Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Дамытушылық
Тәрбиелік
Қазақсатнның қорықтары туралы
мағлұмат беру.
Оқушылардың практикалық жұмысты
орындауда салыстырмалы
сипаттама беру.
Экологиялық
білімге тәрбиелеу, өз Отанын
сүюге тәрбиелеу.
Слайд 3Қазақсатнның физикалық –
географиялық картасы
Сабақ түрі:
Инновациялық
Көрнекіліктер:
Слайд 5Мемлекеттік табиғи қорық қоры
Қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтері, ғылыми зерттеулерге,
ағарту білім беру ісіне, туризмге және реакцияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Слайд 6Қорықтың басты мақсаты
Табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен
жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Слайд 7Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16- шы орын
алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан – байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екенін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді
Слайд 8Ақсу –Жабағылы мемлекеттік қорығы
Слайд 9Жалпы мәліметтер
1927 жылы ұыймдастырылды. Бұл -Қазақстандағы еретеден келе жатқан қорық. Қорық
Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85,4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды.
Қорықтың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі кездеседі. Құстардың 239 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды.
Слайд 131934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы
87,7 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегілі тың дала қорғауға алынып зерттеулерде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ – шоқ қарағай сақталып келген. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286 түрі, балықтың 6 түрі, 687 –ге жуық өсімдік түрі кездеседі.
Слайд 171961 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт
зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты “әнші тауы” Аққұм –Қалқан жатады.
Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200 ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар.
Слайд 20Барсакелмес мемлекеттік қорығы
Арал теңізінің солтүстік – батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті
аралдарда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 16,8 мың га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән.
Слайд 21Қорғалжың мемлекеттік қорығы
1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га
жерін алып жатыр. Оған тың даланың қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай – ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.
Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі өсімдіктің 343 түрі кездеседі.
Слайд 22Марқакөл мемлекеттік қорығы
1976 жылы құрылған. Қорық солтүстіктегі Қазақстан Алтайының Күршім жотасы
мен оңтүстік теңіз деігейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды.
Қорықта сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді, құстың 260 түрі бар. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.
Слайд 23Үстірт мемлекеттік қорығы
Республикадағы ең жас қорықтардың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984
жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың га республикадағы ең үлкен қорық. Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелген шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау.
Слайд 24Батыс Алтай мемлекеттік қорығы
1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га. Қорық
Шығыс Қазақстан обысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік –батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564 түрі, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі.
Слайд 29Алакөл мемлекеттік қорығы
1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың га. Қорық Алматы
облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық су – батпақты ландшафтыларды қорғалады. Құстардың 283 түрі (олардың 12- сі “Қызыл кітапқа” енген), өсімдіктердің 323 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Қорықтың мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын қорғау.
Слайд 30Қаратау мемлекеттік қорығы
Қаратау қорығының Қазақстан картасындағы физикалық-географиялық орны
Слайд 31Жалпы мәлімет
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы – еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы.
Ол 2004 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №240 арнайы Қаулысымен құрылған. Дегенмен оның құрылу тарихы ұзақ та күрделі, 30 жылға дерлік созылды. Қорық Түркістан қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының жерінде құрылған. Жалпы жер көлемі 34300 га. Тянь-Шань тауының батысында Қаратау жотасының орталығында орналасқан. Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақдала мен шекараласады
Слайд 33Өсімдіктері
Ауданың көлемі кішкентай болғанына және мұхит деігейініен биктігіне қарамастан, мұнда өсімдіктердің
1500 –нан астам түрі өседі. Қазақстан территориясында таралған 9 монореликті өсімдіктердің 5-еуі Қаратау территориясында өседі: рафидофитон, таволгоцвет, лжепустынноколосник, ложная шандра, криптокодон. Бұдан басқа Қаратауда 27 эндемикті өсімдіктер өсед
Слайд 35Грейг қызғалдағы
Альберт қызғалдағы
Слайд 40Сабақты бекіту үшін сұрақтар
Қазақстандағы ең ежелгі қорық?
Барсакелмес қорығының алып жатқан ауданы
қанша?
Батыс Алтай қорығы қашан құрылды?
Қорғалжың қорығының ерекшелігі?
1934 жылы ұйымдастырылған қорық?
Марқакөл қорығының негізгі құрылу мақсаты?
“Әнші тау” қай қорықта орналасқан?
Өздерің тұратын облыста қорық бар ма? Оларда не қорғалады?
Ең үлкен қорық қандай?
Слайд 41Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма. (тұратын облысыңыздағы қорыққа сипаттама жазып келу)