Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Витаминдер
Тундыкбаева С.К биология пәні мұғалімі
Ас тұрған жерде
ауру тұрмайды
Халық даналығы
Слайд 3Мақсаты:
Білімділік:
Витаминдердің түрлері, адам денсаулығы үшін маңызын, алған білімдерін бекіту, пысықтау.
Дамытушылық:
теория
жүзінде алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру,өздігінен іздену біліктілігін дамыту.
Тәрбиелілік:
салауатты өмір салтына, ұқыптылыққа, байқампаздыққа,
ізгілікке, адамгершілік қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеу.
Слайд 4Сабақтың көрнекілігі:
Н.И.Луниннің портреті , суреттер, кестелер, слайдтар, “балауса салаттар” құрамы, витаминді
дәрілік препараттар қорапшалары.
Сабақтың түрі:
Білімді бекіту, қолдану және дағды мен іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың әдістері:
ойын;
сұрақ-жауап;
баяндау;
салыстыру;
зерттеушілік;
тексеру, талдау.
Слайд 6Витаминдер-дегеніміз ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы
Витаминдер
Денсаулықтың нығаюын жүзеге асырады
Ағзаның суық тиюден сақтауына әсер етеді
Жұқпалы ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді
Аминқышқылдар,майлар
Нуклеин қышқылдар,
гормондар синтезі мен ыдырауына қатысады
Жұмысқа қабілеттілікті арттырады
Тәулігіне әртүрлі витаминдердің бірнеше милиграмы ғана қажет
Ферменттердің құрамында болып, биохимиялық, физиологиялық процестерге қатысады
«вита» - латынша (тіршілік)
Слайд 7
1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір
ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады.
Слайд 8Ағзадағы витаминдер концентрациясының бұзылуы
ГИПОВИТАМИНОЗ (
гипо... және витамин) ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігі
ГИПЕРВИТАМИНОЗ (гипер…және витамин) ағзадағы витаминдер мөлшерінің артуы ( А және Д витаминдерінің ғана артуы ағзаны ауруға шалдықтырады)
АВИТАМИНОЗ қандай да бір витаминнің күрт жетіспеушілігінен болатын ауру. (Мысалы:бери-бери, пеллагра, құрқұлақ(цинга) және т.б.)
Слайд 9Витаминдер
Суда еритіндер
Майда еритіндер
С
А
D
В
В
В
В
1
12
2
6
Е
Н
К
Слайд 12Витамин А
Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді;
Ферменттер жұмысын күшейтеді;
Көру пигменті –родопсиннің түзілуін
қамтамасыз етеді;
Өсу витамині деп атайды;
Жануартекті өнімдерде-бауыр,сарымай,балық майында көп.
Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз,қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш,өрікте көп.
Тәуліктік мөлшері 1-1,5мг.
Слайд 13Қызғылт пигмент – каротин
КАРОТИНОИДТАР ( лат. carota —сәбіз және грек.
eidos — түр),қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
Табиғатта: Ұсақ ағзалар және барлық өсімдіктерде түзіледі;
Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады;
Жемістерге, күзгі жапырақ түсіне рең береді.
Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А витамині түзіледі.
Слайд 14Сізге А витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер:
Күндізгі жарық көзіңізге әдеттен тыс көп
әсер етсе;
Сізге қарсы келе жатқан көлік жарығы көзіңізге қатты әсер етсе;
Ымыртта немесе түнде көруіңіз нашарласа,яғни ақшам сокырлықты байқасаңыз;
Шынтағыңыз, тізеңіз, бөксеңіз қызарып кетсе;
Тамағыңыздың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынса;
Басыңызда қайызғақ пайда болса.
Слайд 15
В тобы витаминдері
В тобы витаминдерінің 15 жуық түрлері бар;
Зат алмасуда
маңызды қызмет аткаратын ацетилхолин құрамына кіреді.
Астық, бұршақ тұқымдастарда, қызылшада, бауырда, жұмыртқа сарыуызында, ащытқыда кездеседі.
Соя
Слайд 16Витамин (Тиамин)
Көмірсулар алмасуына қатысады;
Жүрек, бұлшықет,жүйке жүйесі
мүшелерінің
қызметін реттейді;
Тазартылмаған астық тұқымынының дәндерінде, бұршақ тұқымдастарында, жұмыртқа сарыуызында кездеседі;
В1 витамині жетіспеуінен “Бери- бери” (полиневрит) ауруы пайда
болды.
Кептердегі В1 авитаминозы
Слайд 17Витамин (Рибофлавин)
ХІХ ғасырдың 30 жылдары алғаш анықталды;
Етте, сүтте, бауырда,
жұмыртқада,астық дәндерінде кездеседі;
Рибитол спиртінен және изоллоксазиннен тұрады;
Жетіспеушілігінен көздің мөлдір қабықшасы қабынады, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы қабынады.
Слайд 18Витамин (Пиридоксин)
Ақуыз алмасуына қатысады;
Қантамырлар қабырғасында холестериннің жинақталуына кедергі жасайды;
Арпа,бауыр,бидай
ұнтақтарында,сыра ащытқыларында кездеседі.
Жетіспеушілігінен:
Атеросклероздың дамуы;
Қояншық,селкілдеу,қан аздық пайда болады;
көкбауырдың бұзылуы;
Қалқанша безі қызметінің нашарлауы байқалады.
Слайд 19Витамин
(цианкобаламин)
Азотты қосылыстар синтез реакцияларына кофермент ретінде қатысады;
Қан жасушалары-эритроциттер,
тромбоциттердің түзілуін жүзеге асырады;
Жануартекті тағам құрамында- бауырда, бүйректе, жұмыртқада, сүтте кездеседі.
Жетіспеушілігінен қаназдық (анемия) ауруы пайда болады.
-
Слайд 20 Сізге В тобындағы витаминдер жетіспеушілігін білдіретін белгілер:
Тіліңіз қызарып кетсе;
Жүйкеңіздің
жұқаруы жиі-жиі байқалса;
Ұйқыңыз қашып, берекетіңіз кетсе;
Ұзаққа созылған бас айналу жиі-жиі қайталанса;
Көз алдыңыз қарауытып, әлдебір”дақтар” ұшып жүрсе;
Тынысыңыз тарылып, деміңіз жиі-жиі жетпей қалса.
Слайд 21Витамин С
(аскорбин қышқылы)
Витамин С
- Тотығу-тотықсыздану реакция айналымына қатысады;
Көптеген ферменттер
құрамына кіреді;
Ақуыз синтезіне қатысады;
Антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады;
Дентин, шеміршектің қалыптасуына қатысады, ішекке темір элементінің сіңірілу процесін күшейтеді;
Бүйрек үсті бездерінде норадреналиннің түзілуін жүзеге асырады;
Итмұрын, қара жидек, бүлдірген,апельсин, лимон, пияз, сарымсақ, қырыққабат, алма т.б. құрамында кездеседі;
жағымды дәмі бар;
Тәулігіне 50-100 мг қажет.
Слайд 22Құрқұлақ (цинга) ауруының белгілері
Тез шаршау;
Қызылиек қанталайды, қан кетеді;
Бұлшықеттер
ауырады;
Қылтамырлар үзіледі;
Буын ауырады;
Тістер босап түседі;
Ағзаның ауруларға қарсы тұруы төмендейді.
Слайд 23Сізге С витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер:
Қызылиегіңіз жиі-жиі ісіп, қанталаса;
Жай ғана соққыдан
денеңіз тез көгеріп, қызарса;
Бұлшықеттеріңіз себепсіз ауырса;
Тістеріңіз босай бастаса.
Слайд 24 Лимон жоқ кезде …
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград блокадасында балаларды
қарағай жас бұтақтарының қайнатпасымен тамақтандырған. Себебі, қарағай бұтақтарында С витамині өте көп.
Слайд 25Витамин D (кальциферол)
Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
Бұлшықет тонусын
күшейтеді;
Ферменттер жұмысына әсер етеді;
Ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады;
Күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;
Тәуліктік қажеттілігі 1 мг;
Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т.б. кездеседі.
Слайд 26Мешел (рахит) ауруы
Фосфор–кальцийлік алмасу бұзылады;
Бойдың өсуі баяулайды;
Сүйек беріктігінен
айырылады;
Аяқ сүйектері қисаяды;
Бас, қарын үлкен болады.
(никотин қышқылы)
ХХғасырдың 20 жылдары ғана қасиеті зерттеле бастады;
Тотығу реакцияларындағы катализатор-ферменттердің құрамына енеді;
Май қышқылдарының синтезіне қатысады;
Аминқышқылдары айналымына қатысады;
Қарбызда,алмада,сыра ащытқы кебектерінде, бауырда, етте көп кездеседі;
Тәуліктік мөлшері 20мг.
Слайд 28Витамин РР авитаминозы
Пеллагра ауруы немесе “үш Д ауруы” деп атайды.
Дерматит
Диарея
Деменция
Теріде
дақтар мен көпіршіктер пайда болуы
Асқорыту мүшелерінің қызметі бұзылып, іштің қатты өтуі
Психиканың нашарлауы,Ақыл-естің бұзылуы
Слайд 29К витамині
(филлохинол)
- 1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам анықтады,
1943жылы осы
еңбегі үшін Нобель сыйлығына ие болды;
Салат жапырағында, бауырда көп кездеседі;
Қан ұюына ,ішекте органикалық заттардың сіңірілуіне қатысады;
-К витамині жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі ішек қабырғасында жеткілікті мөлшерде түзіледі.
Слайд 30Н витамині
(Биотин)
Тері қабатын түзеді, жетіспесе ақтаңдақ пайда болып, биотин
авитаминозына ұшырайды.
Дерматид ауруына ұшырайды.
Асбұршақ ,түсті орамжапырақ,саңырауқұлақ, бидай,жұмыртқа сарысы,бауырда кездеседі
Слайд 31 Е витамині
(токоферол,эвитол)-
белок пен майдың алмасуына ықпалы бар,ағзаға ауа жетіспеген кезде демеп жіберетін қабілетке ие, қан тамырларының қызметін реттейді.
Е витамині- жұмыртқада, өсімдік майларында, яғни қыста пайдаланатын тағамдарда көбірек болады.
Слайд 33А Витамині
Тәуліктік мөлшері1-1,5 мг
Родопсиннің
түзілуі
Ферменттер
Жұмысын күшейтеді
Эпителий
ұлпаларының
өсуін реттейді
Слайд 34В тобы витаминдері
Ес, зейін,жүйке
жүйесі қызметіне
әсер етеді
Жүрек,бұлшықет,
эпителий ұлпасының
қызметін жақсартады
Ақуыз алмасуына
қатысады
Қан жасушаларының
түзілуін
жүзеге асырады
Тәуліктік мөлшері
0,2-14 мг
Слайд 35С витамині
Тәуліктік мөлшері
50 -100 мг
Ферменттердің
құрам бөлігі
Ақуыз синтезіне
қатысады
Иммунитетті
күшейтеді
Антиденелердің
Қалыптасуын
жүзеге асырады
Слайд 36Д Витамині
Тәуліктік мөлшері
1 мг
Кальций
алмасуына
қатысады
Өсу
витамині
Сүйектің
қалыпты дамуына
әсер етеді
Фосфор
алмасуына
қатысады
Слайд 37 қорыту:
Ағзаға қажетті
барлық заттары
бар 10 тағам
Слайд 38Ғылыми хабарлама:
Ағзаға қажетті барлық заттары бар 10 тағамның қатарына мыналар кіреді:
қызанақ,сүт,айран,картоп,шпинат,балық, банан,қара нан,бұршақ,өсімдік майы.
Зерттеушілер мынадай пікір айтады:егер осы он тағамды дастарханыңызға үнемі қоятын болсаңыз,жас әрі ақыл-ойыңыз сергек бола отырып,90 жасқа дейін өмір сүре аласыз.