Слайд 1“Бөбек” Ұлттық ғылыми – практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
“Өзін-өзі тану”
балабақшасы
Мейірімділік
тәрбиесі
Слайд 2Ақылшы ұстаздың сөзі:
Рухани кәусар бұлақ көзіне жолды іздеп табу
– бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.
С.А. НАЗАРБАЕВА
Слайд 3
«Өзін – өзі» тану пәні, оның жанұяны рухани –адамгершілік
құндылықтарымен сауықтырудың маңызы немесе жанұя тәрбиесіндегі табиғат сабақтары
“Бөбек” ҰҒПББСО
“Өзін – өзі тану” балабақшасының
директоры Лукашева Т.К.
Слайд 4Ұйымдастыру ма, әлде тәрбиелеу ме?
Қазіргі уақытта ата-аналардың көпшілігі балаларын тәрбиелеуге қарағанда,
ұйымдастыруды нәтижелі орындайды.
Ұйымдастыру – бұл ойлана отырып, бірдеңені нақты түрде жасау. Бұған бала үш жасқа келгенде жақсы балабақша таңдау, жеті жаста мектеп, он сегізде колледж және әртүрлі үйірмелерге жазып, уақытында үй тапсырмасын орындау кіреді…
Осылардың барлығын ұйымдастыра отырып, біз өзіміздің балаларымызды тәрбиелейміз бе?
Тәрбие ақыл -ойды ғана қажет етпейді, оған біздің жүрегіміз де керек.
Сондықтан, күн тәртібіне құшаққа алуды, итерудің орнына – мақтауды, берген жарыққа–жылуды қосқан жөн болады.
Слайд 5Сүйіспеншілік білдіру даналығы
Берілген материалдың мақсаты – біздер мен сіздерге жақсы тәрбиенің
тоғыз табиғи заңдылығына көңіл қоюға көмек беру, мықты да, салауатты отбасы құрып, осы заңдылықтардың барлығын есте сақтап, оларды өмірде пайдалану болып табылады.
Бұл материалда тәрбие-сүйіспеншілікті білдіру даналығымен айқындалады.
Біз балаларымызды ,өз жанұясының қанатының астында сезініп, оның өз жанұясына қатысы зор екенін біліп, олар өз күштеріне сеніп, өз мүмкіндіктерінің шексіз екеніне күмәнданбай өсетін тәрбие беруді қалаймыз,бұл материалдар тәрбие табиғаты мен оның қасиеттері мен ережелеріне арналған, оларды балалардың ата-аналарымен ұстаздары пайдаланып ілгері қарай дамып, өздері жақсы көретін балаларды тәрбиелеуге қолайлы орта құруы қажет.
Бұл қасиеттер мен ережелерді « тәрбиенің табиғи заңдары» деп те атауға болады. Олар табиғаттағы өмірді бақылаудан шыққан, табиғи заңдар болып табылады. Олардың саны – тоғыз және олар түбегейлі заттарды қозғайды;,олар: адалдық, келісушілік, жауапкершілік, сақтықта болу, тәртіптілік пен қатынас құрушылық.
Слайд 7«Қаздар заңы »
Бұл адалдық пен ықылас.
Ерлі – зайыптылардың бір –
біріне адалдығы.
Ата-аналардың, екеуінің де, немесе жалғыз басты ата-ананың өз балаларына деген шексіз адалдығы.
Өмірдің басқа құндылықтарына қарағанда, балаларына деген ықыластың тұрақтылығы мен айқындылығы.
Слайд 8Адалдық табиғаты
Қаздар сияқты, біз әрқашан үйімізге оралуымыз керек.
Қаздар сияқты, біздің балаларымыз
да, өмірімізде бірінші орында болуы керек.
Қаздар сияқты, біз де балаларымызға олардың бізге бәрінен де маңызды екенін іспен де, сөзбен де түсіндіруіміз керек.
Қаздар сияқты, біз де сүйіспеншілікті білдірудің басты белгісі адалдық екенін түсінуіміз керек.
Қаздар сияқты, біз де балаларымызға өз сүйіспеншілігіміз бен адалдығымызды жиі білдіріп тұруымыз керек.
Қаздар сияқты, біз де өз жанұямыздың өмірінен рахат алып, басқа жерде болғанға қарағанда, үйде болған кез бізге үлкен қуаныш әкелуі керек.
Слайд 9
Қаздардан біз нені үйренеміз?
Үлкен канадалық әдемі қаздар біздерді
адалдыққа үйретеді.Олар өмір бойы бірге болады, кейде 50 жылдан аса, немесе сыңары өлгенше.
Олар толығымен өз жанұяларына адал болады.
Олар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Олар барлығын бірге істейді.
Олар бір – бірін қорғайды.
Олар бір – біріне сенім артуға болатынын, жақсы біледі.
Слайд 10«Қаздар заңын» жадыңызда сақтаңыз!
Өз міндеттеріңізді сезініңіз.
Өзіңіз нелерді маңызды деп санасаңыз,соларды маңыздылығына
қарай бұрыш құра жазыңыз, бірақ солардың барлығының алдында жанұя тұруы тиіс.
Әрқашан үйге қайтыңыз!
Слайд 12
Мадақтау табиғаты
“Шаяндар заңы” шаяндардың күнделікті нақты әрекетіне -“қарама –
қарсы” ыңғай:оның мәні қолдауға және сүйемелдеуге - төмен тартқанның орнына, алға қарай итермелеу,сын айтпай, мақтауға негізделген.
Слайд 13
Шаяндардан біз нені үйренеміз?
Шаяндарға қарағанда, біз төмен қарай тартқаннан, өрге қарай
итермелеу ұтымдырақ шешім екенін түсінуіміз керек.
Шаяндарға қарағанда, жанұяда біз бір –бірімізбен жарыспай, бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек.
Шаяндарға қарағанда, біз өзіміздің балаларымызды, өзіне деген сенімге тәрбиелеу жолдарын іздеуіміз керек, үнемі сын айтып, олардың өз күшіне деген сенімін жоюдың орнына, жиі мақтаған дұрыс.
Шаяндарға қарағанда, шынымен біз өзіміздің балаларымыздың, бізден де биік шыңдарға шығуын тілеуіміз керек.
Шаяндарға қарағанда, біз балаларымыздың ұмтылысын мақтап, әрбір қадамын марапаттауымыз қажет.
Шаяндарға қарағанда, біз өзіміздің балаларымызды келеңсіз жағдайда ұстап алуға ұмтылмай, олардың мақтауға тұрарлық іс-әрекетіне назар аударуымыз қажет.
Шаяндарға қарағанда, біз өз балаларымызды өзімізден артығырақ жақсы көруіміз керек, олардың әл-ауқаты, біздің әл-ауқатымыздан маңыздырақ болуы керек.
Шаяндарға ұқсап, біз сыртқы көне тас қабымызды тастап үйренуіміз керек, ол өз кезегінде біздің ішкі – жан дүниеміздегі “Мен” - нің жұмсақ та,нәзік дамуына әкеледі.
Слайд 14
«Шаяндар заңы» жадыңызда болсын
Мүмкін болғанша, оларға ұқсамауға тырысыңыз.
Балаларды сынап мін тағудан
бас тартыңыз.
Өз балаларыңызды үнемі мақтап тұруға өзіңізді тәрбиелеңіз.
Сыртқы тас қабыңызды тастап, өзгеруге ұмтылыңыз.
Слайд 16Киттер заңы
Бұл тұрақты түрдегі,ашық та, эмоционалды, сенімде құрылған қарым- қатынас –
сабағы.Ол отбасындағы өзара адал қатынасқа негізделіп, көптеген күрделі мәселелерден қорғайды да, тап қазір шешім күткен мәселелердің кілтін табуға мүмкіндік береді.
Отбасындағы оңтайлы қатынас, балалардың қуанышы мен олардың өздерінің мәселелерін бірігіп шеше отырып, отбасы құндылықтарын бойларына дарытуға жол ашады.Қатынас қақпасы жабық кезде, кейбір отбасы мүшелері оқшауланып, қолайсыз жағдай туады.
Слайд 17
Миының көлемі ең үлкен, дүние жүзіндегі ең ірі жануарлар, өркешті киттер
су астында бір – біріне тамаша әндер айтады.
Киттердің “жанұясы” тобыр деп аталады, орындалатын әндердің біршамасын тобыр мүшелері бір –біріне айтады.
Олар өз әндерін бір –біріне қолдау жасағанда немесе төнген қатердің алдын алу үшін пайдаланады.
Олар ойын кезінде де, жиі ән айтады.
Олар мүмкіндігінше бір-бірінің әнін бұзбайды.
Бір кит ән айтқан кезде, қалғандары тыңдайды.
Киттердің қимыл-әрекетін есте сақтап, өз жанұямызда соған еліктеуге ұмтылайық.
Киттерден біз нені үйренеміз?
Слайд 18Киттер сияқты оңтайлы қатынас құру
Киттер сияқты, жанұя мүшелері тұрақты түрде қарым
–қатынаста болуға ұмтылғаны дұрыс.Қатынас жолдары әрқашан ашық болып. топтаса әрекет етіп,ынтымақтасуға мүмкіндік болуы керек.
Киттер сияқты,қатынастың басым көпшілігі- мақұлдау,бірін – бірі қолдау мен жақын адамдарда өзіне деген сенімнің нығаюы сипатында құрылуы тиіс.
Киттер сияқты,қатынас белсенділігі мен жиілігі, стресс пен қауіп -қатер төнген кездерде, тіршілік қиындықтары туған жағдайларда артуы тиіс.
Киттер сияқты, біз де біріміздің сөзімізді біріміз бөлмей тыңдауға үйренуіміз керек.
Киттер сияқты, біздің қарым-қатынасымыз топтасқан әрекеттің алдыңғы шарты болуы тиіс,ол адалдық пен сенімділікті білдііріп, отбасы бірлігінің нығаюына ықпал жасауы керек.
Киттердегі сияқты,қатынас кезінде жанұя мүшелерінің әрбірінің жеке өзіндік қасиеттерін есепке алған жөн. Әр бала, өркешті киттің жүзу қанатындай, өзінше ерекше болып келеді.Әр балаға өзінше ыңғай.
Киттерге ұқсап,, біздің балалармен қарым-қатынасымыз күнделікті “Ереже” оқумен өтпей, өзара силастық және түсінушілік әнінде болуы тиіс.
Слайд 19 «Киттер заңын» есте сақтаңыз
Жанұядағы қатынас стилін өзгертіңіз, ол барлығы естіп,
барлығы қолдайтын ән ретінде болсын.
Слайд 21
Тасбақа заңы
Бұл сабырлы тұрақтылық жағдайы, ол балаларды ешбір алаңсыз,
бейқам “жылы көрпеге” орауға мүмкіндік береді.
Үй сыртында не болып жатыр, күн суық па, әлде белгісіз бірдене ме – осының барлығына мән бермей, дүниедегі негізгі және тұрақты заттарға балалар әрқашан өз отбасына сенім артады, олар қамқорлықты сезеді, жанұяда қалыптасқан әдет – ғұрып пен салт-дәстүрлер, жалпы отбасында сақталған тәртіп тұрақтылығын олар әрқашан сезеді, ал ең маңыздысы оларды –шексіз, өлшеусіз, ешбір шартсыз болатын сүйіспеншілік сезімі тартады.
Слайд 22Тасбақадан біз нені үйренеміз?
Тасбақа бір істегенін қайталай береді, ал жетістікке қол
жеткізуге оған ережелер көмектеседі.
Тасбақа асықпайды, ол басқа аңдармен қатынас құрып, достар табады.
Біз өзіміздің жанұямызда да, тасбақадан үлгі алып, отбасы күннен – күнге жақсара түсіп, біріміздің – бірімізге деген сүйіспеншілік сезімі артуы жолында жұмыс жасауымызға болады.Бізде тек өзіміздің отбасыға тән дәстүрлер, өнегелі әдеттер, жақсы әрекет модельдері қалыптасуы мүмкін, олардың барлығы отбасы мүшелерін қуантып, әрқашан көңілдерінен шығады.Біз барлығымыз тасбақадай байсалды болып, бір –бірімізге уақыт бөле аламыз.
Біздің отбасы мықты да, тату болуына біз қол жеткізе аламыз, өйткені бұл кезкелген адамның өмірдегі ең бастапқы мақсаттарының бірі болып табылады.
Слайд 23Тасбақадан біз нені үйренеміз?
Тасбақа сияқты, біз күнде таңертең тұрып, бүгінгі
күнгі жолымызды өтуге бізге жылдамдық пен білгіштік емес,тұрақтылығымыз;қабілеттілігіміз емес, біздің өзіміздің балаларымыздың жанында болғанымыз көмектесетінін есімізде сақтауымыз керек.
Тасбақа сияқты, біз өмірдің – ұзақ жол екенін, ол жолда бізге кішкентай жеңістер мен жеңілістер кездесіп, біз олардан өмірлік сабақ алатынымызды түсінуіміз керек.
Тасбақа сияқты, біз әрекет жоспары мен тәртіп үлгісін құруымыз керек,олар үйде белгілі тәртіп ұстанымын сақтайды. Берік отбасыны мақсатқа жеткізетін,негізгі жолдан алшақ кетпей, қысқа жолдарды да іздеуіміз керек.
Тасбақа сияқты, біз ешқашан тым асықпай, біреуді тыңдауға, айналаға қарап, не болып жатқанын білуге уақыт табуымыз керек және біз өз ойымыздағымен, көңіліміздегімен бөлісіп, басқалардың сезімдерін қабылдап,оларға да сыйластық білдіруіміз керек.
Тасбақа сияқты, біз басқа адамдармен ақылдасып, оларға көмектесіп, жақсы жол көрсек, сол жолға бағытты өзгерту үшін, жеткілікті түрде икемді болуымыз керек.
Тасбақа сияқты,бізде әдет- ғұрып пен салт-дәстүрлер болуы шарт, соның арқасында біздің балалар, өздерін қауіпсіз сезіініп, отбасына қатысын білетін болады.
Слайд 24Тасбақа бір істегенін қайталай береді, ал жетістікке қол жеткізуге оған ережелер
көмектеседі.
Тасбақа асықпайды, ол басқа аңдармен қатынас құрып, достар табады.
Біз өзіміздің жанұямызда да, тасбақадан үлгі алып, отбасы күннен – күнге жақсара түсіп, біріміздің – бірімізге деген сүйіспеншілік сезімі артуы жолында жұмыс жасауымызға болады.Бізде тек өзіміздің отбасыға тән дәстүрлер, өнегелі әдеттер, жақсы әрекет модельдері қалыптасуы мүмкін, олардың барлығы отбасы мүшелерін қуантып, әрқашан көңілдерінен шығады.Біз барлығымыз тасбақадай байсалды болып, бір –бірімізге уақыт бөле аламыз.
Біздің отбасы мықты да, тату болуына біз қол жеткізе аламыз, өйткені бұл кезкелген адамның өмірдегі ең бастапқы мақсаттарының бірі болып табылады.
Тасбақа заңын есте сақтаңыз!
Слайд 26Пілдерден біз нені үйренеміз?
Ол “қатал сүйіспеншілік сезімі” мен “нәзік сүйіспеншілік сезімі”
арасындағы тамаша бір тепе-теңдікті білдіреді.Бұл сезімнің екі түрінің ең жақсы жақтарының үйлесімділігі. Шынымен, балаларға күн тәртібі, жалпы тәртіп, нақты талаптар мен жанұя алдындағы жауапкершілік қажет. Бірақ, сонымен қатар, оларға төзімділік пен мейірімділік және де, ешбір шартсыз көмекке келу қажет.
заңы
Піл тұмсығы сырттай қатты көрінгенмен, ол өте жұмсақ, піл тұмсығымен кішкентай баласын сипайды,су бүркеді, баласына соналар мен араларды қондырмайды.Осыған қарамастан, піл тұмсығы айтарлықтай күштің иесі, ол баласының жолында кездескен ауыр бөренелер мен тастарды алып тастайды, баласы қауіп- қатер бар жаққа бет алса, оны тұмсығымен тоқтатады.
Егер біз біреуді жақсы көрсек, әсіресе баламызды, әрине биязы мінез танытып, оны түсінетін болуымыз керек, бірақ қажет кезде, дұрыс әрекет пен бұрыс әрекетті шектеуде қатал болуымыз керек.
Кішкентай пілдер, ата-аналарының өнегесіне қарап, өз тұмсықтарын жұмсақтық қажет жерде де, қаттылық керек жерде тез қолдануды үйренеді.
Отбасында бір-бірімізге жылылық танытып, мейірімді болайық, ал қажет кезде, отбасы ережелерін сақтауда, қатал болуды да ұмытпайық.
Слайд 28Пілдерден біз нені үйренеміз?
Піл тұмсығымен өз сүйіспеншілігін қалай білдірсе,біз де күнделікті
өз сүйіспеншілігімізді мейірімділікпен білдіруге міндеттіміз.
Піл сияқты, біздің сүйіспеншілігіміз балаларға шектеулер коюға міндетті.
Пілдің тұмсығы сияқты, біздің балаға деген сүйіспеншілігіміз оларға мадақтауды үйіп-төгіп, олардың өзіне деген сенімін арттыра алады, бірақ сол сезім қатер төнген кезде, қатты дауыстап және анық,төнген қауіп жайында алдын-ала хабардар етуі керек.
Пілдің тұмсығы сияқты, біздің сүйіспеншілігіміз балалардың жолында кездесетін кедергілерді алып тастауы керек, сонымен қатар, оларға өмір жолымен өз бетімен жүруге мүмкіндік беруі керек.
Пілдің тұмсығы сияқты,біздің сүйіспеншілігіміз балалардың қажеттілігін көре алатындай икемді де,қатал да,нәзік болуы керек.
Слайд 29«Пілдер заңын» есте сақтайық
Балаларға өзіңіздің оларды қатты жақсы көретініңізді айтыңыз және
түсіндіріңіз: сондықтан да,сіз олардың әрқашан дұрыс жолда болып, тәртіп сақтап, қауіп-қатерден аулақ екеніне сенімді боласыз.
Слайд 31Секвойя заңы
Жанұядағы өзара қолдау, сүйіспеншілікті ашық білдіру, тұрақты эмоционалдық жақындық, жалпы
адамгершілік құндылықтары мен отбасыға қатысты жеке сезім. Егер жанұя мүшелері өмір қиыншылықтарына, “тамырларымен өріле”, бір-бірімен “параллельді” үйлесімді қатынасты сақтай отырып, қатал материализмге “перпендикуляр” келіспеушілік білдіріп, барлығы жұмыла қарсы тұрса, онда олар биік мақсаттарға жетіп, қиын-қыстау кезеңдерде өміршеңдік көрсетіп, моральдық ыдырауға күш бермейді.
Балалар өздерінің ата тегін – ата бабаларын білгені дұрыс,өйткені ол адамдар осы әулеттің негізін қалап қана қоймай, тек фамилиясы мен мұрасын беріп қана қоймай, өздерінің генін де берген. Бұл бағасы жоқ,“бұлақ көзі “болғандықтан, келешекте балалар одан сусындайтыны сөзсіз.
Слайд 32Секвойя ағашынан біз нені үйренеміз?
Секвойялар - табиғаттың ең биік ағаштарының
бірі .
Олар тамырлары жер астында бір –бірімен өріліп, қол ұстасып жатқан “жанұядай” болып өседі,.
Осылай олар бір-біріне қолдау көрсетіп, дауылда да табан тіреп тұруға бір-біріне көмек береді.
Біздің жанұя да, осындай бола алады.
Біз бір-бірімізді қолдаймыз және бір-бірімізге табан тіреп тұруға көмектесеміз, сондықтан бізді ештеңе мойыта алмайды.
“Түбір, тамыр” – деген сөздердің тағы бір мағынасы бар- “ата-баба”:біздің әжелеріміз бен аталарымыз, олардың ата-аналары және ол ата-аналардың – ата-аналары.
Біз сол адамдардан шыққандықтан, біз олардың
көптеген қасиеттерін, яғни сырт келбетінен бастап, мінез-құлыққа дейін мұра етіп аламыз.
Олар жайында көп білсек, ол бізге өзімізді жақсы білуге көмектеседі.
Слайд 33Секвойядан біз нені үйренеміз?
Секвойялар сияқты, біз бірге және бір – бірімізге
жақын өсуіміз керек.
Секвойялар сияқты, біз бір-бірімізге жан-тәнімізбен жақын болуымыз керек.
Секвойялар сияқты, біз эмоционалдық және рухани жағынан жақын болып, өзіміздің тағдырларымызды байланыстыруымыз керек.
Секвойялар сияқты, біз түп тамырымызды біліп, олардың күшін және өзара байланыстылығын бағалап, оларды біздің қорғанышымыздың және жанұяға қатысты екенімізді түйсіне білудің қайнар көзі ретінде түсінуімііз керек.
Секвойялар сияқты,біз балаларымыздың көз алдында биік те, түзу болуымыз керек. Біз оларға өзімізге жақын адамдарға және ата-бабаларға сыйластық көңілі мен мақтаныш сезімімен бірге жанұяға қатыстылық сезімін беруге тиіспіз.
Секвойялар сияқты, біз де “отырғызған жерде, гүлденуіміз керек”, өзіміздің рухани байлығымыз бен мәдениетіімізге ризашылық білдіріп, басқа рухани – мәдени құндылықтырды қаламауымыз керек. Біз тамыр жайған жерді, қасиет тұтып, жер ауыстыруға ұмтылмауымыз керек.
Слайд 34“Секвойя заңын” есте сақтаңыз
Балаларға олардың сіздің жанұяға қатысын түсініп, өздерін әрқашан
қауіпсіздік те сезініп, олардың кім екенін, шыққан жерін білуге мүмкіндік беріңіз.
Өзіңіздің рухани тамырла- рыңызды сіздің балалары- ңызды жақсы көретін басқа адамдардың рухани тамыр- ларымен байланыстыруға тырысыңыз.
Сіз өз орманыңыздың ағаштарын желден қорғап, олардың түзу болып, шірімей өсуін қадағалаңыз.
Слайд 35Жауапкершілік табиғаты
Аюлар заңы
Слайд 36Аюлар заңы
Бұл жауапкершілік: сіз өз жанұяңыз үшін, әрбір балаңыз үшін,
толығымен жауап бересіз; өмірдегі басқа рольдерге қарағанда, ата-ана ролі сіз үшін маңызды; сіз өз өнегеңізді балаларға көрсетіп үйретесіз де, олардан өз отбасы үшін жауап бере алатындай нәтижені күтесіз.
Слайд 37
Аюдан біз нені үйренеміз?
Кейбір адамдар аюмен кездескенде, аю оның орнына басқа
біреуді жеп қойсын деген оймен қашып құтылады. Бірақ аюлар, біздің күнделікті тірлігіміздегі міндеттерімізідің тап өзі: олардан қашатын болсақ, олар бізді ұстап алады, сондықтан олардан қашқанның орнына, қорықпай қарсы алған жақсы болады.
Жанұяда нені маңызды деп санасаңыз, соны жауапкершілікпен мойынға алуға тырысу керек.
Жанұяңыздың басқа мүшелеріне, оларға жүктелген жауапкершілікті ысырып тастамай,міндеттерін орындауға көмек беруге тырысыңыз, бір – біріңізге «Аюлар заңын» еске салып тұруға тырысыңыздар.
Слайд 38«Аюлар заңын» есіңізде сақтаңыз
Жауапкершіліктен қашпаңыз.
Жанұя үшін жауапкершілікті толығымен өзіңіз алыңыз және
сол үшін қуанышқа бөленіңіз.
Балаларға жанұя міндеттерін орындауға мүмкіндік беріңіз- бұл өз кезегінде оларға көрсетілген сыйлвстықтың кепілдігі.
Сіздің отбасыңызда әрқашан «Жауапкершілік» сөзі- көкейкесті болып, жиі талқыланатын тақырып болсын.
Жақсы жетістік бірден келмейді.
Уақыт пен шыдамдылық керек, нәтижесінде, жауапкершілік пен ынтымақтастыққа дайындық -сіздің балаларыңызға бақыт әкеледі.
Слайд 40Бақалар заңы
Бұл әр нәрседен хабардар болу! Хабардар болу – ата-аналар
үшін керемет байлық. Ол фактілерді салыстырып, басқа заңдарды сезініп, өмірде жүзеге асыруға көмектеседі. Жан-жақты көп нәрседен хабарсыз болу, мәселенің өсіп, оны шешуді күрделендіреді де, баланың мүмкіндігін байқамауға әкеліп соқтырады. Біз күнделікті жұмыс тауқыметіне немесе жеке бас мәселелеріне кірген сайын, балаларымызды байқамаймыз да сезбейміз.Бізге төнген қатер жайында әртүрлі белгілер болса да, мәселе күрделеніп, біз ештеңені байқамаймыз,сезбейміз. Біз түс көрген адамдай болып,“бізде бәрі жақсы екен” - деп ойлап жүре береміз.
Слайд 41БАҚАДАН БІЗ НЕНІ ҮЙРЕНЕМІЗ?
Бақалар суда отырғанда, судың бірте-бірте жылып, су температурасының
көтерілгенін байқамайды.Содан кейін олар ұйықтап, пісіп қалады. Кейде жанұяларда кейбір балалармен болып жататын жағдайлардың баяулығы сондай, тіпті ата-аналар мүлде ештеңені сезбейді.
Біз барлық затты байқағыш болып,бізбен және біздің балаларымызбен не болып жатқанынан- жақсы ма, жаман ба- хабардар болуымыз керек.
Өз отбасымызда біз бақаларға ұқсамауымыз керек. Келіңіздер, балаларымыздың дарындылығын ашып, оларда қандай өзгерістер болып жатыр, оларды не мазалайды, соны байқауға ұмтылайық.
Келіңіздер, бізге жақын адамдар не ойлап, не сезінетінін, көбірек сұрап білейік.
Егер біз осылай жасасақ қана, ешкім ұйықтап, пісіп қалмайды.
Слайд 42Қырағылық табиғаты
Бақалар сияқты емес, біз, балаларымыздың өмірінде немесе олардың ойында не
бар, не болып жатыр – осыларды сезіп білуіміз керек, барлығын байқауға тырысуымыз қажет.
Бақалар сияқты емес, біз өзімізге қолайлы ортаны тастап, біздің балаларымызбен ештеңе болмады, оларда барлығы жақсы дегеннен бас тартуымыз керек.
Бақалар сияқты емес, біз үнемі қырағылық танытып, балаларға төнген қауіптің белгілерін таныумыз керек. Сонымен қатар, балаларымыздың жағымды мүмкіндіктерін танып, олардың таланты мен қызығушылығын айқындауды да ұмытпағанымыз дұрыс.
Бақалар сияқты емес, біз ортаның өзгерісіне тез әсер етуіміз керек. Өмірдегі барлық жағдаяттар, балалар сияқты әртүрлі болып келеді, біз осыны түсінуіміз қажет.
Бақалар сияқты емес, біз жылықанды болып, өз балаларымыз жайынан хабардар болуымыз керек, оларға қамқорлық көрсетіп, сезімталдық танытып, олардың барлық мәселелерімен, қызығатын заттарымен таныс болуымыз керек.
Бақалар сияқты емес, біз өзімізге және балаларға бір емес, бірнеше сұрақтар легін: біздің балаларымызбен қарым –қатынасымыз қалай, олардың біздің өмірімізде орны қандай, балалар не жайында ойланады, оларға не қажет- т.т. қоюға тиіспіз.
Слайд 43Бақалар заңы жадыңызда болсын
Салғырттық танытпаңыз.
Болып жатқан жағдайлармен келісе бермеңіз
Күдік емес, саналы сүйіспеншілік сезімі сізді алға сүйресін,алайда, сіздің балаларыңызбен не болып жатыр - сол құқығыңызды пайдаланыңыз.
Слайд 45Бүргелер заңы
Бұл еркіндік пен мүмкіндіктерді беру. Ата-аналардың ешқайсысы,өз балаларының зор мүмкіндіктерін
біле бермейді, сондықтан ата-аналар олардың қабілетін ашып,өзін - өзі танып білуге, сөйтіп осының негізінде өмірдегі мақсатын табуға көмектесуі керек. Өзін - өзі танудың ішкі жағымен бірге, сыртқы жағы бар.
Біз балаларға өзін танып, нені жақсы істейді, неге ебі бар, нені ұнатады, не қызықтырады – осыларды айқындауға көмектесуіміз керек. Сонымен бірге, біз оларға айналаның бәрін зерттеп, білуге, түсінуге, өздерінің мүмкіндіктерін тануға, өзінің әлемдегі орнын дұрыс тауып, оны толық қабылдауына көмектесуіміз керек.
Слайд 46Бүргелерден біз нені үйренеміз?
Кішкентай бүргелер 15-17 см биіктікке секіре алады, алайда
егер оларды бірнеше күн қорапта ұстаса, олар ешқашан сол қорап биіктігінен асып секіре алмайды. Тіпті, қорап ашық кезде де, олар сол қорап биіктігінен асып секірмейді.
Адамдар да бүргелер сияқты, оларда белгілі бір шектеулер бар деп түсініп, үнемі “ қорапта” қала беруі мүмкін.
Өз отбасымызда біз өзіміздің оңтайлы мүмкіндіктерімізге ешбір шектеулер қоймағанымыз дұрыс.
Біз өзімізге жоғары мақсаттар қойып, соған жетуіміз керек, және де, өмір бойы жеткен биікте тоқтамай, ары қарай өсуге үйренуіміз керек.
Бізге “қорапта” отыра беруімізге болмайды .
Біз әлемді өз мүмкіндіктерімізге қарай зерттеп, адамдарға пайдалы болуымыз керек, және оларда аз болса өзіміздегімен бөлісе білгеніміз дұрыс.
Слайд 47Еркіндік табиғаты
Бүргелерге қарағанда, біздің балаларымыз “балалық шақ қорапшасы”- уақытша баспана, онда
олар мәңгіге қалмай, тек уақытша отырғанын, олар онда ұшып үйренгенге шейін ғана болатынын білуі керек.
Бүргелерге қарағанда, біздің балаларымыз өзінің төбесіндегі шатырды,яки басқа бір басып тұрған затты сезбей, өзінің бақытты болуымен қатар, мүмкіндіктерін ашуға қажет, ешбір жасанды шектеулерді сезіп,білмеуі керек.
Бүргелерге қарағанда, біз балалардың мүмкіндіктерін дамыту үшін, ешбір барьерлер мен бөгеттерді орнатпауымыз керек. ( тәртіп сақтауға – иә, барьерге – жоқ)
Бүргелерге қарағанда, біз балаларымыздың барлық жағынан басқа біреуге ұқсауын қаламаймыз.
Бүргелерге қарағанда, біз балаларымыздың “қорапшамен” шектелмей, ойланып, армандап, үміт артуларын қалаймыз.
Бүргелерге қарағанда, біз балаларымыздың өз мүмкіндіктерін сезініп, оның болашақ бейнесін көруге жол ашуымыз керек.
Слайд 48“Бүргелер заңы” жадыңызда болсын!
Тәрбиелеудегі ең соңғы қадам, ол балалар үлкен өмір
жолына шыққанда олармен қоштасу кезі екенін, есіңізде сақтаңыз!
Слайд 49Қорытынды
Сіздің балаларыңыз, сіздің өміріңіздің ең басты мағынасы мен шексіз қуанышы екенін
есте сақтаңыз.
Сіздің балаларыңыз, үйіңізде сіздің өмірініздің (өз өмірінің де) де тек төрттен бір бөлігі ғана болатынын есте сақтаңыз.
Қарапайым болып, инстинктеріңізге сенуді есте сақтаңыз.
Өз балаларыңызға қуануды есте сақтаңыз.
Тәрбиелеу жұмысы- сізге өмірде кездескен барлық жұмыстардың ішіндегі - ең маңыздысы екенін есте сақтаңыз.
Слайд 50«Тәрбие жайындағы мейірімді кітап»
Линда ЭЙР мен Ричард Эйрдің “Тәрбие жайындағы мейірімді
кітап” материалдары бойынша.