Слайд 1
Биология пәнінің мұғалімі
Омаров Роман Қайырбекұлы
№134 орта мектеп
Слайд 2Бекітемін: М. Жақсылықов
Бекітемін:
М. Жақсылықов
Бірлестік жетекшісі: Ә. Сембаев
Слайд 3
Тақырыбы: Адам нәсілдері
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға адам нәсілдері туралы жалпы түсінік беру Дамытушылық:. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қосымша деректер, оқулық
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрақ-жауап
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
VII.Бағалау
Слайд 4Антропосоциогенездің әрбір кезеңіне тән белгілерді таңда.
1. Жақсы дамыған тіл; 2.
Отты қолдана білу; 3. Қарапайым еңбек құралдарын дайындай алу; 4. Табындасып өмір сүру түрі; 5. От тұтата білу; 6. Питекантроптар; 7. Неандартальдықтар;
8. Қарапайым тіл; 9. Тасқа суреттер салу; 10. Үңгірлерде өмір сүру; 11. Аң терісінен киім тіге білу; 12. Алғашқы әдет-ғұрыптардың пайда бола бастауы; 13. Егіншілікпен айналысу;
14. Жоғары деңгейдегі ақыл-ой; 15. Баспаналар салу; 16. Жеміс-жидектер жинау; 17. Мидың көлемі 1600 см 3; 18. Синантроптар; 19. Кроманьондық адамдар; 20. Тар және тайқы маңдай;
21. Абстрактылы ойлаудың дамуы.
Миға шабуыл
Слайд 5. «Алтын қақпа» ойын
Үй тапсырмасын сұрау
Слайд 61. «Тас қақпа» сұрағы.
Еңбек етудің нәтижесінде, біздің ежелгі маймылға морфологиялық және
ұқсас ататектерімізде физиологиялық өзгерістер пайда болады. Бұны не деп атаймыз?
Адамның екі аяғымен тік жүруі “маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды” деп кім айтқан?
Антропоморфоз
Энгельс
Слайд 72. «Темір қақпа» сұрағы.
Адам эволюциясының қозғаушы күштері нешеге бөлінеді?
2-ге. Биологиялық,әлеуметтік
Ертедегі адамдарды ғылыми тілде не деп атайды?
Палеонтроптар немесе неандерталь
Слайд 93. «Күміс қақпа» сұрағы.
Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасы ағылшынның қандай
Слайд 104. «Алтын қақпа» сұрағы.
Адам эволюциясындағы ең негізгі қадам?
Еңбек
Слайд 11Органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр?
5. Алтын сандықтан
Слайд 12Қаңтардың жиырма үші
§32. Адам нәсілдері.
Сабақтың тақырыбы:
Слайд 13Нәсілдер туралы ғылым нәсілтану деп аталады.
Слайд 14
Нәсіл (фр.Нәсіл (фр. race, итал.Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс,
тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашыНәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзіНәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы.
Слайд 15
Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта
жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптасқан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.
«Адамды адам еткен – еңбек»
Слайд 16
Нәсілдер
Моңғолоидтік
Негроидтік
Еуропеоидтік
Нәсілдер үш түрге бөлінеді.
Слайд 17 Негроидтік нәсіл
Терісінің түсі қара қошқыл, шаштары толқын тәрізді немесе бұйра,
мұрындары жалпақ, танаулары кең, еріндері қалың, сақал-мұрттары өте сирек. Бұл аталғандардың барлығы ыстық климат жағдайларына бейімділікті сипаттайтын белгілер. Бұл нәсілдің кеңінен таралған аймағы – Африка.
Слайд 18 Терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды немесе тік, мұрындары ұзынша
келген шығыңқы, танаулары тар, еріндері жұқа, ер адамдардың бетінде қалың сақал мен мұрт өседі. Мұндай белгілер климаты суық аймақтарға бейімделу барысында қалыптасқан. Бұл нәсілдердің алғашқы шоғырланған аймағы Еуропа мен Азияның кейбір бөліктері болса, қазіргі кезде олар дүниежүзінде кеңінен таралған.
Еуропеоидтік нәсіл
Слайд 19Монголоидтік нәсіл
Терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, шаштары қайратты, тік болады;
еріндері мен мұрындарының көлемі орташа; бет пішіні жалпақ біртегіс, бет сүйегі шығыңқы, көздері қысыңқы болып, рудименттік (қалдық түріндегі) үшінші қабағы айқын байқалады. Бұл ерекшеліктер – аңызақ жел мен шаңнан, қара суықта үсуден қорғауға бейімділігі.
Бұл нәсілдер Орталық Азияда, Индонезия мен Сібірде таралған.
Слайд 20Адамның тарихи дамуы Африка жерінен басталатыны белгілі. Ежелгі адамдар көшпелі түрде
өмір сүрген. Жер бетіндегі барлық нәсілдердің генетикалық бірлігі дәлелденген, яғни шығу тегі бір. Бірақ қоныстанулары біртін-біртін жүрген, Еуропаның 40 мың, Азияның
60 мың, ал Америка 12 мың жыл бұрын қоныстанған.
Слайд 22 Қара және сары нәсілдерде дененің түсін анықтайтын үш
меланин гені, монғолоидтерде көздің кысыңкы пішінін бақылайтын екі ген доминантты түрде
тұқым қуалайды. Адам нәсілдері осыдан 30—40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған. Ол уакытта нәсілдік айырмашылығы ортаның географиялық өзгеру жағдайына бейімделушілік кажеттілігінен туды. Сонымен катар әр нәсілдің өзара окшаулануы да әсерін тигізді. Экваторға жақын қоныстанған нәсілдердің терісінің пигменттелуінің қою болуы күннің ыстығынан сақтаса, шаштың бұйра болуы — басты тікелей түскен күн сәулелерінен қорғайды. Керісінше, солтүстік аудандарда тұратындардың терісінің түсінің ашық болуы — күн сәулесін жақсы еткізіп, D витамині синтезделуі артады. Монголоидтерде көздің қысыңқы болуы құрғақ және суық ауа райына бейімделуінен болуы керек. Барлық адам нәсілдері биологиялық және психологиялық ерекшеліктері жағынан тең және эволюциялык дамудың бір деңгейінде өмір сүріп отыр. Әр түрлі нәсілдер бір ұлттың, ал жеке нөсілдер көп ұлттың құрамында болуы мүмкін. Осыдан 20 жыл бұрын БҰҰ жанындағы комитет қызықты тәжірибе жүргізген. Жер бетіндегі ұлттар арасындағы талантты адамдардың таралуын зерттеген. Оған 1 млн адам қамтылған. Тәжірибе қорытындысында осы белгі бойынша ұлттар бір-бірінен басымдылық көрсете алмаған. Сондықтан бір ұлттың өкілі, екінші бір ұлттың өкілінен артық бола алмайды деген қорытындыға келген. "Адам баласы нәсілдері туысынан біреулері асыл, біреулері төмен болып жаратылады" дейтін адамгершілікке жат, ғылым жолына қарсы реакцияшыл теорияны жақтайтын нәсілшілдер де бар. Бұлардың көзқарасы қазіргі ғылымның беретін мағлұматтарына сәйкес келмейді. Нәсілшілдердің көбіне өздерін "басқалардан тегіміз таза, мәдениеттілігіміз бен қабілеттілігіміз жоғары" деуі евгеникалық көзкарасқа жақындайды.
Слайд 23 Нәсілдер тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізінде әртүрлі тіршілік ортасына бейімделуге байланысты
қалыптасқан морфологиялық белгілер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп,нығая түскен.
Бұл жерде тұрақтандырушы сұрыпталу маңызды рөл атқарған деуге болады. Барлық нәсілдер эволюциялық дамудың бір деңгейінде орналасқан. Олар барлық биологиялық ерекшеліктері бойынша бір-бірімен тең. Нәсілдердің ақыл-есі, ойлау және сөйлеу
қабілеті мен іс-әрекеттерінде ешқандай
айырмашылық жоқ, бұл нәсілдердің
бірлігін көрсетеді.
Слайд 24
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
Лездемелік сұрақтар:
1. Нәсілдердің шығу тегі туралы не
білесіңдер?
2. Адам нәсілдерінің морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер?
3. Нәсілшілдік деген не?
4. Адам нәсілдерінің бірлігін
қалай дәлелдеуге болады?
Слайд 251. Қазіргі кездегі барлық адамдар.......................түріне жатады.
2. Адамдардың табиғи орта жағдайларына бейімделу
процесінде қалыптасқан алуан түрлі морфологиялық белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін топтары ............................
3. Негізгі адам нәсілдері – бұл ....................
4. Нәсілдер туралы ілім............................ ........................................................
5. Барлық нәсілдер биологиялық тұрғыда................................деп аталады.
Терминологиялық диктант.
Слайд 26Үйге тапсырма:
§32 (оқу)
Адам нәсілдерін атап, олардың тіршілік ортасына
байланысты қалыптасқан ерекшеліктерін еске түсіріп,оқулықта берілген кестені толтырыңдар.
Слайд 29Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Биология 11 сынып. Авторлары: Ж.Шілдебаев, Р.Әлімқұлова, Р.Сатімбеков
2. Жұмыс
дәптері 11 сынып.
Авторы: Ж.Ж.Құрманғалиева.
3. Биология анықтамалығы
«Морфологиялық ерекшелік белгілері»