Презентация, доклад на тему Слайд: Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипатттама

Содержание

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:1) Қырықжапырақтәріздестер дегеніміз қандай өсімдіктер? 2) Еркек усасыршөп қандай өсімдік? 3) Қырықжапырақтәріздінің жапырақтары қандай қызмет атқарады? 4) Қырықжапырақтар қалай көбейеді? 5) Қазақстанның Қызыл кітабына енген қырықжапырақ түрлері? 6) Ашықтұқымды өсімдіктер дегенді қалай түсінеміз?

Слайд 1Биология


6 сынып

Биология       6 сынып

Слайд 2Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
1) Қырықжапырақтәріздестер дегеніміз қандай өсімдіктер?
2) Еркек усасыршөп

қандай өсімдік?

3) Қырықжапырақтәріздінің жапырақтары қандай қызмет атқарады?

4) Қырықжапырақтар қалай көбейеді?

5) Қазақстанның Қызыл кітабына енген қырықжапырақ түрлері?

6) Ашықтұқымды өсімдіктер дегенді қалай түсінеміз?

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:1) Қырықжапырақтәріздестер дегеніміз қандай өсімдіктер? 2) Еркек усасыршөп қандай өсімдік? 3) Қырықжапырақтәріздінің жапырақтары қандай

Слайд 303.02.2016 ж
8-тарау. Ашықтұқымды өсімдіктер.
§ 39. Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипатттама.

03.02.2016 ж8-тарау. Ашықтұқымды өсімдіктер. § 39. Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипатттама.

Слайд 5Тұқымды өсімдіктер
Ашықтұқымдылар
Жабықтұқымдылар

Тұқымды өсімдіктерАшықтұқымдыларЖабықтұқымдылар

Слайд 6
Ашық тұқымдылар – тұқымы мен

тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Жер бетінде 650 түрі өседі.
Ашық тұқымдылар – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын

Слайд 7 Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымдылардың

споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады.
Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді.
Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады.

Слайд 8
Ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер
Қарағай
Шырша
Самырсын
Арша
Бұлар

қылқан жапырақтылар класына жатады. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады.
Ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктерҚарағайШыршаСамырсынАрша   Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. «Қылқан жапырақты»

Слайд 9 Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін

қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін

Слайд 10
Шырша – қарағай тұқымдасына жататын

биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш.

Слайд 11Самырсын — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. 40-тан

астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны және Ақ қарағай бар. Олардың биіктігі 35 м-ге, діңінің жуандығы 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
Самырсын — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты

Слайд 12Арша - жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас

тармағы. Ұзындығы биік (10-15 м) аршалар Ортажер теңізі аймағында, Орта Азия да, Мексика мен Солтүстік Американың құрғақшыл аймақтарында арша талдары орман болып топтасып өседі. Арша 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтіледі. Қалемшелеп көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі.
Арша - жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы. Ұзындығы биік (10-15 м) аршалар

Слайд 13
Ашықтұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызы
Қарағай сүрегінен химиялық жолмен

өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады.

Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Шырша өнімінен қағаз және қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын және ағаш сіркесін алады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді.

Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады.
Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар.
Ашықтұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызыҚарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық

Слайд 14Ашықтұқымдылардың жер бетінде ............. түрі өседі.

2) Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі

................ деп аталады.

3) Жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы
үшкір болатындықтан ................................... деп атайды.

4) Аналық бүрінің бір өсімдікте, аталық бүрінің екінші
өсімдікте өсуі .......................... деп аталады.

5) Қазақстанның Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында
кездесетін ашық тұқымды бұта ...................................... .


Биологиялық диктант.

Ашықтұқымдылардың жер бетінде ............. түрі өседі.2) Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі ................ деп аталады. 3) Жапырақтары ине

Слайд 156) Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездесетін өсімдік .............................. .


7) Сауыр ағаштары қатарына, сауыр тұқымдасына жататын сәндік өсімдіктер ...................... .

6) Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездесетін өсімдік .............................. .  7) Сауыр ағаштары қатарына, сауыр

Слайд 16 «Сен білесің бе?»

- Шырша – 500 жыл бойы 30 -

35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис (самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 метр. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.
«Сен білесің бе?»- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.- Қарағай – 350

Слайд 18Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?

Нені үйрендің?Не қиын болды?Енді нені үйренгің келеді?

Слайд 19Үйге тапсырма: § 39. Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.
(Кесте толтыру 131-бет)

Үйге тапсырма: § 39. Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама. (Кесте толтыру 131-бет)

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть