Презентация, доклад на тему Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы

Содержание

Сабақтың тақырыбы:

Слайд 1

Биология 11 сынып

Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы,
Аққұм ауылы
Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің
жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
Алмасова Гүлнар Бектайқызы
Биология 11

Слайд 2Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы:

Слайд 5 Интерактивті тақта, суреттер, оқулық

Интерактивті тақта, суреттер, оқулық

Слайд 7 Оқушылардың керекті құрал – жабдықтарын алдыртып, назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың керекті құрал – жабдықтарын алдыртып, назарын сабаққа аудару.

Слайд 8 Тақтадағы түрлі әдемі, әсем табиғат суреттерін жібере отырып, М. Махатаевтың табиғат

жайлы өлеңін тыңдату.
Тақтадағы түрлі әдемі, әсем табиғат суреттерін жібере отырып, М. Махатаевтың табиғат жайлы өлеңін тыңдату.

Слайд 16 Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша адам үшін қолайсыз экологиялық жағдайлар

қалыптасып отыр. Экологиялық мәселелер адмның табиғатқа және табиғаттың адамға әсер етуінің шиеленісе түсуіне байланысты туындап отыр. Сондықтан да жер бетіндегі барлық адамзатты толғандырып отырған өзекті экологиялық мәселе – ғаламшарымыздағы тіршіліктің біртұтастығын сақтау. Қазіргі кезде табиғаттың ластануы тіршіліктің негізін құрайтын өсімдіктерге, жан – жануарларға және адам денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Мамандардың зерттеулері бойынша адамда кездесететін ауру түрлерінің 50 % - дан артығы қоршаған ортаға байланысты. Осыған байланысты экология мәселесін басты тақырып ете отырып, көкпар ой додасын ұйымдастырдық. Алдымен, бүгінгі көкпар ой додасына қатысушы екі әріптесті таныстырып өтейік.

Бектай Назерке
Раушанбек Жәнібек

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша адам үшін қолайсыз экологиялық жағдайлар қалыптасып отыр. Экологиялық мәселелер адмның табиғатқа

Слайд 171. Ширату. Екі әріптес тақырыпқа сәйкес өз ұстанымдарын айқындап алады. 2.

Қан ойнату. Екі әріптес өз ұстанымдарын дәлелдейді. (Уақыты 2 минут) 3. Қамшы басу. Екі әріптес бір біріне сұрақ береді. (Сұрақ беру уақыты 30 сек.) (Жауап беру уақыты 1,5 минут) 4. Дода. Жүргізуші сұрақ қояды 5. Іліп әкету. Отырғандар сөйлеп өз пікірлерін айтып, іліп әкетеді бір біріне жауап береді, көрермендерде пікір айтады. 6. Салым. Екі өз пікірлеріне байланысты ойларын қорытындылайды. 7. Қазандық. Көрермендер ұсыныс пікірлер айтады.
1. Ширату.   Екі әріптес тақырыпқа сәйкес өз ұстанымдарын айқындап алады. 2. Қан ойнату.

Слайд 19Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайларына ғылыми техникалық прогрестің әсері бар ма,

әлде жоқ па? Осы сұрақ бойынша Назерке және Жәнібек, кезекпен өз ұстанымдарыңды айқындап алыңдар.
Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайларына ғылыми техникалық прогрестің әсері бар ма, әлде жоқ па?  Осы сұрақ

Слайд 20Екі әріптес өз ұстанымдарыңды дәлелдеп бересіңдер? (берілетін уақыт - 2 минут)

Екі әріптес өз ұстанымдарыңды дәлелдеп бересіңдер?  (берілетін уақыт - 2 минут)

Слайд 21Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайларына ғылыми техникалық прогрестің
әсері – жоқ


- Жер шарындағы бүкіл адамзаттың ғаламдық проблемасы – экологиялық мәселелер. Қазір ғылым мен білім дамып, ғылыми – техникалық прогресс қарқындап өсе бастады. ЮНЕП жүргізген зерттеулерге қарағанда ғаламшарда 13-14 млн түр тіршілік ете алады екен. Қазір сол түрдің 2 млн ғана сипатталған. Әртүрлілікті сақтау, оны дамыту биотехникасыз жүзеге аспайды. Қоғамның өркендеп дамуын ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерінсіз көзге елестету мүмкін емес.Адам денсаулығын сақтау, адамның ұзақ өмір сүруіне қажетті жағдай жасау – қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа назар аудару керек. Ғылыми – техникалық прогрестің қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп бере алатындығын ескеруіміз керек.

Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайларына ғылыми техникалық прогрестің әсері – жоқ - Жер шарындағы бүкіл адамзаттың ғаламдық

Слайд 22Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайларына ғылыми техникалық прогрестің әсері – бар
Қазіргі

кезде ғылыми – техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері табиғат апаттары зардаптарымен теңбе – тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті.Соның нәтижесінде табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығы бұзылып биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Ғылыми – техникалық прогресс жетістігін пйдалану нәтижесі, өнеркәсіптің жаппай дамуы, пайдалы қазбаларды өндірудің артуы, жер қойнауынан алынып жатқан шикізаттың көптігі, ғарыш кемесінің көп ұшырылуы, улы газдардың атмосфераға көп бөлінуі, дүние жүзі бойынша экологиялық қауіп төндіруде.
Табиғаттың тосын оқиғалары да соңғы кезде жиілеп кетті. Барлығына себепкер ғылыми – техникалық прогресс. Жұртшылық осы себептерге терең бойлап, тоқтам жасау керек. Ғылыми - техникалық прогресс не бары соңғы 70-100 жыл ішінде табиғаттың байырғы түр – сипатын өзгертті.
Жарамсыз жерлер, құмдар мен щөлдер, тақырлар пайда болды, климат өзгеріп, табиғи ресурстар сарқыла бастады. Сондықтан қоршаған ортаға ғылыми – техникалық прогрестің әсері зор деп санауға болады.
Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайларына ғылыми техникалық прогрестің әсері – барҚазіргі кезде ғылыми – техникалық прогрестің табиғатқа

Слайд 23Атмосфераның ластануы

Атмосфераның ластануы

Слайд 24Өнеркәсіп қалдықтарынан ауаның ластануы

Өнеркәсіп қалдықтарынан ауаның ластануы

Слайд 25Франциядағы Күн қуатын пайдаланатын пеш

Франциядағы Күн қуатын пайдаланатын пеш

Слайд 26Жел энергиясын пайдаланатын қондырғы

Жел энергиясын пайдаланатын қондырғы

Слайд 27 Екі әріптес бір - біріне сұрақ қояды 1. Қоршаған

ортаның ластағыштарын улылық деңгейіне байланысты неше класқа ажыратады? 2. Арал проблемасының қоршаған ортаға әсері қандай? 3. Ғылыми техникалық прогрестің медициналық генетикада алатын орны қандай? 4. Қоршаған ортаға байланысты адам ағзасындағы генетикалық өзгерістер жайлы не айтар едіңіз?
Екі әріптес бір - біріне сұрақ қояды   1. Қоршаған ортаның ластағыштарын улылық

Слайд 28Арал теңізінің тартылуы

Арал теңізінің тартылуы

Слайд 29
Судың кепкені – тіршіліктің кеткені

Судың кепкені – тіршіліктің кеткені

Слайд 30Мутанттар

Мутанттар

Слайд 34 Жүргізушінің сұрақтары а) Түрлердің жойылуы

Ғ.Т.П. әсері ме? ә) Төтенше жағдайларға қандай апаттар жатады? б) Антропогендік апат түрлері қандай? в) Атмосфераның экологиялық жағдайы нашар дегенді қалай түсінуге болады?
Жүргізушінің сұрақтары     а) Түрлердің жойылуы Ғ.Т.П. әсері ме?

Слайд 35Атмосфераны ластанғыш заттары жайлы,
не айтар едіңіз?

- Ауа бүкіл тіршілік атаулының

өмір сүруінің басты шарты.
Атмосфераның ластануы жайлы қазіргі кездегі негізгі ғаламдық деңгейдегі мәселе жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырдың жаууы атмосфераның антропогендік ластануының өзекті проблемалары болып есептелінеді.
Атмосфера – автокөліктер мен энергетика көмір отындары, құрылыс және химия өнеркәсібі қалдықтарынан ластанады.
Атмосфера ластануының екі типі бар:
1. Газдану
2. Тозаңдану

Сұрақ

Атмосфераны ластанғыш заттары жайлы, не айтар едіңіз?- Ауа бүкіл тіршілік атаулының өмір сүруінің басты шарты.Атмосфераның ластануы жайлы

Слайд 36Атмосфераның ластануы жайлы айтылып өтті. Ауаның ластандыру да ең басты өнеркәсіп

орындары ала ма, әлде сол жерде қолданылатын техниканың әсері бола ма?
Шаң – тозаң және сұйық ластағыштар бөлетін негізгі өндірістер: қышқыл, сілті және пестицидтер өндіретін химиялық зауыттар мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындары, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіруші және өңдеуші зауыттар, газ және коксхимия зауыты, ағаш смола өңдейтін өнеркәсіп орындары, сондай – ақ тері илеу зауыттары жатады.
Қышқыл жаңбыр, жылыжай эффектісін, озон қабатының тесілуі сияқты проблемаларды тудырды.
Тозаңдану – атмосфераға ұсақ зиянды сұйықтар мен қатты заттардың көп түсуінен болады.
Тозаңдану атмосферада улы тұмшалардың түрлерін тигізуге жағдай туғызады.
Кез келген отынды жаққан кезде бөлінетін газ құрамынан күкірт пен азот диоксиді табылады. Отынның құрамына қарай олардың мөлшері аз немесе көп болады. Әсіресе тас көмір мен мазут күкіртті газға бай қалдықтарды бөледі. Осылайша атмосфераға бөлінетін газдардың миллиондаған тоннасы жаңбырды әлсіз қышқыл ерітіндіге айналдырады.
Ауада ең зиянды зат – радиоактивті заттар олардың жер бетіндегі көзі – атом және сутек бомбаларының сынақ кезінде жарылуы атом өнеркәсібінің қалдықтары. Ластанған ауа адамдарға әртүрлі ауруды таратады.

Сұрақ

Атмосфераның ластануы жайлы айтылып өтті. Ауаның ластандыру да ең басты өнеркәсіп орындары ала ма, әлде сол жерде

Слайд 37Гидросфера қандай жолдармен ластанады?

- Гидросфераның ластану көздері – өнеркәсіп, автокөлік, кен

өндіру, көмір өндіру құрылыс, қала, ауыл шаруашылығының өнімдері. Соның ішінде химия өндірісіне байланысты судың ластануы бүкіләлемдік проблемаға айналып отыр. Суға биологиялық ластағыштардың түсуі ауру тарататын бактериялар паразиттер әсерінен эпидемиялық жұқпалы аурулардың кең таралуына себеп болуда.
Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздердегі проблема судың мұнай өнімдерімен ластануы. Мысалы, 1 т мұнайдың төгілуі судың бетінің 12 км2 көлемін қабықпен жауып тастайды екен. Ал дүниежүзі бойынша тасылатын мұнайдың 1% - ы суға төгілетіні анықталған.


Сұрақ

Гидросфера қандай жолдармен ластанады?- Гидросфераның ластану көздері – өнеркәсіп, автокөлік, кен өндіру, көмір өндіру құрылыс, қала, ауыл

Слайд 38Су ресурстарын қорғауда, қазіргі кезде ғылыми тұрғыда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

-

Су ресурстарын қорғаудың және тиімді пайдаланудың адамзат үшін маңызы зор.
Қазақстанда ірілі – ұсақты 85 мыңға жуық өзен, 48 мың-дай көл және 4 мың жасанды су қоймасы бар. Бұлардан басқа өлкемізде жер асты суының мол қоры бар.
Елімізде су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану деген кезде бірден Арал, Балқаш және Каспий теңізінің жағдайлары еске түседі.
- Гидросфераның ластануы жайлы айтып өтті. Менің оған қоса айтарым радиоактивті заттардың да әсері бар.. Кейбір елдердің атом бомбаларын теңіздерде сынауы атом энергиясымен жүретін су асты қайықтары апаттар т.б. өз зардаптарын тигізуде. Ең қауіптісі – ядролық және соғыс техникалары қалдықтарының мұхиттарға таралуы. Осыдан суда тіршілік ететін сүтқоректілер, балықтар, құстардың қаншалықты зардап шегетіндігін байқауға болады.
- Жаңа ғана сіздер судың ластанып жатқандығы жайлы көптеген мәліметтермен танысып өттіңіздер, оның бәріне кінәлі, дамыған техника емес . Басты себепкер - мұнай өндірудегі ысырапшылдыққа жол беріп отырған және жаңа технологиялық процестерді өрескел бұзып отырған адамдар.
Бұл жағдайда экологиялық саналылық қалыптасу керек.

Сұрақ

Су ресурстарын қорғауда, қазіргі кезде ғылыми тұрғыда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?- Су ресурстарын қорғаудың және тиімді пайдаланудың

Слайд 39Атмосфераны ластағыштар жайлы не айта аласыздар?
- Атмосфера тіршіліктің бесігі. Бүкіл адамзаттың

асыраушысы. Жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тікелей топырақтың құнарлылығына байланысты. Сондықтан да халқымыздың Жер – ана деген қасиетті ұғымының мәні зор.
- Атмосфера ластануы жайлы айтылып өтті. Атмосфераны қорғауда мынадай критерийлерді ескеру қажет.
- Зауыттар мен фабрикаларға, сан алуан көлік түрлеріне сүзгі орнату.;
- Энергияның жаңартылған түрлерін пайдалану.
- Тиімді тыңайтқыштарды олардың зиянды емес түрлерін қолдану.
- Қоршаған ортаны ластаушы өндірістің зиянды заттары мен қалдықтарын жою.
- Аз қалдықты және қалдықсыз технологияны дамыту.
Шикізатты кешенді түрде пайдалану да, ауаны қорғаудың тиімді бір жолы. Бұл кезде бір өндірістің қалдығы екінші өндіріс үшін шикізат болып табылады. Мысалы Мәскеудің мұнай өңдейтін зауытының мамандары ауаға жіберілетін көмірқышқыл газынан Құрғақ мұз (қатты күйіндегі СО2) өндіреді. Құрғақ мұздың тез бұзылатын азық – түлікті тасымалдау үшін қолданылатыны белгілі.
- Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануын азайту мақсатында ғалымдар түрлі жұмыстар жүргізуде.
Мысалы: Топырақты тыңайту үшін жауын құртын пайдалану практикада қолданыс тапты. Мәселен жауын құрты 1 т қиды өңдегенде 25 – 40% қарашірік түзілсе, оның құрамында 1 % азот фосфор, кальций және басқа да микроэлементтер жинақталатыны анықталған. Біздің республикамызда калифорниялық жауын құртын өсіру және қолдану жақсы нәтиже беруде.

Сұрақ

Атмосфераны ластағыштар жайлы не айта аласыздар?- Атмосфера тіршіліктің бесігі. Бүкіл адамзаттың асыраушысы. Жер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру

Слайд 40 - Соңғы жылдары Батыс елдерінде азот тыңайтқыштарын топыраққа берудің компьютерлік

технологиясы жасалды. Азот тыңайтқышын беру мөлшерін, мерзімін қай егістікке беру керектігін тез әрі дәл анықтайтыны дәлелденіп отыр, Бұл технология барлық пестицидтерді минералды тыңайтқыштарды қолдануда қолдау табары сөзсіз.
- Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 ж «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. Заңның негізгі мақсаты – еліміздің табиғатын қорғау және оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмірі үшін сақтау.
- Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты ойлап тапса оны жоюдың да жолын қарастырыуы керек. Ол зат табиғи айналамызға түсуі тиіс. Мысалы адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналамға түспейді . Себебі оны ыдырататын редуцент яғни бактерия жоқ , осыдан барып жер бетінде полиэтилен қоқыстары көбеюде.
- Мұнайды жер астынан өндіргеннің өзінде еліміздің көптеген құнарлы жерлері істен шыққаны белгілі.
Бұған Маңғыстаудың (өзен Жетібай) Батыс Қазақстанның (Қара Шығанақ), Атыраудың (Теңіз) т.б кен орындары мысал бола алады. Қазірдің өзінде еліміздің мұнай өндірілетін аудандарының көбінде мұнай ұңғымалары мен құбырлардан аққан мұнай топыраққа сіңіп буланып жер мен бірге ауаны ластап жатыр. Мыңдаған гектар жер шөп өспейтін майлы топыраққа айналды. Жер бетіне төгілген мұнай қалдықтарынан радиация бөлінетіні анықталған.


- Соңғы жылдары Батыс елдерінде азот тыңайтқыштарын топыраққа берудің компьютерлік технологиясы жасалды. Азот тыңайтқышын беру мөлшерін,

Слайд 41Жанартаудың атқылауы

Жанартаудың атқылауы

Слайд 42Ядролық жарылыс тіршілік атаулының ең қауіпті «Тажалы»

Ядролық жарылыс тіршілік атаулының ең қауіпті «Тажалы»

Слайд 43Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңыр ғарыш айлағы

Слайд 44Адам іс – әрекетінен пайда болған жыра

Адам іс – әрекетінен пайда болған жыра

Слайд 52 Төмендегі сұрақтар бойынша көрермендер

өз пікірлерін білдіреді - Ластағыштар деген не? - Атмосфераны ластайтын көздер. - Гидросфераны ластағыштар. - Литосфераны ластағыштар. - Ғылым мен техника жетістіктерін қоршаған ортаның экологиялық ластануынан сақтау мақсатына қолдану жолдары. - Қазіргі кездегі биосферадағы қауіпті экологиялық апаттар. - Қоршаған ортаның ластануына адамның іс – әрекетінің әсері. - Табиғи ластану көздері. - Атмосфераның ластануына Байқоңыр ғарыш айлағының үлесі. - Атмосфераны қорғаудың критерийлері. - Су ресурстарын қорғауда жүргізіліп жатқан жұмыстар.
Төмендегі сұрақтар бойынша көрермендер

Слайд 53Шөлейтті жерлерді қолдан суландыру

Шөлейтті жерлерді қолдан суландыру

Слайд 54Мұнаймен ластанған судағы құс
Қышқыл жаңбырдан қураған орман

Мұнаймен ластанған судағы құсҚышқыл жаңбырдан қураған орман

Слайд 55Қышқыл жаңбыр

Қышқыл жаңбыр

Слайд 56 Қоршаған ортаның ластануы, экологиялық жағдайлар, ғылыми техникалық

прогресс жайлы екі әріптес өз ойларын қорытындылайды.
Қоршаған ортаның ластануы, экологиялық жағдайлар, ғылыми техникалық прогресс жайлы екі әріптес өз ойларын

Слайд 57- Ғылым мен техника жетістіктерін қоршаған ортаның экологиялық ластанудан сақтау мақсатында

елімізде түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді бақылаудың ғарыштық жүйесінің маңызы зор. Жерге бақылау «Метеор және Космос» ғарыш кемелері,орбиталық станциялар арқылы жасалады. Ғарыш кемелері «Союз – 1» «Союз – 4» «Союз – 5» арқылы жердің құрлысы су ағысы, балықтар миграциясын зерттеу жүзеге асқаны белгілі. « Союз – 7» «Союз – 9» ғарыш кемелері арқылы жер шарының әр аймағындағы атмосфераның тазалығын немесе ластану дәрежесін анықтау ғылымындағы үлкен жаңалық болды. Қазақстан жағдайында «Союз – 9» ғарыш кемесі арқылы Қарабұғаз шығанағына бақылау жасалып, ондағы өзгерістер су деңгейінің ауытқуы ғылыми тұрғыда анықталуда. Бұл ғарыш кемелері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатындығын мақтан етуімізге болады, әрі қоршаған ортаға зиянын да ескеруіміз керек.

Қорытынды

- Ғылым мен техника жетістіктерін қоршаған ортаның экологиялық ластанудан сақтау мақсатында елімізде түрлі жұмыстар жүргізіледі.

Слайд 58Қорытынды
- Қазіргі кездегі биосферадағы ең қауіпті экологиялық апат - биосфераның ғаламдық

деңгейде ластануы болып отыр. Ғылыми техникалық революцияның дамуының өзі экологиялық апаттың болуына әсер етті.
Мысалы 1945 жылы атом бомбасы жасалды. 1954 жылы дүниежүзінде алғаш рет Ресейде (Обнинск қаласында) атом электр станциясы салынды.
Ал 1986 жылы Украйнадағы Чернобыль АЭС –сындағы апатты жағдай жер тарихындағы ең ірі техногендік апат болды. Бұл кезде ауаға 1945 жылы Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларынан бөлінген заттардан әлдеқайда көп мөлшерде радиоактивті заттар таралды. Осындай апатты экологиялық жағдайларды ескере отырып қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы өзара қарым – қатынасты ғылыми тұрғыда реттеуде тұрақты даму тұжырымдамасы жұмыс атқарады. Бұл тұжырымдамада 1 – ден қалыпты орта жағдайларына, 2 – ден тірі организмдер генофондысына үшіншіден – басты экожүйелердің бастапқы қалпына, 4 – ден адам денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Қорыта айтқанда әрбір адам бойында экологиялық мәдениет, экологиялық сауаттылық, экологиялық саналылық қалыптасып, қоғамда экологиялық ойлау арқылы табиғат өзгерістеріне ғылыми негізде баға берілсе ғана қоршаған ортаның жағдайы жақсара түспек.
Қорытынды- Қазіргі кездегі биосферадағы ең қауіпті экологиялық апат - биосфераның ғаламдық деңгейде ластануы болып отыр. Ғылыми техникалық

Слайд 59 Көрермендердің ұсыныс, пікірлері тыңдалады а) Адам өз іс – әрекетін

биосферада жүретін табиғат заңдылықтарына сай жүргізуі тиіс. Сонда ғана биосферада зат айналым бұзылмайды. ә) Атмосфера ауасына зиянды заттардың шығарылуын реттеу, жаңа технологияны жетілдіру, сапалы білімді мамандар көптеп шығарылса деп ойлаймын. б) Оттегінің көзі болып саналатындықтан жасанды жолмен орман қорын көбейту қажет. в) Жергілікті жердің климат жағдайына сәйкес тоғайлы ормандарды қолдан өсіру үшін «Жасыл ел» бағдарламасына белсене үлес қосайық.
Көрермендердің ұсыныс, пікірлері тыңдалады а) Адам өз іс – әрекетін биосферада жүретін табиғат заңдылықтарына сай

Слайд 60
Табиғатқа қамқор болайық!

Табиғатқа қамқор болайық!

Слайд 61“Жасыл ел” бағдарламасын жүзеге асырайық!

“Жасыл ел” бағдарламасын жүзеге асырайық!

Слайд 62Экологиялық диктант

Экологиялық диктант

Слайд 63 §48 Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары

§48 Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары

Слайд 64 Бүгінгі өткізілген “Көкпар” ой додасы сабағы арқылы қоршаған ортаның

қазіргі экологиялық жағдайлары ғылыми техникалық прогресс, табиғат апаттары жайлы білім алдық. Экология деген ұғымның мағынасы үлкен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 - бабында: “Мемлекет адамныңөмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етеді” – деп жазылған болса, ол 38 – бапта “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті” делінген. Елбасымыз Н. Назарбаевтың “Қазсқстан - 2030” Қазақстан халқына жолдауында да “Қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды дамыта отырып, қоршаған ортаның таза болуы үшін күш салу керек” - деп жазылған. Оны іске асыру үшін бәріміздің экологиялық санамыз қалыптасып, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Бүгінгі өткізілген “Көкпар” ой додасы сабағы арқылы қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары ғылыми техникалық прогресс,

Слайд 65Келесі сабаққа дейін сау болыңыздар!

Келесі сабаққа дейін сау болыңыздар!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть