1
En1+ Ek1 = En2 + Ek2
W1= En1+ Ek1 W2= En2 + Ek2
W1= W2= W= const
Слайд 291. Бірдей биіктіктегі радиустары бірдей алюминий мен қорғасын шариктердің потенциалдық энергиясын
салыстырыңдар.
2. Жіпке ілінген денені ауытқытып, жібере салады. Уақыт бойынша кинетикалық және потенциалдық энергиясы өзгерісін түсіндір.
Слайд 301. Мыс және алюминий шариктерді бірдей биіктікке көтергенде потенциалдық энергиялары бірдей
өзгереді. Қай шариктің көлемі үлкен?
2. Гранит және бетон плиталарды бірдей биіктікке көтергенде потенциалдық энергиялары бірдей өзгереді. Қай плитаның көлемі үлкен?
Слайд 31Көлбеу жазықтық бетіне тиын қойып, сырғанағанша көтеру керек. Тиын массасы мен
көлбеу жазықтық биіктігін өлшеп ал. Тиын сырғанаған кездегі потенциалдық энергиясын анықта. Энергияның қандай түрленулері болды.
Доп массасын өлшеп, 1,5 м биіктіктен тастап жіберіп, қайтадан көтерілу биіктігін бақылаңдар, бастапқы потенциалдық энергиясын анықта, энергияның қандай түрленулері болды.
Слайд 32Тест тапсырмалары
1. Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
A) дененің қозғалыс энергиясы.
B) дененің жылдамдығының
өзгеру энергиясы.
C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.
D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.
E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.
2. Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті. Жебенің көтерілу уақыты
А) 10с В) 5с С) 3с D) 4с Е) 2с
3. Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы
A) mgh B) 0 C) – mgh
D) 2mgh E) mgh/2
5. Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы
A) A = mgh1 – h2
B) A = – (mgh2 – mgh1)
C) A = mgh2 – mgh1
D) A = 0
E) A = mgh2
6. Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?
А) күш импульсі в) күш моменті
с) дене импульсі д) күш E) энергия
7. Механикалық энергияның сақталу заңы
A) E=mgh B) E=mv2 /2
C) Ek=Eт+Ep D) Eт=Ek+Ep E) Ep=Eт+Ek
9. Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы
A) 12960 Дж B) 5000 Дж
C) 360 Дж D) 500 Дж
E) 180 Дж
10. Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м - ге жылжытқанда істейтін жұмысы
A) 200Дж
B) 50Дж
C) 0, 005 Дж
D) 0
E) 1800Дж
Слайд 331.Бекітілген, 400 Н күштің әсерінен сығылған, потенциалдық энергиясы 8 Дж серіппенің
қатаңдығы-?
Жауабы : 104 Н/м
2.Денеге 30 Н күш әсер етіп, ол күштің әсер ету бағытында 2 м орын ауыстырады. Күштің жұмысы-?
Жауабы : 60 Дж.
3. Дененің 4м биіктіктегі потенциялдық энергиясы 120 Дж болса,
массасы -?( g=10м\с )
Жауабы: 3кг;
4.Бастапқы кинетикалық энергиясы 49 Дж массасы 0,25 кг допты вертикаль жоғары лақтырғанда, кинетикалық және потенциалдық энергияларының теңесетін биіктігі-?
Жауабы : 10 м.
5.Бастапқы жылдамдықсыз 30 м биіктіктен құлаған массасы 4 кг дененің потенциалдық энергиясы 3 есе кеміген кезде кинетикалық энергиясы -?
Жауабы : 800 Дж.
Слайд 341.Кинетикалық энергиясы, 800 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 10 кг зеңбірек оғының
энергиясына тең 2 т автомобильдің қозғалыс жылдамдығы-?
Жауабы : 57 м/с.
2.Массасы 0,1 кг, тік жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің, көтерілгендегі ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясы-? (g=10м/с2)
Жауабы : 5 Дж
3.Массасы 250 г дене 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырған кездегі кинетикалық энергиясы-?
Жауабы : 28 Дж..
4.Массасы 400 г, 300 см биіктіктен құлап түскен дененің жерге ұрылғандағы кинетикалық энергиясы -?(g=10м/с2)
Жауабы : 12 Дж