Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу
бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек
қабы) – перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған
сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады. Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден және 2 қарыншадан тұрады.
Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден
қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы , сол жағында қос жақтаулы қақпақшалар орналасқан
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть