Слайд 1Топқа бөлу
І топ «Құйрықты»
ІІ топ
“Құйрықсыз”
ІІІ топ “Аяқсыз” қосмекенділер отряды
Слайд 3Үй тапсырмасын тексеру.
1.«МЕНЕН - СҰРАҚ, СІЗДЕН – ЖАУАП
2. МИҒА
ШАБУЫЛ.
3. КІМ ТАПҚЫР? ОЙЛАН-ЖҰПТАС-БӨЛІС
4. ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Слайд 4Менен - сұрақ, сізден – жауап
І топ сұрақтары
1.Қосмекенділерді зерттейтін ғылым:
2. Есту мүшелері не?
3. Мойын омыртқасының саны:
4. Жүрегі неше қуысты?
5. Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері:
6. Үшінші қабағы:
7. Дернәсілінің атауы:
8. Миының қай бөлігі жақсы дамыған?
9. Артқы аяқтарындағы саусақ саны:
10. Терілері немен қапталған?
Слайд 5Менен - сұрақ, сізден – жауап
ІІ топ сұрақтары
1.Қажетсіз заттарды шығаруға не
қатысады?
2.Қосмекенділердің жіктелуі?
3.Не себепті қосмекенділер терісі арқылы тыныс алады?
4.Олардың тұратын ортасы қайда?
5. Қосмекенділер қалай тыныс алады?
6. Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы:
7.Қандай мүшесі ересектерінде жойылып кетеді?
8.Дернәсілдерінің тынысалу мүшесі?
9. Жүрегі неше бөлімді?
10. Алдыңғы аяқтарының бөлімдері:
Слайд 6Менен - сұрақ, сізден – жауап
ІІІ топ сұрақтары
1.Зәр шығару
жүйесі
2.Асқорыту жүйесі қайдан басталады? 3. Жүретін аяқтары қанша?
4. Артқы аяқтарының бөлімдері:
5.Қанайналымы қандай шеңберлерден тұрады?
6. Алдыңғы аяқ қандай сүйектерден тұрады?
7. Бақаның дернәсілі: (итшабақ(шөмішбалық)
8. Миы неше бөлікті?
9. Қосмекенділер қалай көбейеді?
10. Жүрек бөлімдерін ата
Слайд 7 2.Миға шабуыл.
3 топ кестенің 3 бөлігін толтырады
1. Балықтардың ерекшелігі
2.
Балықтар мен қосмекенділердің ұқсастығы
3.Қосмекенділердің ерекшелігі
Слайд 8Кім тапқыр?
Ойлан-жұптас-бөліс
І топқа
Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік
етуіне байланысты осылай аталған болатын. Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма?
Слайд 9Кім тапқыр?
Ойлан-жұптас-бөліс
ІІ топқа
Бақаның терісі ылғалды, сілемейлі қабықшамен қапталған. Бақа
терісінің ылғалды болуының маңызы неде?
Слайд 10Кім тапқыр?
Ойлан-жұптас-бөліс
ІІІ топқа
Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады.
Неліктен олар тұншықпайды?
Слайд 11Дұрыс жауаптың тұсына «+», «-» белгілерін қой
1. Бақаның
тыныс алу мүшесі – өкпе.
2. Жүзбеқанат – болады
3. Миы 5 бөліктен тұрады.
4. Бақаның жүрегі – 3 бөлікті.
5. зәр шығару мүшесі – екі бүйрек
6. Бақалар – қос жынысты омыртқалы.
7. Аталықбез – шоғал.
8. Бақаның даму сатысы – уылдырық, дернәсіл, шабақ, балық.
9. Бақаларда сезім мүшесі дамымаған.
10. Бақаларда арнайы сезім мүшесі – бүйір сызығы
Слайд 12Дұрыс жауап
1. Бақаның тыныс алу мүшесі – өкпе +
2. Жүзбеқанат – болады -
3. Миы 5 бөліктен тұрады. +
4. Бақаның жүрегі – 3 бөлікті +
5. Зәр шығару мүшесі – екі бүйрек +
6. Бақалар – қос жынысты омыртқалы +
7. Аталықбез – шоғал -
8. Бақаның даму сатысы – уылдырық, дернәсіл, шабақ, балық -
9. Бақаларда сезім мүшесі дамымаған -
10. Бақаларда арнайы сезім мүшесі – бүйір сызығы -
Слайд 13-Төмендегі суретте қандай омыртқалы жануарлар көрсетілген?
-Төмендегі суретке қарап не айтуға болады?
-Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Слайд 15 Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы,
шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Слайд 16Мақсаты: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл
бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер туралы түсінік беру. Жаңа тақырып бойынша толық ақпаратпен танысып, мәтінді игеру арқылы тапсырмалар барысында білімін кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер туралы біледі; салыстырады, оларды бір-бірінен ажырата алады.
Слайд 19Топтық жұмыс – «Жәрмеңке» әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.
І топ
«Құйрықты қосмекенділер» отряды
ІІ топ «Құйрықсыз қосмекенділер»отряды
ІІІ топ «Аяқсыз қосмекенділер» отряды.
Слайд 20А деңгейлі тапсырмалар:
Бес жолды өлең «Бақа»
1.Зат есім: Ол не? 1 сөз
–
2.Сын есім: Қандай? 2 сөз –
3.Етістік: Не істейді? 3 сөз –
4.Өз пікірің: 4 сөз –
5.Мағыналас сөз: 1 сөз –
Слайд 21А деңгейлі тапсырмалар:
Бес жолды өлең «Бақа»
1.Зат есім: Ол не? 1 сөз
–бақа
2.Сын есім: Қандай? 2 сөз –шырышты, ылғалды.
3.Етістік: Не істейді? 3 сөз –секіреді, жүреді, жүзеді.
4.Өз пікірің: 4 сөз –Бақа-суда, құрлықта мекендейді.
5.Мағыналас сөз: 1 сөз – жануар
Слайд 22В деңгейлі тапсырмалар:
Сол өңірдегі патшалықта кішкентай, бірақ әдемі, сұлулығымен көз тартар
көл болыпты. Осы қамысы мен жасыл желегі байқалған көл жағасында кәдімгі көлбақа түріне жататын бақалар бейбіт тіршілік етіп жатыпты. Олардың суы да, қорегі де жеткілікті болған. Бір күні жергілікті патша көршілес патшалыққа барып, бақалардың сирағынан дайындалған тәтті тағамды жеп көрді. Бұл тағамның патшаға ұнағаны сондай өз үйіне келгеннен кейін көлдегі барлық бақаны аулап алып, тәтті тағамдар дайындауға бұйрық береді.Бейбіт тіршілікке, жасыл желегі жайқалған көлге қайғы келді. Жергілікті халық та ауруға шалдыға бастады. Халықтың қандай аурумен ауырғанын, не себептен ауруға шалдыққанын надан патшаға түсіндіріп беріңіздер.
Слайд 23Жауабы: халық безгек ауруына шалдықты, ол безгек масасы арқылы жұғады. Масалармен
қоректенетін бақаларды құрту нәтижесінде бунақденелілердің саны артып, безгек ауруының күрт көбеюіне әкелді.
Слайд 24С деңгейлі тапсырма: 1.Кесте толтыру.
1.Тері жабыны тегіс
2.Терісінің сырты қабыршақпен қапталған
3.Жұп
көкірек және жұп жүзбе қанаттары бар
4.Иық белдеуінде сыңар төс сүйегі және жұп жауырын, бір бұғана, бір жұп қарға сүйектері бар.
5.Жүрегі үш бөлікті
6.Бір ғана қанайналым шеңбері бар.
7.Екі қанайналым шеңбері бар.
8.Жүрегі екі қуысты
9.Терісі арқылы да тыныс алады
10.Тек дернәсілдері желбезекпен тыныс алады
11.Су ағысының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар
12.Ихтиология ғылымы зерттейді.
Слайд 252.Зертханада бақаны қалай сояды?
Слайд 26Жауабы:
Ол үшін бақаның басын үлкен қайшымен қиып, жұлынына сабақталған ұзын
ине тығып, жансыздандырады. Бақаны тақтайшаға шалқасынан жатқызып, оны жан-жағынан керіп, инелермен бекітеді.Қысқашпен терісін көтеріп, қайшыменкөлденеңінен төменгі иекке дейін қиып жеткізеді.Содан кейін төс сүйегін көтеріп, бұғанасымен бірге қиып тастайды. Осы кезде бақа жүрегінің әлі соғып тұрғанын, өкпесінің өте әлсіз екенін бақылауға болады.
Слайд 27Бекіту сұрақтары:
1.Құйрығы, қабырға сүйектері жоқ, артқы аяқтары ұзын қосмекенділер қай отрядқа
жатады?
2.Құйрықты қосмекенділерді ата:
3.Құйрықты қосмекенділердің қайсысы Қызыл кітапқа енген?
4.Құйрықсыз қосмекенділерді ата:
5.Жер бетінде құйрықсыз қосмекенділердің қанша түрі белгілі:
6.Құйрықты қосмекенділердің қандай түрлері қызыл кітапқа тіркелген:
7.Аяқсыз қосмекенділерді ата:
8.Аяқсыз қосмекенділер қалай ұрықтанады?
9.Аяқсыз қосмекенділердің қанша түрі белгілі:
10.Аяқсыз қосмекенділердің ерекшелігі:
Слайд 28Қорытынды:
Табиғаттың бәрі де өзара тығыз байланысты, сондықтан әрбір жануар, әрбір
өсімдік табиғаттың маңызды бөлігі. Адам табиғаттың заңына араласпауы керек. Қосмекенділердің адам үшін пайдасы зор. Сондықтан оларды қорғау, табиғатты таза ұстау-әр оқушының міндеті.
Слайд 30Бағалау:
Топ басшылары бағалайды.
Слайд 31Бағалау «Бағдаршам»
Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын
Сары
– мен түсінемін, бірақ барлығын емес.
Қызыл – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым
Слайд 32Үйге тапсырма:
«Қосмекенділер әлемі» туралы эссе жазу, шығармашылық жұмыс, қайталау.
Өліп біткен
қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы туралы мағлұматтар жинау.