Презентация, доклад на тему Жануарлар табиғаты

ҚұстарҚұстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы  бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы

Слайд 1Жануарлар табиғаты

Жануарлар табиғаты

Слайд 2Құстар
Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы  бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға

және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Қазақстанда  құстардың 18 отрядқа жататын
489 түрі бар. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. 
Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар:қыртөссіздер  (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер (ұшатын құстар).
ҚұстарҚұстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы  бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі

Слайд 3Жүгіретін құстар
Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы

100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ ашық алаңқай жерлерде өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін  түйеқұстар жатады.
Жүгіретін құстарТүйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа

Слайд 4Африкалық түйеқұс (страус),
Америкалық түйеқұс (нанду),
Австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа

Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады.Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетеді. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг).
Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдамжүгіреді. Оның 2 түрі бар. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен,бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады.Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкісаусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және солмаңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.
Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы - 45 - 50 кг. Жұмыртқасын қоразы шайқайды (басады). Көбіне жемістерменқоректенеді. Қолда өсіріледі.
Африкалық түйеқұс (страус), Америкалық түйеқұс (нанду),Австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп

Слайд 5Жүзетін құстар
Галапагос пингвині
Сандер пингвиндері
Корольдік пингвині
Магеллан пингвині
Құстардың ішіндегі ерекше тобы.

Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды.
Жүзетін құстарГалапагос пингвиніСандер пингвиндеріКорольдік пингвиніМагеллан пингвині  Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек

Слайд 6 Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында

көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Ұядарын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразымен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің құрсағында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып тұрады. Жұмыртқасын көбіне жарғақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетеді. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин). Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели). Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері(галапагоский пингвин) кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.
Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді

Слайд 7Ұшатын құстар
Тырна
Қоқиқаз
Қаз
Бірқазан
Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.

Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар.
Ұшатын құстарТырнаҚоқиқазҚазБірқазанҰшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән

Слайд 8 Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді.

Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ұзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары зиянды бунақденелілермен қоректеніп, үлкен пайда келтіреді.

Тотықұс

Жапалақ

Тоқылдақ

Көкек

Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар,

Слайд 91.Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
2.Шынайы гүлдің иісін,

Бұлбұл ғана сезеді.
3.Аттың бәрі тұлпар емес,
Құстың бәрі сұңқар емес. 4.Топтасқан сауысқан,
Қазды да жем етер. 5.Ер елге паналайды,
Аққу көлге паналайды.

Құстар туралы мақал-мәтел

1.Құртақандай торғай да,  Өз ұясын қорғайды.2.Шынайы гүлдің иісін,   Бұлбұл ғана сезеді.3.Аттың бәрі тұлпар емес,

Слайд 10Шымшық ұя салса – қыс қатты болады.

Қарға қарқылдаса – қар,жаңбыр  жауады

.

Қарлығаш өрлеп ұшса – күн жылы, құрғақ болады, Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Сауысқан шықылдаса – қонақ келеді.

Құстар туралы болжамдар

Шымшық ұя салса – қыс қатты болады.Қарға қарқылдаса – қар,жаңбыр  жауады .Қарлығаш өрлеп ұшса – күн жылы,

Слайд 11Құс – табиғат байлығы.
Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы.
Құс –

табиғат көркі.
Халық  - күміс көмей әншісін бұлбұлға,
ардақты азаматын сұңқарға,
сұлуын аққуға,
жігерсіз, намыссыз жігітін жапалаққа теңеген.
Құс – табиғат байлығы. Құстар ауыл шаруашылығының белсенді көмекші досы.Құс – табиғат көркі. Халық  - күміс көмей

Слайд 12Назарларыңызға рахмет!
Жануарлар әлемінде

Назарларыңызға рахмет!Жануарлар әлемінде

Слайд 13Дайындаған:

Қарағанды қаласы
№16 ЖББ орта мектеп
5 сынып оқушысы Карашина Жания

Дерек көздері: Интернет ресурстары
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Балалар әлемі журналы

Дайындаған:

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть