Слайд 1
«Ақсу орта мектебі» КММ Қайратқызы Мерей Тақырыбы «Тіршілік көзі –
су» ғылыми жоба
Жетекшісі Раимжанова Гүлшахарат Кодаровна
Слайд 2Аннотация ( Қысқаша мазмұны)
Бұл ғылыми жобада судың пайдасы мен қасиеті, маңыздылығы
туралы ақпараттар беріледі. Әлемдегі судың мөлшері және оның адам қажеттілігіне жарайтын үлесі туралы мәліметтер жинақталып, суды қорғау, күнделікті судың қолданылу мөлшері, оны үнемдеу жолдары ұсынылады.
Слайд 3
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Тіршілік көзі -су»
Менің тақырыбымның өзектілігі :
Су
- адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемді қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы.
Болжамы:
Жинақталған материалдармен таныстыру нәтижесінде әр адамды суды үнемдеуге, оны қорғауға өз үлесін қосуға жұмылдыруға болады.
Слайд 4 Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы
мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрену.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді алға қоямыз:
• Жер шарындағы судың қоры туралы білу;
• Еліміздегі су көздері туралы ақпарат жинау;
• Суды үнемдеу жолдарын анықтау және оны қолдануға үйрену.
Слайд 5
Зерттеудің кезеңдері:
1.Судың пайдасы мен қасиеттері ,адам өміріне жеткіліксіздігі ,өсімдіктер мен жануарларға
судың қажеттілігі туралы ақпарат жинақтау.
4.Күнделікті өмірде 1 тәулік ішінде қажетті су мөлшерін анықтау үшін тәжірибе өткізу.
5.Суды үнемдеу жолдарын іздестіру.
Слайд 6
Су
Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.
Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың пайдасы мен қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
Слайд 7 Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе
жарты шарлар картасына қарасақ, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар , теңіздер, өзен - көлдер.
Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұздықтар мен айсбергтер де судың қатты күйі болып табылады.
Слайд 8 Су атмосферада бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде
болады. Су біздің айналамызда, ол көп, су сарқылмайтын, бітпейтін зат па деп те ойлап қаласың.
Бірақ қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде деген ақпаратты біздей жас балалар білмейді екен.
Слайд 9 Гонконг, Сингапур деген елдердің суды көрші елдерден сатып алатын туралы
ақпарат мені таң қалдырды. Ал австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германия еліне апарып қағаз құтыларға құйып сатады екен. Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан да «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біз үшін маңызды екенін әр уақыт есте сақтау қажет.
Слайд 10
Табиғаттағы тірі ағза – өсімдік. Өсімдік өсу үшін су қажет .
Мысалы 1 кг бидай өсіру үшін -1200 литр, 1кг картоп өсіруге 300 литр су қажет.
1 кг қарбыздан 20 грамм құрғақ зат алынады, ол 98% судан тұрады. Бұл өсімдік құрамында 85-95 пайызға дейін су бар екенін көрсетеді.
Слайд 11 Табиғаттағы тірі ағза – өсімдік. Өсімдік өсу үшін су қажет
. Мысалы 1 кг бидай өсіру үшін -1200 литр, 1кг картоп өсіруге 300 литр су қажет.
1 кг қарбыздан 20 грамм құрғақ зат алынады, ол 98% судан тұрады. Бұл өсімдік құрамында 85-95 пайызға дейін су бар екенін көрсетеді.
Слайд 12Осы жоба барысында жануарлар мен өсімдіктерге де су қажет екенін білдім.
Су бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.
Түйе сусыз 10 күнге дейін шыдайды, бірақ бір ішкенде 10 шелекке дейін ,яғни 100 литр су іше алады екен.
Піл суды өте жақсы көреді.
Ол күніне 200-300 литр су іше алады.
Слайд 13 Бірақ мына деректер Жердегі әрбір 100 литр су қорының 98
литрі теңіз суының, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиетіндігін көрсетеді. Ол 2 литр де түгелдей қолға жете бермейді, көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатыр екен. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алатынын көруге болады.
Слайд 14 Осындай көп болса да бізге жеткіліксіз суды қалай сақтап қалуға
болады, қандай іс-шара жүргізуге болар екен? деген ой туғызады. Ақпарат жинау кезінде біз елімізде су қоймаларын қорғау туралы 2003 жылы 9 шілдеде «Су кодексі» қабылданғанын білдік. Яғни бұл біздің елімізде тіршілік көзі - суға деген қамқорлық ел басқарып отырған аға-апаларымыздың назарында екенін көрсетеді. Ендеше біз де асыл қазынамыз суды қорғауға, оны үнемдеуді қазірден бастамасақ, ертең кеш болмай ма? деген сұрақ бізді қатты ойландырды.
Слайд 15Сол себепті әр бала өзі суды үйде қанша көлемде жұмсайтынын анықтау
мақсатында тәжірибе жасап көруді ұйғардық . Достарыма үйде өздеріне қажет жұмсаған суды есепке алып, алған нәтижелерімен бөлісуді ұсындық.
Жасалған тәжірибе нәтижесі
Орта есеппен 1 тәулікте пайдаланылған су мөлшері-34 литр
Слайд 16
Сынып бойынша мынадай орташа көлемде су жұмсағанымызды анықтадық.
Жұмсалған су мөлшері
Жуынуға -10 литр
Тамақ пісіруге -10 литр
Кір жууға -10 литр
Ыдыс жууға -5 литр
Барлығы -35 литр
Слайд 17 Осы тәжірибеге сүйене отырып, біз суды үнемдеп жұмсауға болады деген
ой түйдік. Біз бірлесе отырып, суды үнемдеу жолдарын іздестіріп, мынадай жолдарын анықтадық:
Слайд 18 Қыста түскен қарды бақшадағы үлкен ыдысқа жинаса, ол көктемде еріп,
суға айналады.Оны біз бау- бақша суаруға қолдануымызға болады. Ал жазда жаңбыр суын - өсімдіктерді суаруға пайдаланамыз.Сондықтан бау- бақша өсіретін аға-апаларға осы әдісті қолдануға ұсынамын.
Слайд 19Алдағы уақытта суды үнемдеу жолдарын іздестіруді жалғастырамыз.
Су- біздің байлығымыз, оған
қамқорлықпен қарауды әр уақытта естен шығармау керек. Осы жұмысты жазу барысында судың қаншалықты адам өміріне маңыздылығын білдім. Енді мен де болашақта суды қорғауға өз үлесімді қосу үшін жинаған деректер мен ақпараттарды өз достарыммен бөлісіп, оларды тіршілік көзі - суды қорғауға, оны үнемді пайдалана білуге шақырамын.
Слайд 20
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Бейсенова А., Әділмажинова С., Каймулдинова К. «Материктер мен мұхиттар»7- сынып
оқулығы «Атамұра» баспасы, 2007 жыл, 201- бет
2. «Сұрақ және жауап» энциклопедия, «Алматы» баспасы 2007 жыл, 255-бет
3.Бестон Г. «Қасиетті Лаврентий өзені» «Мысль» баспасы, 1985 жыл 199-бет