Презентация, доклад на тему Урок и Презентация Таныс және бейтаныс табиғат

Сабақтың тақырыбы: Таныс және бейтаныс табиғатСабақтың мақсаты: Жас жеткіншектердің экологиялық көз қарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық

Слайд 1Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің

химия және биология пән мұғалімі

Тулешова Тұрғаным Бақилақызы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің         химия және

Слайд 2Сабақтың тақырыбы: Таныс және бейтаныс табиғат
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектердің экологиялық көз

қарасын,
санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен
жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, қосымша
материалдарды пайдалануға үйрету, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін
қорғауға, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: Таныс және бейтаныс табиғатСабақтың мақсаты: Жас жеткіншектердің экологиялық көз қарасын,

Слайд 3Абай жылдың төрт мезгіліндегі ауыл тіршілігін, табиғат көркін, табиғаттың бір бөлшегі,

жануарлар мен өсімдіктер екенін дәріптеп сипаттамалар беру арқылы олармен жанды қарым-қатынас жасау керектігін насихаттаған табиғаттың нағыз досы.
Абай жылдың төрт мезгіліндегі ауыл тіршілігін, табиғат көркін, табиғаттың бір бөлшегі, жануарлар мен өсімдіктер екенін дәріптеп сипаттамалар

Слайд 4 Жаз.

Жаздыкүні шілде болғанда
Көкорай, шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп тұрғанда
Күркіреп жатқан өзенге.
Көшіп ауыл қонғанда.
Жаз.

Слайд 5

Күз.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Слайд 6

Қыс.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Слайд 7


Жазғытұры.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Слайд 8

Жердің көрген қорлығы көп,
Жетеді.
Ол жыласа
Жасқа толар етегі...
Аяғаннан,
Алдыма алып сәбидей
Айдарынан сипағым кеп кетеді!

Қадыр Мырзалиев

Жердің көрген

Слайд 9

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып ду-ду етіп,
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұр қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз, атасызды
Аяймын мен құлынсыз, ботасызды
Хайуанатқа жасаған қиянатың
Бауырыңа жасаған опасыздық!...
Ұяламын қарауға қоңыр қазға
Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы, зәбірі аз ба?!
Ұяламын қарауға шүрегейге
Құстың бірі туған да, бірі өгей ме?!
Бүгін кептер атқандар ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?!
 

«Қызыл кітап» поэмасы

Мылтық көрсем

Слайд 10Мұқағали Мақатаев-туған жерін сүйіп өткен нағыз табиғат қорғаны, жаршысы болған ақын.

Армысың, ардақ-мекен, асыл-мекен!
Айрықша топырағың, тасың бөтен
Бабалар бақыт іздеп кезуші еді
Білмепті, бақыттары қасында екен.
Ғасырлар сілемімен басулы екен.
Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, бересің
Ұлан-ғайыр байлығымды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?!
Айың анау, күнің мынау, жер мынау
Ей, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
 
Мұқағали Мақатаев-туған жерін сүйіп өткен нағыз табиғат қорғаны, жаршысы болған ақын.

Слайд 11Ауызша журнал
Табиғатпен тілдесу

Ауызша журналТабиғатпен тілдесу

Слайд 12«Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды» ұғымы.

Күз мезгілінде өзендердегі су

біршама тартылатын кезде, бекіре балықтары өзеннің құмды жағалауына топ-тобымен жиналады да, белсенді қимыл әрекет жасайды. Ондай жерді халық «бекіре ойнағы» деп атайды. Тал түс кезінде бекірелер өз ойнағында бастарын су түбіндегі құмға тығып, ағынға қарсы бірінің соңына бірі тізіліп тұрады. Дәл осы кезде кәнігі балықшылар оларды ең соңғысынан бастап аулайды, алдыңғылары сезбесе тұра береді, егер сезінсе, қайтып ойнағына жоламайды.

1

«Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды» ұғымы.  Күз мезгілінде өзендердегі су біршама тартылатын кезде, бекіре балықтары өзеннің

Слайд 13 «Теке бұрқылдақ»

Күздің аяғы, қыстың басында ақ бөкендер бір-бірімен қосақтасып қойғандай үлкен топ құрады, шағылысады. Текелер жойылмайды, дене салмағын жоғалтады, кейбір текелер көтерем болып қалады, оны халық «сасай болған» немесе «теке қалысы» деп атайды.
Қараша айында жауатын ақ нөсер жауынды «киіктің мойын жуары» деп атайды. Қатты жаңбырдың әсерінен сасай болған текелердің сасық иісі жуылып тазартады.

2

«Теке бұрқылдақ»   Күздің аяғы, қыстың басында ақ бөкендер

Слайд 14«Итбалықтың кіндік қатары»

Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі жануардың бірі-итбалық. Оның тіршілігін

де жіті бақылай білген қазақ халқында «итбалықтың кіндік кесері» деген ұғым қалыптасқан. Итбалық мұз үстіне шығып күшіктейді. Ақпан айындағы бір апта ішінде барлығы күшіктеп болады, осы кезде күн өте аязды болып, дүниеге жаңа келген күшіктердің кіндігі мұзға қатып, үзіледі.

3

«Итбалықтың кіндік қатары»Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі жануардың бірі-итбалық. Оның тіршілігін де жіті бақылай білген қазақ халқында

Слайд 15 «Бөрі сырғақ»

Бұл ақпан айының

15-17-іне сәйкес келеді. Күн біршама жылы болып, кейде жаңбыр жауады, арты сырғақты қарға айналады, осы мезгілде қасқырлар жұп құрып, шағылысуға кіріседі. Бұл мезгілді халқымыз «бөрі сырғақ» деп атаған.


4

«Бөрі сырғақ»  Бұл ақпан айының 15-17-іне сәйкес келеді. Күн біршама жылы

Слайд 16 «Құс қанаты»

«Құс қанаты» ұғымы

жыл құстарының көктемде қайтуына байланысты айтылады. Бұл наурыз айының 26-28-іне сәйкес келеді, қайтқан құстардың қанаттарының суылдап ұшқан ызғарынан күн суытып, жапалақтап қар жауады. Мұны сол жылғы соңғы қар деп есептейді, өйткені «қардың басын қар алар» деген сөз содан қалған.

5

«Құс қанаты» «Құс қанаты» ұғымы жыл құстарының көктемде қайтуына байланысты айтылады.

Слайд 17 «Тасбақа дауылы»

Көктем кезінде көбіне

көкек айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды, боранды қатты жел соғады, халық оны «тасбақа дауылы» деп атайды. Қысқы ұйқысынан оянған әлсіз тасбақа сауытының үстінде қалған құм, топырақты өздігінен түсіре алмайды, сол кезде соғатын дауыл ұшырып әкетеді.

6

«Тасбақа дауылы» Көктем кезінде көбіне көкек айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан

Слайд 18«Қызыл жұмыртқа»

Бұл мамыр айының 8-9-ына болатын суыққа байланысты. Жұмыртқа шайқаған

құстар балапан шығарады. Осы күнді халқымыз «қызыл жұмыртқа» деп атаймыз. Бұл жұмыртқадан қызыл шақа балапандардың шыққанын аңғарады.
 

7

«Қызыл жұмыртқа» Бұл мамыр айының 8-9-ына болатын суыққа байланысты. Жұмыртқа шайқаған құстар балапан шығарады. Осы күнді халқымыз

Слайд 19 «Құралай салқыны»

Ақ

бөкендер көктемгі (мамыр айының 17-25-і аралығында) жаппай лақтайды. Осы кезде ауа райы салқындап, ызғырық жел тұрады, жаңбыр жауып, артынша күн суытады, табиғат дүниеге жаңа келген құралайларды салқын ауа райымен ширатып, қатал табиғат жағдайына төзімді етіп өсіреді.

8

«Құралай салқыны» Ақ бөкендер көктемгі (мамыр айының 17-25-і аралығында)

Слайд 20Табиғат туралы мақал-мәтелдер

Жер қадірі туралы: «Жері байдың елі бай», «Жер ырыстың

кіндігі», «Күте білсең жер жомарт», «Тозған жерде жоқшылық болмайды», «Туған жер алтын бесік».
Су қадірі туралы: «Сулы жер-нулы жер», «Су анасы-бұлақ», «Суын ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Судың кепкені-тіршіліктің кеткені».
Жасыл желек туралы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады».
Аң мен құс туралы: «Көк құрақ көлдің сәулеті, аң мен құс-елдің дәулеті», «Қаз ұшып кетсе, көлді үйрек жағалар».
Табиғат туралы мақал-мәтелдерЖер қадірі туралы: «Жері байдың елі бай», «Жер ырыстың кіндігі», «Күте білсең жер жомарт», «Тозған

Слайд 21 Білім мәңгі таусылмайтын бұлағы
Туған жерің-қаның тамған тұрағың,
Бақытыңды еңбекпенен

табасың,
Жер-Анаңды қадірлей біл, шырағым.





Рахмет, сіздерге!
Білім мәңгі таусылмайтын бұлағы  Туған жерің-қаның тамған тұрағың,Бақытыңды еңбекпенен табасың,  Жер-Анаңды қадірлей біл, шырағым.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть