Слайд 1«Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сандуғаш» бала бақшасы» Қарасай ауданы
әкімдігіне қарасты» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Біздің өлкенің жануарлары мен құстары
Тәрбиеші: Ш. Базарбаева
Слайд 2
Біздің өлкенің жануарлары мен құстары
Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін,қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді.
Слайд 3 Қарақұйрық.
Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 –
79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады. Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай қоныс ауыстырып отырады. Тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500 – 3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты жерлерден шағын (60х30 см) жатақтар жасайды. Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп, шөлін қандырса, қыста қар жалайды.
Слайд 4Бөкен
Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа
түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы
«Құралайдың салқыны» деп атайды.
Слайд 5Елік– бұғы тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір,Маньчжур) таралған.[Қазақстанда Сібір түр
тармағы (C.c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі.[ Жеміс-жидек, мұк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді.
Слайд 6Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы
осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады. Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.
Слайд 7Жабайы шошқа, қабан, доңыз – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі.
Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақтышқандармен қоректенеді. Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады
Слайд 8Түлкі.
Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр,
құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.Тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6,5 – 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады.
Слайд 9Борсық— сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш айуан. Көбінесе шөпті және оның тамыры мен тұқымын, майда жәндіктерді жеп қоректенеді.
Көктемде құстарды, олардың балапандарын жейді, кейде қозының да құйрығын сорады. Борсық ін қазады, ұрғашысы қыстың аяғында 2—6 күшік табады. Терісінен ішік, қылшығынан щетка жасауға болады; халық арасында оның майын көксау ауруға даруға береді, оны басқа да қажеттерге жұмсайды. Етін де жеуге болады.
Борсық — сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Слайд 10Сілеусін – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 –
31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Сілеусін-былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдмгі үй мысығының бір туысы.Сонымен қатар Сілеусіннің мысыққа қарағанда бітімі шомбал сирақты келетіні тағы да бар.Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады.
Слайд 11Ондатр. Дене тұрқы 35 см-дей, құйрығының ұзындығы 28 см-дей, салмағы 1,5
кг-дай. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, жүзген кезде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың да тығыз, қою қоңыр кейде қара түсті. Ұйығу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) заты бөлінеді.
Слайд 12Барыс, ірбіс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135
см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді.
Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды.
Слайд 13Қоңыр аю — аю тұқымдасына кіретін жыртқыш аң. Салмағы 300 килограмнан асады. Терісі тулақ
жасауға, еті жеуге жарайды, дәнді дақылдардан көбінесе сұлыға зиянын тигізеді, кейде малға да шабады. Ел арасында өті, майы емге жұмсалады.
Слайд 14Ақкіс (лат. Mustela erminea) – сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы
тауларында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұзындығы 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы – құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады.
Слайд 15Арқар. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200
кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ,күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады.
Слайд 16Тауешкі немесе безоар ешкісі, сақалды теке (лат. Capra aegagrus) — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы ешкінің бірі;
таулы теке туысына жататын сүтқоректі.
Дене ұзындығы 150 см. шоқтығының биіктігі 80-95 см. Мүйіздері қылыш тәрізді екі жағынан сығылған еркектерінде ұзындығы 130 см.
Слайд 17Кермарал (лат. Cervus elaphus) - бұғы туысына жататын сүтқоректі жануар. Еркегінің мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа.
Жаңа туған бұзауларының терісі теңбіл. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін.
Слайд 18Бұлғын (лат. Martes zibellina) – сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 – 55 см,
құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады.
Слайд 19Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас
болғандықтан оларды бір отрядқа жатқызады. Дуадақдың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен белгілі. Дене тұрқы тауыққа ұқсас. Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс. Құрлықта жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Салмағы 4 — 11 кг, ірілері 20 кг-ға жетеді.Шөл,шөлейт далада мекендейді.Дуадақтар жасағында 24 түр бар,Қазақстанда олардың үш түрі бар: безгелдек, жорға дуадақ,дуадақ (Otіs tarda). Дуадақтың қауырсыны тығыз келеді, мойны қысқа әрі жуан. Қанатының ұзындығы 570 — 670 мм. Құйымшақ бездері болмайды. Қауырсындарының түсі ашық қоңырқай, ұсақ қара жолақтары бар. Құрсақ жағының қауырсындары біркелкі ақ түсті. Қазақстанның оңт.-шығысындағы шөлейтті далада, тау бөктерінде топтанып, кейде жекелей тіршілік етеді. Дуадақ — жыл құсы. Көктемде ұшып келеді де, қазан — қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп, Тәжікстан мен Түрікменстанда қыстайды.
Слайд 20Үйрек, үй үйректері (Anas platyrhynchos var. domestіca) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар. Шамамен
біздің заманымыздан 1000 жыл бұрынЕуразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада жабайы барылдауық үйректі қолға үйрету арқылы шығарылған. Үйректердің ең көп тараған түрлері: пекин Үйрегі, мәскеудің ақ Үйрегі, мускусты Үйрек, үндінің жүйрік Үйрегі, т.б. Пекин Үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді. Оның мекиенінің салм. 3,0 кг, аталығы 3,5 кг, 9 апталық балапанының салм. 2,5 кг тартады.
Слайд 21Қаз – үйрек тұқымдасына жататын құс. Қаздың жабайы түрлерінің салмағы 2 – 6 кг,
дене тұрқы 60 – 100 см. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Әр ұяда 5 – 8 жұмыртқа болады, оны мекиені басады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265 – 350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Тұқымына, күтіп бағуына, ауа райына қарай 4 – 8 ай жұмыртқа салады. Қазды 5 – 6, кейде 8 жыл қолда ұстауға болады. 3 – 4 мекиенге 1 кежек қосады. Қазды әдетте 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 16% белок, 35% май болады. Қаз майы – үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.
Слайд 22Қырғауылдар тұқымдасы (Phasіanіdae), тауықтәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұқымдастың ерекшелігі: танау тесігі қауырсынмен жабылмаған. Жіліншіктері
түксіз, көпшілік түрлерінің қоразының жіліншіктерінде мүйізді өсіндісі бар. Танау тесігін тері қаптары жауып тұрады. Қазақстанда Қырғауылдар Тұқымдасының 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі — қырғауыл (Phasіanus colchіcus). Қазақстанда өзен жағалауындағы — тоғайлы, қамысты-қопалы жерлерді, Арал теңізінен, Алакөл ойпаңынадейінгі шөлді аймақтарды мекендейді. Олар тау беткейлерінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерлерде кездеседі. Қоразының құйрық қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150 г-дай. Отырықшы құс. Жерде жүргенімен, ағаш басына қонақтайды. Шұңқырлап жасаған ұясын жерге салып, оның бетін жасырып бүркемелейді.
Слайд 23Кекілік (лат. Alectoris chukar) – тауықтәрізділер отрядына жататын құстар Салм. 400 – 500 г. Ересек Кекіліктің арқасы
көкшіл сұр, қанатының жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді қызғылт сары. Қоңыр сары мойны мен шықшыты қара жолақпен көмкерілген, омырауы көкшіл сұр, бауырының қалған жері қоңыр сары, екі бүйірі ақ, бірақ қара, сары жалпақ жолақты. Кекілік Қазақстанда Жетісу(‘’Жоңғар’’) Алатауында, Қаратауда, Іле және Теріскей Алатауында, Сауыр, Тарбағатайда, Үстірт, Маңғыстауда тараған. Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктерді жейді.
Слайд 24Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш
түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандаршығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды.
Слайд 25Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын
көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақтыжерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Слайд 26Құр (лат. Tetrao tetrix) — тауықтәрізділер отрядына жататын орман құсы. Қазақстанда Жайық өзенінен Ертіс өзеніне дейінгі орманды аймақтарда мекендейді. Алтай, Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар)
Алатауларында да кездеседі. Қалба Алтайында, көбінесе Марқакөлдеитмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Дене тұрқы 53 — 57 см, салмағы 1,2 — 1,8 кг. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Мекиені қара шұбар келеді. Құр — отырықшы құс. Құр полигамды, бұтаның, ағаштың түбінен шұңқыр қазып, ұясын жерге салады, оған ағаш бұтағын, жапырақ, кейде мүк және қауырсын төсейді. Аналығы 4 — 12 жұмыртқа салады. 23 — 25 күнде балапан шығарады. Негізгі қорегі —өсімдіктер. Балапандары алғашқы аптада қоңыздармен, дернәсілдер және жұлдыз құрттармен, құмырсқалармен, қандалалармен, өрмекшілермен, масалармен, шыбындармен қоректенеді.
Слайд 27Бұлбұлдар (лат. Luscinia) — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі –кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік,
не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қараталөзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұлЖайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді.
Слайд 28Ұларлар (лат. Tetraogallus) — қырғауылдықтар тұқымдасына жататын құстардың бір туысы. Ұлардың денесінің жалпы құрылысыкекілікке ұксайды, бірақ
одан ірі, дене тұрқы 60 см. Ұлар көбінесе Кавказдың, Қазақстанның тауларында болады. Мұның бірнеше түрлері бар, еті дәмді, ел сол үшін аулайды.
Салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен.
Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді. Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.
Слайд 29Қара қарға (лат. Corvus corone) – торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймағында
кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зияндыжәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.