Слайд 1
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
“Айнабұлақ” негізгі орта мектебі
химия-биология пәні мұғалімі
Ирисметова Хамида Иристай
қызы
Слайд 2
Тақырыбы:
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда атқарылатын жұмыстар.
Слайд 3
“Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтардың өз өмірінің яғына дейін сау болуы және
оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек”
Н.Ә. Назарбаев /2030 стратегиясынан/
Слайд 4
Мақсаты:
“Бірінші байлық - денсаулық” “Қазақстан - 2030” бағдарламасында көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір
азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктің денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Слайд 5
Міндеттері:
1.Адам ағзасына әсер ететін ішімдіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың зиянды әдеттердің сипаттамасы
және олардың әлеуметтік, психологиялық зардабы.
2. Есірткі заттарға бейімделу себебін ашу.
3.Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қажетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
4.Өз денсаулығына жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.
Слайд 6
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Салауатты өмір салтыны қалыптастыру.
2. Темекінің зияны.
3. Ішімдіктің ағзаға
әсері.
4. Есірткіге байланысты қауіптер.
5. ЖҚТБ – ғасыр дерті.
6. Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары.
7. Шынықсаң шымыр боларсын.
ІІІ. Қорытынды.
Слайд 7
Оу, адамзат, құлағың сал,
Саулық тіле басыңа,
Сақтана біл қайраттанып,
Енжар болма, жасыма.
Нашақорлық, жезөкшелек
Ұрындырар
тегінде,
Салауатты өмір салты
Тұрсын әр кез есіңде!
Слайд 8
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын
алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
Слайд 9
Осындай арнаулы нұсқауды және қоғамның салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу
барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:
Ең әуелі, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене құрылысының биологиялық, физиологиялық, анатомиялық құрылымымен таныс болу;
Ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру;
Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине, өмірдің әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау;
Слайд 10
Денсаулықты сақтаудың негізгі принципі — Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген
қағидасын басшылыққа алу;
Табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі — ауа, күн, су құрылымдары болғандықтан, денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;
Жеке бастың тазалығы;
Дұрыс тамақтану жүйесі;
Слайд 11
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу;
Дененің жан-жақты үйлесімді
дамуы;
Дене шынықтыру — сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;
Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу.
Темекінің зияны.
Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді.
Слайд 13
Темекінің ағзаға әсері:
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.
2. Ас
қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.
4. Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.
5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).
6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.
7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.
8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.
9. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.
10. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады.
Слайд 14
Темекі шеккен және сау адамдың өкпесі мынандай көріністе болады:
Сау Темекі шеккен
Слайд 17
Ішімдік ішудің себептері
Тұқымқуалаушылық
Топтан қалмас үшін
Достар
Жиі күйзелістер
Жеке басындағы сәтсіздік
Жұмыссыздық
Жалғыздық
Отбасындағы сәтсіздік
Слайд 18
Ішімдіктің ағзаға әсері.
1. Жүйке жүйесі
2.
Тірек-қимыл жүйесі
3. Жүрек-қан тамыр жүйесі
4. Бауыр
5. Зәр шығару жүйесі
6. Репродуктивтік жүйе
Слайд 19
Ішімдіктің ағзаға әсері.
Жүйке жүйесі
Психоздар дамиды
Есінде сақтау, ойлау қабілетін жоғалтады
Өзін
өзі бақылай алмайды
Қозғалыс тепе-теңдігі бұзылады
Ми жасушалары уланады
Ақыл – есі төмендейді
Слайд 20
Тірек-қимыл жүйесі
Буындар ауырады
Сүйек дамуында кемістік болады
Ақсаңдап жүретін болады
Слайд 21
Жүрек-қан тамыр жүйесі
Жүрек қыспасы
Тамырлардың кеңеюі
Стенокардия
Слайд 22
Бауыр
Бауыр циррозы, гепатит
Жасушалар бұзылады
Слайд 23
Зәр шығару жүйесі
Энурез
Гломерулонефрит
Слайд 24
Репродуктивтік жүйе
Жыныс жасушаларындағы генетикалық өзгерістер
Баланың дамуының тежелуі
Ұрық дамуындағы кемістіктер
Слайд 25Ішімдік ішкен адам мен ішпеген адамдың бауыры:
Слайд 27
Ғасырлар бойы адам баласына зардабын тигізіп келе жатқан зиянды дәрмектер қатарына
көкнәр /мак/, апиын, кокаин, героин, т.б. улы қоспалар
жатады.
Слайд 28
Есірткі пайдаланудан адамның психикасы, көңіл-күйі, санасы, дүние танымы, мінез-құлқы өзгереді. Қауіпсіз
мінез-құлық пен тәртіп мәдениетін сақтау еркінен айырылады. Нәтижесінде өзара қарым-қатынастағы бейберекеттік пайда болады да, түрлі жыныстық ауруларды жұқтыруға ықпал жасайды.
Нашақорлықтан жыныс бездері қызметінің бұзылуы нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Олардың балалары түрлі психикалық және дене ақауларымен туылады.
Слайд 30
ЖҚТБ – ғасыр дерті.
Осы ғасыр
обасы
СПИД – ауру қатерлі!
Абайсызда адамдар
Осы торға түседі.
Бұл қатерлі ауру
81-де жарық көрді.
Сұмдық ауру адамның
Өмір жолын қиып өтті!
Әдетте СПИД вирусы,
Лимфоцит клеткаларында.
СПИД пайда болғаннан бері
Адам өмірі қауіпті жағдайда.
СПИД ауруы жұққаннан,
Жасырын кезең басталады.
Жасырын кезең аяғы,
Адамды мерт қылады.
Кезімен ажал жеткені,
Өкініш емес, тек мәні,
Өкінтеді адамның
Мезгілсіз өліп кеткені.
Слайд 31
АҚТҚ беріледі:
Қан
арқылы.
Жыныстық қатынас арқылы.
Жүкті болғанда, босанғанда және емізген кезде.
Слайд 32
АҚТҚ берілмейді:
1. Қол
алысқанда және құшақтасқанда.
2. Ыдыс-аяқ, тағам, дәретхана жабдықтары арқылы.
3. Төсек жапқыштары және іш киім арқылы.
4. Тиын немесе қағаз ақша арқылы.
5.Су және ауа арқылы.
6. Ойыншықтар, мектеп жабдықтары, спорттық құралдар арқылы.
7. Есік тұтқалары мен транспорттағы ұстағыштар арқылы.
8.Жәндіктер шаққанда.
9.Достық сүйісу кезінде.
10. Моншада, саунада, бассейіндерде.
Слайд 33
Жуқпалы аурулар таралу көзінің сипатына қарай екі топқа бөлінеді: антропоноздар-жұқпаның көзі
адам;
зооноздар-жұқпаның таралу көзі жануарлар. Ауырған, қоздырғыштарды тасымалдаушы жануарларды күту кезінде, олардың өнімдерін өңдегенде немесе тамаққа пайдаланғанда ауру адамға жұғуы мүмкін.
Жұқпа әр түрлі тәсілмен беріледі:
1. Ас қорыту жүйесі арқылы.
2. Тыныс жолдары арқылы.
3. Қан арқылы.
4. Тұрмыстық жанасу нәтижесінде.
Слайд 34
Жұқпалы аурулар.
Туберкулез
Герпес
Слайд 37
Безгек ауруының қоздырушысы - маса.
Слайд 38
Энцефалит ауруының қоздырушысы – кене.
Слайд 39
Жұқпалы аурулардың таралуынан сақтандыру шаралары.
Жеке бастың гигиенасы
Суды тазарту
Су құбырлары мен канализация
жүргізу
Сумен қамтамасыз етуді бақылау
Дезинфекциялау
Дұрыс тамақтану
Кеміргіштерді жою
Насекомдарды жою
Слайд 40
Салауатты өмір сүру дегеніміз тек арақ ішпеу және темекі шекпеудің ғана
тұрмайды. Бұл ұғымның ауқымы үлкен. Оның басты бөлігі денешынықтыру болуы шарт.
Слайд 41
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Слайд 43
Салауатты өмірді сүйсең егер,
Жұқпалы аурулар аулақ кетер.
Сондықтан да айтар сөзім, саған
адам
Денсаулықты сақтауда жаса қадам!
Слайд 44
Назар қойып, тыңдағандарыңызға
рахмет!