Слайд 110 «а» сынып
оқушысы
Бекзатова Ақерке Манатовна
Абитаева Нургул Кабдрашевна
Жоба жетекшісі
Слайд 2Абитаева Нургул Кабдрашевна
Ұзақ мерімді жоспар, 8.3.В
Қозғалыс
Теміртау қаласының №2 ЖББОМ»
КММ биология пәнінің мұғалімі
з
8.1.6.1. Тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
Слайд 3Жобаның мақсаты:
Қала экологиясының ластану көздерің анықтау
Слайд 4Міндеттері:
- Ластануының себептерін ашу;
- Қоршаған ортаға, тірі ағзаларға әсерету жолдарын анықтау;
-
Мәселенің шешу жолдарын көрсету.
Слайд 5 Проблемма:
- Теміртаудың экологиялық жағдайы.
- Теміртау экологиясының тірі организмге
әсері.
- Ластануының себептерін ашу.
Слайд 6 Болжамы:
Егерде біз Теміртау қаласының экологиялық жағдайын, қоршаған
ортаға тірі ағзаларға әсер ету жолдарын, ластануының себептерін ашсақ, сонда біз өз мақсатымызға жетеміз.
Слайд 7
Зерттеу обьектісі:
«Теміртаудың экологиялық жағдайы»
Слайд 8 Маңыздылылығы:
– Бұл жерде кінәліні табу ғана емес,
қоршаған ортаға тиіп жатқан зиянды қалай жою. Теміртау экологиясының тірі ағзаларға кері әсері туралы анықтап, оның шешу жолдарын қарастыру.
Слайд 9Күтілетін нәтиже:
Теміртау қаласының экологиялық жағдайын зерттей отырып, ластануының себептеріне
нақты мысал келтіріп, таза ауамен тыныстау мақсатымыз.
Слайд 10Кіріспе
Еңбектің, қаласы! Құрыш шаһар! Елбасы еңбек жолын бастаған
шежірелі де несібелі қала – Теміртаудың атауын естісе, иісі қазақтың көкірегін мақтаныш кернейді. Алайда өзегі өндірістен, тамыры тағылымды тарихтан бастау алатын қазыналы шаһардың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы сөз қозғалса, көп күмілжиді жұрт. Еңбектен қол үзбеген теміртаулықтар көк түтінге тұншығып отырмыз деп дабыл қақты. Тыныстаған ауа, ішкен судан кесел жұқтырамыз ба деп алаңдаған жергілікті халықтың жанайқайына құлақ түріп көрсек...
Слайд 12Ақ ұлпаның 2-3 күн ішінде қара күйеге айналуы
Слайд 13Үйымдастыру кезеңі
Ғылыми жетекшімен бірге тақырып таңдау үстінде
Слайд 14Ғаламтор көздерінен
Ізденушілік жұмыстар
Слайд 15Теміртау қаласында ауаның ластану деңгейі жылдан жылға ушығып бара жатқаны бұған
дейін талай рет айтылып, жазылған. Қандай да бір нәтиже шығар, кінәлілер жауапқа тартылып, шаһардың экологиялық ахуалы оңалар деген үмітпен әліптің артын баққан теміртаулықтардың шыдамы шегіне жетті. Көк түтін торлаған қалада әрі қарай өмір сүру мүмкіндігіне күмәндана бастаған жергілікті тұрғындар өндіріс орындарына тексеріс жүргізуді талап етіп, жергілікті әкімдік пен прокуратураға хат жазылды, тиісті мекемелерге тапсырылды
Теміртаулықтардың талабы
Слайд 16 Теміртауда соңғы күндері қаланы тұман басып кеткен. Өндіріс орындарының
мұржасынан ұшқан қою түтіннен қардың бетін қара күйе жапты. Ал жел терісінен соққанда қолқаны қабатын сасық иістен демалу тіпті мүмкін емес. «Әдетте «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорындары орналасқан аумақтан будақтап созылып жататын қою қара түтін бүкіл қаланы басып кетеді. Біз, қала тұрғындары, жыл сайын ауаға тасталатын зиянды қалдықтардың көлемінен бейхабармыз. Ауада қандай қауіпті заттар бар екенін және олардың мөлшері қандай екенін білмейміз. Жергілікті кәсіпорындар бізді және балаларымызды немен улап жатыр, мемлекеттік өкілетті органдар тарапынан табиғатты қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалу барысы тексеріле ме, тексерілсе, қорытындысы қандай – осы сауалдарға жауап алғымыз келеді.
Слайд 17 Арыз-шағымдарын айта келе теміртаулықтар жергілікті билікке қояр талаптарын да
тізбектеді. Біріншіден, еліміздің түкпір-түкпірінен білікті мамандар шақырып, қаладағы өндіріс ошақтарының сүзгі қондырғыларына тәуелсіз тексеріс жүргізуді талап етіп отыр. Екіншіден, қала зауыттарында ҚР экологиялық және табиғатты қорғау заңнамаларының сақталуы республика, облыс және қаладағы жауапты органдардың, үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қадағалауымен толыққанды тексерілгенін , қаланы торлап алған жағымсыз химиялық иіс, қара күйе мен түтіннің пайда болу себебін анықтаса. Үшіншіден, ауаға тасталған зиянды қалдықтардың көлемі жайлы қала халқына тұрақты түрде ақпарат беріп отырылса. Төртіншіден, эколог мамандар, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым мүшелерімен бірлесіп Теміртау қаласының экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін жасауды және сол шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді сұрайды.
Слайд 18 Қалалықтардың дабыл қағатын жөні бар. 2016 жылы қаладағы ауа
құрамында азот диоксиді рұқсат етілген көрсеткіштен 2036 есе асып кетсе, күкірт қышқылы – 1557 есе, күкірт диоксиді – 2060 есе, көмірқышқыл газы – 106 есе, фенол – 593 есе, аммиак 26 есе артқан. Автоматты стансалардың жазбасына сүйенсек, 2016 жылдың 24,25 және 28 ақпанында қаланың шығыс бөлігінде ауаның азот диоксидімен жоғары деңгейде ластану дерегі 12 рет тіркелген. Ластану туралы деректерді қала тұрғындары арада бір жыл өткен соң ғана біле алады. Ауаның дәл қазіргі жағдайы теміртаулықтар үшін қат-қабат қағаздар астындағы құпия. Бақылауды «Қазгидромет» мамандары жүргізеді, алайда олар өз зерттеулерінің нәтижесін тегін таратпайды. Сондықтан тұрғындар немен тыныстап жатқандарын біле алмай дал. Ауадағы улы заттар өздерінен бұрын, балаларының денсаулығына залал келтіре ме деп алаңдауда.
Слайд 19
Теміртау қаласының экологиялық аймаққа айналу себептері неде?
Теміртаудағы қыстың ұзақтығына байланысты үйді
жылыту үшін көмірді көп мөлшерде қолдану ( көлік доңғалағының резеңкесі)
Автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтар.
«Арселор Миттал Теміртаудан» шыққан зиянды қалдықтар.
Слайд 20Теміртау қаласының экологиялық аймаққа айналу себептері неде?
Слайд 21
Өндірістің даму қарқыны жылдан жылға артып келе жатқандықтан
Теміртау бірнеше жылдан бері ауасы ластанған қалалар тізімінде көш бастап тұр. Ресми деректер бойынша 2016 жылы бір ғана «АрселорМиттал Теміртаудан» шыққан зиянды қалдықтар көлемі 239 мың тоннаны құраған. Оның 60 пайызы – тұншықтырғыш газ. «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, әсіресе азот диоксиді мен фенолдың көрсеткіші шекті деңгейден бірнеше есе асып кеткен.
Фенол мен азот диоксиді – ең қауіпті өндірістік ластаушылардың бірі. Олар шырышты қабықты, жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесін зақымдайды. Сондай-ақ, бұл улы заттар адамның ішкі органдарының қалыпты қызметін бұзып, ауыр сырқат түрлерінің пайда болуына әкеліп соғады. Мамандардың айтуынша, қатерлі ісік тудыру қаупі жоғары.
Слайд 223 мың адам онкологиялық дертке шалдыққан
Қазіргі таңда Теміртау қаласында 170 мыңға
жуық адам тұрады. Олардың 3 мыңнан астамы онкологиялық ауруларға шалдыққан. Ең қорқыныштысы, бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын ұлғайып келеді. «Өткен жылы 200 адамды есепке алдық. Олардың барлығынан қатерлі ісіктің бастапқы белгілері анықталған. Науқастар санының артуы экологиялық жағдайдың салдары екені анық», – дейді №1 Теміртау қалалық емханасының онколог-дәрігері Ирина Баранова.
Слайд 24
Теміртау тұрғыны Серік Теміров қазір 3 баласын есік алдына шығаруға қорқады.
Себебі, қарға аунап жүрген ойын баласы үйге шаң-тозаң мен қара күйе жабыстырып кіреді екен. Оның үстіне бір ұлын бірнеше күннен бері жөтел қысып жатқаның айтты Алаңға балаларды шығарып ойнату қиын. Себебі мынау шаң, кір. Үйге балалар кіргенде, үйге лас боп кіреді. Осынадй экологиялық шығындар адамның өміріне зияныны тигізеді деп ойлаймын. Бұған арнайы бір эколог немесе медик болудың қажеті жоқ, былай-ақ та көрініп тұр..
Кейінгі күндері көбейіп кетті. Қазір бүкіл қала тұрғынын осы мәселе алаңдатып отыр. Алаңға балаларды шығарып ойнатудың өзі қиын. Себебі балалар үйге үсті-басы лас болып кіреді. Қазір күн суық, қыс, аяз, онша білінбей тұр. Жазда шаң болып көтеріледі. Мұның зияны сол кезде екі есе көп болады деп ойлаймын.
Слайд 25
Қорытынды
Теміртау қаласының бірнеше нүктелерінен алған қар үлгісінің зертханалық
нәтижелерін «Экоэксперт» ЖШС директоры Виктор Матонин хабарлады.Қол жеткізген нәтижелерге сай біз «қара қар» деп атап отырған ластану тек жергілікті көздердің салдарынан екенін дәл айта аламыз. Дәлірек айтар болсақ, ешқандай трансаймақтық ауысып келулер жоқ, деп айтуға болады.
Сарапшының мәліметінше, қардың үлгілерінде көміртек пен күйенің және де темірдің үлкен көлемдегі қоспасы анықталды. Бұл отын-энергетикалық кешеннің және металлургиялық өнеркәсіп көздеріне сілтейді. Тұнбаларда титан, барий, ванадий, кадмийдің элементтері анықталған. Мұнай өнімдеріне тексеру барысында автокөліктердің үлесі бағаланды.
Теміртау көк түтіннен көз ашпайтын секілді. Біреу жанның, енді біреу қалтаның қамы үшін қоршаған ортаны аяусыз ластауда. Теміртаулықтар үшін жұтқан ауа ғана емес, ішкен су мен жеген ас та қатерлі болып тұр. Көк түтіннің түнегінен арылмаса, құрыш қаланың өкпесі өшері анық.
Бұл жолы АМТ компаниясы қоршаған ортаны қорғау үшін 2017-2019 жылдары құны 18,5 миллиард теңге болатын 23 экологиялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын жариялады.