Қалақай-шақшашөп тқұымдас көп жылдық өсімдік. Оның сабақтары төрт қырлы, түзу болып жаратылған. Ал, жапырақтары қияқты, шеті тісті келеді де, түп жағы жүрекше тәрізді болып келеді. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Дәрі мақсатында жапырақтары, ұрығы, тамыры қолданылады. Ұрығынан қайнатпа жасап өкпе плевритіне және қабынуына қарсы қолданады. Қалақай препаратын диабет (қандағы қант құрамының көбеюі) ауруын емдеуге қолданады.
Сүттіген-сүттіген тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар. Облыстың барлық аймақтарында өсетін 52 түрі бар. Соның ішінде, әсіресе талшық сүттігені (Т. vіrgata) республиканың орманды, шалғынды жерлерінде, егістіктерінде жиі кездесетін арамшөп. Биіктігі 15 – 20 см, тамыры тармақталып, сабағы тік өседі.
Итошаған-қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырықтары қарама - қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ сары түсті топталып өседі. Жемісі дефиз ұзынша дән. Тамыз - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында 3 түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі. Итошаған шөбінің құрамында иілік заттар, шырын, эфир майы мен ащы заттар, коратин мен С витамині бар. Емдік мақсатқа өсімдіктің шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды.
Ошаған-бір жылдық сұрғылт жасыл түсті өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді. Үстіңгі беті жасыл. Жемісі - сопақ дән. Биіктігі 30 - 120 сантиметр.Шілде – тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Жеткілікті зерттелмеген. Жапырақтарында йод, алколойд және С витамині бар. Ал дәңдерінде май, шайыр, глюкозид пен йод бар. Ошаған – улы өсімдік.Емдік мақсатта ошағанның жапырағы мен сабағын, жемісі мен тамырын пайдаланады. Жапырағы мен сабағын шілде – тамыз айларында жинайды.
Бақбақ-көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамырына жақын орналасқан, жапырақтары жылтыр, ұзын, әртүрлі формалы. Еліміздің барлық жерлерінде өседі. Бақбақтың тамыры мен жапырықтарында кристалды татраксин қышқылы, шырын қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин болады.Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары пайданылады. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады.
Адыраспан түйетабандар тұқымдасына жататын тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесін өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт - сары гүлдері жеке – жеке өседі. Жемісі - қоңыр түсті ірі ұрығы бар, димаметрі 1 см-дей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30 - 60 см-дей, мамыр - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік белдеуінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен елді мекендерге таяу алқаптарда, сондай - ақ құрғақ, тасты беткейлерде өседі. Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан - улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Адыраспан емдік мақсатқа адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан - ежелден белгілі дәрілік өсімдік.
Жолжелкен жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатын-көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады.
Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады.
Аққайың кәдімгі қайын тұқымдасының өкілі, сыртқы қабығы ақ түсті, орман ағашы. Жапырақтары үш бұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанның далалық және орманды аймақтарында өседі. Аққайынның бүйірінде шайыр, эфир майы, бетулоретин қышқылы, сапониндер, илік заттар, жүзім қанты, С витамині және фитонциттер, ал жапырағында бетулоретин қышқылы, илік заттар, сапониндер, гипотезид, тритерпен спирті,эфир майы,каротин, С витамині және фитонцидтер бар. Емдік мақсатта аққайынның бүрлері мен жапырақтары, кейде шырыны қолданылады.
Есекмия бұршақ тұқымдасына жататың-жапырақтары сыңар, әрі түкті, биіктігі 10 метрге жуық ағаш. Бұтақтарының ұшына ірі шашақ болып бірігіп шыққан гүл шоқтары ұсақ, ақшыл - сарғыш түсті. Есекмияның құрамында әсіресе рутин өте көп, сондықтан оның гүл шоқтары қазіргі кезде рутин алатын негізгі шикізат көзі болып саналады.Емдік мақсатқа есекмияның піскен жемісін пайдаланады.
Жалбыз ерінгүлділер тұқымдасына жататын шөптесін көп жылдық өсімдік. Құрамында эфир майы, сондай ақ алкалоидтары мол деп танылған жапырақтары пайдаланылады. Жалбыз тұнба ретінде қабынуға қарсы және нәзік қош иісті дәрі ретінде стоматитте, қызыл иек қабынғанда, тістер ауырғанда, ауызды және тамақты шаю үшін қолданылады
Үйеңкі-әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді.
Зирек бөрі қарақаттар тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Қазақстанның таулы аймақтарында кездеседі. Мамыр, маусын айларында гүлдейді.
Зирек алколойдтарға бай. Тамыр қабығы мен жапырақтарынан берберин алколоидың алады. Зирек тамырларының қабығын суға салып жасаған тұңбамен шеменді және сары ауруға қабаттаса жүретін бауыр және бүйрек ауруларын, әсіресе өтке тас байлануын, құян, ревматизм және радикулит ауруларын емдейді.
Күнбағыс күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Күнбағыс майы дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады.
Емен – діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді.Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0,6-1 метрге жетеді. Қабығы мен жаңғағы емдік мақсатта қолданылады. Ал, жас жапырақты бұтақтарынан сыпыртқы жасап, моншада пайдаланады. Діңі мықты болғандықтан, әдемі де қымбат есіктер мен едендер осы емен ағашынан жасалынады.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады.Соған орай кейбір ауру түрлеріне арналған дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін атап өтуімізге болады.
Денені куаттандыру үшін: жаңа көктеп шыққан жоңышқаның жапырағын шекер қосып жаншып жеп тұрса, қанды көбейтеді, денені қуаттандырады.
Жүрек ауруына:
1. Көктемде қара жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып,жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ бүйрек, бауыр, өт қабыну ауруларына да ем.
Тамақты емдеу:
1. Шалфейді тазылап жуып, 2 ас қасығын 0,5 л суға қайнатамыз.Оның буына тамағымызды 30 мин-тай ұстаймыз. Осылай күнделікті жасап отыруымыз керек.
2. Кепкен бақбақтың грамын ұнтақтап, бес сағатта бір рет ішеді немесе лайықты мөлшердегі бақбаққа шекер қосып қайнатып, күніне үш рет ішеді.
Бөртпе: итошағанды қою қылып (1,5 ас қасық шөпті бір стакан суға) бұқтырып, 45 минут тұндырамыз. Осы тұнбамен 3 апта бойы күніне 5 уақыт сүртіп тұрамыз.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть