Слайд 2Тип Круглые черви
Жұмыр құрттар типі
20000- ға жуық түрі тіршілік етеді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-оқушыларға жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығын, ішекқұртымен, үшкірқұртпен қосымша таныстыру арқылы оларға паразит құрттардың көп түрлілігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық-өз бетінше жұмыс жасауға, қосымша материалдарды пайдалана білуде, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік –оқушыларды жеке бас тазалығын сақтай білуге үйрету
Слайд 4Үшкірқұрт,трихинелла,суырқұрт (ришта) , ішексорғы –адам және жануарда тіршілік ететін паразит
Қылқұрт –
бунақденелілер паразиті.
Топырақ жұмыр құрттар. Өсімдіктер қалдығымен қоректеніп топырақ түзуде маңызды.
Пияз,картоп,сарымсақ,құлпынай сабаққұрттар топырақтан жас өсімдіктің сабағына қотеріліп , пайдалануға жарамсыз етеді.
Слайд 5Жұмыр құрттардың ерекшеліктері
Денесі буылтықсыз, созылынқы,цилиндр немесе ұршық пішінді
Көлденең кесіндісі дөңгелек
Денесінде алғашқы
қуысы болады
Алдынғы ұшында аузы, соңғы бөлігіде аналь тесігі болады.
Сірқабықтың астында 1 қабат ұзын салалы бұлшық еттері болады,көлденен жолақты бұлшық еттері болмайды, сондықтан қозғалғанда жан –жағына иіледі.
Тынысалу,қанайналым жүйесі болмайды.
Даражынысты ,жұмыртқа арқылы көбейеді,дернәсілін тірі туатын да түрлері бар.
Слайд 6Дене пішіні – ұршық тәрізді
Денесі тығыз сірқабықпен қапталған
Дене ұзындығы
– аналық 20-40 см, аталық 15-25 см
Алдынғы бөлігінде– ауыз үш ерінімен
артқы бөлігінде – аналь тесігі
Адам ішексорғысы.
Сыртқы құрылысы.
Слайд 7Ішексорғының ішкі құрылысы
Ішек
жұтқыншақ
ауыз
Зәршығару тесігі
Жыныс жолдары
жатын
жұмыртқабез
Аналь тесігі
Алғашқы қуыс
Жыныс жолдары
Жұмыртқа без
Ішек
Бұлшық ет
Зәр
шығару тесігі
Жатын
Жүйке жүйесі
сірқабық
Слайд 8Ішексорғының тіршілігі.
1. Қозғалуы –ұзын салалы бұлшықеттері арқылы жан-жаққа иіліде.
2. Қоректенуі
– қорегі аузынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдынғы,ортанғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектң қабырғасы сорып, дене қуысының сұйықтығына жеткізеді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.
3. Тыныс алуы – бүкіл денесімен
4.Қанайналымы – жоқ.
5. Зәршығару – жұтқыншақ астында зәр шығару тесігі болады
6. Тітіркенгіш- сезім мүшелері нашар дамыған
7. Көбеюі –дара жынысты, ұрықтануы іштей.
Слайд 9Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып , қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа
шығып қалады. Жұмыртқалар бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Қолдың кірімен адамның аузына түсіп одан ішекке өтеді.ішекте дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болып, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.
Ішексорғының көбеюі
Слайд 10Ішексорғының тіршілік циклы және адамның ішіне түсуі
Аналығы тәулігіне 200-300 мың жұмыртқа
шығарады
Өмірі 1 жылға дейін созылады
Ішексорғының дамуына қандай жағдайлар қолайлы?
Кестені толтырыңдар:
Ішексорғының жұғу жолдары және олармен күресу
Слайд 11Аскаридоз – ішексорғыдан пайда болатын ауру
Аурудың белгілері:
Бас ауырады
Әлсіздік
Бас айналу
Мазасыздық ,ұйықысыздық
Оқу және
есте сақтау қабілетінің төмендеуі
Себептері :
ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады
Слайд 12Үшкірқұрт
Үшкірқұрт.(Enterobius vermicularis)
Өте үлкен және аталығы мен аналығы бөлек орналасқан нематод.
Аталығының ұзындығы 20 - 40см, ал аналығының ұзындығы 15 - 25см. Үшкірқұрттың ұшқы жағы үшкірлеу және ақшылт болып келеді. Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аналығының құйрығы әрдайым майысып тұрады. Бұлар энтерибиоздың себебі болып табылады.
Слайд 13
Аналығы -10мм, аталығы -3-5 мм. Ауру – энтеробиоз.
энтеробиоздың белгілері:
ұйықысыздық
Мазасыздық
әлсіздік
соқыр ішек ауруы
Аналығы жұмыртқасының аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қыщытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып,қайтадан ауызға түседі.ол ас ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.
Үшкірқұрттың тіршілік циклы және адамның ішіне түсуі
Слайд 14Тапсырма: кестеледі толтырыңдар:
Үшкір құрттың даму кезеңдері
Үшкір құрттың ішекке түсу
Слайд 15Трихинелла(Trichinella spiralis)
Өте ұсақ болып келеді. Ұзындығы 1 - 4 мм. Ірі
гельминттар адам ағзасында тез дамиды.
Ол адамның, қасқырдың, түлкінің, иттің, мысықтың, шошқаның, аюдың, борсықтың ішек қарнына еніп, зақымдайды. Трихинелла бір айда 2000 тірі дернәсіл шығарады. Ол ішектің қабырғасы арқылы қанға одан бұлшықетке өтеді. Ол адам ағзасына шикі, шала піскен жабайы жануарлар еті арқылы адам ағзасына енеді.
трихинелла дернәсілі
Слайд 17Трихинелла
Трихинелланың жұғу жолдары
Ішексорғы құрт пен трихинелла жұмыр құрттар типіне жатады.паразиттер.
Бірақ ішек құрт аналығы тәулігіне 200 –300 мың. жұмыртқа, ал трихинелла аналығы тіршілік кезеңінде (35 – 40, максимум – 80 тәулік) 2 мың. жұмыртқа салады. Неге Ішексорғы құрт пен трихинелланың жұмыртқалар санының айырмашылығы үлкен?
Слайд 18Жауап
Трихинелла паразиттік өмірге жақсы бейімделген. Ол даму кезеңінде сыртқы ортаға
шықпайды. Сондықтан оның жұмыртқалары сыртқы ортаның әсеріне ұшырамайды
Ішек құрт жұмыртқаларын сыртқа шығып салады, сондықтан да оның жұмыртқаларының,тек қолайлы жағдайға түскендер тіршілігін жалғастырады.
Слайд 19Суырқұрт
Жұмыр құрттардың қылқұртқа ұқсас бір түрі - суыртқы. Оның аналығының ұзындығы
- 150 см, жуандығы - 0, 2 мм шамасында. Бұл - адам үшін өте қауіпті паразит, көбінесе Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Суыртқының аналығы әсіресе аяқ терісінің астында паразиттік жолмен өмір сүрелі. Бұл ауруды дракунлез деп атайды.Құрт орныққан аяқтың басы алғашында қышып, қызарады. Соңынан ісініп, іріңді жараға айналады. Суыртқыны денеден суырып алу өте қиын. Оны жарадан шығару үшін жіңішке шырпыға немесе өсімдіктің жіңішке бұтақшасына орап, суырып алады.
Слайд 20 Медбике кеңесі
Ішек - құрт аурулары әсіресе өсіп келе жатқан бала
ағзасында психикалық және физикалық бұзылуға әкеледі. Бойдың өсуі төмендейді, жыныстың жетілуін тежейді, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ішек - құрттары ішекте мекендеп, дәрумендерді сіңіру қызметін бұзады. Дисбактериоз келесі белгілермен көрініс береді: іштің ауруы, кебуі. Сол себепті балада мазасыздық, ұйқысыздық оқу қабілеті төмендегені байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеріліп, емдік дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Аурудың алдын - алу үшін қолды сабынмен тазалап жуу, қайнатылмаған су ішпеу, жеміс – жидектерді мұқият жуу, ыстық сумен шаю керек.
Слайд 21Ішек құрттарынан қалай құтылуға болады?
Ішек құрттарын жапондық «Зингда» аппаратымен 2 -
3 күнде түсіруге болатынын айтады. Бұл аппаратта арнайы магниттік қондырғы болады екен. Сол қондырғыны шалқасынан жатқызылған адамның асқазан, бауыр, көкбауыр, ішек тұстарына апарып, әуелі оңға қарай, содан кейін солға қарай 4 минуттан айналдырғанда магниттің айналу әсерінен ішекқұрттар бөлшектеніп, нәжіспен бірге түсіп қалатын көрінеді. Ол денені, тәнді ауыртпайды, қайта массаж сияқты әсер етеді. Бар - жоғы 8 минутта магниттің айналуы арқылы құрттар жансызданып, өздігінен, табиғи түрде түседі. Бұл процестің денсаулыққа ешқандай да зияны жоқ. Қайта адам ағзаны іштен кемірген сан түрлі дерттен оңай арылады. «Зингда» арқылы ересектер ғана емес, жас балалар да ішек құрттарынан арыла алады.
Оқулықпен жұмыс
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері:
1. Жұмыр құрттардың денесі...қапталады
2. Ауыз қуысы денесінің...жағында, ал аналь тесігі...жағында орналасқан
3. Жұмыр құрттардың тынысалу және қан тарату жүйесі...
4. Аталығынан аналығы...
5. Денесін қысқарта да, соза да алмайды, себебі...жоқ
Слайд 231. Жұмыр құрттардың денесі...қапталады (сірқабықпен)
2. Ауыз қуысы денесінің...жағында, ал аналь тесігі...жағында
орналасқан(алдыңғы, артқы)
3. Жұмыр құрттардың тыныс алу және қан тарату жүйесі...(жоқ)
4. Аталығынан аналығы...(ұзын)
5. Денесін қысқарта да, соза да алмайды, себебі...жоқ (көлденең жолақты бұлшықет)
Слайд 24Жалпақ және жұмыр құртарға салыстырмалы кесте
Слайд 25Жалпақ және жұмыр құртарға салыстырмалы кесте
Слайд 26
Үйге тапсырма “Паразит құрттарды болдырмау шаралары” ой-пікір жазу.
Слайд 27http://festival.1september.ru/articles/584585/
http://www.doctoribolit.ru/images/Vermes/Vermes25.gifhttp://biologiya.net/zoologiya/sistematika-zhivotnyx/klass-sosalshhiki.html
http://e-lib.gasu.ru/eposobia/bondarenko/R_3_4.html
http://www.problemkozha.ru/enterobioz
http://www.atm-practica.ru/userfiles/image/trihinella.jpg
http://im6-tub-ru.yandex.net/i?id=2183417-12-72&n=21
http://www.nrk.cross-ipk.ru/body/pie/body/7/trichinella/cycle.gif
http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS8eGavV-yfKTO4a2W1bxWwErPQofIKnsxSP8dTokanTch_oxJwjw
http://www.bio-fon.ru/_pic/stat_13_4.jpg
http://kor-elf.com/uploads/posts/2008-12/1228412274_scannedimage-3.jpg
http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQYDex9X64eQ3GwY_F1ufh8cH1fYJuxS8tZLmXPpMIuyzbhSihW
Сілтемелер
http://www.ebio.ru/images/05040101.gif
http://novostivl.ru/files/files/59/11559.jpg
http://www.google.ru/imgres?