Слайд 1“Ә Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің биология-валеология пәні мұғалімі Исаева Жұмагүл Бердақынқызы
Слайд 2Үй тапсырмасын қорытындылау:
Өсімдік жасушасының құрылысы Ұлғайтқыш құралдар жайлы жалпы түсінік
Кім көп біледі?
1-топ 1.Жасушада қандай процестер жүреді?
2.Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсет.
3.Микроскопқа қажетті жабдықтарды ата.
2-топ 1.Микроскоптың негізгі бөлігін атап,
орналасқан жерін көрсет .
2. Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады?
3.Окуляр мен объективтің құрылысын ата.
3-топ 1. Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер.
2. Жасушаның ашылу тарихының себептері және ашқан ғалымдар.
3. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?
Слайд 5 Ойлан,топтас,жұптас
1. Препаратты жабын шынымен жабады
2. Пияз
қабығын аршиды
3. Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады
4. Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады
5. Зат шынысына су тамызады
6. Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен
түзейді
7. Препаратты зат үстелшесіне орналастырады
Слайд 6 Ойлан,топтас,жұптас
1. Пияз қабығын аршиды.
2. Пияздың
шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады.
3. Зат шынысына су тамызады.
4. Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады.
5. Препаратты зат үстелшесіне орналастырады.
6. Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен
түзейді.
7. Препаратты жабын шынымен жабады.
Слайд 10
Жаңа сабақтың тақырыбы:
Өсімдік
жасушасының құрылысы және
химиялық құрамы
Слайд 11 Мақсаты:
Жасуша өсімдіктің негізгі құрылымы екенін, олардың
өмір сүру формалары, құрамы, қызметі туралы білуге, түсінуге, оны зертханалық жұмыстарда қолдануға ықпал жасау
Слайд 12
1-топ Жасуша қабықшасы Цитоплазма
2-топ Ядро
Пластидтер
3-топ Вакуоль Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі
Слайд 16 Атаулар кестесі
Цитоплазма- қоймалжың сұйықтық
Вакуоль- шырынға толы
қуыс
Пластидтер: 1 Хлоропластар-өсімдікке жасыл түс береді 2.Хромопластар-қызыл,сары түс береді 3.Лейкопластар-түссіз ұсақ денешіктер Қоректік қор жинауға көмектеседі
Ядро- көбеюге қатысады
Целлюлоза- өсімдікке беріктік қасиет береді
Хлорофилл- жасыл түсті пигмент
Жасуша қабықшасы- қорғаныш, мықтылық қасиет береді,ішкі бөліктерін кеуіп кетуден,зақымданудан сақтайды.
Саңылау- су, ауа, газ өтеді
Слайд 17 Деңгейлік тапсырмалар
1-топ А-деңгей
2-топ Ә-деңгей
3-топ Б-деңгей
Слайд 18 Биологиялық диктант
. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - …... бар. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты ... дейді. Жасуша ….., ….., ..... . Жасуша қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін
… ... тұрады. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене – …... .
……. жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. …….. жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. ....... ........ жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. Хромопластар гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға ……., …..... түс береді. Цитоплазманың құрамында .........% су, 10-20% .............. , ............% май кездеседі.
1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; 10. 60-90%, нәруыз, 2-3%.
Слайд 19 Биологиялық диктант
Өсімдікке
жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - хлорофилл бар. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты вакуоль дейді. Жасуша тыныс алады,қоректенеді,өседі. Жасуша қабықшасы қалың, қатты,ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін целлюлозадан тұрады. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене- ядро.
Лейкопластар жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. Цитоплазма жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. Піске жемістердің жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. Хромопластар гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл,сары түс береді. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз , 2-3% май кездеседі
1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; ; 10. 60-90%, нәруыз, 2-3%.
Слайд 20
Логикалық тапсырмалар
1 Өсімдіктер
де, жануарлар да-тірі организмдер.Бұлардың ұқсастықтары көп, дегенмен ерекшеліктері де бар. Осы оймен келісесің бе? (келісемін,келіспеймін)
Логикалық тапсырмалар
1.Ең негізгісі-қоректену тәсілі.Жасыл өсімдіктер күн энергиясын пайдалана отырып өздігінен қоректік заттарды түзе алады. Ал жануарлар тек дайын қоректік заттармен ғана қоректенеді.
2.Өсімдіктердің өсуі шексіз,яғни қанша тіршілік етсе,сонша уақыт өсе береді. Ал жануарлардың көбі белгілі бір жасқа дейін ғана тіршілік етеді.
3.Жануарлар үнемі қозғалады. Ал өсімдіктердің тек жапырақтары мен сабақтары ғана шектеулі қозғалыс жасайды.
Слайд 22Үйге тапсырма
Жасушалардың тіршілік әрекеттері (№ 3 зертханалық жұмыс, кестені
толтыру)
Слайд 23
оқушының аты-жөні
-----------------------------------------------------------
30-35 балл – «5» баға 20-29 балл – «4» баға 12-19 балл – «3» баға