Сол икемділігіне қарай бейімдеу керек.
Балаға қарым – қатынасыңыз дұрыс болғаны абзал. Үнемі қатты, бұйрық мәнде сөйлеу баланың бойын соған әдеттендіріп, үйретеді.
Кейін балаға қатты сөйлемесеңіз, сөз ұқпайтын болады.
Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз келеді. Кей заттарды міндетті түрде сындырып, ішін ашып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш болып келеді. Мұндай балаларға біз үнемі ұрсып, тәртіпке келтіруге шеберміз. Ал, ол бала айтқанға көне, қалыпқа түсе қоймайды. Балаңыздың бойынан ондай сипат байқалса, оларда дарындылық белгісі бар екендігін білдіреді.
Кейбір ата – аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады.
Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл, т.б. болатынын өмір көрсетіп келеді.Бала үшін алғашқы тәрбиешісі – ата – анасы. Бала мектепте 6-7 сағат болса, қалған 18 сағат үйде, сол себепті де ата – ана баласының оқуын, жүріс – тұрысын, жолдастарын, киетін киімін қадағалап отырса абзал. Әр апта соңында сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен,
мектеп басшыларымен байланыс жасап, сабағы, тәртібі, басқа да мәселелер жайлы мәлімет алып отырса, тәрбие жемісін берер еді. Баланың бүгінгі іс – әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады дегім келеді. Олай болса, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен хабарласу – ата – ананың бірден – бір міндеті.