Слайд 52
География пәнінің жан-жақты байланыстылығын ашуға негізделген.
(математика) Эхолот арқылы теңіз тереңдігін
өлшеу дыбыстың суда таралу жылдамдығына
негізделген.Кемедегі құралдан мұхит түбіне дыбыс жіберіледі. Дыбыс теңіз түбіне жеткен соң одан
жаңғырығы құрылғыға қайтадан естіледі. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы1 секундта–1500 метр.
Дыбыс жаңғырығы құрылғыға 8 секундта естілді делік, сонда мұхиттың тереңдігі қанша?
(қазақ тілі) Жер шарының аса ірі дүние бөлігін ежелгі гректер екіге бөлген.Месопотамияны
мекендеген ежелгі финикиялықтар бұл дүние бөліктерін «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деп атаған.
Нәтижесінде Еуропа, Азия атаулары пайда болды. Тіл ғылымында жер су атауларының шығу
тарихын зерттейтін саланы қалай атайды?
(тарих) Ежелгі дәуірде тарихтың атасы – Геродот өзінің «Тарих» еңбегінде география туралы алғаш
түсінік берді.Орта ғасырдың өзінде география ғылымы араб саяхатшыларының зерттеуімен дами
бастады. Ал география ғылымының тарихында үлкен бетбұрыс жасаған Ұлы географиялық
ашылулар кезеңі қай ғасырда болған еді?
(әдебиет) Шеті бойлап, арктика ішіне,
Үш мұхитқа еркін жүрген көсіле,
Ағашы мол қай ел еді дамыған,
Жапырақты салған жалау төсіне.
(геометрия) Жер шар тәрізді болғандықтан голбустағы жер бетін жазық картаға көшіргенде
бұрмалануға ұшырайды. Сондықтан оны азайту үшін проекциялар қолданады.Белгілі бір нүктеден
жан-жаққа таралған кеңістікті бейнелеу үшін , мысалы полюстерде проекцияның қандай түрін
пайдаланады?
(физика) Толысу мен қайту теңізде байқалатын құбылыс.Ол тәулігіне 2 реттен қайталанады.Оны
ағылшын ғалымы И.Ньютон ашқан болатын.Толысу мен қайту ненің әсерінен болады деп айтты?
(биология)Мұхиттағы тіршілік дүниесі жүзу деңгейіне байланысты 3-ке бөлінеді. Ең жоғары
қабатында планктон(кезеген), одан төменгі қабаты – нектон (қалқыма),ал ең тереңде мекендейтін
тіршілік иелерін қалай атайды?