Презентация, доклад по биологии тему Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері Иммунитет. Екпелер (8 класс)

Содержание

Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі

Слайд 1Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері Иммунитет. Екпелер

Анетбекова Гулзира Телкозиева

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері  Иммунитет. ЕкпелерАнетбекова Гулзира Телкозиева

Слайд 2Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе

бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.

Кіші қанайналым шеңбері

Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады),

Слайд 3Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен

барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.

Үлкен қанайналым шеңбері

Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер

Слайд 4Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар

іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.
Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі

Слайд 5Сарыуыздық қанайналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып, плацентарлық

қанайналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жұп жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшында жетіліп, дорсальдық қолқадан басталады. Одан сарыуыз - шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз қапшығында капиллярлар торына тармақталады. Бұл тордан вена қанын жинайтын сарыуыз-шажырқайлық вена жүрек түтікшелерінің артқы ұшына ашылады.

Сарыуыздық қанайналым шеңбері

Сарыуыздық қанайналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып, плацентарлық қанайналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым

Слайд 6Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда болғаннан

бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезенде жүрек түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Ұрық организмінде артерия және вена қан тамырлары қалыптаса бастайды. Қан іштегі нәресте (іштөлі) организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне (бауырға) әкелінеді.

Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері

Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезенде

Слайд 7 Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды (адамда

— төменгі) қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы ұрықтың денесіне тарайды. Ұрық организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды (адамда — алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Ұрық организміндегі өкпелік қан- айналымның қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады.
Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды (адамда — төменгі) қуыс вена арқылы ағып

Слайд 8Иммунитет дегеніміз — ағзаның антигендік қасиеті бар бөгде заттарды қабылдамауы, әртүрлі

инфекциялық ауру қоздыратын бактериялар мен вирустарға, антигендік қасиеті бар бөгде заттардың әсерлерінің ықпалына ағзаның қарсы тұруы.

Иммундық жүйенің ерекше қызметі — ағзадағы зиянды микробтар мен вирустарды алдымен оқшаулап, содан кейін жояды. Өкінішке орай, үнемі ағзаға осындай заттар түсе берсе, күресе–күресе иммундық жүйе әлсірейді.

Иммунитет дегеніміз — ағзаның антигендік қасиеті бар бөгде заттарды қабылдамауы, әртүрлі инфекциялық ауру қоздыратын бактериялар мен вирустарға,

Слайд 9Иммундық жүйе ауруының себептері
Иммунитет тапшылығы ең алдымен тыныс алу мүшелерінің тұмау

тәріздес ауруларымен, терінің микробтық, саңырауқұлақтық, вирустық аурулармен жиі ауыру, дер кезінде жазылмау, асқынулар кезінде байқалады.
Ал балалар ересектерге қарағанда жиірек ауырады, оның себебі иммундық жүйе толық қалыптасып үлгермегендіктен.
Иммундық жүйе ауруының себептеріИммунитет тапшылығы ең алдымен тыныс алу мүшелерінің тұмау тәріздес ауруларымен, терінің микробтық, саңырауқұлақтық, вирустық

Слайд 10Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын

ұстану, зиянды әдеттер-ден аулақ болу керек. Айта кететін маңызды жағдай дұрыс тамақтануға қатысты. Ол дегеніміз тек қана дер кезінде тамақтанып тұру емес, сол тағамның құнарлылығы. Тағамдардың құнарлылығы табиғи түрлерінде ғана толықтау болады. Малдың сүті мен еті, соның ішінде шұбат, қымыз, айран, балықта, жемістер мен көкөністерде нәруыздар мен дәрумендердің және минералды заттардың қажетті көлемі бар. Осындай тағамдарды араластырып қолдану пайдалы. Ал үнемі біркелкі тамақтану кейбір дәрумендер мен минералды заттар жетіспеушілігіне байланысты, иммундық жүйе жұмысының тапшылығына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар дене шынықтыру, жұмыс пен демалыс ретін сақтау өте маңызды.
Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер-ден аулақ болу керек.

Слайд 11Біз ашық әлемде өмір сүреміз. Сондықтан, қоршаған ортаның түрлі әсерінен туындайтын

сан алуан ауруларды баланың әлсіз ағзасы қалай қабылдайтынын бірде-бір ана алдын-ала болжай алмайды. Екпенің арқасында ағза аса қауіпті ауруларды тудыратын бактериялар мен вирустарға төтеп бере алады. Мысалы: туберкулез, көкжөтел (коклюш), дифтерия, гемофильді жұқпа және сіреспе (столбняк).
Біз ашық әлемде өмір сүреміз. Сондықтан, қоршаған ортаның түрлі әсерінен туындайтын сан алуан ауруларды баланың әлсіз ағзасы

Слайд 12Екпе жасайтын кезде баланың дені сау болуы аса маңызды. Бұл уақытта

бала түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан туындайтын іш өту, дененің бөртуі, тұмау, дене қызуының көтерілуі сынды келеңсіздіктерден ада болуы тиіс. Ол неге соншалықты маңызды десеңіз, екпеден кейін ағза барлық күшін белгілі бір инфекцияға қарсы иммунитет тудыруға жұмсайды. Сондықтан, оған артық «салмақ» жүктеудің қажеті жоқ. Егер бала қандай да бір аурумен ауыратын болса, оған екпені белгілі бір тәртіппен енгізеді.
Екпе жасайтын кезде баланың дені сау болуы аса маңызды. Бұл уақытта бала түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан туындайтын

Слайд 13Аллергиясы бар балаларға екпе жасардың алдында 2-3 күн бұрын және екпеден соң

3-5 күн арнайы гистаминге қарсы тамшыларды береді.
Демікпемен ауыратын балаларға екпе кезінде негізгі емнің мөлшерін жоғарылату ұсынылады.
3 айдан 5 жасқа дейін болатын құрысуға шалдыққан балаларға АДС-М (дифтерия мен сіреспеге қарсы екпе) енгізгеннен кейін 1-2 күн және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-інші күннен бастап парацетамол береді.
Иммунитеті төмен балаларға белсенді емес вакциналар қауіпсіз болғанымен қажетті нәтиже бермеуі мүмкін, ал тірі вакцинаны оларға енгізбейді.
Жүйке жүйесінде ақауы бар балаларға вакцина енгізетін болса, үш күннен соң кері әсері байқалуы мүмкін. Сондықтан, оларға тек невропатолог рұқсат берген кезде ғана екпе жасайды.
Ал уақытша екпені тоқтатуға безгек немесе созылмалы аурулар түрткі болады. Мұндайда екпе бала толықтай жазылған соң енгізіледі.
Аллергиясы бар балаларға екпе жасардың алдында 2-3 күн бұрын және екпеден соң 3-5 күн арнайы гистаминге қарсы тамшыларды

Слайд 14Аталмыш препаратты алғашқы енгізген кезде кері әсері болған жағдайда;
қатерлі аурулар;
СПИД.
Екпені жасауға

тыйым салынатын жағдайлар:
Аталмыш препаратты алғашқы енгізген кезде кері әсері болған жағдайда;қатерлі аурулар;СПИД.Екпені жасауға тыйым салынатын жағдайлар:

Слайд 15Әр адамның ағзасы енгізілген вакцинаны түрліше қабылдайды. Баланың ағзасы екпеге қалай

жауап беретіні түрлі жайттарға тікелей байланысты.

Олар:
дәрігер сол сәттегі баланың жағдайын қаншалықты
дұрыс анықтай білді;
вакцинаның сапасы мен құрамы. Негізінен кері әсер құрамында тірі, бірақ әлсіз микроағзалары бар вакциналарға жиі туындайды. Олардың қатарына көкжөтелге
қарсы екпені (АКДС) жатқызуға болады.
вакцинаның қалай жасалғаны: негізгі техникалық талаптар орындалды ма, қажетті жағдай жасалынған ба, анаға екпеге дейін және екпеден кейін не істеуі керектігі жайлы кеңес берілген бе, олар қажетті препараттармен қамтамасыз етілді ме?

Әр адамның ағзасы енгізілген вакцинаны түрліше қабылдайды. Баланың ағзасы екпеге қалай жауап беретіні түрлі жайттарға тікелей байланысты.

Слайд 16Екпеге ағзаның үн қатуы – қалыпты жағдай. Ол ағзаның дұрыс жұмыс істеп

тұрғанын, өз жұмысын тыңғылықты атқарып жатқанын білдіреді. Екпенің ағзаға әсерін ортақ және жергілікті белгілерден байқауға болады. Ортақ белгілер – дене қызуының көтерілуі (қалыпты жағдайда 37,50С-ден аспауы тиіс), баланың сүлесоқтанып, тәбетінің төмендеуі. Ортақ белгілерге сонымен қатар жергілікті ерекшеліктерді де жатқызуға болады. Мұндайда екпенің орны қызарып, ісініп тұрады және бала ауырсынуды сезінеді. Сондықтан, баланың жағдайын үнемі қадағалап отыру керек.
Екпеге ағзаның үн қатуы – қалыпты жағдай. Ол ағзаның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын, өз жұмысын тыңғылықты атқарып жатқанын

Слайд 17Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть